Педагогикалық-психологиялық диагностика ұғымдарының байланысын сызба арқылы түсіндіріңіз.

Тәрбие – тәрбиеленушілер бойында көзқарастар мен сенімдер, құндылықтар мен әлеуметтік қасиеттерді қалыптастыру мақсатындағы тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің өзара әрекеттесулерінің процесі. Оқыту – оқушылар бойында білім, іскерлік, дағдыны, ойлау тәсілдерін қалыптастыруға бағытталған мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттесулерінің процес. Білім беру – білім, іскерлік, дағдыны игеру процесі мен нәтижесі. Дамыту – адам ағзасындағы сапалық және сандық өлшемдердің өзгеру процесі. Қалыптастыру – әр түрлі факторлардың әсерінен индивидтің тұлға болып қалыптасу процесі. Даму – жеке адамдардың ішкі және сыртқы әлеуметтік және табиғи факторлардың әсерінен қалыптасу процесі . Педагогикалық идеялар - ойлар ғылыми теорияның негізі болып табылады. Идея – бұл ой, зат не құбылыс туралы жалпы ұғым, ол түсінік және анықтау жүйесінде көрінеді. Педагогикалық теория (грек. - «бақылау, зерттеу») – педагогикалық тәжірибенің, практиканың, тәрбиенің, оқытудың, білімнің логикалық жиыны; педагогикалық ойлар жүйесі; заңдылықтың ғылыми түсіндірмесі және мақсат, міндет, мазмұнның негіздемесі, педагогикалық қызметті іске асыру әдістері.Әлеуметтік диагностика – бұл кешенді процесс қоғамдағы өзарақатынаспен себебін білумен байланысты процесті көрсетеді, оның әлеуметтік-экономикалық, мәдени-құқықытық, өнегелі-психологиялық, медико-биологиялық, санитарлық күшін мінездейді. диагностика –бұл мектеп ұжымдарындағы жеке тұлғаның мақсатын индивидуалды қамтамасыз етуі және оқу процесіне дифференциалды ыңғайластыру және тәрбиенің тиімді реализациясына негізгі функцияларды қолданады. Педагогикалық құралдарды қолдана отырып, педагогтар педагогикалық процестерде жеке баланы таныту.Әлеуметтік педагогикалық диагностика –арнайы танымдық процеске ұйымдастырылған жеке адамға әсер ететін ақпараттар жинағы. Арт-терапия сөзін қазақшаға тікелей аударғанда “өнермен емдеу” деген мағынаны білдіреді. Оны ғылымға, жалпы қолданысқа ең алғаш енгізген Адриан Хилл болды. Осы психотерапияның түрі, яғни арт-терапияның мән жайын ашу және оны қазақ тіліндегі ортада бейімдеуді іске асыру Теориялық – мәселені қою, мақсатын анықтау, зерттеу пәні мен обьектісі, оның міндеттері мен гипотезасы.Әдістемелік – алынған нәтижелерді өндеу әдістері, зерттеу әдістеме- сін жасау. Эксперимент – тапсырмалар сериясын, жаттығулар кешенін және т.б. өткізу. Аналитикалық – алынған мәліметтердің сандық және сапалық анализі, олардың интерпретациясы, тәжірибиелік ұсыныстар мен қорытындылары.

31.Диагностикалық қызмет көрсету жолдарын сызба арқылы түсіндіріңіз

Оқушылардың білім мен психологиялық өзгерістерін жүйелі түрде бақылап отыру педагогтардың диагностикалық қызметіне байланысты болады. осыған байланысты диагностиалық ақпараттарды жинауды екі топқа жіктесе болады: сәйкес құралдардың көмегімен (сынып жұмыстары, тесттер, сауалнамалар және т.б.) немесе олардың көмегінісіз (мысалы қарапайым бақылау арқылы). Диагностикалық қызмет келесідей аспектілерге бөлінеді: а) салыстыру, б) талдау, в) болжау, г) интерпретация д) әр түрлі диагностикалық әдістердің қатысушыларға әсерін бақылау. Салыстыру әдісі – танымның әмбебап логикалық тәсілі. Ол арқылы белгілі бір сиаптты белгі бойынша зерттелетін нысанды, құбылыстарды салыстыру жолымен олардың теңдігі немесе айырмашылығы анықталады. Заттат таныстыру арқылы танылады. Жаңа беймәлім нәрсені тану үшін оны ескі, мәлім нәрсемен салыстыру керек. Ол себеп пен салдарды айқындайды. Талдау(анализ) – алынған мәлемттерді жеке бөлек бөлшектеріне тән өзгеше сипат белгілерді арнайы зерттеп, танып, білу. Интерпретация латын тілінен аударғанда түсіндіру, талқылау деген мағынаны білдіреді.

