Оқушының психологиялық-педагогикалық мінездемесі

1. Жалпы мәлімет: сынып, жасы, физикалық дамуы мен денсаулық жағдайы.

2. Педагогикалық ұжыммен, жеке мұғалімдермен қарым-қатынасының қысқаша сипаттамасы, сынып ұжымындағы өзара қарым-қатынас.

3 Қарым-қатынас шеңбері:

- сынып ұжымындағы қарым-қатынас шеңберінің кеңдігі;

- адамдардың әр түрлі категорияларымен қарым-қатынас жасау сипаттамасы (үлкендермен, құрдастарымен, кішкентайлармен).

4. Оқу іс-әрекетінің ерекшеліктері:

- оқу іс-әрекетіндегі жетістіктер;

- оқу іс-әрекетінде көрінетін тұлға сапасы: белсенділік, қайсарлық, дербестік, ұқыптылық, кітаппен жұмыс істей білуі және т.б.;

- оқу түрткілері.

5. Мінез-құлық (мектептегі оқушының тәртібі, мінез-құлық түрткілері).

6. Танымдық үдерістердің даму деңгейі (қабылдау, зейін, ес, ойлау, сөйлеу, елестету).

7. Эмоционалдық-еріктік саланың сипаттамасы:

- эмоция мен көңіл-күйдің басымдылығы;

- еріктік өзін-өзі реттеудің деңгейі мен тұлғаның еріктік қасиеті, өзін-өзі тәрбиелеуге деген қарым-қатынас.

8. Бақылау әдісі бойынша темпераменттің басым түрі анықталады.

9. Мектеп оқушысының қабілеттері мен кәсіби қызығушылықтарының сипаттамасы.

10. Жалпы қорытындылар (бала туралы өзінің пікірі, мінездемеде көрсетілмеген мәліметпен толықтыруға болады; балаға тілек – тұлғаның ары қарай дамуы мен тәрбиелеу жолы).

Ескерту. Психологиялық-педагогикалық мінездеме жоғарыда көрсетілген пунктерден басқа да мәліметерді қамтуы мүмкін (егер олар берілген оқушыға тән, оны сипаттайтын болса).

Мінездеменің үстіңгі жағында оның атауы көрсетіледі, мысалы, «Павлодар қ. №1 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Ахметов Санатқа институт (институт атауы) мамандық (мамандық атауы) курс (курс саны) студенті С.А.Ибраевпен құрастырылған психологиялық-педагогикалық мінездеме».

Төменде мінездеме құрастырылған күні қойылады. Мінездеме текстінің соңында студент өзінің қолтаңбасын қояды.

Мінездеме формасы (текст) ұсынылған мінездеме шеңберіне қарай ерікті болуы мүмкін. Жалпы қорытындыда мектеп оқушы тұлғасының артықшылығы мен кемшіліктерін қысқаша жинақтап қорытуы қажет.

Практика соңына дейін студент сынып жетекшісін өзі құрастырған оқушы мінездемесімен таныстырады. Сынып жетекшісі мінездемені қолтаңбасымен куәландырады.

- Қосымшы 3

Сынып ұжымының психологиялық-педагогикалық мінездемесі

1. Сынып жайында жалпы мәлімет: сынып құрамы, сынып

белсенділері, сыныптың үлгерім көрсеткіші, сыныптың ұжым ретінде пайда болған уақыты, тұрақтылық, сынып жетекшілерінің ауысуы, тәртіптілік және т.б.

2. Сыныптың ұжым ретіндегі ұйымдастырушылық құрылымы:

оқушылардың ұжым ішіндегі тұлғааралық қатынастарының сипаттамасы, сайланған сынып белсендісінің (егер болса) мінездемесі және оның қызмет мазмұнының (бастамашылдық, беделділік, өзіне талап қоюшылық, қызметтерді бөлу дұрыстығы) сипаттамасы. Сыныптың ресми емес сынып белсендісі және оның ресми сынып белсендісімен өзара қарым-қатынасы.

3. Сынып ұжымы педагогикалық ықпалдың объектісі ретінде

а) мұғалімдердің сыныпқа қоятын педагогикалық талаптарының ынтымақтастығы және сынып қызметінің нәтижесінде көрінетін олардың тиімділігі: оқу жетістіктері, қоғамдық белсенділік, сыныпты ұйымдастыру (тәртіптілік), әлеуметтік-құндылықты қоғамдық көзқарастың болуы, сыныптың оқудан тыс қызығушылығы мен бейімділігінің әлеуметтік маңыздылығы мен кеңдігі;

- б) сынып жетекшінің сынып ұжымын өмірлік іс-әрекетін жалпы ұйымдастырудағы педагогикалық ықпалының рөлі;

- в) сынып жетістіктеріндегі сынып белсендісінің рөлі.

4. Сынып ұжымы іс-әрекет субъектісі ретінде (мұғалімдердің талаптарын меңгерулері бойынша):

а) оқушылардың жалпы даму деңгейі, олардың қызығушылықтары, ой-өрісі, сыныптың басым қызығушылықтарының анализы, оқу жұмысында көрсететін жағымды және жағымсыз жақтары;

б) сыныптың оқу әрекетінің негізгі түрткілері, қызметтің басқа түрлеріндегі түрткілер мен қызығушылықтардың сипаттамасы (еңбек, спорттық, техниқалық және т.б.);

в) сыныптың қоғамдық өмірі:

· сыныптың оқиғаларға, әдебиетке, өнерге, спортқа және т.б. деген қызығушылықтары және сол қызығушылықтарды көрсету формалары (әңгіме, театрға бару, кино, пікірталас және т.б.);

· сыныптағы қоғамдық пайдалы жұмыс (нақты түрлері, формасы мен нәтижелері);

· сыныптың қоғамдық өмірге қатысуы;

д) сыныптың мұғалімдерге, сынып жетекшісіне, әкімшілікке деген қарым-қатынасы, мұғалімдердің беделі, берілген сынып үшін педагогикалық басшылықтың қолайлы стилі мен оқушыларға деген жеке тәсілді жүзеге асыру;

5. Сыныптың ұжым ретіндегі психологиялық ынтымақтастығы

Сыныптың топтық ауызбірлігінің, эмоционалды бірлігінің көрсеткіші және олардың анализы.

Ескерту. Сыныпты зерттеу барысында алынған мәліметтер негізінде ұжымдағы негізгі жағымды және жағымсыз жақтары қалыптасады. Сынып жетекшісі сынып ұжымының мінездемесін қолтаңбасымен куәландырады.

Қосымша 4

Наши рекомендации