Экзистенциалдық психотерапияның әдістері мен техникалары.

Лімді түйсінумен жұмыс.

«Төзуге рұқсат» техникасы.

Қорғану механизмдері техникасы.

Көрген түстермен жұмыс техникасы.

Тіршілік етудің қысқалығын (жалғандығын) еске түсіру техникасы.

Өлімді тереңірек түйсінуге арналған қосымша құралдарды қолдану техникасы

Жауапкершілік және еркіндікпен жұмыс.

Жауапкершіліктен қашу тәсілдері мен қорғану түрлерін анықтау техникасы.

Жауапкершіліктен қашудан идентификациялану техникасы.

Шектеулі шындыққа тап болу техникасы.

Экзистенциалдық кінәға қарсы тұру техникасы.

Қалау қабілеттерін босату техникасы.

Шешім қабылдауды фасилитациялау техникасы.

Изоляциямен жұмыс.

Пациенттерді изоляциямен конфронтацияға қою техникасы.

Қорғану механизмдерін идентификациялау техникасы.

Тұлға аралық патологияны идентификациялау техникасы.

Патологияны анықтау мақсатындағы психотерапевт-пациент қарым-қатынасын қолдану.

Сауықтыратын қарым-қатынастар.

Мағынасыздықпен жұмыс.

Мәселені қайта анықтау техникасы.

Мағынасыздық мазасыздануынан қорғану түрлерін анықтау техникасы.

Пациенттердің өмірге белсенді қатысуына атсалысу техникасы.

Тақырыпты пысықтауға және бекітуге арналған сұрақтар

1. «Өлімді» түйсінумен жұмысында қолданылатын техникалар

2. Жауапкершілікпен және еркіндікпен жұмыста қолданылатын техникалар

3. Изоляциямен жұмыста қолданылатын техникалар

4. Мағынасыздықпен жұмыста қолданылатын техникалар

ТАҚЫРЫП 12

МИЛТОН ЭРИКСОННЫҢ ПСИХОТЕРАПИЯСЫ

Сабақтың мақсаты:

Эриксон гипнозының теориялық негіздерін оқыту, психотерапевтік тәжірибеде қолдану біліктері мен дағдыларын игеру.

Жоспар

1. Эриксон гипнозының теориялық негіздері

2. Эриксон гипнозының негізгі техникалары

«Гипноз» деген сөз грек тілінде ұйқы дегенді білдіреді. Бұл терминді алғашқы рет 1843 жылы ағылшын хирургі Бред ұсынған. Гипноз құблысы ертеде Ежелгі Египеттін және Үнді жрецтарына мәлім болған, бірақ бұған тәжірибе қойылған вендік врач Антон Месмер заманынан 18 ғасырдың 70-ші жылдары назар аударылды.

Месмер заманында медицинада магнитпен емдеу кенінен таратылған. Бұндай емді қолдаған Парацельс болған, ол магниттің құпиялы қасиетіне қатты сенген, яғни ол темір қоқыстарды тартқандылығынан, адамның ұлпаларындағы дерттерді де жұлып алады да ауырсынған жерді емдейді деген пікірде болған. Магнитпен емдеу тәсілі- адамның арқасын не ауырсынған жерлерін ұзыннан магнитпен жургізеді, сол кездерде ауырғаны басылған жағдайлар жиі кездесін жүрді. Месмер, осындай эффекті жай қолмен жүргізген кезде де болатынын аңғарған. Ол оны «жануарлық магнетизм» деп атаған. Сөйтіп, Месмер Парижге келгеннен соң бұл тәсілді кеңінен қолданды. Емшілердің саны көбейіп, барлығын емдеу мүмкіншілігі шектелген соң, магнит күшін жинау үшін қолын үлкен чандағы суға малды. Бұл судың да емдеу құдіреті байқалды. Кейін Месмер темір заттарды магниттеуге кірісті, оны ұстаған адамдар каталепсияға түсіп жатқан жағдайларда кездесті. Осының негізінде , Месмер «магнеттік флюид» атты теориясын құрды.

