Халқыаралық жанжалдарды зерттеудің негізгі бағыттары және оны реттеу жолдары
Халықаралық қақтығыстарды зерттеудің үш негізгі:
-Стратегиялық зерттеу;
-Қақтығыстық зерттеу;
-Әлемдік зерттеу бағыты бар.
Оларды біріктіретін бір нәрсе. Ол-әлеуметтік феноменнің халықаралық қақтығыстардағы рөлін анықтау, оның әртүрлі құрамдас бөліктері арасындағы қарым-қатынасты немесе осы негіздегі практикалық маңызға ие шешімдерді қабылдауға ұмтылу. Алайда бұлардың арасында түрлі бағыттар мен тәсілдер бар. Олар мемлекеттік негізде, зерттеу мәселесіне қатысты болады. «Халықаралық қақтығыс» ұғымының мазмұндық ерекшелігі оның көрініс табуы мен халықаралық өмір феномені ретінде көруінде. Алдымен дәстүрліәдістердің бірі «стратегиялық зерттеу» бағытын қарастырған жөн.
Стратегия негізгі саяси мақсаттарға жету үшін қолданылуы керек. Сонымен қатар стратегиялық зерттеу бағытының өкілдері халықаралық қақтығыстардың ішіндегі мемлекеттердің қарулы қарсыластығын қарастыруға көп көңіл бөлді. Әскери терминдерге бір немесе бірнеше жақ өкілдері қарсылық көрсете бастағаннан қақтығыс тұтанан бастайды. «Әскери стратегиядан» айқымды стратегияның айырмашылығы оның мақсаты қаншалықты әскери әрекеттерді іздеп қана қоймай, сонымен бірге тиімді стратегиялық жағдайда табуға асығуы. «Ауқымды стратегия»ұлттық күшті кез келген жағдайда қолданудың шебері мен өнер ретінде жүзеге асырудың керекті деңгейінде қарсы жаққа күш көрсету не дипломатиялық жолмен, айламен және т.б. мүмкін юолатын әдістер арқылы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Ауқымды стратегия оның сәтті болған жағдайында тікелеу күштеу әрекетіне көшуді бастайды. Сонымен қатар оның жоспары жеңіске жетуге шектемейді, бір жағынан әлемді сақтауға бағыттайды,
Стратегиялық зерттеудің негізгі міндеті – қақтығысқа түскен жағдайларда мемлекеттің қарсыласына әсер ете алатын, бақылауға мүмкіндік беретін адекватты іс әрекеті қандай болуы керектігін анықтайды.
Қазіргі уақытта даму басқа бағыттың, яғни «қақтығыстарды зерттеу» шеңберінде жүруде. Бұл бағыттың негізі - «стратегиялық зерттеудің» қарастырмайтын сұрақтары, яғни халықаралық қақтығыстардың пайда болуы мен оның жүруіне қатысты сұрақтар болып табылады. Бұл сұрақтың әрқайсысында қарсылықтар кездеседі. Халықаралық қақтығыстардың пайда болуы туралы сұрақтарға қатысты бүгінде екі ұстаным бар. Оның біреуінде халықаралық қақтығыстар халықаралық жүйесінің сипаттамасымен байланыстырылып түсіндірілсе, екіншісі ұстаным өкілдері оны мемлекет аралық қатынастар жүйесінің ішкі ортасымен байланыстырылады.
Белгілі бір мемлекеттің заңнамасы негізінде шешілетін ішкі саяси шиеленістерге қарағанда, халықаралық қатынастар сферасындағы қатығыстар мен кризистер көп жағдайда халықаралық құқық нормаларын қолдану барысында шешілмейді және ол өзіндік ерекшелікке ие. Сондықтан халықаралық қатынастарда жиі қолданылатын және өте тиімді нәтижелі саяси әдістер бар. Саяси тәсілдер шеңберінде қақтығыстарды реттеу және ескерту дәстүрлі және институционалдық әдістер арқылы шешіледі.
Отандық және шетелдік ғалымдардың айтуынша, жанжалды реттеуде барынша кең тараған дәстүрлі әдістердің бірі келіссөздер.Ежелгі уақыттан бері халықаралық қатынастарда қолданылып келген келіссөздер үшінші жақтың көмегін пайдалана отырып екі жақты келісімге келтіру мақсатында ұйымдасқан.
