Азақстанның әлемдік қауымдастыққа енуі. ҚР-ның сыртқы саясатының негізгі бағыттары.

жыл Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа тәуелсіз мемлекет ретінде танылу жылы болды. 1992 жылдың ортасына дейін Қазақстанды тәуелсіз мемлекет деп 30 ел таныды. Осының арқасында 1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан ең беделді халықаралық ұйым – Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды. БҰҰ Бас Ассамблеясы 46/224 Қазақстан Республикасын БҰҰ-на қабылдау туралы қарарына бірауыздан дауыс берді.

БҰҰ әлем халықтары Қазақстан­ның бейбіт­шілік пен ынтымақтастық саясаты­ның куәсі болғандығын айтады. Осы жылы Қазақстан Еуропадағы ынты­мақтастық және қауіпсіздік ұйымына (ЕЫҚҰ) мүшелікке өтті. 1992 жылдың соңында Қазақстанды дүниежүзінің 106 мемлекеті танып, 61 мемлекетпен дипломатиялық қатынастар орнады. Еліміз аз ғана уақытта әлемдік қауымдастыққа еніп, танымал болуына оның БҰҰ-на мүше болуы үлкен ықпал етті.
Қазақстан жаһандық бейбітшілік пен экономикалық ынтымақтасу құнды­лықтарын жақтайтын дамыған әлемдік қатынастар жүйесіне енді. БҰҰ-ға мүше болу арқылы Қазақстан әлемдік саясаттың барлық салаларына қатысуға толыққанды мүмкіндік алды. Ол өзінің ұлттық мүдделерін қорғай алатын әлемдік саясат субъектісіне айналды.
Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап көпвекторлық сыртқы саясат ұстанды. Ол әлемдік басым державалар арасындағы қатынастарды, халықаралық қатынастардағы одақтар жүйесін және әлемдік тартылыс күштерінің негізгі нүктелерінің ықпалдарын есептеу­ге ұмтылды. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін әлемдік саясатта бірполюсті, АҚШ-тың басымдылығы анық байқалды. Қазақстан басшылығы әлемдік саясаттың қауіптері мен тәуекелдері көп екендігін жақсы түсінді. Сондықтан Қазақстан өзінің сыртқы саясатын елдің халықаралық аренадағы қауіпсіздігін сақтау және нығайту мүддесіне бағындырды. Әлем мемлекеттерінің мүдделерінің тоғысар тұсы БҰҰ ұсынған қағидаттар мен идеялар екендігіне Қазақстан да ұйыды, сенді. Сонымен қатар БҰҰ әлемдік үстемдік құратын мемлекеттік ұйым емес. Бұл ұйым көптеген жаһандық қақтығыстар мен қайшылықтар алдында дәрменсіз. Бірақ та өркениетті адамзаттың басшылары жиналып әлемдік өзекті мәселелерді талқылауға болатын, консенустық шешімдерге ортақ келуге болатын әлемдегі жалғыз ұйым – БҰҰ. Сондықтан бұл ұйымды ауыстыратын балама әзірше жоқ.
1992 жылы 5 қазанда Бірік­кен Ұлттар Ұйы­мының Бас Ассам­блея­сының 47-ші сес­сиясында Н.Ә.Назарбаев алғаш рет сөз сөй­леді. Әлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіз­діктің тетіктерін БҰҰ-нан барлық халықтар күтеді. БҰҰ Бас хатшысы Бутрос Ғали ұсы­нып отырған алдын алу дипломатиясы тиімді және пайдалы. Себебі, әлемдік қауіптер ошақтарында қайшылықтардың өртке айналмауы жолында алдын ала шаралар жасау қажет. Ол үшін мемлекеттер арасында тарихи қалыптасқан шекараларды бұзуға жол бермеу керек. Шекара бір бұзылса мемлекеттер арасында басталатын соғыс өрті тоқталмайды. Сондықтан көптеген аз ұлттардың өзін-өзі билеуі мен тәуелсіз мемлекет құруы мәселелеріне өте сақтықпен қарау керек. Демократия мен бейбітшілікке шекаралардағы тыныштық әкелді, – деген пікірлерді жас мемлекеттің бас­шысы Н.Назарбаев 1992 жылы шегелеп айтты.
БҰҰ мүше бола салысымен оның мін­берінен әлемдік бейбітшілік пен тұрақ­тылықты нығайтуға бағытталған пайдалы және тиімді ұсыныстармен шыққан Қазақстан Президентіне және Қазақ мемлекетіне әлемдік қауымдастықтың жылы ниеті бірден байқалды. БҰҰ Орталық Азия аймағында бейбітшілікті нығайту мақсатында өзінің бейбітшілік батальонын құрды. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан құрған бейбітшілік батальоны 1995 жылдан бастап БҰҰ бейбітшілік операцияларына қатысатын болды.
Қазақстан Республикасының 1992 жылы 3 наурызда БҰҰ-ға мүшелікке енуі ел үшін тарихи маңызды оқиға болғаны ақиқат. Біріншіден, еліміз әлемдік қауым­дастық­тың белсенді субъектісіне айналды. Қазақстанды әлем танып, мойындады. Біз өзімізді толғандырған өзекжарды мәселелерді әлем халықтарымен бірге талқылау мүмкіндігіне ие болдық. Бұлай болуы Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін біршама нығайтты.
Екіншіден, Қазақстан өзінің мүд­де­ле­ріне сәйкес әлемнің мем­лекеттерімен екіжақты, көпжақты қарым-қатынастар жасуына, өзі қалаған халықаралық саяси, эко­номикалық, мәдени және қар­жы­лық ұйым­дарға кіруге зор мүм­кіндіктерге ие болды.
Үшіншіден, БҰҰ-ға мүшелік елде де­мократия, бостандық, бейбітшілік пен этникалық татулық идеяларының неғұр­лым кең қанат жаюына мүмкіндік туғызды. Себебі БҰҰ-ның мақсаттары мен құндылықтары Қазақстанның арман-мақсаттарымен үндес болды.
Төртіншіден, Қазақстан БҰҰ-ға мүше болуы арқылы әлемдік қауіптер, қайшы­лықтар мен қиыншылықтарға қарсы бір­лесіп күресу үшін одақтастар тапты. Өзінің көпвекторлы сыртқы саясатын баянды етуге бағытталған мүмкіндіктерге ие болды.