32. «Білім жүйесіндегі тест түрлері», «Тестердің мазмұны» тақырыптарына теориялық талдау жасаңыз.

Білім жүйесіндегі тест туралы айтпас бұрын, ең бірінші, тест туралы айта кетсек. Тест (ағылшын тілінен аударғанда тексеру) тұлғаның белгілі бір психологиялық құрамының даму деңгейін, білімін анықтауға көмектесетін тапсырмалар жүйесі. Тест жеке тұлғаның даралық психологиялық қасиеттерін, сондай ақ білімін, білігі мен машығын салыстырмалы шамалармен өлшеуге арналған. Тест термині ең алғаш рет 1890 жылы Англияда енгізілді. Тесттер 1905 жылы балалар психологиясын анықтау кең тарады. Оларды әртүрлі бағыттарына байланысты топтастыруға болады: Қолданылу мақсаты байланысты; Жүргізілу жолдарына байланысты (жеке және топтық);Мазмұнына, арнайы қабілеттері байланысты; Вербальды және вербальды емес;Аанализдік және синтездік;Заттық ( белгілі бір заттар арқылы (мысалы: бөлшектерден фигуралар құрау);Аппаратуралық (арнайы техникалық құралдар арқылы);Тапсырмаларының біртектілік дәрежесі бойынша;Психикалық қасиеттерді қамтуы бойынша және т.б. Психологиялық тестер жүргізу өзіндік таным, өзіндік даму, мінез-құлықты коррекциялау (түзету) құралы ретінде қолданылады.Педагогикалық тестілеу білім мен білікті, машықты бағалауда қолданылады.Тест әдісінің артықшылығы:- тексерудің, бақылаудың объективтілігі тест арқылы бағалау нақты әрі (дифференциалды) сараланған, даралық сипатта;- дәстүрлік тексеру әдістерінен тиімдірек.;

- оның мәні адам қабілеттерінің айқындау,өлшеу құралы болуында.Тестердің типтері :- қалыптылық - бағдарлы (нормативно-ориентированные).- өлшемдік - бағдарлы (критериально - ориентированные)Тестілеу процесін үш кезеңге бөлуге болады:- тестіні таңдау ( тестілеудің мақсатымен және тестінің дұрыстығы мен сенімділік дәрежесі анықталады);- оны өткізу (тестіге берілген нұсқаумен анықталады);- нәтижелерді пайымдау (тестілеудің пәніне қатысты теория жүйесімен анықталады). Тест формалары: Ауызша және жазбаша тестер. Сонымен бірге, бланкілі, заттық, апараттық, компьюерлік тестер

33. Диагностикалық қызмет көрсету бағытында бір күндік жұмыс жоспарын құрыңыз.

Диагностикалық қызмет көрсету бағытында бір күндік жұмыс жоспарын құрыңыз. Оқушылар, мұғалімдер және мектеп әкімшілігінің сұранысы бойынша диагностика және жоспарлы диагностика түрінде жүзеге асырылады, жекеше және топтық кеңестің қажетті дайындық кезеңдері, психологиялық-педагогикалық консилиум, пед. кеңес ретінде қаралады. • Мұғалімнің мамандық мінез-құлқының психологиялық диагностикасы не олардың өздеріне тиісті кәсіби қызметінің стратегиясының жұмысы шеңберінде, не әкімшілік жағынанан немесе мұғалімнің өзінің сұранысы бойынша психологпен жүзеге асырылады. 1 сынып
  Тесттер Деңгей %
Жоғары Орташа Төмен
Керна-Ийерасика- адамның суреті      
Сөйлемді көшіру      
Суреттің копиясы      
Н.Гуткина «Үй»      
Д. Элконин «Графикалық диктант»      
У. Ульенкова өз-өзін реттеу (саморегуляция)      
Эмоционалды-ерік сферасы      