1899 жылы Ганг конвенциясында бұл қатынастарға алға қадам жасады. Бұл жерде халықаралық қақтығыстардың себебі және негізі болатын фактілердің құрылуын тексеру мақсатында комиссия жұмыс жасайды. «Үшінші жақ» ретінде әрекет етуші бұл коммисияның негізгі функциясы мемелекеттер арасындағы жанжалдың аргументтерін анықтаудан тұрады. Екінші жақ соғыстан кейін халықаралық қақтығыстарды шешудің тағы бір әдісі белгілі болды. Ол әдісте қақтығыс элементтері араласатын коммисияның шешу пәні болып табылады. Бұл жерде коммисия дауласу фактілерін белгілеумен қатар, бұл қатынасты шешуді ұйымдастыра алады. Бұл әдіс табыстырушы коммисияның алдын ала құрылған жағдайында барынша нәтижелі жүреді.
Барлық аталған әдістер, халықаралық қақтығыстарды үшінші жақтың қатынасымен реттейді. Негізі үшінші жаққа қатысты нормативті жағдайлар бейтарап жүреді. Кез келген халықаралық-құқтық нормалардың қалыптасуынан келіп шыққан шешімде мынандай ауытқулар болады – процестердің қалыптасуының барлық негізгі ерекшеліктері адамның өз келісімімен жүреді. «Үшінші жақ» қақтығыстарды реттеу мақсатында араласуын жүзеге асыруы шарт емес, қақтығысқа түскен мемлекеттердің өздері мұндай қолсұғынушылыққа немесе коммисияның құрылуынан бас тарта алады. Мұндай жағдайда шешудің орынды тәсілі – мемлекеттің принциптері мен басқа мемлекеттің егемендік ішкі істеріне араласа алуы. Бұл халықаралық қақтығыстар мен таластардың бейбіт түрде шешілуі мемлекеттің мейірімді не залым еркіне байланысты. Сондықтан қақтығысты реттеудің дәстүрлі әдістерінің нәтижелі болуы аз кездеседі.
Кешенді үкімет аралық ұйымдардың (Ұлттар Лигасы, сосын БҰҰ) пайда болуы мен дамуы халықаралық қақтығыстарды реттеуді екі бағытта қарастырады. Біріншіден, Ұлттар Лигасы арқылы, кейін БҰҰ бейбіт құралдар арқылы реттеуді міндеттеді.
БҰҰ Жарғысына сәйкес жанжалдасушы жақтар алдымен қақтығысты реттеудің дәстүрлі механизмдеріне сүйену керектігін көрсетті. Бұл екі жақ инициативаларының Қауіпсіздік кеңесіне айтылуын және оны 35 жарғы бойынша реттеуді қарастырады, екіншіден институалдық механизмдердің қолданылуы мұндау механизмдерге ұжымдық мінездеме береді. Бұл жағдайда қарсыластарды табыстырушы «үшінші жақ» емес үкіметаралық ұйымдар шешеді. Яғни олар алдымен зерттеу комиссиясына істі жөнелтіп, өз қызметтерін анықтайды, оны жүргізуші делдалды тағайындайды немесе істі өздеріне қалдырады. Мысалы, 1948-1949 жылдары Палестинаның үкіметаралық ұйымға тапсырға мәселесі Бас Ассамблияның тағайындаған делдалды көмегімен шешілді. 1970 жылы Израиль мен Араб елдерінің арасындағы саяси мәселелер БҰҰ тағайындаған комиссия көмегімен шешілді. Осылайша қақтығыстарды реттеудің классикалық не дәстүрлі амалдары үкіметтік емес ұйымдар механизмдері арқылы жаңа кезеңге өтті.
Халықаралық қатынастар тәжірибесінде аталған механизмдердің көбіне мемлекеттік қақтығыстар мен келіспеушіліктер суық соғыс кезінде БҰҰ-нда қаралып, оны реттеу арқылы жүрді және оларға жоғарғы державалардың бірі басшылық етті.