Тақырып. Қылмыстық істі қозғау сатысы.
Дәріс мақсаты:Қылмыстық істі қозғау сатысын талдау.
Қысқаша мазмұны:
1. Қылмыстық істі козғау сатысының мазмұны. Қылмыстық істі қозғау сатысының түсінігі, міндетгері мен маңызы. Қылмыстық істі қозғаудың себептері мен негіздері.
2. Қылмыс туралы хабарлар мен арыздарды қарау нәтижесінде қыбылданатын шешімдер.
3. Қылмыстық іс қозғау субъектілері. Қылмыстық істі қозғаудың заңдылығына прокурорлық қадағалау.
4. Қылмыстар туралы арыздар мен хабарларды алдын ала тексеру: әдістері мен шегі. Қылмыстар туралы арыздар мен хабарларды қараудың мерзімдері. Қылмыстар туралы арыздар мен хабарларды қарау кезінде шығарылатын шешімдер. Қылмыстық істі қозғау тәртібі. Қылмыстық істі қозғау туралы қаулы: нысаны мен мазмұны. Жеке айыптау және жеке жариялы айьштау істері бойынша қылмыстық істі қозғау ерекшеліктері. Қылмыстық істі қозғаудан бас тартудың негіздері. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді болдырғызбайтын мән жайлар. Қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы қаулы: нысаны мен мазмұны.
5. Қылмыстар туралы арыздар мен хабарларды тергелу реті мен сотгылығы бойынша жіберу. Қылмыстық іс козғалғаннан кейінгі қылмыстық ізге түсу органдарының іс әрекеттері.Қылмыстық істі козғаудың заңдылығына прокурордың кадағалауы.
1.Қылмыстық іс жүргізу заңында қылмыстық іс қозғаудың мәнін айқындайтын арнаулы нормалар болмағанымен, осы сатыны жүзеге асыру рәсіміне «Қылмыстық іс қозғау» деп аталатын дербес 23-тарау арналған, ал ол «Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу» деп аталатын 6-бөлімнің құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл жағдайдың мынадай тұрғыдан ерекше маңызы бар:
- қылмыстық іс жүргізу кодексінің (бұдан былай - ҚІЖК), басқаша айтқанда, аспаптық немесе операциялық1 бөлімі деп аталатын Ерекше бөлімі сотқа дейінгі іс жүргізуді реттеуден басталады, яғни заң шығарушылар қылмыстық іс қозғау сатысының маңызын ресми қылмыстық іс жүргізу қызметі басталатын акт ретінде анықтаған;
- қылмыстық іс қозғауды сотқа дейінгі іс жүргізуге жатқызу осы құқық қатынастары субъектілерінщ сапалық құрамына бағдарланады, ал мұндай құқық қатынастары талданатын сатыдағы қылмыстық процеске тартылатын тиісті тұлғалар мәртебесінің жиынтығынан туындайтын құқық қатынастарының сипатын айқындауға мүмкіндік береді;
-қылмыстық іс қозғау рәсімінің өзін реттейтін жарлықтарды талдау арқылы ғана, сондай-ақ белгілі дәрежеде осы сатыға қатысы бар басқа да нормалардың мәні арқылы қылмыстық іс қозғау сатысының мәні мен мазмұнын, оның құқықтық табиғатын түсінуге болады.
Қылмыстық іс қозғаудың зандық анықтамасының болмауы құқық нормаларын түсінуге, оларға түсінік беруге және оларды қолдануға қойылатын біркелкі талаптарды сақтауды қиындатады. Оның үстіне, ҚІЖК-нің осы бөлігінде көзделген рәсімдерді дәлме-дәл сақтаған жағдайда соңғы талапты толық орындауға болады.
ҚІЖК-нің 7-бабының 27-тармағына сәйкес «іс бойынша іс жүргізу» — қылмыстық іс қозғау, сотқа дейінгі дайындық, сотта істі қарау және соттың үкімін (қаулысын) орындау барысында нақты қылмыстық іс бойынша жүзеге асырылатын іс жүргізу әрекеттері
1 Нақтырақ мына кітаптан қараңыз: Толеубекова Б.Х. Уголовно-процессуальное право Республики Казахстан. Часть Общая: Учебник. - Алматы, 1998, 9-13-беттер.
мен шешімдершің жиынтығы болып табылады. Одан әрі, осы баптың 28-тармағында «қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу - бұл қылмыстық іс қозғалған кезден бастап оны мәні бойынша қарау үшін сотқа жолдағанға дейін қылмыстық іс бойынша іс жүргізу деп айтылған. Келтірілген қағидалар бұрынырақ айтылған мьшадай ойларды растай түседі:
- қылмыстық іс қозғау жөне сотқа дейінгі дайындық әрекеттері өзара алғанда тұтас әрі оның бір бөлігі ретінде түсініледі;
- қылмыстық іс қозғау секілді бастапқы іс-әрекетсіз сотқа дейінгі дайындықтың болуы мүмкін емес;
- қылмыстық іс қозғау сатысының болмауы қылмыстық іс жүргізу құқық қатынастарының жоқтығын көрсетеді.
