Арым-қатынас педагогикалық ынтымақтастық құралы ретінде негіздеңіз

Педагог тұлғасының қарым-қатынас үшін маңызды сапалары.Педагогикалық қарым- қатынас тиімділігі көбінесе оқытушының тұлғалық сапаларымен анықталады. Олардың ішінен төрт топты атап көрсетуге болады:

· Коммуникативтік жоспар көрсеткіштері;

· Жеке-тұлғалық жоспар көрсеткіштері;

· Жалпы әлеуметтік-психологиялық жоспар көрсеткіштері;

· Моральді-этикалық жоспар көрсеткіштері,

Тұлғалық жоспар көрсеткіштерінің ішінде маңызды орын коммуникативті икемділіктер, білім, қасиеттер, қарым-қатынастағы қабілеттер алады. Сөзсіз, педогогикалық қарым-қатынас нәтижелігіне одан басқа, мынадай көрсеткіштер әсер етеді:

Қызығушылық, икемділік, дайындық деңгейі, оқытушы немесе оқушы әдеті ретіндегі жеке-тұлғалық жоспар көрсеткіштері әсер етеді. Кейбір зерттеулерде, оқушы тұлғасын тиімді тану мен педагогтың жеке-психологиялық ерекшеліктері арасында байланыс байқалады, мысалы,Зерттеулер көрсеткендей, интроверсиялық типтегі педагогтар экстраверсиялық типтегілермен салыстырғанда, оқушы тұлғасын толығырақ әрі әділетті көрсетеді. А.А. Реанның зерттеулері қызықты ерекшеліктерді анықтады: өзінің кәсіби шыңдалуын өзіне сенімділікпен байланыстырмайтын (керісінше, өз кәсібилігінің идеалына жақындай түсіп,өзіне сенімін азайтуға тырысады) педагогтар оқушы тұлғасына оңшыл баға береді және керісінше, педагог өзінің кәсіби шыңдалуын өзіне сенімділігімен байланыстырған сайын, ол оқушы тұлғасына жиі жағымсыз баға береді. Психологиялық-педогогикалық әдебиеттерде қарым-қатынас үшін маңызды педагог тұлғасының қасиеттерінің басқа да түрлері көрсетілді. Олардың арасында келесілерін айтуға болады.:

· Фасцинация (әдемілік негізі)

· Тіке және өткір көзқарас, тембірлік жағына бай дауыс.

· Импровизациялық ақыл.

· Эмпатия (басқаның орына өзін қоя білу қабілеті)

· Мейірімділік.

· Аутентикалық (өз-өзімен бола білу).

· Қарым-қатынастағы бастамашылдық.

· Тікелей.

· Өзін және басқаларды қорқынышсыз қабылдау.

· Өзін-өзі тануға ұмтылу.

Сондай-ақ, аудиториямен қарым-қатынас үшін қажетті педагогтың кәсіби маңызды қасиеттерін де бөліп көрсетуге болады.Педагогтың маңызды қасиеттерінің бірі оның оқушыларына ұзақ әрі тиімді қарым-қатынасын ұйымдастыра алу қабілеті болып табылады. Аталған қабілетті, әдетте, педагогтың коммуникативтік қабілеттерімен байланысты. Кәсіби-педагогикалық қарым-қатынасты меңгеру – педогог тұлғасына тұлғаралық қарым-қатынасына қатысты тұрғыда маңызды талап.Ескерте кетейік, бәрінен бұрын, педогогикалық қарым-қатынаста көрінетін коммуникативтік қабілеттер – бұл балаларды оқыту мен тәрбиелеумен байланысты педогогикалық қарым-қатынас саласында спецификалық түрде көрініс табатын қарым-қатынас жасау қабілеттері. Бұдан, кемдегенде екі пайдалы қорытынды жасауға болады:

1. Педогогикалық қарым-қатынас туралы әңгіме адам қарым-қатынасы барлық салаларында көрініс табатын жалпы коммуникативтік қабілеттерді талқылаудан тәуелсіз жүргізілмейді.