Эриксондық гипноз - 70-80 жж. (позитивті психотерапия, НЛБ) психотерапияның жаңа бағыттарының бастауы болып саналатын гипноздық трансқа түсіру және оны қолданудың жаңа формаларын құрастырушы бағыт. Алайда Милтон Эриксонның өзі гипноз емес, эриксондық тәсіл деп айтуды қалайтын. М.Эриксонды (1901- 1980) кез-келген психотерапиялық бағыт тұрғысынан қарастыруға болады.

Оны психоанализбен байланысты да қарастыруға болады, себебі ол бейсанаға ерекше мән берді және адамдарды олардың өздерінен жақсы түсінетін.

Екінші жағынан, ол бихевиоризмнің S – R тәрізді негізгі сызбасынан тұратын зәкірлеу әдісімен жұмыс жасады (немесе И.П.Павлов бойынша – шартты рефлекс).

Эриксондық гипноз классикалық гипноздың барлық тиімді тәжірибесін өзіне жинады, бірақ ол сапасы жағынан келушіге қатысты директивті емес, гуманистігімен ерекшеленді.

Кез-келген ғылыми бағытты үш қырынан зерттемесе, оны түсіну қиын.

Біріншісі – ол түп-тамыры. Барлық салмақты ғалымдар өздерінің алдындағы ғалымдарға құрметпен қарайды. М.Эриксон соларға жатады.

Екіншісі – біз Zeitgeist-ты (замана, уақыт рухы) ескеруіміз қажет. Бұрын да ара-тұра байқалып қалған бағыт дәл қазір неліктен қажет болды.

Үшіншісі – ол тұлға, адамдардың тұлғасы мен өмірбаяны, өз мәселесін шеше жүріп, жалпыадамзаттық тұжырымдар жасау.

Түп тамырдан бастар болсақ, Франц Антон Месмер транс арқылы көптеген ауруларды, оның ішінде истерияны да емдеуге болатынын көрсеткен, алайда франциялық ғылым академиясы оның іс-әрекетін ғылымға негізделмеген деген шешімге келеді.

Месмерден Жан Шаркоға дейінгі ғалымдар гипнозбен айналысқан, алайда ол салматы ғылыми бағыт ретінде мойындамады.

Фрейд те, Иосиф Брейер, К.Г.Юнг те пациенттің транстағы мінез құлқын қадағалай алмағандықтан гипноздан бас тартты.

Тек М.Эриксон ғана гипнозға байланысты аңыздарды жоққа шығарып, транстық ахуалды ғылыми дәлелдеді.

Транстық ахуал дегеніміз не?

Ол адам шартты түрде мидың сол жақ жартышарын істен шығарудан тұратын ахуал. Сана ағзаның қызмет етуіне кедергі келтірмейді, біздің табиғи қорларымыз белсенділікке келіп, бізді емдей бастайды (өзін-өзі емдеуғ өзін-өзі сауықтыру). Сондықтан да транстық ахуалдар денсаулыққа жағымды ықпал ете алады.

Енді замана рухын қарастырайық.

Эриксон Америкада тұрғанда бихевиоризмнің дәуірлеп тұрған кезі еді, ол Европадан әкелінген психоанализге өзін қарсы қойды. Джон Уотсон, Беррес Скиннер және олардың жақтастары психоналитмкалық түрде адамның жан-дүниесін «қазбалау» ғылымға жатпайды, себебі бейсаналық үрдістерді объективті өлшеуге болмайды және психологтар тек түрлі стимулдарға мінез-құлық арқылы жауап беруді ғана эксперименталдық зерттеуі керек деді. Алайда Фрейд пен Юнгтің АҚШ-тағы дәрістері олардың қызығушылықтарын оята бастады. М.Эриксон бихевиористерден де, психоаналитиктерден пайдалыны және құнды нәрселерді алуға тырысты.

