Бап. Қылмыстық қоғамдастық құру және оған басшылық ету, сол сияқты оған қатысу

1.Бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында қылмыстық қогамдастық құру не оган басшылық ету, сол сияқты ұйымдасқан топтар (қылмыстық үйымдар) басшыларының немесе өзге де қатысушыларының бірлестігін құру немесе дербес әрекет ететін упымдасқан топтардың (қылмыстық уйымдардың) қылмыстық әрекеттерін үйлестіру -

2.Үйымдасқан топтар, қылмыстық уйымдар, қылмыстық үйымдардың құрылымдық белімшелері басшыларының ңылмыстық қогамдастыққа қатысуы -

3.Қылмыстық зрекеттерді үйлестіру мақсатында ұйымдасқан топтар, қылмыстық уйымдар басшыларының, өзге де қатысушыларының жиналысына, оның ішінде байланыс қуралдарын пайдалана отырып қатысу -

4.Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаган іс-эрекеттер -

5.Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, уйымдасқан топтардың (қылмыстық үйымдардың) басшылары арасында жетекші орын алатын адам жасаган іс-әрекеттер -

Қылмыстық объектісі — қоғамдық қауіпсідікті реттейтін қоғамдық қатынастар.

Қылмыс объективтік жағынан - бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында қылмыстық қоғамдастық құру не оған басшылық ету, сол сияқты ұйымдасқан топтар (қылмыстық ұйымдар) басшыларының немесе өзге де қатысушыларының бірлестігін құру немесе дербес әрекет ететін ұйымдасқан топтардың (қылмыстық ұйымдардың) қылмыстық эрекеттерін үйлестіру сияқты белсенді іс-эрекеттерді жүзеге асырумен көрініс табады. Ал осы қылмыстык объективтік жағынан белгілері болып: 1) бір неме­се бірнеше қылмыс жасау мақсатында қылмыстық қоғамдастық құру не оған басшылық ету: қылмыстық қоғамдастық — бір немесе бірнеше қылмыстық құқық бұзушылықты бірлесіп жасау үшін сөз байласқан екі немесе одан да көп қылмыстық ұйымның бірігуі, сол сияқты осы қылмыстық ұйымдардың кез келгенінің бір немесе бірнеше қылмыстық кұқық бұзушылық өз бетінше жасауына жағдайлар жасау болып табылады (ҚК-тің 3-бабы 23-тармағы).

2) Сол сияқты ұйымдасқан топтар басшыларының немесе өзге де қатысушыларының бірлестігін құру немесе олардың қылмыстық әрекеттерін үйлестіру болып табылады.

Қылмыс құрамы формальдық. Қылмыс қылмыстық қауымдастықты құрған сэттен бастап аяқтаған деп таралады. Қылмыс субъектісі - қылмыстық қоғамдастық басшысы және осы қоғамдық іс-эрекетіне қатысқан 16-жасқа толған, есі дұрыс адам.

¥йымдасқан топтар, қылмыстық ұйымдар, қылмыстық ұйымдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының қылмыстық қоғамдастыққа қатысуы (263-баптың, 2-бөлігі) осы қылмыс құрамының ауырлататын түріне, ал Қылмыстық эрекеттерді үйлестіру мақсатында ұйымдасқан топтар, қылмыстық ұйымдар басшыларының, өзге де қатысушыларының жиналысына, оның ішінде байланыс құралдарын пайдалана отырып қатысу — (263-баптың, 3-бөлігі) қылмыстың аса ауырлататын түрі болып табылады.

Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған іс-эрекеттер (263-баптың, 4-бөлігі) үшін арнайы жауаптылық түрі көрсетілген қылмыс құрамының айрықша белгісі - субъектінің өзінің қызмет бабын пайдаланып жасаған іс-эрекеттері болып табылады.

Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, ұйымдасқан топтардың (қылмыстық ұйымдардың) басшылары арасында жетекші орын алатын адам жасаған іс-эрекеттер (263-баптың, 5-бөлігі) үшін көтеріңкі, арнайы қылмыстық жауаптылық көрсетілген. Бұл ретте қылмыс субъектісінің жетеьсші орын алған мэн-жайларының қоғамдық қауіптілігі ескерілген.

