Тәлім – тәєрбие психологиясы.
Бұл пәннің зерттейтіні – адамды оќыту мен тєрбиелеу ісіндегі психологиялыќ заңдылыќтар. Ол оќушылардың аќыл – ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын ќалыптастырудың, олардың тиісті оќу материалдарын меңгеруі мен ұстаз – шәкірт арасындағы өзара ќарым – ќатынастарды реттеудің түйінді мәселелерін ќарастырады. Сөйтіп, оќушылар ұжымындағы өзара ќатынастармен, олардың психологиялыќ даралыќ ерекшеліктерімен санасып отырудың мүмкіндіктерін іздестіреді. Оќу – тәрбие жұмыстарын жєне балалардың психологиялыќ ерекшеліктерін ескерiп, бірќалыпты даму заңдылыќтарынан ауытќыған балалармен тәлім – тәрбие жұмысын жүргізу әдіс – тәсілдерінің психологиясын зерттейді.
Тәлім – тәрбие психологиясының мынандай тармаќтары бар: а) Оќыту психологиясы – дидактиканың психологиялыќ негіздерін, оќыту мен білім берудің жекелеген әдістеме мәселелерін, бағдарлап оќыту мен балалардың аќыл – ойын ќалыптастыру сияќты өзге де мәселелермен шұғылданады. Є) Тәрбие психологиясы – гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінің психологиясын зерттеп, оќушылар ұжымының, еңбекпен түзету педагогикасының психологиялыќ негіздеріне ќатысты мәселелерді іздестіреді. Бұлардан басќа мұғалімдер психологиясы және кемтар балаларды оќытудың тәрбиелеуi мәселелерін ќамтиды.
Жас ерекшелiк психологиясы – әр ќилы психикалыќ процестердің табиғи негізі мен үнемі дамып отыратын азаматтыќ ќасиеттерін, психологиялыќ сапаларын зерттейтін бұл сала мынадай тармаќтардан ќұралады: балалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жастар психологиясы, ересектер психологиясы, ќарт адамдар психологиясы. Бұл сала оќыту мен аќыл - ойдың дамуын жєне олардың өзара байланысы мен іргелі мәселелерін зерттеп, оќыту ісіндегі адамның аќыл – ойын, сана – сезімін жетілдірудің тиімді жолдарын нендей әдістер арќылы өрістетуге болады деген мәселелерді іздестіреді.
Арнаулы психология -бұл адам дамуының бірќалыпты даму жолынан ауытќуын, ми ауруына ұшырағандардың психикалыќ күйзелістері мен осы саладағы әр ќилы аурулардың себептерін ќарастырады.
Арнаулы психологияның мына тармаќтары, атап айтќанда: олигофренопсихология – ми заќымы ауруымен туған адам психологиясының дамуын, сурдопсихология – саңырау не керең болып туған балалар психикасын, тифлопсихология – нашар көретіндер мен соќырлардың психологиялыќ дамуын зерттейді. Ал туа пайда болған ауру адамдар психологиясын зерттейтін тармаќ патопсихология деп аталады. Бұл сөз грек тілінде “патос” – зардап шегу, ауру деген мағынаны білдіреді. Патопсихология медицина ғылымымен оќу – тәрбие істерін зерттейтін пән – педагогика мен жан дүниесінің сырын ќарастыратын психология ғылымының түйіскен торабына жатады.
Еңбек психологиясы –адамның іс – әрекет түрлерінің психологиясын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастыру мәселелерін ќарастырады.
Еңбек психологиясының маќсаты – әр түрлі еңбектегі мамандыќ ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының ќалыптасуын, өндірістік – кәсіптік жағдайдың адамға тигізетін әсерін, ќұрал – аспаптардың ќұрылысы мен орналасуын, хабар жүйелерінің ќажетті заттарын ќарастыру. Бұл салалардың єрќайсысының өзіндік ерекшеліктерімен бір-бірімен – байланысты болып келетін мынадай тармаќтары бар: инженерлік психология – бұл, негізінен, автоматталған жүйелерді басќару мен әр түрлі операторлардың жұмысын зерттейді. Инженерлік психологияда ең өзекті мәселе эргономика деп аталады. Бұл термин гректің “эргон” – жұмыс жєне “номос” – заң деген екі сөзінің бірігуі нәтижесінде пайда болған. Бұл орайда, өндіріс пен адам арасында ќатынас орнатудың түйінді мєселелері болып саналатын еңбек єрекетіндегі адамның өнімді ісі, оның психологиялыќ ерекшеліктері, жүйке жүйесінің ќызметі мен еңбек гигиенасы, адамның өнім өндірудегі жетекші рөлі, техникалыќ ќұрал – жабдыќтар эстетикасы және автоматтанған тетіктер теориясына ќатысты мәселелер ќарастырылып, олардың сыр – сипаты зерттеледі. Эргономика, негізінен, “адам – машина – орта жағдайын” ќарастыра отырып, олардың неғұрлым өнімді болуы мен нєтижелерін жүйелі түрде үйлестіруді басты міндет етіп ќояды.
