Тақырып 21. Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.

ҚР Конституциясы адамның жеке басына қол сұғылмаушылығын, азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының кепілдігін қамтамасыз ету туралы.

Қылмыстық заңнамаға сәйкес адамның жеке басына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың ұғымы мен түрлері. Адам өлтірудің ұғымы және оның түрлері. Ауырлататын мән-жайларда адам өлтіру. Жеңілдететін мән-жайларда адам өлтіру. Абайсызда қаза келтіру. Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу.

Денсаулыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың ұғымы және түрлері. Олардың әлеуметтік мінездемесі. Денсаулыққа зиян келтірудің ұғымы және түрлері. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру. Бұл қылмыстың ұғымы және түрлері.

Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру әрекетінің адам өлтіруден айырмашылығы. Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру. Бұл қылмыстық құқық бұзушылықтың түрлері. Азаптау. Денсаулыққа жеңілдететін мән-жайларда зиян келтіру. Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру.

Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қылмыстық құқық бұзушылықтардың. Бұл қылмыстық құқық бұзушылықтардың ұғымы мен түрлері, олардың адамның өмірі мен денсаулығына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардан айырмашылығы. Қорқыту. Науқасқа көмек көрсетпеу және қауіпті жағдайда қалдыру. Жауапкершіліктің туындау шарттары.

Жыныстық қылмыстар. Жыныстық қылмыстардың ұғымы мен түрлері, олардың қылмыстық-құқықтық мінездемесі. Зорлау. Бұл қылмыстың түрлері. Нәпсіқұмарлық сипатындағы күш қолдану. Он алты жасқа жетпеген адаммен жыныстық қатынаста болу және нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер. Жас балаларды азғындату. Жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттерге мәжбүр ету. Бұл қылмыстың зорлаудан және нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолданудан айырмашылығы.

Адамның бас бостандығына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар. Адамды ұрлау. Бас бостандығынан заңсыз айыру. Бұл қылмыстың түрлері. Психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру. Адамды саудаға салу.

Адамның жеке басының ар-ожданы мен қадір-қасиетіне қарсы қылмыстар. Жала жабу және оның түрлері. Қорлау және оның түрлері. Жала жабудың қорлаудан айырмашылығы.

Тақырып 22. Отбасына және кемелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.

Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың ұғымы және түрлері. Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар. Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту. Кәмелетке толмаған адамды қоғамга қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту. Кәмелетке толмағандарды саудаға салу. Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау. Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау.

Отбасына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар. Баланы ауыстыру. Бала асырап алу құпиясын жария ету. Балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-аналарын күтіп-бағуға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау. Еңбекке жарамсыз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағудан жалтару.

Тақырып 23. Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.

Адамның және азаматтың конституциялық және басқа да құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың ұғымы мен түрлері.

Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қол сұғатын қылмыстық құқық бұзушылықтардың түрлері. Адамның және азаматтың тең құқықтылығын бұзу. Жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу. Бұл қылмыстық құқық бұзушылықтардың түрлері. Қинау. Хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф хабарларының немесе өзге де хабарлар құпиясын заңсыз бұзу. Тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу және оның түрлері. Жиналыс, митинг, демонстрация, шеру, пикет ұйымдастыруға, өткiзуге немесе оларға қатысуға кедергi жасау.

Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар. Сайлау құқығын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергі жасау. Сайлау құжаттарын, референдум құжаттарын бұрмалау немесе дауыстарды қате есептеу.

Азаматтардың еңбектік құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар. Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарды бұзу. Еңбекті қорғау ережелерін бұзу. Ереуілге қатысуға немесе ереуілге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу.

Наши рекомендации