Сонымен, қылмыстық іс қозғау дегеніміз - бұл қылмыстық процестің ең бірінші жөне міндетті сатысы болып есептеледі, онда қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар жасаған немесе дайындалып жатқан қылмыс жөнінде хабар алған соң қылмыстық іс қозғау жөнінде шешім қабылдауға қажетті алғышарттың бар-жоғын анықтайды.
Қылмыстық іс қозғау фактісінің қылмыстық ізге түсумен бірдей еместігін есте сақтау қажет. Қылмыстық ізге түсудің адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту кезінен басталатыны, яғни іс жүргізу шешімдерінің уақыты мен көп сатылылығы жөнінен қылмыстық іс қозғаудан артта қалатыны белгілі. Қылмыстық ізге түсу әрекетінің қылмыстық іс қозғаумен байланысты болатыны соншама, қылмыстық іс қозғамайынша, қылмыстық ізге түсудің болуы мүмкін емес. Қылмыстық іс қозғаудың қылмыстық ізге түсуден басты айырмашылығы — қылмыстық ізге түсу қашан да қылмыс жасауға қатыстылығы уәкілетті органдардың сотқа дейінгі жұмысы барысында дәлелденген нақты адамға қарсы бағытталған жөне бұл адам соrрus delicti шегінде, яғни материалдық-құқықтық мағынада құқық субъектінің барлық белгілерін иеленеді, олай болмаған жағдайда қылмыстық тәртіппен ешкімнің ізіне түсуге болмас еді. Қылмыс жасады деп сезіктенген адам туралы ешқандай мәлімет болмаған жағдайларда шешім қабылданатын кездердегі қылмыстық іс қозғау сатысы - бұл басқа мәселе. Оған қоса, уәкілетті адамдардың қылмыстық іс қозғағаннан кейін жасайтын әрекеттерінің нәтижелері істелген әрекетте қылмыстық сипаттағы белгілердің немесе осындай жағдайда айтылып жүрген қылмыс құрамының жоқтығы туралы қорытынды жасауға негіз болуы мүмкін. Қылмыстық әрекет жасаған адам туралы мәліметтер болмайтын, бірақ мұндай әрекеттің қылмыстық сипаты болуы мүмкіндігін көрсететін белгілер кездесетін жағдайларда қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдау тәжірибеде «факті бойынша қылмыстық іс қозғау» деп аталады (бұл шартты атау, ресми терминологияға жатпайды — автордың ескертпесі). Егер қылмыс жасаған деп сезіктенетін адам қылмыстық іс қозғау сатысыңда анықталатын болса, онда бұл адамға қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылданады.
Қылмыстық іс қозғауға уәкілеттігі бар лауазым иелері осындай шешім қабылданған кезден бастап ҚІЖК бойынша қылмыс жасау жағдайларын, оны жасаған адамды, айыптының қылмыстық ізіне түсудің негіздерін анықтау секілді мақсаттарға жету үшін көзделген кез келген іс жүргізу әрекеттерін қолдануға құқылы.
Бұрын қылмыстық іс қозғаудың анықтамасын жасауда біз қылмыстық процестің бұл бөлігін дербес саты деп атағанбыз. Бұл дегеніміз, осы кезеңде пайда болған құқық қатынастары оларды өзге іс жүргізу сатылары мен кезеңдерінен оқшаулайтын өзіндік белгілерге ие болатынын білдіреді, өйткені олар, біріншіден, осы сатының мақсаттарын жүзеге асыратын іс жүргізу құралдарының мақсаттары мен міндеттері жөнінен, екіншіден, олардың сипаты мен құрылымы жөнінен ерекше белгілерге ие болады.
Сонымен, қылмыстық іс қозғау сатысының маңыздылығы мынада:
-уәкілетті орган (лауазым иесі) қылмыстық іс жүргізу мүддесін туғызатын қылмыстық әрекетті оған қылмыстық жаза белгілеу қажеттігін көрсететін белгілер тұрғысынан бағалайды;
- қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдау қылмысты тез ашу, қылмыстың жасалу жағдайларын толық әрі әділ тергеу, қылмыс жасаған адамның кінәлілігін дәлелдеу үшін іс жүргізу жағдайларын туғызуға бағытталған.
- ҚІЖК-нің талаптарына сәйкес қылмыстық іс қозғау туралы ресімделген шешім сотқа дейінгі қызметгің барысыңца туатын барлық өзге құқық қатынастарын жүзеге асыру үшін бастапқы іс жүргізу құқықтық қадам болып табылады;
- уәкілетті органның қылмыстық іс қозғау жөніндегі дұрыс
ресімделген іс жүргізу шешімі сотқа дейінгі қызметті бастау заңдылығының өзіндік кепілдігі болып саналады.
Қылмыстық іс қозғау сатыларының мақсаттары мыналар:
- қылмысты тергеу ісін дер кезінде бастауды қамтамасыз ету;
- осы қылмысты тергеуге тиісті органды анықтау;
- екінші мақсатпен өзара байланысты - осы сатыда сотқа дейінгі
қызметке қатысатын уәкілетті органдар мен лауазым иелерін, сондай-ақ олардың уәкілеттігі ауқымын анықтау.
