Тақырып 2. Балалар мен жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы психологиялық және педагогикалық мәселе ретінде

Жоспар:

1. «Девиантологияның» ғылымның басқа салаларымен пәнаралық байланысы.

2. С.А.Беличеваның девиантты мінез-құлыққа жасаған тұжырымдамасы.

Дәріс тезистері:

Тарихқа терең бойлай отырып, біз адамдардың іс-əрекеттерінің іздерін байқаймыз, бұл іс-əрекеттері қазіргі қоғамдық ғылым тілінде девиантты мінез-құлық деп аталады (өзін-өзі өлтіру, нашақорлық, басқаларға агрессивті əрекет, қылмыстық). Негізге алынатын факт ретінде, біз девиантты мінез-құлық бұл жүйелі немесе көпжақты анықтаушы (полидетерминтті) құбылыс. Аталған құбылыс пайда болғанда тарихи, макроəлеуметтік, əлеуметтік-психологиялық жəне жеке тұлғалық факторлар бірлесе əрекет етеді. Сондықтан да девиантты құбылыстардың себептерінің жиынтығын зерттеу пəнаралық ғылыми міндетті қамтиды. Ғылыми пəндер салаларының ешқайсысында да осы құбылыстарды түсіндіруге жəне олардың қоғамдық əрекеттерінің алдын алу шараларын даярлауға қажетті барлық ұғымдық құралдар жоқ. Тек қана жалпыға танымал ғылымдар тобы: əлеуметтану, пси- хология, тарих, этнография, құқықтану, педагогика, психиатрия, генетика жəне т.б. девиантты құбылыстардың барлық «өлшемдерін» тұтас талдай жəне алынған мағлұматтарды ұйымдастыра алады. Осының барысында психология тұлға деңгейінде девиантты мінез-құлықтың нақты генезисін де («предевиантты синдромды» сипаттай отырып), қоғамдық санкциялардың басты амал-тəсілдерін де, соның ішінде емдеу мен ресоциализацияны да анықтап түсіндіреді. Осы бөлімнің міндеті «мінез-құлықтағы ауытқушылық (девиация)» ұғымын анықтау болып табылады. Девиация (ауытқушылық) көпшілік мақұлдаған нормалар мен белгіленген стандарттардан (моральдық, əлеуметтік, заңдық) ауытқыған мінез-құлық деп есептеледі. Психологияда адамның белсенділік деңгейін көрсету үшін іс-əрекет, қарым-қатынас, таным секілді ұғымдармен қатар «мінез-құлық» термині кең қолданылады. Кез келген мінез-құлыққа баға беру əрдайым қандай да бір нормамен салыстыруды қажет етеді. Алайда, өкінішке орай, барлық мүшелері жалпы нормативті талаптарға сай əрекет ететін қоғам жоқ. Ауытқушылық əртүрлі формада кездесуі мүмкін: дарындылар, дуаналар, тақуалар, əулиелер, қылмыскерлер жəне т.б. Əлеуметтануда ауытқыған мінез-құлықтың пайда болуының себептерін түсіндіретін бірнеше бағытты бөліп көрсетеді. Н.Смелзер: «девиантты мінез-құлық деп қоғамда қалыптасқан нормалар мен типтерге сай келмейтін іс-əрекеттерді түсіну қажет» деп жазған. Кейбір зерттеушілер аталмыш ұғымды анықтауда қосымша, дəлірек анықтайтын белгілерді енгізуді ұсынады. Сонымен, Роберт Мертон «Əлеуметтік құрылым жəне аномия» атты еңбегінде мінез-құлықта ауытқулардың пайда болуының себептері қоғам ұсынған мақсаттар мен оларға қол жеткізу құралдарының арасындағы келіспеушілік деп есептейді, басқаша айтқанда, адамдар аномия күйіне əртүрлі жолдармен бейімделеді: конформизммен немесе мінез-құлықтағы ауытқулардың əр алуан түрлерімен. В. Фокс девиантты мінез-құлық «тəртіп бұзушыны түрмеге қамауға немесе басқа жазаға тартуға əкелетін, нормадан ауытқу» деп есептейді. Бұл анықтамалар «девиантты мінез-құлық» ұғымының мазмұнын едəуір тарылтады, өйткені əлеуметтік-құқық саласының аз ғана бөлігін қамтиды. ХХ ғасырдың басында бихевиористтер мінез-құлық психологиялық ғылым пəні деп жариялағаннан кейін, адамның мінез-құлқы туралы ғылыми түсініктер кең тарала бастады. Мінез- құлық психологиясының негізін салушылардың бірі Джон Уотсон (1931) мінез-құлық туралы мынандай пікір айтқан: «мінез-құлық жұмыртқаның ұрықтануы кезінде пайда болатын жəне ағзаның дамыған сайын күрделенетін үздіксіз белсенділік ағыны». Тұлғаның мінез-құлқын зерттейтін бұл пəнаралық саланың қазіргі күйі ынтымақтастық емес, қарама-қарсыластық сияқты көрінеді. Бүгінгі таңда кең тараған əрекеттің бірі девиантты мінез-құлық психологиясы мен психопатологиясының қарама-қарсылығы болып табылады, яғни сау жəне ауру психикалық іс-əрекет мəселелерін шектеу, оларды бір-бірінен ажыратып қарастыру. Девиантты мінез-құлықтың айқын мысалы — есірткі заттардың қолданылуы. Оның психологиялық мəселесі (есірткіге психологиялық тəуелділік) жəне медициналық (наркотикті теріс пайда лану), физикалық тəуелділік - нашақорлық. В.Д.Менделевичтің бұл күрделі мəселені ғылыми тұрғыдан қарастыруы өзекті əрі қызықты. Əртүрлі көзқарастардың біржақты, тайыз кəсібилігін ескере отырып, ғалым «девиантты мінез-құлық психологиясының» ғылым жүйесінде алатын орны туралы өзінің көзқарасын ұсынады. Девиантты Психиатрия ↔ мінез-құлық ↔ клиникалық ↔ психология психологиясы Бұл схема девиация түріндегі бір мінез-құлықтық құбылысты мамандардың психопатиялық симптом ретінде де, психологиялық құбылыс ретінде де түсіндіретіндіктерін көрсетеді. В.Д.Менделевичтің пікірінше, «нормадан ауытқыған кез келген мінез-құлық стереотипін девиантты деп белгілеу анағұрлым адекватты болып табылады». 1. Психопатологияның белгілерінсіз Норма ↔ мінез-құлық