Авиациялыќ психология - ұшќыштарды оќыту мен ұшу кезінде орындалатын істердің жай – жапсарын, жалпы адам психикасының әуе кеңістігіне бейімделудегі ерекшеліктерін зерттеп, жоғары дәрежеде ысылған мамандар мен кадрларды даярлап шығару маќсаттарын көздейді.
Ғарышкерлік психология – адамның салмаќсыздыќ пен әлем кеңістігінің айдынында бағдарсыз жағдайда жұмыс істеу сәтіндегі аса ќиыншылыќ жағдайлардағы психологиясын, оның шектен тыс әсерден кейінгі көңіл – күйі мен төзімділік көрсету шараларын зерттейді.
Еңбек психологиясында арнайы зерттелуге тиісті күрделі тармаќтар да бар. Олар ауыл шаруашылығына ќатысты болып келеді.
Медициналыќ психология –дәрігерлердің ќызметі мен аурулардың мінез – ќұлќын зерттейді. Бұл сала бірнеше тармаќќа бөлінеді, әрбір тармаќтың адам психикасын зерттеуге ќатысты маќсат – міндеттері бар. а) Нейропсихология психикалыќ ќұбылыстыр мен жоғары жүйке ќұрылысының физиологиясын жєне олардың өзара ќатынасын зерттейді; є) Психотерапия – ауру адамға психикалыќ әдіс – айла және емдік тєсілдер ќолдану мәселелерін ќарастырады; в) Психопрофилактика және гигиена адамның денсаулығы мен оны нығайтуға арналған шараларды жүзеге асыру жүйесін, оның єдіс – тәсілдерін айќындаумен шұғылданады.
Әскери психологияның ең басты міндеті– азаматты ел – жұрты мен Отанын ќорғайтын ќалќан болуға психологиялыќ тұрғыдан даярлау. Мұнда жауынгердің мінез – ќұлќы мен отаншылдыќ ќасиетін тәрбиелеп ќалыптатыру жағдайлары, бастыќтар мен бағынушылар арасындағы ќарым – ќатынастар, үгіт – насихат жұмыстарын жүргізу, дұшпанға деген өшпенділік сезімдерінің оянып, оған ќарсы барлау істерін ұйымдастыру және соғыс техникасын меңгеру мен басќару әдістері зерттеледі.
Әлеуметтік психология -адам мен ќоғам арасындағы ќатынас мәселелерімен айналысады. Бұл сала адамдардың белгілі бір негізде ұйымдасќан топтары мен кездейсоќ топтары арасындағы өзара ќарым – ќатынастағы психологиялыќ ќұбылыстардың сырын зерттейді. Ќазіргі кезде әлеуметтік психология шеңберінде мынандай үш түрлі мәселе ќамтылды:
А) Үлкен, ірі топтардағы психологиялыќ – әлеуметтік жағдайлар. Бұл проблеманың ќұрамына жалпы бұќаралыќ байланыстыр: радио, теледидар, баспасөз т.б. кіреді. Әр түрлі топќа жататын адамдарға осы ќұралдар арќылы алуан түрлі хабарлар, көпшілікке тән талғамдар, әдет – ғұрыптар мен дәстүрлер, иланулар мен сенімдер, ќоғамдыќ көңіл – күйлер жайлы әсер етудің психологиялыќ астарлары жеткізіледі. Бұған таптыќ психологияға ќатысты мәселелер, этностыќ жєне ұлттыќ психология сипаттары, дін психологиясының өзекті мәселелерін зерттеу де жатады.
Є) Кіші топтардағы психологиялыќ – әлеуметтік жағдайлар. Оңашаланып тұйыќталған топтардағы адамдардың бірігуі, олардың өзара ќарым – ќатынастарының сыры мен хал – жағдайы, топ ішіндегі жетекшінің алатын орны, әр түрлі топтыќ типтері болып саналатын ассоциациялар, корпорациялар, ұжымдар, ресми және бейресми топтар арасындағы ќатынастар, сол топтардың шеңбері, олардың бірігуінің себептері мен маќсат – мүдделері, шоғырлану деңгейі зерттеледі. Бұл мәселеге отбасындағы ата – ана мен баланың өзара ќарым – ќатынасы, үлкендерді сыйлау сияќты да мәселелер енеді.