Заң қылмысты болдырмауға немесе оның жолын кесуге, сондай-ак қылмыстың іздерін сақтауға бағытталған шараларды қолдану үшін мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың міндетті түрде жауап қайтаруын көздейді.
Қылмыстық іс қозғау сатысының міндеттері ҚІЖК-нің 8-бабында көзделгеніндей, жасалған қылмысқа дер кезінде назар аударуға, оны тез әрі толық ашуға, кінәлі адамды анықтауға, одан кейін сотта істі әділ қарауға бағытталған қылмыстық процестің жалпы міндеттерінен келіл шығады.
Бұл сатының міндеттерін дұрыс шешу бұдан былайғы алдын ала тергеуді ойдағыдай жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қылмыстық істі дер кезінде қозғамау дөлелдемелерді жоғалтуға, қылмысты жасыруға әкеп соқтырады, осының нәтижесінде қылмыстық іс бойынша - қылмыстық процестің негізгі мақсаты бойышпа ақиқатты анықтау мүмкін болмай қалады.
Сонымен қатар, А.П. Рыжаковтың анықтағанындай, қарастырылатын сатының екі бірдей міндеті бар. Біріншіден, әрбір жасалған қылмыс фактісіне жауап беру керек, яғни қылмыс құрамының объективтік жақтарының белгілері бар кез келген арызды (хабарламаны) дереу тіркеуге алу қажет. Екіншіден, қылмыстық процестің кейінгі кезендерін шектеу, атап айтқанда, алдын ала тергеу сатыларын: а) іс жүзінде болмаған; ә) ешқандай қылмысқа жатпайтын, яғни қылмыс құрамының объективтік жақтарының ең болмағанда міндетті бір белгісі жоқ, оның ішінде маңызы шамалы (әкімшілік, тәртіптік және басқа теріс қылықтар)2 бірде-бір белгісі жоқ фактілерді қарастырудан сақтандыру керек. Бұл анықтаманы даусыз деуге болмайды.
Қылмыстық іс қозғау үшін жеткілікті мағлұматтарды анықтауда қылмысқа кінәлі адам туралы мәліметтердің болуын немесе оны әшкерелеудің нақты мүмкіндіктерін көздейтін немесе осы іс бойынша айыптау үкімі шығады деуге негіз болатын сот болашағы деп аталатын жағдайды басшылыққа алуға болмайды. Мұндай қағида заңға негізделмеген. Ол іс қозғаудан заңсыз бас тартуға, қылмыс туралы бастапқы материалдарды тексеру шегін кеңейтуге екеп соқтыруы мүмкін.3
Бұл позиция Д.Терентьевтің пікірімен сөйкес келеді, ол қылмыстық іс қозғау сатысының маңызы мен міндеттерін бағалай келе, былай деп жазған: «Жасалған қылмысқа көз жетушілік дәрежесіне келетін болсақ, онда қылмыстық іс қозғауда әдебиеттерде көрсетілетініндей, жасалған немесе дайындальш жатқан қылмыс туралы нанымды қорытындыныққа алу міндетті емес»4.
Бұл мәселенің мәнін барынша терең түсшдірген М.С. Строгович былай деп жазады: «Қылмыстық іс қозғау үшін жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыс жөнінде дөлелді жорамалдың болуы жеткілікті. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу қылмыс жасалды деген белгілі бір ықтималдық дәрежесінен басталады»5.
Жоғарыда баяндалған қағидалар қылмыстық іс қозғаудың осы сатысының қатысушылары болып табылатын адамдардың арасында іс жүргізу сатысында заңмен белгіленген міндеттерді қылмыстық сот ісін жургізудің пайда болуы мен дамуына ұштасатын белгілі бір іс жүргізу әрекеттерін жасау арқылы шешуге болады деп анықтауға негіз болады6.
2.Қылмыстық істі қозғау сатысында қылмыстық істі қозғауға өкілетті органдар мен адамдардың заңды дәл орындаудағы қызметіне қадағалауды прокурор жүзеге асырады. Атап айтқанда, прокурор бұл адамдар мен органдары қылмыстық іс жүргізу кодексінің 190-бабының талаптарын қатаң сақталуын қадағалауға міндетті. Ол қандай да болмасын желеумен арызды қабылдамау, өз уақытында тіркеуге алмау, сондай-ақ қылмыстық істі негізсіз қозғау немесе қысқартып тастау, негізсіз алдын ала тексеру жүргізу немесе іс барысында заңға қайшы келетін тәсілдерді қолдану, өткізу фактілерін ашып отыруға міндетті.
Прокурор адын ала тергеу органдарындағы жасалған, жасалып жатқан немесе әзірлену үстіндегі қылмыстар туралы арыздар мен хабарлардың қабылдануын тіркелуін және шешімінің табылуын ең болмағанда айына бір рет тексеріп отыруға міндетті (ҚР ҚІЖК 197-бап