2. Психопатология негізінде Автор қалыпты жəне гармониялық мінез-құлық құрамын бөліп көрсетеді: психикалық үрдістердің теңгерілуі (темперамент қасиеті), икемділік жəне өзін-өзі өзектілендіру (мінез-құлық ерекшеліктері), имандылық, жауапкершілік, ұяттылық (жеке тұлға деңгейінде). Норма да, ауытқушылық та жеке тұлғаның осы аталған үш элементіне негізделеді. Өз көзқарастарының басты ой желісін ескере отырып, В.Д.Менделевич кітабында мынандай анықтама береді: «Адамның девиантты мінез-құлқы қоғамда қабылданған нормаларға қарсы келетін жəне психикалық үрдістердің теңсіздігінде, бейімсіздікте, өзін-өзі өзектілендіру үрдісінің бұзылуы кезінде жəне өзінің мінез-құлқына эстетикалық жəне өнегелі қадағалаудан ауытқу кезінде пайда болатын қылық жүйесі немесе жеке қылық болып табылады» . Қазіргі кезде девиантты мінез-құлықты зерттеу екі бағытта қарастырылады: біріншісі - психикалық денсаулық нормасынан ауытқыған мінез-құлық ретінде (жүйке аурулары, психосома- тикалық бұзылулар, патологиялық күй жəне т.б.); екіншісі - «əлеуметтендіру - дезадаптация - оқшаулау» құқықтық, мəдени жəне əлеуметтік нормаларды бұзуымен байланысты əлеуметтікке қарсы мінез-құлық. Девиацияның ең айқын көрінісіне делинквентті (құқыққа қарсы) жəне криминалды (қылмыстық) мінез- құлық жатады. Психологиялық сөздікте девиантты мінез-құлық «адамның белгілі бір қоғамда бекітілген немесе қалыптасқан нормалар мен үміттерге сай келмейтін іс-əрекеті, қылығы» деген мағынада берілген. Сондықтан да ауытқыған мінез-құлық психо- логия, педагогика, психиатрия секілді ғылымдардың зерттеу нысаны болса, əлеуметтік құбылыс ретінде əлеуметтану, құқық, əлеуметтік психология ғылымдарының зерттеу пəні болып табылады. С.А.Беличева девиантты мінез-құлықтағы əлеуметтік ауытқуды былайша топтастырады:

