Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың мәні, қажеттілігі, негізгі бағыттары

Қазақстанда кәсіпкерлктің қарқынды дамуы экономикалық реформаларды табысты жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар кәсіпкерлікті дамыту арқылы бірқатар маңызды міндеттерді шешуге қол жеткізеді. Мысалыға: жаңа жұмыс орыны, жұмыссыздықтың азаюы, ішкі нарықтағы отандық өнімнің көбейюуі, бизнес-идеялардың пайда болуы, салықтық түсімдердің өсуі және т.б. Сонымен қатар бұл өзгерістердің барлығын мемлекет тарапынан қадағалап және бақылап отыру қажет.

Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау депҚазақстан Республикасында кәсіпкерлік бастамашылықты іске асыру үшін құқықтық, экономикалық қолайлы жағдайлар жасау, кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру бойынша мемлекеттік кешенді шаралар түсініледі.

Кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлейді.

Кәсіпкерлік қызметке қатысуда мемлекет тарапынан келесідей қағидалар сақталуы қажет: 1) аңдылық, 2) негізділік, 3) шектеулілік, 4)жарысқа қатыспаушылық.

Мемлекет кәсіпкерлік қызметке заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу және мемлекеттік кәсіпорындар құру арқылы қатыса алады. Сонымен қатар келесіде жағдайларда кәсіпкерлік қызметке қатыса алады.

ҚР Конституциясынан бастап

 
 
Мемлекеттік меншіктегі стратегиялық объектілер пайдаланған кезде

Еліміздің даму стратегиялары, бағдарламалары, тіпті №елбасының жыл сайынғы жолдауларының барлығында кәсіпкерлікті, әсіресі шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау мәселесі қарастырылады.

Үй жұмысы:ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА:ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ ҚР Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында кәсіпкерлікті дамыту мен мемлекеттік қолдау жөніндегі міндеттерді жазып келу.

Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау негізгі 6 бағыпен жүзеге асырылады:

1) шағын кәсіпкерлік;

2) агроөнеркәсіптік кешен;

3) индустриялық-инновациялық қызмет;

4) арнайы экономикалық аймақтар;

5) инвестициялық қызмет;

6) отандық тауар өндірушілер.

       
 
 
   

Үй тапсырмасы: КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ НЫСАНДАРЫ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ (кәсіпкерлік кодексі, 4 бөлім, 12 тарау, конспектілеу)

 
 

2010 жылдан бастап Елімізде бизнесті қолдаудың жүйелі шаралары қабылданып, жүзеге асуда. Сонын ішінде бизнестің жол картасы - 2020 бағдарламасы тікелей кәсіпкерлікті қолдауға арналған бағдарлама болып табылады.осыған тоқтала кетейік.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы 2010 жылы 13 сәуірінде бекітілген.

Мақсаты:

1.экономиканың шикізат емес секторларына өңірлік кәсіпкерліктің орынқты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету.

2.қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын құру.

Келесі бағыттарды қамтиды:

1.Жаңа бизнес бастамаларды қолдау;

2. Кәсіпкерлік секторды сауықтыру;

3. кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету

4.кәсіпкерлік әлеуетті күшейту.

Наши рекомендации