Гипнозбен жұмыс жасағанда, бір жағынан бейсанамен (психоанализ), ал екінші жағынан S – R-мен (бихевиоризм) жұмыс жасаймыз. М.Эриксон тұлғасы мен тағдыры ол тудырған ілім мен практикаға мол ықпал етті.

Туғаннан ол түстерді айыра алмаған (тек уақыт өте келе алқызыл түсті ажыратқан), естуі нашар, сөйлеуінде ақауы болған. Он жеті жасында енді-енді өмірге бейімделе бастаған сәтінде, полиомиелитке ұшырап, төсек тартып жатып қалады. 52 жасында біржола полиомиелитке ұшырап, креслоға таңылып қалады. М.Эриксон халық медицинасындағы, сиқыршылықтағы, үндіс шамандарының трансқа ендіру техникалары мен тәсілдерін қолдануға тырысты.

Позитивтік психотерапияның авторы И.Пезешкиан Эриксоннан көп алды, ол бүкіл өмірінде кез-келген минустан өзінің плюсін алуға болады деген идеяны ұстанды. Оның жұмысының барлығы өз мәселелерінен бастау алғанын атап көрсету маңызды.

Оған кедергі еткен – физикалық ауырсыну. Оларды психологиялық тежеуді үйренген.

Екіншіден - өз көз ақауларын зерттей жүріп, басқаларға да эксперименттер жүргізді, нәтижесінде гипноз жағдайында адам түстер гаммаларын не толық қабылдайды немесе кейбір реңктерді ғана қабылдайтынын анықтаған.

Естуі қалыпты адамның транс күйінде естуіне кедергі қойғанда, адам қатты дыбыстарды естімеген. Ол адамға болып жатқан дыбыстарды естіртпей, жоқ дыбысты естуіне мәжбүрлеуге болатынына көз жеткізді.

Трансқа енгізу сатылары мен тәсілдерін қысқаша мынадай түрде көрсетуге болады:

1. Вербалдық еру, қосылу мен соңынан ерту жүзеге асады – пациенттің қимыл-қозғалыс және вегетативтік реакцияларын вербализациялау. Сіз тек болып жатқан жайтты дауыстап айтып бекітесіз, оған клиент қарсы шыға алмайды, бірақ жағымды түрде, қысым көрсетпей айтасыз: «Сіз креслода ыңғайлы отырсыз... тынысыңыз бірқалыпты және т.с.с.».

2. Содан кейін бірден вербалдық емес еру мен ерту жүзеге асады – келушіге білдіртпей тыныс алуына, сөйлеу қарқынына ілесу және келушінің дем алу ырғағымен бірге психотерапевттің шайқалуы. Эриксон өзінің әйгілі шайқалуын ортопедиялық креслода отырған шектеулі қимыл-қозғалысының негізінде ойлап шығарған (Байронның ақсақтығына қарап, оған еліктеушілер де ақсап жүрген екен, оның ішінде Лермонтов та бар); әрі қарай шайқалуын бәсеңдетіп, келушіге байқатпай, оның тыныс лауын баяу қарқынға ауыстырады.

3. Біртіндеп сенсорлық-репрезентативтік жүйелерді қосарластыру, яғни аталмыш келушіге тән жетекші қабылдау модалдылығына ықпал ету басталады: көру («сіздің көз алдыңызда ...»), есту («сіз менің даусымды анық естисіз ...»), немесе кинестетикалық («сіз сезесіз ...»).

Келушіге тән қабылдау модалдылығын оның сөйлеуінде көру, есту немесе сезімдік әсерлердің қайсысы басымдық танытатынынан байқауға болады.

4. Содан соң, бұған дейін болған транстық күйлерді қайта жаңғыртуға үйрету жүзеге асады – табиға жағдайларда (мысалы көлікте) пайда болған транстық күйлерді қайта жаңғырту және бекіту.