Қазақстан - әлемдік қауымдастықта

Біріншіден, басқа елдермен, оның ішінде бұрынғы Одаққа кірген республикалармен, Азия, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы, Еуропа елдері және АҚШ-пен халықаралық байланысты өркендету. Екіншіден, шет елдермен тек дипломатиялық байланыс қана орнатып қоймай, сонымен қатар, олармен мәдени-экономикалық байланысты күшейту, сол арқылы алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу. Үшіншіден, Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, дүниежүзілік соғысты, ядролық қаруды қолдануды болдырмау. Міне, осы бағытта 1991 жылдан бастап сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар саласында көптеген шаралар іске асырылды. Қазақстан өзінің барлық көршілерімен, негізгі әріптес мемлекеттерімен байыпты және болжауға болатындай байсалды қарым-қатынастар орнатты. Сыртқы саясаттың негізгі діңгегі – көпвекторлық жол, яғни көп бағыттылық. Ол – еліміздің геосаяси жағынан орналасуына байланысты өмірдің өзі талап етіп отырған қалыпты жағдай. Өткен уақыт ішінде Қазақстан Республикасын дүние жүзінің 180-нен астам мемлекеті таныды. Қазақстан 120-дан астам елмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Шет елдерде 40-тан астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашылды. Ал Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және ұлтаралық ұйымдардың ондаған өкілдігі жұмыс істейді. Қазақстан өзінің сыртқы саясатында ең жақын және ірі көрші мемлекеттер – солтүстікте Ресеймен, ал шығыста Қытаймен тығыз қарым-қатынас орнатуға ерекше назар аударып келеді. Қазақстан мен Ресей арасында 1992 ж. 25 мамырдағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қоюдың зор тарихи маңызы бар. Екі халықтың достығы мен ынтымақтастығын нығайтуда 1996 ж. 27-ші сәуірде Ресей Федерациясының Президенті Б.Ельцин мен Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алматыда кездесіп, Қазақстан мен Ресей бірлескен Декларациясына қол қоюының маңызы өте зор болды. Онда Қазақстан мен Ресейде жүргізіліп жатқан демократиялық қайта құрулар мен саяси-экономикалық реформалардың екі ел халықтарының болашағы үшін үлкен мәні бар екендігі атап көрсетілді. Ресей мен Қазақстан арасында ынтымақтастықтың одан әрі дамуында 1998 ж. 6-шілдеде Мәскеуде қол қойылған мәңгілік достық пен ынтымақтастық туралы Декларация маңызды рөл атқарды. Оның негізінде екі мемлекет арасындағы қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеу және Байқоңыр космодромын бірлесіп пайдалану мәселелері шешілді. 2000 ж. 25 қаңтарында Қазақстан Елбасы Н.Ә.Назарбаев пен Ресей Президенті В.Путиннің кездесуі болды. Онда екі жақты қарым-қатынасты одан әрі жетілдіре түсуге жете мән берілді. Ал 2002 ж. желтоқсанда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Мәскеуге ресми сапары барысында екі ел арасында қалыптасқан достық байланыстарды барынша тереңдетуге күш салынатыны баса айтылды. Сондай-ақ, аймақтық және халықаралық көкейкесті проблемалар төңірегінде жан-жақты пікір алмасылды. Екі жақты деңгейдегі, ТМД, ЕурАзЭқ, ШЫҰ шеңберлеріндегі ынтымақтастық қарым-қатынастар аймақтағы елдер қауіпсіздігінің, интеграциялануының басты кепілі болып табылатыны атап көрсетілді. 2003 жыл Ресейдегі Қазақстан жылы, 2004 жыл Қазақстандағы Ресей жылы ретінде мемлекеттік деңгейде аталып өтті. 2004 жылы екі мемлекет арасындағы тауар айналымы 7 млрд. долларға жетті, мұның өзі 2003 жылғы сондай көрсеткіштен 40% дерлік көп (Егемен Қазақстан, 12.01.2005). 2005 жылдың басында Қазақстанда тұтастай жарғылық қоры 250 миллион АҚШ долларынан асатын, Ресеймен бірлескен 1100 кәсіпорын болды. Тәуелсіздік жылдары оңтүстік-шығыстағы үлкен көрші мемлекет - Қытай Халық Республикасымен тату көршілік және достық қатынастар орнатуда едәуір табыстарға қол жетті. 1990 ж. Қазақстан мен Қытайдың темір жол арқылы өзара байланысы іске асты, сөйтіп, біздің республика Тынық мұхит жағалауына ең қысқа жолмен шығу мүмкіндігіне ие болды. Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының дамуы өте жоғары қарқын ала бастады. Қазақстан Республикасы Президентінің Қытай Халық Республикасына 1992 ж. тамызда барған алғашқы сапарынан бастап, барлық байланыс жолдарын ашудың сәті түсті. Екі елдің арасында сауда соңғы жылдары ондаған есе өсті. 1997 ж. 25 қыркүйекте Алматыда өткен Қазақстан және Қытай делегациялары арасындағы келіссөз барысында Батыс Қазақстан мен Батыс Қытайды жалғастыратын мұнай құбырына шығыстағы көршіміз тарапынан 9,5 млрд. доллар жұмсалатыны жөніндегі шартқа қол қойылды. Мұның өзі саяси-экономикалық байланысты нығайтуға, шекара маңында тыныштық пен бейбіт өмірді сақтауға кепілдік берді. 1998-1999 жж. белсенді дипломатиялық әрекеттер арқылы Қытай мен Қазақстан арасында тағы да жаңа маңызды уағдаластықтарға қол жетті. Ең алдымен шекараны нақтылау негізінен аяқталды. Қытаймен арадағы шекараны айқындап белгілеу Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қосымша кепілдіктер берілгенін білдірді. Қазақстан Президентінің Қытай мемлекетіне 2002 ж. желтоқсан айында жасаған сапары екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңін айқындады. Екі мемлекет басшыларының кездесуі барысында 5 құжатқа қол қойылды. Оның ең маңыздысы “Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шарт” болып табылады. Сондай-ақ, бұдан басқа екі ел деңгейінде халықаралық ланкестікпен, сепаратизммен және экстремизммен күресте ынтымақтастық жөнінде, екі мемлекет арасындағы қауіпті әскери әрекетті болдырмау туралы және т.