4 сынып

  Тесттер Деңгей %
Жоғары Орташа Төмен
Ақыл дамытудың мектептік тесті (АДМТ-4, ШТУР-4 , (Переслени)      
Өз-өзін бағалау      
Мотивация деңгейі      
Саморегуляция      

5 сынып

  Тесттер Деңгей %
Жоғары Орташа Төмен
Ақыл дамытудың мектептік тесті (АДМТ-5, ШТУР-5 , (Переслени)      
Өз-өзін бағалау      
Мотивация деңгейі      

7 сынып

  Тесттер Деңгей %
Жоғары Орташа Төмен
Ақыл дамытудың мектептік тесті (АДМТ,ШТУР-7 , (Переслени)      

8 сынып

  Тесттер Деңгей %
Жоғары Орташа Төмен
КОТ      

9 сынып

  Тесттер Деңгей %
Жоғары Орташа Төмен
Ақыл дамытудың мектептік тесті (АДМТ, ШТУР-9).      
Оқушылардың жеке қобалжуы, алаңдауы (Спилбергер)      
МАБ-қа дайындық деңгейі      
Оқушылардың мамандық тандауға дайындығын анықтау сауалнамасы        

10 сынып

  Тесттер Деңгей %
Жоғары Орташа Төмен
Өз-өзін бағалау      
Оқушылардың жеке қобалжуы, алаңдауы (Спилбергер)      

11 сынып

  Тесттер Деңгей %
Жоғары Орташа Төмен
ҰБТ-ке дайындық анкетасы      
Оқушылардың жеке қобалжуы, алаңдауы деңгейі (Спилбергер)      
Д. Л. Холландтың кәсіптік бағдарлы тесті      
1 Реалистік тип        
2 Зияткерлік тип        
3 Әлеуметтік тип        
4 Конвенциалды тип        
5 Іскер тип        
6 Әртістік тип        

34. Мінез акцентуациясы сұрақтамасының қолданылу жолдарын ұсыныңыз.

