Математикадан дидактикалық материалдарды қолданудың педагогикалық және психологиялық негiздерi

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

БАСТАУЫШ БІЛІМ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ

БАСТАУЫШТА ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ КАФЕДРАСЫ

Математикадан дидактикалық материалдарды

Дайындау әдістемесі» нәнінен

5В010200-«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі »

Мамандығына арналған лекциялар жинағы

Оқу түрі: күндізгі және қашықтықтан

Шымкент

ОЖ 74.262.21

Растырушы: Алиева К.С.

Математиканы оқыту әдістемесі пәнінен лекция кешені. Шымкент:ОҚМПИ, 2016, 76 бет.

Лекция кешені 5В010200-«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі » мамандығының студенттері үшін арналған.

Лекция кешені оқу жоспарының және «Математикадан дидактикалық материалдарды

дайындау әдістемесі» пәні бағдарламасына сай лекция сабағына қажетті барлық мәліметтерді қамтиды. Лекция кешені жалпы лекциялық сабақтарды ұйымдастырудың мақсаттары мен міндеттері және жүргізілуіне қойылатын талаптар, студенттердің міндеттері көрсетілген. Сондай-ақ математикадан дидактикалық материалдарды дайындау әдістемесі пәнінен жүргізілетін сабақ тақырыптары және оларды өткізуге арналған нұсқаулар беріледі.

Пікір жазғандар:

Жетпісбаева Г.О.-п.ғ.к.,М.Әуезов атындағы ОҚМУ

Лекция кешені «Бастауышта оқыту әдістемесі» кафедрасының № 1__хаттама, «29» 08. 2016ж, Бастауыш білім және педагогика факультетінің әдістемелік комиссиясында талқыланып, ұсынылды №1 «31» 08. 2016

C Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты,2016

Түсіндірме жазбасы

Курс бастауыш мектеп мұғалімінің кәсіби дайындығының қазіргі қоғамның әлеуметтік сұранысын қанағаттандыратындай сапалық деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған.

Курстың объектісі - әдістемелік – математикалық білім бастауыш сыныптар мұғалімінің 5В010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандарты талаптарына сәйкес жоғары кәсіби педагогикалық білімінің құрамдасы ретінде.

Курстың пәні – 5В010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандарты талаптарына сәйкес болашақ бастауыш сыныптар мұғалімдердің математиканы оқыту әдістемесінен білім, білік және дағдыларын қалыптастыру барысы.

Математикадан дидактикалық материалдарды дайындаукурсы бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы студенттеріне аса маңызды математиканы оқытуда бастауыш сыныптар оқушыларына көрнекілік негіздері арқылы олардың дүниеге ғылыми көзқарастарын арттыруда қолданылатын практикалық маңызы күшті дидактикалық принциптің бірі болғандықтан, көрнекіліктің әдістемелік жолдарын тексеріп, оларды пайдаланып, әдістемесін жинастырып, көрнекіліктің бастауыш сыныптарда қолданылытын негізгі түрлерін, әдістерін қолдану арқылы қажет болатын теориялық әзірліктің ірге тасын қалау мақсатын көздейді.

Математикадан дидактикалық материалдар дайындау әдістемесі пәнін оқытудың мақсаты болашақ мұғалімдердің математикалық білімін тереңдете әрі кеңейте түсу және орта буын математикасы талаптары тұрғысынан алғанда бастауыш мектеп мұғалімдерінің шығармашылық мүмкіндігін арттыру. Бастауыш курс математикасының теориясына, педагогика және психология пәндеріне негіз жасай отырып, студенттердің пәнді, объектіні зерттеу әдістерін ғылыми тұрғыдан қарастыру. Келешек мұғалімдердің дидактикалық білгірлігін сабақ барысында және сабақтан тыс математиканы оқытуда қалыптастырып, шығармашылық және ғылыми зерттеу жұмыстарына қажетті ағдылар мен біліктіліктерді қалыптастыру.

Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдеріне оқу-тәрбие жұмысында кездесетін қиындықтарды шығармашылықпен жеңе білуге негіз жасап, оларды теориялық және практикалық, моральдық тұрғыдан дайындау. Сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында кездесетін сабақтың мазмұны, әдістемесі, оқу құралы мен формалары және оларды жетілдіру жолдарымен таныстыру. Математикалық ұғымдар, заңдар, қасиеттер, фактілер, әрекет тәсілдері, логикалық амалдармен ақыл-ой операцияларын қарастыратын математиканың бастауыш курсының теориялық негіздерінмен таныстыру.

Лекция 1

Математикадан дидактикалық материалдарды қолданудың педагогикалық және психологиялық негiздерi

Жоспар

1.Математикадан дидактикалық материалдарды қолданудың педагогикалық және психологиялық негiздерi.

2.Бастауыш мектептiң оқу процесiндегi көрнекiлiк туралы ұғым.