а) пайдакүнемдік бағыттар: материалдық, қаржылық, мүліктік пайда табуға ұмтылумен байланысты заң бұзушылық, теріс қылық. Бұлар: ұрлық, тонау, алыпсатарлық, алаяқтық жəне т.б.;

ə) қастандық бағыттар: жеке тұлғаға қарсы бағытталған əрекеттер: тіл тигізу, бұзақылық, ұрып соғу, өлтіру, зорлау жəне т.б.;

б) əлеуметтік енжар түрлері: белсенді өмір салтынан қашқақтау, азаматтық міндеттерден бас тарту, жеке жəне əлеуметтік мəселелерді шешуге құлықсыз болу. Бұл топқа жұмыстан, оқудан бас тарту, кезбелік, маскүнемдік, нашақорлық, токсикомания, өз-өзіне қол жұмсау жəне т.б. жатады. Даму мен мінез-құлқында ауытқушылықтары бар балалар санының артуы, əлеуметтік девиация мен мектепке бейімделмеудің оқушылар арасында көбеюі «Девиантология» курсын енгізу қажеттілігін тудырды. Аталмыш курс студенттерді дамуы мен мінез-құлқында ауытқушылық бар балалармен жұмыс істеуге, сонымен қатар оларды тиімді оқыту мен тəрбиелеуге даярлауды, болашақ мұғалімге психологиялық жəне педагогикалық түзету жұмыстары əлеміне енуге көмектесуді, бұндай балалармен жұмыс істеудің қиындықтары мен күрделі жақтарын көрсетуді, балалар мен жас өспірімдердің дамуы мен мінез-құлқындағы ауытқулар мəселесін шешудің арнайы жолдары мен құралдары жиынтығын ашып көрсетуді; педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған жəне тəрбиелеуі қиын кəмелетке толмаған балалармен жұмыс істеудің алдын алу шараларымен таныстыруды көздейді. Дамуында кемшіліктері мен мінез-құлқында ауытқулары бар кəмелетке толмаған балалармен жүргізілетін тəрбиелік — алдын алу жəне түзету- реабилитациялық жұмыс осы уақытқа дейін оқыту үрдісін ба ланың жеке тұлғасын «қайта шыңдауға», «қайта жасауға» бағыт- тайтын қайта тəрбиелеу педагогикасына негізделген əкімшілік жазалау тұжырымына сүйеніп жүзеге асырылды. Сонымен қатар, шетел мемлекеттерінің арнайы тəрбиелеу мекемелерінің тəжірибесі, Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің өзгеруі, мақсатты бағытталған психологиялық жəне педагогикалық зерт- теулердің нəтижелері ерекше педагогикалық назар аударуды талап ететін балалар мен жас өспірімдермен алдын алу жұмыстарында бұл бағыттың келешегі жоқ екендігін көрсетті. Кəмелетке толмаған балалардың девиантты мінез-құлқының алдын алу мен психологиялық жəне педагогикалық түзетудің жалпы білім беретін мектепте педагогикалық үрдісті ізгіліктендіру мен дарашылдан дыру (гуманизациялау мен индивидуализациялау) қағидаларына сүйенетін тиімді жəне нəтижелі жолдарын қолдану қажеттілігі туындады. Əкімшілік жəне ресми түрде жарияланатын тұжырым ның орнына мінез-құлқы мен дамуында ауытқулығы бар балалар жəне жасөспірімдермен жүргізілетен тəрбиелеу жұмысының кү- зету-қорғау парадигмасы (ювеналды психология) қолданылуы тиіс. Аталған бағыттағы басты əрекеттер бейімделу, орнын толтыру, ақтау, түзету болып табылады. Алайда алдын алу психологиясы мен түзету педагогикасы (дефектологиямен салыстырғанда) қалыптасу сатысында тұр. Балаларды «норма — ауытқушылық» аясында зерттейтін ізденіс жұмыстары пайда болды (мысалы, мінезге баса назар аудару, қауіпті топ балалары жəне т.б.). Сондықтан да мінез-құлық пен дамудағы ауытқушылықтармен жүргізілетін түзету психологиялық жəне педагогикалық жұмыстардың болмысы мен табиғатын анықтау үшін арнайы білім беру мекемелерінің ғылыми жаңалықтарына, алдын алу психологиясы мен арнайы педагогика салаларындағы ғылыми зерттеулерге баса назар аудару қажет.

Наши рекомендации