Бап. Трансулттық уйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым қуру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу

1.Трансұлттық үйымдасқән топты немесе трансұлттық қылмыстың ұйымды ңұру, сол сияқты оган немесе трансулттық қылмыстық ұйымның құрылымдық бөлімшесіне басшылың ету -

2.Трансұлттың ұйымдасқан топқа немесе трансұлттық қылмыстық ұйымга қатысу-

3.Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаган іс-әрекеттер -

Қылмыстық объектісі - қоғамдық қауіпсіздік.

Қылмыс объективтік жағынан - трансұлттық ұйымдасқан топты немесе трансұлттық қылмыстық ұйымды құру, сол сияқты оған немесе трансұлттық қылмыстық ұйымның құрылымдық бөлімшесіне басшылық ету - іс-әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.

Трансұлттық ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым - екі немесе одан да көп мемлекеттің не бір мемлекеттің аумағында іс-әрекет жасауды ұйымдастыру немесе оның орындалуы-на басқа мемлекеттің аумағынан басқару кезінде, сол сияқты басқа мемлекеттің азаматта-ры қатысқан кезде бір немесе бірнеше қылмыстық құқық бұзушылық жасау мақсаттарын көздейтін ұйымдасқан топ болып табылады (ҚК-тің 3-бабының, 35-тармақтары).

Трансұлттық ұйымдасқан топтың немесе осындай қылмыстық ұйымды құрған, оларға немесе олардың құралымдық бөлімшесіне басшылық еткен адам 264-баптың 1-бөлігі бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.

Трансұлттық ұйымдасқан топқа немесе трансұлттық қылмыстық ұйымға қатысу - (264-баптың, 2-бөлігі) осы қылмыстың ауырлататын түрі. Бұл жерде трансұлттық ұйымдасқан топтың немесе осындай қылмыстық ұйымға қатысқаны үшін жауаптылық белгіленген. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған іс-эрекеттер - (264-баптың 3-бөлігі) осы қылмыс құрамының аса ауырлататын түрі болып табылады.

Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан тікелей - қасақаналықпен істе-леді. Қылмыстың субъектісі - 264 баптың, 1,2-бөліктері бойынша 16-ға толған есі дұрыс адам, ал 264-баптың 3-бөлігі ойынша аса ауыр іс-эрекеттерге қызмет бабын пайдаланып қатысқан адам.

Бап. Трансұлттық қылмыстық қоғамдастық құру және оған басшылық ету, сол сияқты оған қатысу

1.Трансүлттық қылмыстық қоғамдастық қүру, сол сияқты оган басшылық ету-

2. Трансұлттық қылмыстық қогамдастыңқа қатысу -

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаган іс-әрекеттер -

Қылмыстық объектісі - қоғамдық қауіпсіздік.

Қылмыстық кұқық бұзушылық объективтік жағынан - трансүлттық қылмыстық қоғамдастық құру, сол сияқты оған басшылық ету арқылы белсенді эрекетпен жүзеге асырылады. Трансұлттық қылмыстық ұйым — екі немесе одан да көп мемлекеттің не бір мемлекеттің аумағында іс-эрекет жасауды ұйымдастыру немесе оның орындалуын басқа мемлекеттің аумағынан басқару кезінде, сол сияқты басқа мемлекеттің азаматта-ры қатысқан кезде бір немесе бірнеше қылмыстық құқық бұзушылық жасау мақсатын көздейтін ұйымдасқан топ (ҚК-тің 3-бабы 35-тармағы) осындай ұйымды құру, оған басшылық ету үшін жауаптылық ҚК-тің 265-бабының 1-бөлігіне сэйкес жүзеге асыры­лады.

Ал трансұлттық қылмыстық қоғамдастыққа қатысу үшін жауаптылық 265-баптың 2-бөлігінде көрсетілген.

Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған іс-эрекеттер — үшін қатаң жауаптылық ҚК-тің 265-бабының 3-бөлігінде көрсетілген.

Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен, трансүлттық қылмыстық қоғамдастықты құру, оған басшылық ету, оның іс-эрекеттеріне қатысу ниетімен жүзеге асырылады.

Қылмыстық құқық бұзушылық субъектісі 265-баптың 1,2-бөліктері үшін 16-ға толған есі дұрыс адам. Ал 265-баптың 3-бөлігі үшін қызмет бабын пайдаланған адам.

Наши рекомендации