1.«Көрнекілік құралдары» ұғымының мазмұны психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде түрліше сипатталады. «Көрнекілік терминінің түбірі көру» естігеннен шықса да, қазіргі уақытта ол түрліше сезім мүшелері арқылы санаға әсер ету керектігін білдіреді.

Педагогикалық сөздікте оқытудағы көрнекілікке «оқушылардың тікелей қабылдауындағы нақты бейнелерде қалыптасқан оқытуға негізделген дидактикалық ұстаным»- деп анықтама беріледі.

Оқыту процесінде табиғат заттары мен құбылыстарының маңызды роль атқаратыны және көрнекілік бейнелерін қалыптастырудың қажеттігі құралдары болып табылатыны белгілі. Мысалы, В.А.Сухомлинский жеке тұлғаның жан-жақты дамуына әсерін тигізетін көріністермен қамтамасыз етудің құралы ретінде баланы табиғи ортада тәрбиелеп-оқытуды қарастырды. Ол баланы табиғи ортада оқытудың тұтас жүйесін жасай отырып, «табиғат- бала ойын жетілдірудің қайнар көзі» деп атап көрсетті.

Қоршаған ортаның түрлі заттары мен құбылыстары көрнекілік құралдары ретінде зор маңызға ие. Л.И.Мендельштиман, О.Занков, Ж.Т.Мингазов, Л.И.Фридман, Л.Я.Зорина, В.И.Евдокимов, И.Н.Нұғманов, Қ.Жүнісова және т.б. сияқты көптеген педагогтар осы көзқарастарын өз еңбектерінде зерттеп, тұжырымдаған.

Таным теориясына сәйкес, сезімдік бейнелер бір адамға көрнекі болғанымен, екінші адамға көрнекі болмауы әбден ықтимал. Сондықтан, «көрнекілік құралдары» ұғымы Л.И.Мендельштманның пікірінше шартты түрде ғана айтылады.

Оқушылардың теориялық ойлауын дамытуға көрнекіліктің бір жағынан көптеген нәрселер мен құбылыстарға тән анағұрлым ортақ қасиеттеріне назар айдармауға мүмкіндік береді, ал екінші жағынан ұғымдарды деректендіруге септігін тигізетін түрлерін қолдануға жәрдем етеді. Көрнекі құралдардың бұл мүмкіншіліктері А.М.Пышкало жазған мақаланың бірінде ашылып көрсетілген: «Әр алуан нәрселерімен және геометриялық фигуралар модельдерімен жанаса, көптеген тәжірибелерді орындай отырып, оқушылар олардың қандай материалдан жасалғандыңын, түр-түсіне, салмағына және т.с.с. қатысты шамалы оларға анағұрлым ортақ қасиеттерді айқындайды»

Кейінгі кезеңдерде педагогикалық классиктері, әдіскерлер жеке пәндердің оқыту әдістерін зерттеп, оқытудың көрнекілік принципін нақты анықтай түсті.

Қазақсандағы педагогикалық ой-пікірлердің тарихында ұлы ағартушылардың, қазақтың алдындағы қатарлы зиялы өкілдерінің еңбектерінде оқыту мен тәрбиенің негізгі мәселелері туралы көзқараста ерекше орын алады.

Абай өзінің шығармаларында ақыл ойды дамытып, шын ғылыми білім алудың қажеттілігін, ол үшін ойлау, зейін, ес, мінез құлық, ерік жігер, қиял сияқты психологиялық процестерді дамыту керек екендігін ашық ұғынды. Білім алуда педагогикалық принциптерді қолдануды насихаттау туралы пікірлерді дидактикалық мұра болып есептеледі. Ұлы Абайдың «Адам баласыф көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады» деген дана ойы педагог классиктердің пікірлері мен ұштасып жатыр.

Балалар әрқашан оқылатын нәрсе- заттар мен қолма-қол тікелей танысуға әуес, ынталы келеді, сондықтан көрнекілік әрқашанда оқушылардың білімдерді меңгеру үстінде бейсенділігін дамытуға әсер етеді, дүние тану-білу жұмысында оқушылардың назарын белгілі бағытқа жұмылдырады.

Бірақ бүкіл оқу көрнекілікке негізделеді деуге, тек көрнекілік арқылы ғана шектеледі деуге болмайды.

Педагогиканың классиктері оқылатын нәрсе мен заттар және құбылыстар оқиғаларды алғашқы рет білуді байқаудың ролін жоғары бағалай отыра, байқаудың абстрактілі ойлаумен тығыз байланысты болатындығын ескертеді.

2.Оқу үрдісін ұйымдастырудың негізі саналатын маңызды жағдайлардың бірі- көрнекілік принципі болып табылады. А.Я.Коменский оны дидактиканың «алтын ережесі» деп атады. Ол: егер біз оқушыларға нақты шынайы білім беруге ниеттенсек, онда біз барлығын жеке бақылауымыз бен сезім көрнекілігі арқылы оқытуға ұмтылуымыз керек»,- дейді.