б. құжаттарға қол қойылды. Екі арадағы сауда-экономикалық байланыстар жылдан-жылға артып, 2004 жылы оның көлемі 3 млрд. АҚШ долларынан асты. Жалпы соңғы жылдары ҚХР басшыларымен өзара кездесу, келіссөздер жүргізу біздің елдің сыртқы саясатындағы тұрақты құбылысқа айналды. Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынасының маңызы өте зор. АҚШ Қазақстан Республикасын тәуелсіз мемлекет ретінде таныған 1991 ж. 25 желтоқсаннан бастап, екі мемлекет арасында елші дәрежесіндегі толыққанды дипломатиялық қатынастар орнады. 1991 ж. желтоқсанында Мемлекеттік хатшы Дж. Бейкер Алматыға келіп, Н.Ә.Назарбаев және басқа да ресми адамдармен келіссөздер жүргізді. 1992 ж. көкек айында Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік және қарым-қатынастар жөніндегі АҚШ Конгресі комиссиясының делегациясы келді. Сол жылғы мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Америка Құрама Штаттарына алғашқы сапармен барды. Осы сапардың барысында: “Сауда қатынастары жөніндегі келісім”, “Қаржы салымдарын өзара қорғау жөніндегі шарт”, “Қазақстан Республикасы және АҚШ үкіметтері арасындағы өзара түсіністік жөніндегі меморандум”, “Қос қабат салық салуды болдырмау жөніндегі конвенция келісімі туралы бірлескен мәлімдемелерге” қол қойылды. Сөйтіп, екі жақты қарым-қатынастардың шарттық-құқылық негіздері қаланды. Осыдан кейінгі жылдары Қазақстан мен АҚШ қарым-қатынастары серпінді түрде дамып келеді. Қазіргі кезде АҚШ Қазақстан экономикасының аса ірі инвесторы болып отыр. Вашингтон Қазақстанға Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздік тұғыры, өзінің осы аймақтағы басты серіктесі ретінде қарайды. 1999 ж. желтоқсан айында Қазақстан Президенті Н.Назарбаев АҚШ-қа тағы да бес күндік сапар жасап, екі ел арасындағы байланысқа жаңа жол ашты. Екі мемлекет арасындағы келісім барысында ХХІ ғ. басындағы басымдық беретін басты бағыттары айқындалды. Біздің мемлекетіміздің тәуелсіздігіне он жыл толуына орай жіберген құттықтау хатында АҚШ Президенті Дж. Буш Қазақстан Халықаралық қоғамдастық үшін аймақтағы тұрақсыздық пен жанжалдарға қарсы шешуші рөл атқаратынын қуаттады. 2001 жылы желтоқсанда Президент Н.Ә.Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары барысында "Жаңа Қазақстан-Америка қатынастары туралы” бірлескен мәлімдемеге қол қойылды. Сонымен қатар, Қазақстан үшін Түркия, Пәкістан, Үндістан, Иран мемлекеттерімен, сондай-ақ Азияның Жапония, Оңтүстік Корея сияқты және басқа елдерімен ынтымақтастықтың да мәні өте зор. Қазақстанға ортақ шекарасы, қалыптасқан шаруашылық, тарихи және мәдени-этникалық байланыстары бар Орта Азиядағы - Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан мемлекеттерімен тығыз қарым-қатынас жасау өте маңызды. Осы бағытта 1994 жылы Орталық Азия экономикалық қауымдастығы құрылды. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан кейіннен 1998 ж. 4-ші мемлекет Тәжікстан қосылды. Осы елдер арасындағы жасалған Шартқа сәйкес Мемлекетаралық кеңес пен оның негізгі институттары – Премьер-министрлер кеңесі және олардың тұрақты органы – Атқару комитеті құрылды. Ортақ экономикалық кеңістік туралы шартқа қол қойылғаннан кейінгі жылдар ішінде көп жақты ынтымақтастықтың маңызды бағыттары, көкейкесті халықаралық күрделі мәселелер және республикалардың экономикалық интеграциясы бойынша 200-ден астам құжаттар қабылданды. Солардың ішіндегі ең маңыздысы – Орталық Азия экономикалық қауымдастығының 2005 жылға дейінгі интеграциялық даму стратегиясы. 2002 жылдың ақпан айынан бастап Орталық Азия экономикалық қауымдастығы жаңа келісілген құжат негізінде “Орталық Азия ынтымақтастығы” болып қайта құрылды. Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты көңіл аударып отырған мәселелердің бірі – елдің шекаралық қауіпсіздігін сақтау. Бізбен солтүстікте бірнеше мың шақырым шекараласатын Ресеймен, оңтүстік-шығыста Қытаймен шекараны тұрақтандырып бекіту өте қажет іс еді. Шекара – мемлекеттік егемендіктің басты белгілерінің бірі. Сондықтан бұл маңызды саяси проблема Ресей мен Қазақстан үкіметтері арасындағы кездесулерде әлденеше рет әңгіме арқауы болды. Осының нәтижесінде екі ел арасында 1992 ж. 15 мамырда ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа және 1999 ж. 28 наурызда Қазақстан мен Ресей арасындағы Әскери ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды. Бұл шарттар бойынша Қазақстан мен Ресей әрі қарай да аймақтық қауіпсіздікті бірлесіп нығайту және қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты дамыту, сөйтіп сыртқы саясат саласында өзара бірлесіп әрекет ету көзделген. Ресей мен Қазақстан арасындағы қауіпсіздік және сыртқы саясат мәселесі екі ел арасындағы 1998 жылы шілдеде қабылданған “Мәңгі достық және одақтастық туралы декларацияда”, сондай-ақ, экономикалық ынтымақтастық туралы алдағы 10 жылға (1998-2007 жж.) арналған экономикалық бағдарламада өзінің даму көрінісін тапты. Осы келісімдер негізінде Қазақстан-Ресей шекара белдеулерінде делимитациялау шаралары жүргізіле бастады. Ал 2000 жылы қаңтарда Мәскеуде өткен екі мемлекет басшыларының кездесуінде басты үш бағыт туралы келісім жасалды. Біріншісі – екі ел саясатындағы қарым-қатынастың сабақтастығы. Екіншісі - қауіпсіздік мәселесіндегі ынтымақтастық. Үшіншісі – шекараны нақтылау мәселесі. Қазақстанның көрші мемлекеттермен шекарасының жалпы ұзындығы 15 мыңға жуық шақырымды құрайды. Соның ішінде Қазақстанның Қырғыз Республикасымен мемлекеттік шекарасы шамамен 1050 шақырым, Ресей Федерациясымен – 7,5 мыңнан астам шақырым, Туркменстанмен – 400 шақырым, Өзбекстанмен – 1660 шақырым. Ресеймен шекараны делимитациялау мәселесі 1998 жылғы 6 шілдеде екі ел басшыларының бірлескен мәлімдемесінен және сол жылғы 12 желтоқсандағы мемлекеттік шекараны делимитациялау жөніндегі хаттамадан басталды. Алты жыл аралығындағы құжаттарды әзірлеумен тыңғылықты айналысқан сарапшылар шекаралық сызықтың барлық нүктелері бойынша ортақ келісімге келді. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев пен Ресей президенті В.Путин 2005 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа қол қойды. Шын мәнінде, тарихи деп бағалауға болатын осы құжат бойынша екі ел үшін де айрықша маңызы бар шекара мәселесі халықаралық нормаларға сәйкес шешімін тапты. Елбасы атап өткендей, “қадым замандардан қазақ-орыс елдері арасында шекара бірінші рет заңды түрде тартылып отыр”. Әлемдегі жерүстілік ең ұзын саналатын, жалпы аралығы 7591 шақырымды құрайтын бұл шекара сызықтары белгіленіп және мойындалып, екі мемлекет арасындағы мызғымас достықтың сенімді кепілі ретінде бағаланды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Қытаймен арадағы шекараны заңдастыруға кірісті. Өзара түсіністік пен мүдделілік бұрын-соңды болмаған табысқа қол жеткізді. 1994 жылдың сәуір айында Қазақстан Президенті Н.Назарбаев пен ҚХР Премьер-министрі Ли Пэн екі ел арасындағы шекара сызығын заңдастырып, белгілеу (делимитация) жөніндегі келісім-шартқа қол қойды. Жалпы ұзындығы 1718 шақырымға созылып жатқан желінің екі шағын учаскесінен (бұрынғы Талдықорған және Семей облыстарындағы) басқасы түгел заң жолымен бекітілді. Келесі кезектегі мәселелерді шешу үшін делимитациялық комиссия құрылды. Жоғары дәрежелі кездесу кезінде шекара мәселелерін толық реттеуге қатысты келіссөздерді одан әрі жалғастыру жөнінде уағдаластыққа қол жетті. Бұл бағытта 1996-1998 жж. үш арнайы келісім болды. Соның нәтижесінде 1999 ж. қарашада Цзянь-Цземинь мен Н.Назарбаев шекаралық мәселелердің толық үйлестірілуі туралы арнайы коммюникеге қол қойылды. Сөйтіп, Қытаймен шекараны межелеу негізінен аяқталды. Сонымен қатар, Қазақстан бұл жылдары өзінің жақын көршілері - Қырғызстанмен, Өзбекстанмен және Түркменстанмен арадағы шекара мәселелерін іс жүзінде түпкілікті реттеуге қол жеткізді. Шекара мәселесін Азия елдерінде тұрақты шешуде Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) маңызды рөл атқарады. 1996 жылғы сәуірде Шанхайдағы кездесу кезінде Ресей, Қытай, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан басшылары шекараларды бұзбау, олардың арасындағы бейтарап аймақтық қашықтықты 100 шақырымға дейін жеткізу келісіміне қол қойылды. Кейін бұл келісімге Өзбекстан қосылды. “Шанхай келісімі” негізінде алты ел басшыларының жыл сайынғы кездесуі 1997 ж. Мәскеуде, 1998 ж. Алматыда, 1999 ж. Бішкек, 2000 ж. Душанбе, 2001 ж. Алматыда болып өтті. Онда аймақтық қауіпсіздік пен ынтымақтастықты нығайту мәселелері жан-жақты талқыланып, осының нәтижесінде Декларациялар қабылданды. 2002 жылғы маусымда Шанхай ынтымақтастық ұйымының кезекті саммиті Санкт-Петербург қаласында болып өтті. Оның жұмысында ШЫҰ құрылымын орнықтыру іс жүзінде көрініс тапты. ШЫҰ-ның Секретариаты Пекинде, ал Аймақтық терроризмге қарсы құрылымның штабпәтері Бішкекте орналасатын болды. Бұл кездесуде 3 құжатқа – ШЫҰ Хартиясына, аймақтық терроризмге қарсы құрылым жөніндегі Келісімге және ШЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер басшыларының Декларациясына қол қойылды. Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты мақсат – бейбітшілік, соғысты болғызбау. 1992 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясының 47 сессиясында Президент Н.Назарбаев Азияда өзара ынтымақ пен сенім шараларын орнықтыру туралы мәселе көтерді. Оған сәйкес 1993 ж. көктемде Алматыда осы мәселеге байланысты шақырылған бірінші бас қосуға оннан аса мемлекеттен өкілдер келген болса, сол жылғы тамыз айындағы кездесуге 17 елден сарапшылар тобы келді. Қазақстан Хельсинки процесіне қосылып, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның жұмысына қатысты (1992 ж.). Ал 1996 ж. 31 қыркүйекте Қазақстан БҰҰ-ға мүше 129 елдің қатарында ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа қол қойды. Қазақстанның СШҚ-І-Шарты мен ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылуы әлемдік маңызы бар оқиға. Мұның өзі елдің қауіпсіздігінің кепілдіктерін күшейтті. 1994-1995 жж. басты ядролық державалар – АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, ҚХР мен Франция Қазақстанға қауіпсіздіктің бірлескен және жан-жақты кепілдіктерін берді. Қазақстан саяси-әскери одақ - НАТО-мен ынтымақтастыққа маңызды орын береді. Бұл ынтымақтастық “Бейбітшілік үшін әріптестік” бағдарламасы аясында дамып, еліміздің қарулы күштері үшін кадрлар даярлауға қызмет етеді. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен шекарасының тұтастығын қорғау үшін өзінің жеке Қарулы Күштерін құрудың зор маңызы болды. Оны іске асыру Елбасының 1992 ж. мамырдағы “Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы” жарлығымен басталды. 2000 ж. 10 ақпанда 1999-2005 жылдарға арналған жаңа әскери доктрина және ұлттық қауіпсіздік стратегиясы қабылданды. Осы құжаттарға сәйкес армия елдің ішкі жалпы өнімінің бір пайызынан кем емес көлемде қаржыландырылатыны көзделді. Доктрина негізінде Қазақстан жерінде әскери аумақтық құрылымға көшіру жүзеге асырылып, елдің барлық аймағын қамтыған Оңтүстік, Шығыс, Батыс және Орталық әскери округтері құрылды. Сөйтіп, біздің елімізде қауіпсіздікті қамтамасыз ету ең басты мәселе болып қала береді. 1992 ж. наурызда Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылдануы республика үшін орасан зор маңызы бар оқиға болды. Осыдан кейін елімізге басқа да халықаралық ұйымдарға мүше болып кіруге жол ашылды. Атап айтқанда, Қазақстан негізгі валюта-қаржы ұйымдарына – Халықаралық Валюта қорына, Дүниежүзілік қайта құру және даму банкіне, Еуропа және Азия даму банкіне мүше болып енді. 1997 ж. басында Қазақстан 60-тан астам халықаралық ұйымдарға мүше болып қабылданды. Нәтижесінде Қазақстанның шет елдермен экономикалық байланыстары арта түсті, оған берілетін инвестициялық қаржылардың көлемі артты. Мысалы, 1992-1995 жж. халықаралық қаржы институтының Қазақстанға бөлген қаржысының мөлшері 2 млрд. АҚШ долларынан асып түсті. Тәуелсіздік алғалы бері 800-ге жуық мемлекетаралық және үкіметаралық келісім-шарттарға қол қойылды. Қазақстанға тікелей инвестиция берушілердің тізімінің басында АҚШ орналасқан, одан кейін Ұлыбритания, Италия, Канада, Нидерланды, Германия, ал Азия аймағынан Қытай, Жапония, Индонезия және Оңтүстік Корея бар. Қазақстан АҚШ-пен экономикалық қарым-қатынасқа ерекше көңіл бөледі. Американдық “Шеврон” компаниясымен Теңіз мұнай көздерін игеру жөніндегі ірі шартқа қол қойылды. Қазіргі кезде АҚШ Қазақстанның ең маңызды экономикалық әріптестерінің бірі болып табылады. Біздің елімізде 350-ден астам Қазақстан-Американ бірлескен кәсіпорны жұмыс істейді, сондай-ақ 100-ден астам американ компанияларының өкілдіктері тіркелген. Қазақстан экономикасының дамуында сыртқы сауданың маңызы зор. Егемендік алған жылдардан бері Қазақстан дүние жүзінің 180-нен астам елімен сауда қатынасын орнатты. Осының нәтижесінде сыртқа шығаратын және сырттан бізге алып келетін тауарлардың көлемі жылдан-жылға өсіп келеді. 2001 ж. Қазақстанның сыртқы сауда көлемі 14 млрд. доллардан асты. Қазақстанның сауда айналымының шамамен 62% ТМД елдерінің үлесіне, 24% Еуропа елдерінің (35 ел), 13% Азия аймағы елдерінің үлесіне тиеді. Біз ашық сыртқы сауда саясатын дәйекті жүргізіп келеміз. Айталық, 2004 жылы сыртқы сауда айналымы көлемінің оң сальдосы (Сальдо – белгілі бір уақыт кезеңіндегі ақшалай түсімдер мен шығындар арасындағы айырма) 7 млрд. доллардан асатын 33 млрд. АҚШ долларына жетті. Бұл 1994 жылмен салыстырғанда 3 еседен астам өсті деген сөз. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында негізінен ТМД-ның ауқымымен шектелген біздің сыртқы саудамыздың географиясы да біршама тарамдала түсті. Қазақстан тауар айналымының құрылымында 2004 жылы Еуропалық одаққа мүше елдер, Ресей, Швейцария мен Қытай алғашқы орындарға шықты. Осылайша біз әлемдік экономиканың бөлінбес бөлігіне айналып, жаһандық бәсекелестік арнасына ендік (Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. // Егемен Қазақстан, 19 ақпан 2005 ж.). 2007 жылы 30 қарашада Мадридте ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің жалпы отырысында Қазақстан Ұйымның 2010 жылғы төрағасы болып сайланды. 2010 жылы Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төрағалық ету мүмкіндігін берген әлемнің 56 мемлекетінің шешімі – еліміз қол жеткізген тағы бір ірі жетістік. Бұл – елбасы Н.Ә. Назарбаевтың халықаралық зор беделінің ерен табысы, еліміздегі ұлан-ғайыр оң өзгерістердің, біздегі демократияның айшықты нәтижесі. Біздің еліміз халықаралық мойындауда және өзінің дамуында жаңа сапалық дәрежеге көтерілді. ЕҚЫҰ – дүние жүзіндегі аса беделді халықаралық ұйымдардың бірінен саналады. Қазақстан – ЕҚЫҰ-ға төрағалық ететін бірінші ТМД елі, ол бірінші түркі елі, ол тарихи тұрғыда өркениетті ислам кеңістігіне жататын бірінші ел, ең соңында, ол бірінші азиялық ел. Қорыта келгенде, тәуелсіз Қазақстан дүние жүзінің көптеген елдерімен тең деңгейде дипломатиялық және экономикалық қарым-қатынастар орнатты. Тәуелсіздік жылдары еліміздің сыртқы саясаттағы күш-жігерінің арқасында орасан зор тарихи маңызы бар міндеттер орындалды. Қазақстан дүниежүзілік қауымдастықта лайықты өз орнын алды. Егер 1991 жылы әлемдік қоғамдастықтың іс жүзінде Қазақстанға қандай да бір ықыласы аумай келсе, бүгінгі күні Қазақстанды әбден танып, құрметтеп отыр. Қазақстан Орталық Азияның көшбасшысына, халықаралық құрметті әріптеске, халықаралық лаңкестікке, есірткінің жайылуы мен ядролық қарудың таралуына қарсы белсене күресетін мемлекетке айналды. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болды, оның бастамалары тәжірибе жүзінде әрқашан кең қолдау тапты және нақты іс жүзіне асырылып отырды. Бүгін біздің еліміз халықаралық дәрежеде танылудың жаңа сапалық деңгейіне көтерілді. Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі туралы шешім оның сенімді дәлелі болды.