Мінездің акцентуациялануы - адамның әрекеті мен істеріңде көрініс беретін мінез ерекшеліктеріне қарағанда жиі басымдылық танытатын, күшті дамыған мінез ерекшеліктері. Мінездің акцентуацияланған типтері — әртүрлі жағдайлардағы адамның қылығын анықтайтын, мінездердің басқа қасиеттеріне қарағанда жетекші орын алатын және басқалардың жәрдемімен ерекше дамитын мінездің типтік қиылысқан көрсеткіші. Мінез акцентуациясы — психопатиялармен шектесіп, норманың шеткі варианттарын көрсететін белгілі бір мінез бітістері мен олардың үйлесімдерінің ерекше көрінісін білдіретін, К. Леонгардпен ұғым. Акцентуация (Мінезді қараңыз) басқа қасиеттерінен қандай да бір қасиеттің немесе белгінің бөлініп ерекше дамуы.[ «Шмишектің мінез акцентуациясы сұрақнамасы». Эксперименттің барысы: Бұл әдісті Т. Шмишек 1970 жылыБұл сұрақ-жауап мінездің акцентуациясын шығаруға арналған, нақты айтқанда Нұсқау. Сіздерге сіздің мінезіңізге тиісті сұрақтар ұсынылады. Егер «Шмишектің мінез акцентуациясы сұрақнамасы» бойынша анықтау экспериментінде «Шмишектің мінез акцентуациялық сұрақнамасы» әдістемесі бойынша зерттеу нәтижесі Мінез акцентуациясы Эксперименттік топ Бақылау тобы 1 Гипертимді 2 Экзальтивті 3 Демонстративті 4 Циклотимді 5 Педантты 6 Эмоциялы 7 Дистимді 8 Қозғыш 9 Үрейленгіш 10 Тұрақсыз «Шмишектің мінез акцентуациялық сұрақнамасы» бойынша алынған нәтижелердің өңделуіЭксперимент тобында дистимдік Эксперимент тобында педанттық тип Бақылау тобында циклотимді типтен Мінез деген - адамның іс-әрекетінде және мінез-құлқында тұрақты көрініс беретін жеке ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез адамның барлық тіршілігіне әсерін тигізіп тұратын қасиет болғандықтан типологиялық зерттеулерді мінез сипатынан бастаған.Адамға мінездеме бергенде оның не істегенін ғана айтып қоймай жұмысының сапасын, басқа адамдармен қарым-қатынасын ерекше көрсетеді. (қалай орындағаны үлкен роль атқарады). Біреулер жалқау, ұяң, бірақ сиысымды, көпшілікті сыйлайды, ізеттілік көрсетеді. Ал біреулер іскер, қатал, тілектестік білдіреді, бірақ жұмысты сапалы орындауды талап етеді. Үшіншілер аз нәрсені шала істеп оны жұртқа түгел мәліметтеп шығады, басқалардың табысын көре алмайды, ашушаң, ызақор, сыйымсыз болады.Басқа адамға ескерту бергенде басшылардың кейбіреулері жылатып айтады, ал біреулері кеңес беріп, тез үйренуге жәрдемін тигізеді. Адамның жекелік қасиеттерінің барлығына мінез үлкен әсерін тигізіп, оның жалпы адамгершілігін, іскерлігін, қарым-қатынасқа икемділігін, сыйысымдылығын анықтап отырады. Мінез адамның барлық психикалық қасиеттерімен тығыз байланысты, сондықтан оның ерекшеліктерін көптеген жекелік қасиеттердің көрінісі бойынша сипаттауға болады.Егер адамды танитын, білетін болсаңыз ол өмірдің әр түрлі жағдайында қандай мінез көрсететінін болжамдап айтуға болады. Мінез-құлықты басқаруға, оны басқаларға ыңғайлы, сыйысымды етіп, дұрыс жол көрсетіп отыруға болады. Сондықтан мінез тәрбиеленетін қасиеттерге жатады. Адамдардың мінез-құлқы тарихи-әлеуметтік жағдайға байланысты көрініс береді. Мысалы: өзінің намысын, отбасының намысын қорғау үшін дуэльге шақырып, намысына тиген адамға қастандық, қатыгездік көрсетіп, оны атып тастаған. Вендетто - қанға-қан, жанға-жан деген кек алу дәстүрі т.с.с. қалыптасқан әдет-ғұрып кеңінен орын алады. Қазіргі кезде цивилизацияның дамуымен байланысты ең үлкен құндылық адам өмірі болып саналады. Сондықтан адам өміріне қауіп туғызу немесе өлтіру ең үлкен қылмыс болып есептеледі. Сондықтан өрескіл мінез көрсеткендерге дәл сондай дөрекілік көрсетіп, балағаттап немесе басқа түрлі қастандықтар көрсету кеңінен орын алады. Оның барлығы мінездің теріс көрсеткіштері, сыйысымсыздық, арамзалық деп бағаланады.Адамның мінезінің қалыптасуына отбасы, қоршаған ортадағы жетекші салт-дәстүр мен әдет-ғұрып, өзінің қарым-қатынас жасайтын кіші тобы, сынып оқушылары, группадағы студенттер, жолдастар мен достар, оқыған кітап, көрген кино кейіпкерлері үлкен әсерін тигізеді. Өйткені адам басқаларға қарап, олардың тәжірибесін меңгеріп адам болады.Мінез детеминиз ұстанымына сай барлық психикалық қасиеттермен тағыз байланысты. Мінезге темпераменттің тигізетін әсері өте үлкен. Холериктің жеңілтектігі мен қызбалығы, сангвиниктің сөзшеңдігі, флегматиктің байсалдылығы, меланхоликтің тұйықтығы мен ұстамадылығы мінезге әсерін тигізіп тұрады. Мінез бен темпераменттің өте тығыз байланыстылығы психиканың динамикалық ерекшеліктерімен анықталады. Дегенмен темпераментті өзгертуге болмайды, ал мінез тәрбиеленеді. Холерик пен сангвиникке белсенділікті, шығармашылық қасиетті қалыптастыру оңай, ал флегматик ерінбестен оның бәрін меңгеруге шамасы келеді, меланхоликке ашық-жарқын болу өте қиын. Осы ерекшеліктерді ескерсе отырғанда тәрбие нәтижелі болады. Мінез - тәрбие және өзін-өзі тәрбиелеу нәтижесі.сихолог өз қызметін ұйымдастыру үшін психолог басқа адамдардың мінезін біліп, ол адамның неше түрлі жағдайларда өзін қай жағынан көрсететінін болжамдауға болады. Сондықтан мінез ерекшеліктерін біліп алу негізінде ол адамды тәрбиелеуге, жекелік ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік туады.Мінез өзі өте күрделі психикалық қасиет. Ол бірнеше көрсеткіштермен сипатталады. Сондықтан жеке тұлғаға мінездеме бергенде оның ерекшеліктерін басқалармен салыстыра отырып қарама-қарсы көрсеткіштермен сипаттайды: кеңпейілді - іші тар; жеңілтек - байсалды; адал - арам; сыйысымды - сыйысымсыз; қорқақ - батыл, сезімтал - қатыгез т.с.с. Бұл жеке көрсеткіштер мінездің құрамды бөліктері, оның көрсеткіштері болып табылады. Осы көрсеткіштердің ішінде біреу жетекші, доминанта болады. Адамды бағалағанда сол доминантасы бойынша мінездеме береді.Мінездің барлық көрсеткіштері бір-бірімен тәуелді байланыста. Сондықтан егер адам қорқақ болса ол көп жерде белсенділік көрсетіп жүруі өте қиын. Қорқақтың сыйсымдылығы, басшыларға ерекше ізет көрсетіп, иланушылық (ұйып сенуі), тілалғыштықпен көзге түсіп жүруі мүмкін. Олар өте сараң, материалдық байлықты қорғау үшін басқаларды сатып кетуі, сөзінен айнып кетуі жиі кездесіп тұрады.Сондай ақ, батыл, шешім қабылдағыш, адам қорқақ болуы мүмкін емес, ол мырзалық көрсете алады, басқалардың пікірін сыйлайды, бірақ кейде тік мінездік көрсетіп, керек емес жерде тәуекелшіл болып, өз өміріне қауіп тудыруы мүмкін.Мінездің бір-бірімен тәуелді байланыстағы көрсеткіштерінің ішінде біреуі доминанта болып, барлық басқа көрсеткіштеріне әсерін тигізіп тұрады. Доминантасының ерекшелігі: мінездің құрамды бөліктерінің ішінен біреуі жетекші және барлығына бағыт беріп тұратын болады, ал қалғандары қосалқы болып негізгінің көрінісін тереңдетіп, құлпыртып тұрады.