Б) Ќоғамдағы адамның ќасиеті мен әлеуметтік – психологиялыќ орны. Азамат – әлеуметтік психологияның зерттеу обьектісі. Осы ретте олардың жоғырыда аталған топтарда ќандай рөл атќаратыны жєне соларға бейімделу ерекшеліктері де зерттеледі. Сондай – аќ, ќоғамдағы азаматтың өзін - өзі бағалай білуін, оның ұстамдылығы мен бағыт – бағдарын, табандылығы мен көнбістігін, ұжымшылдығы мен менмендігін, тұраќтылығы мен болжампаздығын зерттеуге мән беріледі. Әрине, бұл аталған үш топќа ќатысты күрделі мәселелер єлеуметтік психологияда біріне – бірі ќарама – ќайшы не бір ќатарға ќойылмайды. Азамат пен ќоғамның тұтастығы тұрғысынан бұл мєселелер барлыќ ќарым – ќатанастардың жиынтығы деп ќарастыралады жєне адамның азаматтыќ бейнесі мен оның ішкі мєнін ашып көрсетеді. Әлеуметтік психологияның тармаќтары: этностыќ психология, ұлт психологиясы, таптар психологиясы және дін психологиясы әлеуметтік өмір тынысын жан – жаќты ќамтиды.
Спорт психологиясы -спортшылардың іс – әрекетіндегі психологиялыќ ерекшеліктерін ќарастырады. Спорт жетекшілері мен бағынушылардың өзара ќарым – ќатынасын, оларды даярлаудың жағдайын, ќұрал- жабдыќтармен ќамтамасыз етілуін, психологиялыќ даярлығын іздестіре келе, оларды жаттыќтыру және күш – ќуатын жинаќтау деңгейін, жарыстарды ұйымдастыру, өткізу мәселелерінің психологиялыќ факторларын зарттейді. Әрбір ел мен халыќтың спорт өнеріндегі ерекшеліктерінде ескере отырып, оларды жаттыќтыру міндеттері аныќталды.
Сауда психологиясы– ќазіргі заманда кеңінен дамып отырған сала. Бұл сала бойынша әрбір елдің саяси – экономикалыќ және мєдени – материалдыќ ќажеттіліктерін өтеу маќсаттарына ќарай дамыту шаралары белгіленеді. Сонымен ќатар, әсіресе, жарнамалардың психологиялыќ ыќпалы, елдегі адамдардың жас ерекшеліктері, сатып алушылардың мұќтаждығы, оларға ќызмет көрсетудің факторлары ќарастырылады.
Ғылыми – шығармашылыќ психологиясы –соңғы кездерде зерттеле бастаған сала. Бұл салада шығармашылыќ адамның жасампаздыќ ќызметі, өзіндік ерекшеліктері, белсенділігі айќын көрініп, ғылыми жаңалыќтарды ашудағы интуициясы, сезімдік рөлі т.б. сипаттары зерттеледі. Осы бағыттағы ерекше маңызды заңдылыќ – эвристика тәсілі.
Көркемөнер, әдебиет пен шығармашылыќќа ќатысты психология -бұл сала бойынша ќарастырылатын мәселелер – әсемдікті ќабылдау және оның адам жан дүниесін байытуға ыќпал ету факторлары. Бұл саланың өзекті мәселелері әлі күнге дейін жүйелі түрде өз дәрежесінде зерттеле ќойған жоќ.
Салыстырмалы психологияпсихиканың филогенетикалыќ түрлерін ќарастырады. Мұнда адам мен хайуанаттар психикасын салыстыра отырып зерттейді. Олардың психикасындағы айырмашылыќтары мен ерекшеліктері ажыратылады. Бұл саланың жануарлар психологиясын зерттейтін тармағы әрбір түр мен тектің, олардың тобындағы жан – жануар, жәндіктердің ќұлќын, әрќилы механизмдерін ќарастырады. Мысалы, өрмекші, ќұмырысќа, ара, ит, ќұс, жылќы және маймылдың психикасы едәуір деңгейде зерттелген. Ќазіргі кезде бұл тармаќќа биология мен психологияның тоќайласќан жер інде этология деп аталатын тамаќ ќосылып отыр. Бұл орайда, киттер сияќты дельфиндердің де ќылыќтары баќылауға алынып, хайуанаттар ќұлќындағы туа пайда болатын механизмдер зерттелуде.
Заң психологиясы хұќыќќа ќатысты мєселелерді реттеу және оларды тәжірибе жүзінде ќолданудың психологиялыќ мәселелерін зерттейді. Бұл сала сот психологиясы, ќылмыс психологиясы, еңбекпен түзету психологиясы деп аталатын тармаќтардан ќұралады. Сот психологиясы сот, айыпталушылар, куєлар, сот тергеуін жүргізу, олардан жауап алу тәрізді т.б. жайттардың психологиялыќ астарларын ќарастырады. Ќылмыс психологиясы ќылмыскердің жеке басы мен оның зиянды әрекеттерінің сырын ашады. Еңбекпен түзету психологиясы тұтќындағы адамдарды сендіру не күштеп істету арќылы тәрбиелеудің жолдарын іздестіреді.