Тақырып Морфологиялық тұтастық белгісі
Тіл білімінде сөз таптарын бір-бірінен ажыратуда грамматикалық белгілер де негізге алынады. Граммати-калық белгілердің өзі екі түрлі: оның бірі-морфология-лық белгі, екіншісі — синтаксистік белгі.
Морфологиялық белгіпің қатарына сәз тудыру формалары мен сөз түрлендіру формалары енеді. Сөз тудырушы аффикстер (жұрнақтар) сөз таптарына телі-ніп, соган орай, олардың грамматикалык белгісі ретінде қызмет атқара алады Мысалы:-ш&* (-ші), -м (-ым, ім) жұрнақтары зат есімдерге (етікші, жүмысшы, малшы, жылқышы, жазушы, қайықшы; өнім, киім, білім, үғым, соғым, тізім, сенім, тыным және т. б.),-лы (-лі, -ды, -ді, -ты, -ті),-ғыш (-гіш, -ңыш, -кіш) журнақтары сын есім-дерге (сулы, денелі, ажарлы, пайдалы, түзды, кеуделі, тасты, жемісті, үқыпты, ^йлы, көңілді; жазғыш, білгіш, сезгіш, тапқыш, айтқыш, сенгіш және т. б.),-ла (-ле, -да, -де, -та, те), -а (-е) журнақтары етістіктерге (тағала, шегеле, тақтайла, өкпеле, арқанда, мекенде, белгіле, та-яқта, астарла, гүлде, әдеміле, ақта, қарала, арықта; сы-на, міне, қана, өрте жоне т. б.) тән жұрнақтар ретінде қаралады да, бір сөз табын екінші сөз табынан ажыра-туға көмектеседі.
Бірсыпыра зерттеушілер тарихи тұрғыдан сөз таптарыи сөйлем мүшслерімен байланыстырады. Бұл мәселе жайында акад. И. И. Мещанинов «Сөйлем мүшелері мен сөз таптары» дегсн салыстырмалы-типологиялық зерттеуінде былай деп жазды: «Зат есім өзінің сөй-лемде заттық мағынадағы мүше (бастауыш және толықтауыш) болуымен бөлініп шығады, сөздердің сөйлемпің атрибутивті мүшесі (анықтауыш) ретінде жүмсалуы ар-қылы сын есім жасалады, үстеулер пысықтауыш мүшс ретінде жұмсалады, етістік басқа сөз таптарынан баян-дауыш (сөйлемнің іс-әрекетті білдіретін мушесі) ретінде қызмет атқаруы, нәтижесінде ажыратылады. Бұл жерде, сөйлсмнің осылай мүшеленуімен ле.ксикалық топтар жасалады»160.
Зерттеушілер сөз таптарының сөйлем мүшелері қыз-метінде жұмсалу барысында біртіндеп жасалып қалып-тасқанын көрсетеді. «Сөздердің морфологиялық жағы-иан тұлғаланған лсксикалық топтарының (зат, іс-әре-кет, қасиет және т. б. атаулары) олардың синтаксистік қызметінін негізінде жасалу процесі үндіеуропа тілдері-нің салыстырмалы-тарихи грамматикасынан ашық-ай-қын көрінеді»161. «Грамматикалық жағынан тұлғаланган сын есімдер категориясының жасалуы, яғни ежелгі есім-дердің зат есімдер мен сын есімдерге дифференциация-лануы, үндіеуропа тілдерінде салыстырмалы граммати-ка методтары арқылы көріне алады». Мұндай дифферен-циация үндіеуропа тілдерінің ең көне кезіндс болмаған. Бұл. жайында А. А. Потебня былай деп жазды: «Тілдердің тарихында зат және белгінің атын ажырататын сын есім зат есімнен кейінірек және содан жасалады»'63. «Зат есім мен сын есімнің арасындағы айырмашылық о бастан емес. Сын есімдер зат ссімдер-ден туған, яғни әр түрлі үндіеуропа тілдерінде азды-көпті айқын іздер мен деректер қалдырған, сапа-касиет тск кана иактылы, тек қана зат ретінде ұғынылган кез-дер болған». «Зат есімнен сын ссімніц жасалу жолы дегеніміз зат есімнін атрибутивті колдапылуы».
В. М. Жирмунский үндіеуропа тілдерініц көне дәуірінде зат есімдер мен сын есімдердіц жігініц ажыратыл-мағандығын есім негіздсрдіц ортақ болуы, есімдердіц ссптелу формаларыныц бірдей болуы және т. б. жайын-дағы деректерді келтіре отырып дәлелдейді. Зат есім-дер меи сын есімдердің және үстеулердің тілдердің даму барысында біртіндеп жігі ажырап, дербес лексика-грамматикалық категориялар ретінде қалыптасқанды-ғын кәрсетеді 166. Сөз таптарының бірден емес, біртін-деп қалыптасқанын, олардың жігінің ажырап, әр басқа сөз таптарының тілдің тарихи даму барысында жасал-ғандығын түркі тілдерінің деректері де дәлслдей түссді. Мысалы: көк, жас деген сөздсрдіц әрі зат есім, әрі сын есім болуы (омопимдес сөздер) есім сөздердіц ерте кез-де жігі айқын ажыратылмагаидығын аңгартады, диф-ференциацияланбау құбылысының тілде сақталган ізі екендігін көрсетеді. Түркі тілдерінде әрі есім, әрі етістік мағынасын білдіретін көш, той, тоң, ық, ой тәрізді етіс-тіс-есім омонимдер бар. Етістік-есім түріндегі бұлар тә-різдес түбір омонимдерді Э. В. Севортян түркі тілдері-нің көне дәуіріндегі грамматикасы мен сәздігінде болған грамматикалық синкрстизм құбылысы ретінде қарай-ды.