35. «Үй-ағаш-адам» әдістемесінің технологиясымен таныстырыңыз.

Жеке адамды зерттеуге арналған "Үй — Ағаш -Адам" әдістемесі, авторы Дж.Букт. Бұл әдістемені ересектерге де, балалардың кез-келген жас кезеңінде де қолдануға болады.Әдістеме мақсаты: Жеке адамды, онъщ ішкі әлемін тану үшін, бағыт-бағдарын, өмірлік мақсатын бақылау үшін қолданылады. Зерттеудін барысы: Алдын-ала зерттеу жұмысы басталмас бұрын, сыналушылардың ынта-тілегі бақыланады. Натиженің өнделуі: Сынақтың интерпретациясына сүйене отырып жүргізіледі.Тесті балалау төмендегідей белгілік комплексінде топталды.. қорғаусыздық, мазасыздық, өзіне сенімсіздік, толымысыздық сезімі,өшпенділік,қақтығыс (фрустация), депрессиялықЕгер, осы көрсеткіші суретте болмаса, барлық жағдайда нөл қойылады, ал кейбір белгілер бар болған жағдайда олар маңыздылық дәрежесіне қарай бағаланады.Егер де, 1 суретте 5 көрсеткіші болса, яғни 1. Суретте 2 қатарлы сызықтар,2. Сызықтарды өзара қоспау,3. Салынған фигураның қатты майысуы,4. Өте үлкен бас,5. Адам суретге өте айқын емес.Бұл белгілер бала суретінде кезігуі, салып отырған баланың орталық нерв жүйесінің органикалық зақымданғанын білдіреді. Бірақ, баланың ақыл-ойының дамуының артта қалуын көрсетпейді. Бұл интелекті дамуында қиыңдықтарды басынан кешіреді. Мұндай балалар тез шаршап, аз назар аударады.