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймақтық біртұтастығын құрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап, біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланыстыОрталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймақтағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен екі жақты байланыс едәуір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссель, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.

Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан Республикасының құрылуы мемлекеттің сыртқы саясаттағы бағдары мәселесін алға қойды. Ол келесі проблемалық аспектілерді қамтыды:
1. Әлемдік қауымдастықтың Қазақстан Республикасын халықаралық қатынастардың субъектісі ретінде қабылдауы.
2. Мемлекеттің сыртқы саяси қызметінің негізгі принңиптерін, оның сыртқы саяси құндылықтары мен басымдықтарын жобалау.
3. Халықаралық қатынас субъектілерімен халықаралық байланыстарды жолға қою және дамыту.
4. Халықаралық құқық принциптері мен нормаларын тану және игеру.
5. Халықаралық қатынастар мәдениеті: дипломатия мен дипломатиялық қызметті қалыптастыру.


Жас тәуелсіз Қазақстан Республикасы үшін сыртқы саясаттағы негізгі мәселе мемлекеттер мен әлемдік қауымдастықтың оны дербес, тәуелсіз мемлекеттік құрылым ретінде тануын, оның территориялық түтастығын, халықаралық істердегі құқықтық субъектілігін тануын қамтитын легитимділік проблемасы болды. Қазақстан Республикасы тәуелсіздіктің 10 жылы ішінде осы түрғыда біркатар табыстарға қол жеткізді. БҰҰ-ға мүше болып қабылданды, әлемнің негізгі мемлекеттерінің барлығымен дерлік дипломатиялық байланыстар орнатты. Қазақстан Республикасының табысты легитимделуі бірқатар ішкі және сыртқы жағдайларға мүмкіндік туғызды.
Біріншіден, КСРО-ның құлауы, осы алып мемлекеттің жойылуы қазіргі кездегі әлемнің басты мемлекеттерінің үкіметтері тарапынан оң құбылыс ретінде қабылданды. КСРО құлағаннан кейінгі оның территориясында пайда болған тәуелсіз мемлекеттерді басқа мемлекеттердің үкіметтері, БҰҰ және оның құрылымдары тез арада таныды. "
Екіншіден, ел басшылығының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің анық құқықтық негізі қалыптасты. 1990 жылдыңқ а з а н ы н д а Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі мемлекеттік тәуелсіздік туралы Декларацияны қабылдады. Осы құжаттың негізгі ережелері Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық занда, 1993 жылғы Конституцияда және жалпыхалықтық референдум арқылы кабылданған 1995 жылғы Конституцияда дамытылған және нақтыланған. Осы құжаттарда Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі принциптері көрсетілген: ашықтық, бейбітшілікті жақтау, тату көршілік, тең серіктестік, қарулы күшті бірінші болып қолданудан бас тарту, басқа елдердің ішкі істеріне араласпау, ядролық қарусыз ел мәртебесі, екіжақты және көпжақты келісім негізінде, сондай-ақ БҰҰ және оның құрылымдары шеңберінде қабылданған барлық халықаралық міндеттерді орындау.
Үшіншіден, Қазақстан Республикасының халықаралық беделін көтеру және оның легитимділігі экономикалық және саяси реформаларды табысты жүргізуге: қоғамдық өмірдің мемлекеттен тыс және дербес болуына, демократиялануына мүмкіндік береді. Осы экономикалық және саяси процестердің негізінде қазақстандық қоғамды консолидациялау Қазақстан Республикасын халықаралық аренаға іргелі жалпы адами құндылықтарды (нарық жүйесі және баламалы айырбас, тату көршілік және күш қолданбау, тұлғаның құқықтары мен қадір-қасиеті, хдлықаралық келісімдер нормаларының басымдығы және т.б.) танитын тең құқықты серіктес ретінде алып шықты.
Төртіншіден, әлемдік қауымдастыққа кіруде Қазақстан Республикасының ішкі саяси түрақтылығы ерекше мәнге ие болды. Осының нәтижесінде Қазақстанды әлеуметтік қауымдастыққа, алдыңғы қатарлы елдерге жақындататын инновациялық мәселелерді жүзеге асыруда берік болатын елдегі әлеуметтік жағдайды болжауға болады.
Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет ретінде сыртқы саяси қызметтің нақты принциптері негізінде қызмет етуі және мүдделерін халықаралық аренада бейнелейтін жеке сыртқы саяси құндылықтары мен басымдықтарын жобалауы керек.Әрине, осы сыртқы саяси принциптер, құндылықтар мен басымдықтар өлемдік қауымдастық үшін деструктивті болмауы шарт. Олар халықаралық қатынастар принциптеріне және халықаралық құқық нормаларына қайшы келмеуі қажет. Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретіндегі легитимделуінде, оның негізгі сыртқы саяси принциптерін, құндылықтары мен басымдықтарын жобалау мен дамытуда елдің алғашқы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың көрнекті рөл атқарғандығын ескере кеткеніміз жөн.