5. Оған «зәкір» әдістемесі көмектеседі. Бірінші сеанстан бастап, сананың транстағы күйі қандай да бір сыртқы стимулмен (белгілі бір дыбыс, психотерпевтің жанасуы, креслоға отырғызу және т.с.с) шартты байланыс орнығады, яғни шартты рефлекс пайда болады, әрі қарай трансқа түсіру үшін сол стимулды қайта жаңғырту жеткілікті.

6. Транстық күйді күшейту үшін психтерапевт тағы да байқалған реакцияларды вербализациялайды («сіз өзіңізді жақсы және тыныш сезінесіз ...», «Екі бетіңізге қан жүгірді ...», «Менің даусым алыстан жететін тәрізді»).

7. Трансқа түсіру мен оны тереңдетудің тағы бір тәсілі «рычагты енгізу» деп аталады – пациентке қолын алға созу ұсынылады және қолдың біртіндеп төмендеуі трансқа енумен байланыстырылады. Бұл жерде Эриксон өзінің тартылып қалған қолын да пайдаланған – тәсілді түсіндіру үшін ол оны сау қолымен алып, сосын біртіндеп түсірген.

8. Эриксондық гипнозда кедергі келтіруші таптаурындарды жою өте маңызды. Эриксон оны «шаблонның үзілуі» деп атады, мұнда мақсатқа бағытталған автоматталған әрекеттің үзілуі «күтпеген трансқа» (шоковый транс) әкеледі. Мыс. Психотерапевт пациентке достық кейіппен қолын созады, ол да соза бергенде, өз қолын тартып алады.

9. «Шаблонның үзілуінің» басқа нұсқасы – араластыру деп аталады, мыс. жылдам қарқынмен бір-біріне ұқсамайтын, кейде тіпті бір-біріне мүлдем кереғар нұсқаулар беріліп, пациент кенеттен абдырап қалады, содан соң, сөйлемдер реттеліп, раппорт орнатуға ықпал етеді.

10. Шеткен тыс салмақ әдістемесі. Адам 7 (±2) ақпарат бірлігін саналы түрде қабылдай алмайды, шектен тыс жүк артқанда сана транстық күйге түседі; бірнеше сенсорлық-репрезентативтік жүйелердің бір сәтте бей-берекет іске қосылуы нұсқасын да қолдануға болады. Мыс. пациенттен ось бойынша баяу айналдырып тұрған психтерапевтті мұқият тыңдап және 343-тен 7-ден ала отырып, сол мезетте қандай да бір бейнені елестету сұралады.

11. Эриксондық гипнозды директивтіге қарағанда жанама деп айтуға болады. Оның күші де осында, себебі санаға тікелей шабуыл қарсылық туғызса, ал нәзік жанама әсер ету қорғануды айналып өтеді. Сондықтан да негізгі әңгімеге түрлі сөздер мен сөз тіркестері ендіріледі, оларды жиі қайталау, міндетті түрде өз ізін қалдырады. Эриксон «сана түбіне жіберілген хабарларды» орнатылған хаттар және қаланған метафоралар деп атады. Мыс. келуші тыныштанып, алда тұрған жұмыстың жемістілігіне сенуі үшін, сіз кез келген тақырыптағы алдын ала әңгімелесу барысында (маңызды емес тәрізді) мына тәрізді сөздерді сәл дауыстап айтасыз: тыныш, қиын емес, бәрі жақсы болады, бәрі ойдағыдай болады. Бұл әңгіме әншейін бос сөз болып көрінеді, бірақ сіз оны тәптіштеп дайындап, тиісті сөздерді орналастырып, интонацияны жаттықтырасыз.

12. Әрбір гипнозда қорлар (ресурс) аймағы және қорлы транс деген түсініктерге баса мән беріледі.

Тақырыпты пысықтауға және бекітуге арналған сұрақтар:

1. Эриксон гипнозының әдеттегі гипноздан айырмашылығы қандай?

2. Эриксон гипнозынының негізгі түсініктері

3. Эриксондық гипноздағы транс дегеніміз не?

4. Қорлар аймағы мен қорлы транс дегеніміз не?

ТАҚЫРЫП 13

Наши рекомендации