«Үй. Ағаш. Адам» тесті

«Үй. Ағаш. Адам» проективті сурет тестінен алынған мәліметтерді талдау нәтижесі арқылы төмендегідей шешім жасауға болады:

1. «Үй. Ағаш. Адам» классикалық проективті әдістемесі балалардың өзіндік бағалау қатынасын зерттеу барысында пайдалануға болады. Сондықтан, эмоциялық көңіл-күйі туралы ақпараттарды анықтайтын жанама әдіс ретінде қолданылады, бірақ, өзіндік қатынастың жеткілікті түрде маңызды сипаттамасын жасауға мүмкіндік береді.

2. Өзіндік бағалаудың төмен деңгейі, оның адекватсыздығы өзіне сенімсіздік, қорғансыздық, өзіне-өзі қанағаттанбау, мазасыздану және депрессивтлік симптомдарында көрініс береді. Сонымен бірге, бұл балаларға жауластық, шиеленістік, жалпы алғанда, достарымен және ересектермен қарым-қатынастағы қиындықтар тән.

3. Өзіндік бағалаудың адекватты деңгейі мынадай сипаттамаларда көрінеді: өз-өзіне сенімділік, қорғанғандық және өзіндік құндылықты сезіну, сондай-ақ, қарым-қатынастағы қиындық, шиеленістің және жауластықтың болмауы.

4. Өзіндік бағалауы төмен балаларға ашуланшақтық, агрессивті мінез-құлық, өз-өзіне сенімсіздік, тақта алдында жауап беру қорқынышы, оқу мотивациясының, мектеп достарының болмауы немесе формальді қарым-қатынаста көрінетін эмоциялық қызбалық сипатты.

5. Төмен өзіндік бағалау бесінші сынып балаларда көбірек көрсеткішті, сондай-ақ, жүйкелік-психикалық қалыптың жоғары адекватсыздығын танытты. Бұл бізді жеткіншектік кезеңдегі дағдарыс ситуацияларға негізделеді деген тұжырымға алып келді.

Құлағалы тұрған ескі үй – кейде адам мұнымен өзіне деген қарым – қатынасты көрсетеді.

Алыста орналасқан үй – шеттеліп тасталғанның сезімі.

Жақында орналасқан үй – ашықтық, қол жетерлік және жылылық пен қонақжайлық сезімдерін білдіреді.

Үйдің жоспары ( үстінен қарағандағы сызбасы ) – (үйдің орнына) - көңіл қоюды талап ететін дау – дамай.

Әртүрлі қосымша салынғандар (постройки)– агрессивтілік үй иесіне қарсы бағытталған немесе субьект (адам) жасанды және мәдени стандарт деп санайтынға қарсы

Ставни ( терезе қақпағы ) жабық – интерперсональды қарым – қатынасқа бейімделуге (түсуге) субьект дайын.

Есіксіз дауалға әкелетін баспалдақтар – конфликтілі (дау – дамайлы) жағдайдың бейнеленуі, шындықтың дұрыс бағалануына зиян келтіреді. Қарым – қатынасқа түсуді мойындамауы ( өзі оны іштей қалап тұрса да ).

Ағаштар.

Көбінесе әртүрлі адамдардың бет - әлпетін бейнелейді.Егер олар үйді «тығып» (жасырып), салғандай болса, әке – шешесіне деген тәуелділіктің мұқтаждығының күшті болуы.

Бұталар (кусты).

Кейде адамдарды бейнелейді. Егер олар үйді қоршап тұрса, онда субьект өзін қорғаныштық барьерларымен қоршап тұрғанын қалайды.

Бұталар кеңістікте қалай болса солай ретсіз орналасса немесе жолдың еш жақ шетінде оналаспаған – нақтылықтың шетіндегі болмасын уайымға сілтейді және саналы түде оны басқаруға ұмтылу.