Қазақстан Республикасы қазіргі әлемнің ірі мемлекеттерінің мүдделері астасып жатқан күрделі геосаяси кеңістікте орналасқан. Бұл жағдай "мемлекет басшысы мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға" (Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-бабы) болып табылатын ел Президентінен саяси ерік пен бастаманы, ойластырылған және салмақты әрекетті, превентивті шешімдер мен шараларды қабылдау қабілеттілігін талап етеді. Осы түрғыда ҚР президенті Н.Э.Назарбаев тарапынан ұсынылған еуразиялық идеясы ерекше мәнге ие. Бұл идея ТМД мемлекеттерінің интегративтік мүмкіндіктерін, яғни ТМД шеңберіндегі интеграңияны, сондай-ақ экономикалық және сыртқы саяси мүдделері еуразиялыққа жақын басқа елдердің қатыстырылуын қамтиды. Қазіргі еуразиялық идея өркениет дамуының түйінді желілерінде мемлекеттердің жан-жақты ынтымақтастығы үшін аса кең геосаяси кеңістікті құруды көздейді. Еуропа мен Азияны жалғастыратын тарих және дәстүрлі көпір ретінде Қазақстан еуропа елдерімен де, азия елдерімен де өзінің экономикалық байланыстарын кеңейтуге кең мүмкіндіктерін алады. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еуразиялық идеясы біздің болмысымыздың геосаяси, экономикалық, тарихи, өлеуметтік-мәдени, этникалық шындығы болып табылады. Осы негізде ҚР үкіметі Президенттің басшылығымен екіжақты және көпжақты келісімдерді, қазақстандық шекараның е бойында тыныштық пен қақтығыстарды болдырмауды қамтамасыз ететін өзімен көршілес барлық елдермен келісімшарттар жасауды қалыптастыру бойынша белсенді саяси қызметтер атқаруда. Қазақстан еуропа елдерінің барлығымен дерлік дипломатиялық қатынастарды жолға қоя отырып ОБСЕ, НАТО тәрізді еуропалық мемлекетаралық ұйымдармен де байланыс орнатты. Қазақстанның НАТО-мен біріккен жаттығулар өткізу үшін әскери бөлімдерді дайындау бойынша жеке ынтымақтастық бағдарламасы бар. Бұл қазақстандық әскери контингенттің БҰҰ бітімгершілік акцияларына қатыстырылуына мүмкіндік береді. Қазақстан үшін сыртқы саяси басымдықтардың арасынан Ресеймен мемлекетаралық байланыс ерекше мәнге ие.Ресей империясының қол астында, одан кейінгі көпұлтты мемлекеттік құрылым КСРО-ның құрамында болған Қазақстан тарихи және дәстүрлі түрғыда аграрлық-шикізат көзі болды, сондықтан Орталыққа, метрополия ретіндегі Ресейге экономикалық тәуелді еді.
Осы жағдай Қазақстанның шаруашылық инфрақұрылымының Ресейге толықтай тәуелділігінің қалыптасуына алып келді және оның салдары экономикалық түрғыда оны Ресейге, оның ішкі проблемаларына қатыстырады. Ресейдегі экономикалық тоқырау мен қиындықтар соған сәйкес бізде де көрініс тауып отырады. Ресейдегі экономикалық жандану біздің экономикамызды да қоректендіреді. Осы жағдайлардын барлығы мемлекеттің тәуелсіздігін қамтамасыз етудің шынайы негізі — көпвекторлы сыртқы саясаттың қалыптасу қажеттілігін тудырады. Бірақ біздің сыртқы саясатымыздың ресейлік векторы көп позиция жағынан басымдыққа ие. Осы ахуал Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың әрдайым назарында және ол келісімдер, шарттар, мақсаттар тәрізді дипломатиялық акцияларда көрінеді. Көптеген халықаралық проблемалар бойынша Қазақстан мен Ресей біртүтас немесе жақын позиңияларда болады.
Қазақстанның сыртқы саясатында өздерінің тарихи тағдыры, этномәдени құндылықтары бойынша туыс халықтар өмір сүретін Орталық Азия аймағы ерекше орын алады. Бұлар түркі тілдес Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, сонымен қатар Тәжікстан мемлекеттері. Халықтар арасында қалыптасқан осы тарихи байланыстар, тарихтын, мәдениеттің, тілдің ортақтығы елеулі дәрежеде осы мемлекеттерді жақындата түседі. Бұл халықаралық аренада біртұтас, келісілген позиция түрғысынан көрінуге мүмкіндік береді. Қазақстанның сыртқы саясатының ерекше аспектісі Кытай екендігі сөзсіз. ҚХР-мен достық, тату көршілік қатынасты жолға қою — Қазақстан басшылығының сыртқы саясатының аса маңызды проблемасы. Осы саладағы біздің міндеттеріміз — Қытаймен арадағы шекараны делимитациялау, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сауда-экономикалық шарттарға отыру, мәдени айырбасты дамыту. Қытай —бұл жақын көршілікте түрған, тез дамып келе жатқан аса ірі этно-демографиялық массив, ядролық держава, супердержава ретінде XXI ғасырда халықаралық қатынастарда басты рөлдерді атқарады. Қазақстан Республикасының басшылығы жүргізіп отырған сыртқы саясатта қазіргі әлемнің басты мемлекеттері де назардан тыс қалмайды. АІСДІ, Германия, Англия, Франция және басқа еуропалық мемлекеттер ең алдымен, мүмкін болатын инвесторлар мен сауда серіктері ретінде қызықтырады, осындай қызығушылық Азияның алдыңғы қатарлы елдері Үндістан, Жапония, Оңтүстік Корея, Пөкістан, Түркия, Иранға да артуда. Қазақстан осы елдердің барлығымен дерлік үздіксіз дамып отырған сыртқы саяси байланыстарды, дипломатиялық қатынастарды жолға қойды.
Қазақстан Республикасының басшылығы Ауғанстан, Таяу ШЫІҒЫС, Балқан елдері тәрізді "дағдарысты аймақтарға" да назар аударады. Қазақстанның бұл жерлерде жеке геосаяси мүдделері жоқ болса да, біз осы "дағдарыстық аймақтардың" әлемге тудырып отырған қауіптілігін сезінеміз. Сыртқы саясатты жүзеге асыруда ҚР Президешінің басшылығымен құрамына сыртқы істер министрлігін, елшіліктер мен консулдықтарды қамтитын атқарушы орган — дипломатиялық қызмет жұмыс жүргізеді. Қазақстан Республикасының басшылығы қысқа мерзімнің ішінде табысты жұмыс істеп жатқан Дипломатиялық қызметті кұра алды. Бұл Қазақстан Республикасының билік құрушы элитасы меңгерген кәсіптік қызметгің жаңа түрі. Осы құрылымда жүмыс істеу кәсіби білікгілік пен білімді талап етеді және бұл міндетті Қазақстан элитасы табысты түрде атқарып отыр деп толық сеніммен айтуға болады.