Ал, көру мүшесінің ақпарат қабылдау мүмкіндігінің өте зор екенін айта отырып, біз көрнекілік принципін бірінші орынға қоямыз. Дегенмен, ол тек көзге ғана сүйенбейді, сонымен қатар басқа да сезім органдарын ескереді. К.Д.Ушинский қандай да бір жағдайды адамдардың барлың сезім мүшелері қанша көп қатысса, ол біздің есімізде соншама берік сақталады. Физиологтар мен психологтар бұл жағдайды адамдардың барлық сезім мүшелері бір-бірімен өзара байланыстығында деп түсіндіреді. Егер адам ақпаратты бір уақытта көру және есту арқылы алса, онда ол көру немесе есту арқылы келіп түскен ақпаратқа қарағанда шиеленісті қабылданатыны эксперимент жүзінде дәлелденген.

Л.В.Занковтың пікірінше, мұғалім сөзімен көрнекі құралдарды ұштастырудың алты формасы бар, атап айтқанда:

1-форма: Мқғалім сөздің көмегімен оқушылар жүргізілетін бақылауға жетекшілік жасайды, объектінің бейнесі туралы, оның тікелей қабылданатын қасиеттері мен қатынастары туралы білімді оқушылар бақылау процесінде көрнекі объектінің өзінен алады;

2-форма: Мұғалім сөздің көмегімен оқушылардың өздері көрнекі объектілерге жасалған бақылаулары негізінде және олардың бұрыңғы білетіндері негізінде балаларды құбылыстар арасындағы қабылдау процесігде көзге көріне қоймайтын байланыстарды саналы түрде ұғынуға және тұжырымдауға бастайды;

3-форма: Объектінің бейнесі туралы, оның тікелей қабылданатын қасиеттері мен қатынастары туралы мәліметтерді оқушылар мұғалімнің сөз мәлімдемесінен алады, ал көрнекі құралдар сөзбен берілген мәліметтерді дәлелдеу қызметін атқарады;

4-форма: Оқушылар көрнекі объектіге жасаған бақылауына сүйене отырып, педагог құбылыстар арасындағы оқушылар тікелей қабылдай алмайтын байланыстар туралы хабарлайды, яки қорытынды жасайды, жекелеген деректерді біріктіреді, жинақтайды;

5-форма: Не сөз жәрдемімен, немесе көрнекі түрде көрсете отырып, мұғалім оқушыларға қолда бар объектілері мен жұмыс істегенде орындауға тиісті іс-әрекеттерге қатысты, сондай-ақ ол іс-әрекеттердің орындалу әдістеріне қатысты нұсқау береді;

6-форма: Педагог сөздің жәрдемімен, оқушыларға қолда бар объектілермен олар жасауға тиісті іс-әрекеттерді орындау әдістері жайында нұсқау береді, мұның өзінде мұғалімнің нұсқауы қолма-қол көрсетіліп отырады.

Көрсетілген құралдарды пайдаланудың танымдық тиімділігі Л.В.Занковтың пікірі бойынша, оларда берілетін мәліметтермен оқушылардың өздігінен қорыта алу дәрежесінен айқындалады.

«Көрнекілік құралдары» ұғымының мазмұны психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде түрліше сипатталады. «Көрнекілік терминінің түбірі көру» естігеннен шықса да, қазіргі уақытта ол түрліше сезім мүшелері арқылы санаға әсер ету керектігін білдіреді.

Математика нәрселердің өзі мен айналадағы өмір құбылыстарын ғана емес «нақтылы өмірдің кеңістік формалары мен сандық қатынасын»-екенін (Ф.Энгельс) зерттеген, сондықтан математиканы оқытқанда дәл осы жақтарын айырып алуға тырысады; нәрселердің сапалық белгілері болса, еленбей қала береді. Математикалық қатыстар мен операцияларды оқып үйрену үшін көбінесе арнаулы көмекші құралдар пайдаланылады. Мұндай құралдар кейде, нәрселердің өзіне немесе айналадағы өмірден алынған ситуацияларға (жағдайларға) қарағанда анағұрлым көрнекі болып шығады.

Математика сабақтарында көрнекілікті дұрыс пайдалану айқын кеңістік және санды түсініктердің, мазмұнды ұғымдардың қалыптасуына көмектеседі, оқушылардың логикалық ойлау және сөйлеу қабілетін дамытады, нақтылы құбылыстарды қарастыру және талдау негізінде кейін практикада қолданылатын, тұжырымдарға келулеріне көмектеседі.

Көрнекілікті сабақ үрдісінде қолдану, жүзеге асыру, оның іс-жүзінде орындалуы мұғалімнің білім деңгейіне, шеберлігіне, еңбек тәжірибесі мен іскерлігіне және жауапкершілігіне байланысты болып оқу, тәрбие жұмысында жақсы нәтиже беретінінен сенім тудырады.

Бақылау сұрақтары

Наши рекомендации