Эколого-генетикалық және селекциялық зерттеулердің бағыттары арқылы рекомбинациялық процестерді басқаруды сипаттаңыз.

Қазіргі генетиканың міндеттері табиғаттың аса маңызды кұбылыстарын білу үшін ғылымның болашағы мен потенциалын ашатын жоғарыда аталған теориялық проблемаларды ғана зерттеу емес, генетиканың алдында көптеген практикалық, мәселелерді шешу үшін аса маңызды және жақын тұрған міндеттер де бар. Өсімдіктің сорты немесе жануардың тұқымы ауылшаруашылығындағы өндіріс құралы. Өсімдіктер сорттары мен жануарлар тұкымдарының жоғары өнімділігі еңбек өнімділігін арттырады. Сорттар мен тұқымдарды шығару дербес бөлек ғылым селекцияның міндеті болғанымен, селекция тұқымқуалаушылық пен өзгергіштіктің заңдарын меңгермейінше дами алмайды. Селекция үшін генетика жаңа жолдар ашып береді.

Өсімдіктер генетикасы жоғары сатыдағы өсімдіктердің тұқым қуалауы және өзгергіштігі туралы ғылым; генетика саласы. Өсімдіктерді генетик. тұрғыдан зерттеудің бірнеше әдісі бар: моносомдық талдау әр хромосомның тұқым қуалаудағы және өсімдіктер белгілерінің әртүрлі дамуындағы рөлін анықтау; экспериментті мутагенез өсімдіктердің тиімді және құнды мутантты формаларын алу; будандастыру және будандардың мейоздағы хромосом конъюгация талдаулары өсімдіктер эволюциясын зерттеу; алшақ будандастыру және цитогенетика әдістерін бірге пайдалана отырып, хромосомдардың құрылысы мен санының өзгеруіне байланысты түрлі тұқым қуалайтын ауруларды анықтау; апомиксис өсімдіктің өзін-өзі ұрықтандыра алмауы.Өсімдіктер генетикасында молекулярлық биологияның әдістерін (ДНҚ, ДНҚ - РНҚ, т.б. будандастыруды) қолдану гендерді ұқсастыру, оқшаулау, кейін оларды клондау жұмыстарын жеңілдетті. Популяциялық генетика мен биометрияның әдістері белгінің жалпы фенотиптік өзгергіштігінде, олардың тұқымқуалаушылық қасиетінің негізі (генотиптік) мен сыртқы орта әсерімен қабылданған белгілерін (паратиптік) ажыратуда қолданылады. Бұл қолдан сұрыптаудың тиімділігін күшейтеді. Қазақстанда Өсімдіктер генетикасы жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары ҚазҮУ-да генетика кабинеті (1939), оның негізінде дарвинизм және генетика кафедрасы ашылғаннан кейін (1948) басталды. Қазақстандық ғалымдар алшақ будандастыру, экспериментгі мутагенез, полиплоидия, гетерозис, цитогенетика салалары бойынша зерттеулер (К. Мыңбаев, Ф.М. Мухамедгалиев, Г.З. Бияшев, Н.Л. Удольская, Р.А. Оразалиев, т.б.) жүргізді. Түрішілік және алшақ будандастыру, сұрыптау арқылы дәнді және техникалық дақылдардың бағалы сорттары алынды. Академик М.Ә. Айтхожиннің басшылығымен өсімдіктердің молекулалық биологиясы саласында іргелі зерттеулер жүргізілді. Жүгері, асбұршақ, арпа, арабидопсисті (орамжапырақ тұқымдасына жататын «өсімдік дрозофиласы» не генетикалық зерттеулердің нысандық үлгісі) будандастыру арқылы олардың гендерінің орнықтылығы анықталып, соның нәтижесінде хромосомдардың генетикалық картасы жасалды. Жүгері мен бидайдың мутант сорттары және сортаралық будандары алынды. Өсімдік геномының функциялық өзгеруінің заңдылығы анықталуда. Жұмсақ бидайдың цитогенетикасы зерттелуде (К.Қ. Шулембаева). Copra кезде, әсіресе, экологиялық және радиациялық генетикаға (А.Б. Бигалиев) көп көңіл бөлінуде.

12. «Адаптация» және «адаптивтік» анықтама беріңізАдаптация (лат. adaptatio — бейімделу) — жануарлар организмдерінің, олардың мүшелер жүйелерінің құрылысы мен қызметі жағынан белгілі біртіршілік ортасына бейімделу процесі; бір биологиялық түрдің морфофизиологиялық мінез-құлық - популяциялық т.б. оған ыңғайлы табиғи ортада өзіне тән өмір сүруіне мүмкіндік беретін ерекшіліктері. Бейімделу әрбір түрдің барлық даму сатысында даму арқасында қалыптасады. Бейімделу жиынтығы ағзалардың құрлысы мен тіршілігінің табиғи қажеттілігін қалыптастырады.[1]Адаптация теориясы (лат. adaptatioбейімделу, икемделу) — үндіеуропалыкфлективті формалардын шығу тегі туралы 19 ғасырдың ортасында ұсынылған ғылыми болжамдардын бірі. Ол бойынша сөз түрлендіруші-қосымшалар мен есімдіктер бір-біріне тәуелсіз дербес дамыған, тек кейін грамматикалық мағыналарды білдіру үшін өзара бейімделген. Адаптация теориясысын Бопптың агглютинация теориясына қарама-қарсы ұсынған —санскрит тілін зерттеуші Людвиг. Оның түсіндіруінше, үнді-еуропалы кесім мен етістіктің жалғаулары алғашында жинақты сілтеу мағынасындағы негіздерді жасайтын суффикстер болган. Бірақ әртүрлі мағыналар мен катынастарды білдіру қажеттілігіне байланысты бұл көне негіздер флективтімағына беретін болған да, ал олардын бұрынғы суффикстері жана грамматикалык категорияларды білдіруге бейімделген. Адаптация теориясы Боппка қарсы бағытта эволюция теориясымен сабақтасып жатыр (Ф. фон Шлегель). Агглютинация теориясынан бұрын шыккан, бірак жақтаушылары аз болған бұл теория бойынша, жалғаулар — алғашқы, ал есімдік — жалғаулардан шыққан кейінгі элементтер деп түсіндіріледі.

13. Эпистаз-аллель емес гендердің қарым-қатынастары, практикалық маңызын сипаттаңыз.Эпистаз деп бір геннің аллелі басқа гендердің аллельдерінің әсерін тежеуі кезіндегі гендердің өзара әрекеттесуін айтады. Тежегіш ген эпистазды, ал тежелетін ген – гипостазды деп аталады. Доминантты эпистазда – геннің доминантты аллелі, ал рецессивті эпистазда – рецессивті аллелі эпистазды.

Наши рекомендации