азіргі Қазақстанның халықаралық жағдайы. Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдардағы қызметі. Манифест. «Әлем. ХХІ ғасыр».

1991 жылдың соңына дейін Қазақстанның тәуелсіздігін 18 ел таныды. Алғашқылары Түркия, АҚШ, Қытай, Германия, Пәкістан мемлекеттері болды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылында елімізді 108 мемлекет танып, оның 70-інің дипломаттық өкілдіктері ел астанасында жұмысқа кірісті.

Қазақстан БҰҰ-ға, Халықаралық қайта құру және өркендеу банкіне, Еуропалық қайта құру және өркендеу банкіне, Халықаралық валюта қорына, ЮНЕСКО-ға мүше болып кірді.

Қазақстанның жалпыадамзаттық қауымдастыққа енуіндегі үлкен қадамдарының бірі 1992 жылы Хельсинкиде жасалды. 8 шілдеде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің қорытынды актісіне бұрынғы Кеңес Одағы мен Югославия Федерациясынан тәуелсіздік алып шыққан мемлекеттердің басшыларымен бірге Президент Н.Назарбаев қол қойды.

Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударатын мəселе: ең жақын жəне ірі көрші мемлекеттермен, солтүстікте – Ресеймен, шығыста – Қытай Халық Республикасымен ойдағыдай қарым-қатынас орнату.

1992 жылғы 25 мамырда Мəскеуде Қазақстан мен Ресей арасында достық, ынтымақтастық жəне өзара көмек туралы шарт жасалды. Қазақстан мен Ресейдің қазіргі шекараларының мызғымастығы туралы ереже ең маңызды болып саналды. ҚР мен РФ президенттері екі ел арасында мәңгілік достық пен қатынастар жөніндегі Декларация қабылдау, мұнай шығару, өңдеу және тасымалдау, Байқоңыр ғарыш айлағын пайдалану туралы келісімдерге қол қойды.

Қазақстанның Қытай Халық Республикасымен (КХР) 50 шақты келісімдер, хаттамалар жасалды. Қазақ-қытай қатынастарында саяси байланыстарға жол ашылды.

Қазақстан этностық туыс елдермен – Әзірбайжанмен, Өзбекстанмен, Қырғызстанмен, Түрікменстанмен көпсалалы байланыстар жасап келеді. Қазақстан Таулы Қарабақ пен Тəжікстандағы қақтығыстарды реттеуге күш салды. БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында Н.Назарбаевтың мəлімдемесі қарулы жанжалдардың алдын алуға бағытталған Қазақстанның сыртқы істер қызметінің көрінісі болды.

Азияда қауіпсіздік пен орнықтылықты қамтамасыз ету бағдарламасы, Азияда бірлесіп қимылдау жəне сенім шаралары жөнінде кеңес шақыру ұсыныстары салауатты қадам ретінде бағаланды.

1996 жылы 26 сəуірде Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің (Ресей, Қытай, Қазақстан, Тəжікстан, Қырғызстан) алғашқы кездесуі өтті. Ортақ шекараларға байланысты әскери саладағы сенім мәмелелері талқыланды. ШЫҰ форумына қатынасқан мемлекеттердің басшылары кейін Мәскеуде (1997ж), Алматыда (1998ж), Бішкекте (1999ж) кездесті.

Мәскеуде өткен кездесуде шекаралық аудандардағы қарулы күштерді қысқарту жөніндегі құжатқа қол қойылды. Алматы саммитінде ШЫҰ елдерінің өзара қатынастарындағы басым бағыттар айқындалып, сауда-экономикалық қатынастарды теңдік және өзара тиімділік негізінде дамыту мәселелері талқыланды.

1999 жылы ҚР Президенті Н.Назарбаев ҚХР Төрағасы Цзян Цзэминмен кездесуінде Қазақстан ТМД елдері арасында тауар айналысы бойынша Қытай үшін екінші әріптес болып отырғаны айтылды. Екі ел арасындағы шекаралық мәселелер әділ шешімін тапты. 1000 шаршы шақырымдық даулы жердің 57%-ы Қазақстанға, 43%-ы Қытайға қарады.

Ашық теңізге тікелей шыға алмайтын Қазақстан үшін Каспий және Қара теңіз бен Жерорта теңізіне шығу мәселелері маңызды болды. Қазақстанның әсіресе Түркиямен қатынастары жақсы дамыды. Республикада жүздеген қазақ-түрік бірлескен кәсіпорындары пайда болды. Алматыда “Анкара” қонақ үйі салынды. Қазақ жастары Стамбұл мен Анкараның университеттерінде оқыды.

Қазір Үндістанмен байланыстарды қайта жандандыруға жас қазақ дипломатиясы ерекше мән беріп отыр. Түркиямен, Иранмен өзара тиімді экономикалық, мәдени құндылықтар алмасуға екі жақ та ұмтылыс білдіруде.

Қазақстан үшін айтарлықтай инвестиция беріп отырған АҚШ-пен қарым-қатынас орнатудың маңызы зор. АҚШ Қазақстанға мəдениет пен білімді дамыту саласында үлкен қолдау көрсетуде. “Болашақ” бағдарламасы шеңберінде қазақстандық студенттер АҚШ, Франция, Германия т.б. оқу орындарында оқиды.

Қазақстанның Батыс Еуропа мемлекеттерімен, соның ішінде, Ұлыбританиямен қатынасы егемендік жарияланбай тұрған кезден басталған болатын. 1992 жылдың күзінде Германияда Н.Назарбаев канцлер Г.Кольмен кездесті. 1992 жылы Елисей сарайында Франция Президенті Ф.Миттеран Н.Назарбаевты қарсы алып, достық, ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы шарт жасалынды. Қазақстан Президенті жаңа Еуропаға арналған Париж хартиясына қол қойды. Қазақстан Венгриямен, Болгариямен, Чехиямен, Румыниямен өзара тиімді қатынастар орнатты.

Қазақстан НАТО-мен байланысты кеңейту шараларын қолдайды. Оңтүстік-Шығыс Азияда АСЕАН (Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ассосациясы) мемлекеттерімен, Солтүстік-Шығыс Азияда Жапониямен, Кореямен, Монғолиямен қатынастарын жолға қойды.

Қазақстан Азияда өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесін, дүниежүзілік және дәстүрлі дін өкілдерінің съездерін өткізу бастамасын көтерді. 2003, 2006 жылдары дінбасыларының съездерінде жасампаздық идеялары мен адамзаттық игіліктер төңірегінде пікір алысты. Қазақстан Тәжікстанда, Ауғанстанда, Иракта болып жатқан лаңкестікке қарсы күреске, бітімгерлік миссияларға белсене қатысты.

Соңғы жылдары Қазақстан дипломатиясы елдің Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) қабылдануын көздеген келіссөздер жүргізуде.

2010 жылы Қазақстанның Еуропа қауіпсіздігі және ынтымақтастығы ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалық етуі туралы шешім қабылданды. Бұл шешімді аталған ұйымға мүше 56 мемлекеттің 100 пайыздық келісімімен қабылданды. ҚР тәуелсіздігін алғанына 16 жыл толуына арналған жиналыста сөйлеген сөзінде Н.Назарбаев былай деді: “Қазақстан – ЕҚЫҰ-ға төрағалық ететін бірінші ТМД елі, ол – бірінші түркі елі, ол – тарихи тұрғыдан өркениетті ислам кеңістігіне жататын бірінші ел, соңында, ол – бірінші азиялық ел. Сондықтан бұл біздің ортақ жеңісіміз”.

Наши рекомендации