2. Педогикалық қарым-қатынас туралы сөз қозғалғанда, жалпы коммуникативтік қабілеттер туралы талқылаумен шектеуге болмайды. Біріншіден, коммуникативтік қабілеттердің барлығында бірдей сипатта және деңгейде педогогқа қажет деп айта алмаймыз. Екіншіден, педогог міндетті түрде игеру тиіс бірнеше арнайы коммуникативтік қабілеттер бар, оларды басқа мамандарға азырақ қажеттігі болуы мүмкін. Жеке тұрғыда, адамның басқа адамдарды тануы, өзін-өзі тануы, қарым-қатынас жағдайын дұрыс қабылдау және бағалау, адамдарға қатысты өзін дұрыс ұстау адамның өзіне қатысты жасайтын әрекеттері болып табылады.

Қарым-қатынастың үш жағын айта отырып (коммуникативтік, перцептивтік, интерактивтік) педогогтың негізгі коммуникативтік қабілеттерінің үш тобын бөліп көрсетуге болады:

1. Тұлғааралық коммуникация қабілеттері.

2. Бір-бірін қабылдау және түсіну қабілеттері.

3. Тұлғааралық бірлескен әрекет қабілеттер.

Педагогикалық қарым-қатынастыңперцептивтік құрауышыдиалогқа қатысушылардың рольдік ерекшеліктерімен анықталады. Педагогикалық процесте дамыған сана мен дүниетанымның қалыптасуының алдында жүретін бірнеше кезекті сатылардан өтетін оқушы тұлғасының қалыптасуы жүзеге асады. Осы үрдістің бастапқы сатыларында педагог басымдықтарға ие болады, себебі ол қалыптасқан тұлға болып табылаады, сондай-ақ,тәрбиеленушілердің тұлғалық қалыптасуының мақсаттары мен механизмдері туралы қалыптасқан түсінікке ие болады. Педагог тұлғасының ерекшеліктері, оның индивидуалдық-психологиялық және кәсіби қасиеттері диалогтың сипатын анықтайтын маңызды шарт болып табылады. Педагогтың қажетті кәсіби қасиеттеріне балалардың ерекшеліктерін, қызығушылықтарын, бейімділіктерін, көңіл-күйлерін байқай алу және әділ бағалай білу қабілеттері жатады. Тек осы ерекшеліктерді ескеріп құрылған педагогикалық үрдіс әсерлі болуы мүмкін. Педагогикалық қарым-қатынастың коммуникативтік құрауышыда көп жағдайда диалогқа қатысушылардың рольдерінің қарым-қатынасының сипатымен байланысты. Педагогикалық бірлескен әрекеттің бастапқы сатыларында бала әлі де ақпарат алмасудың тең құқықты қатысушысының мүмкіндіктеріне ие болмайды, өйткені, оған жеткілікті білімі болмайды. Педагог оқу бағдарламасына енгізілген білімге сіңген адамдық тәжірибенің тасушысы болып табылады. Бірақ бұл педагогикалық коммуникацияны бастапқы сатыларының өзінде біржақты үрдісдеп түсінугеболады деген сөз емес. Қазіргі жағдайларда оқушыларға ақпаратты жай ғана хабарлау жеткіліксіз болып табылады. Білімді игеруде олардың өз белсендіктерін ояту қажет. Бұл жерде қажетті ақпаратты оқушылардың өздері табуды ынталандыратын және оны әртүрлі жағдайлардағы қолдануы маңызды роль ойнайды. Мәліметтердің кең ауқымына ие болған сайын және оларды басып озу қабілетінің қалыптасуына байланысты оқушы коммуникативтік алмасуға елеулі үлес қосатын оқу диалогының тең құқықты мүшесіне айналады

Наши рекомендации