Жол, жақсы пропорциялар, жеңіл салынған – индивид басқалармен қарым – қатынаста ырғақ пен өзін - өзі басқаратынын тауып көрсетіп отыр.

Өте ұзын жол – қол жетерліктің азаюы, одекватты социализациямен жиі ере жүретін қажеттілік.

Бас жағы өте жалпақ, үйге жақындағанда тарылатын жол – жалғыз болуды қалауды жасыру, сырт жағынан достықпен үйлесіп тұрады.

Күн.

Авторитарлық фигураның белгісі. Жылылық пен күштіліктің қайнар көзі болып қабылданады.

Ауа – райы (қандай болып сипатталған).

Субьектің толығымен қоршаған ортаға байланысты уайымын көрсетеді. Ауа – райы жаман болып салынған сайын, субьект қоршаған ортаны өшпенділік, кісен салғыштықпен теңей қабылдайды.

Адам.

Басы – интеллект өрісі (сфера) (басқару). Елестету сферасы.

Үлкен бас – адамның ойлауы мен қимылының мәнінің сенімін білместіктен сызып тастау.

Бастың кіші болуы - интеллектуалдық (неадыкватность) уайымдау.

Басты дұрыс бейнелемеу – ұялшақтық, жасқаншақтық.

Басы ең соңында салынады – қызметаралық дау – дамай.

Қарама – қарсы жыныс, басының үлкен болуы – қарама– қарсы жыныстық жалған артықшылығы және оның жоғары әлеуметтік авторитеті.

Мойын – басқару (бас) сферасы мен әуестік сферасы (дене арасындағы байланысты бейнелейтін мүше). Бұл олардың келісімділік белгісі.

Бір сызықпен сызылған мойын – қорғаныштық, интеллектуалдылық басқарудың қажеттілігі.

Мойынның жуан болуы – денесіндегі импульстарды түсіну және оларды басқаруға ұмтылу.

Ұзын, жіңішке мойын – тежелу, кері тартпалық.

Жуан, қысқа мойын - өзінің әлсіздігі мен қалауларына жол беру, басылмаған импульстің көрсетілуі.

Иықтар, олардың көлемі – физикалық күштің белгісі және билік етудің қажеттілігі.

Шамадан тыс үлкен иықтар – үлкен күшті сезіну немесе күш пен биліктің шамадан тыс қам істеушілігінің сезімі.

Кішкентай иықтар – құны аздылық пен қуыс кеуделікті сезіну.

Тіптен қырланған иықтар – сақтық пен қорғаныштықтың белгісі.

Жайпақ иықтар – (көлбеу) – мұң, қажу (үміт үзу), кінәлілік сезімі, өмірге орайлықтың жетіспеуі.

Кең иықтар – күшті дене импульстары.

36. Баланың тұлғалық ерекшеліктерін анықтауда белгілі ғалымдардың ойларына сүйене отырып 4-5 мысал келтіріңіз

Педагогикалық практикада оқушының даму деңгейіне байланысты жетістіктерді дер уақытында зерттеп тұру қажеттігі күннен-күнге үлкен маңызға ие болуда. Бұл қажеттік тұлғаның қалыптасу процесін тиімді басқару үшін, ондағы жүріп жатқан өзгерістердің тереңдігін, қарқыны мен ерекшеліктерін білу керектігінен туындаған. К.Д.Ушинский : «Егер педагогика адамды барша тараптан тəрбиелегісі келсе, онда ол сол адамды ең алдымен жан-жақты білуі шарт» -деп өз уақытында диагностиканың нақты оқу тəрбие процесіндегі маңызын баса көрсеткен. Оқушының тəн-дене дамуын диагностикалау қиындық тудырмайды. Бұл үшін бүкіл дүниежүзінде жалпы жəне айрықша сапалардың даму дəрежесін өлшестіруші ерекше тестер (нұсқау-көрсетпелер) қолданылады. Берілген тапсырманы орындауына қарай оқушының қажетті деңгейге, тəн-дене дамуындағы нақты өлшемдерге сəйкестігі анықталады. Алынған деректер жас мүмкіндіктермен салыстырылады.

Адам тұлға ретінде қалыптасып, дами келе кемшіліктерді де иеленеді. Бір теорияда оң және теріс қасиеттердің үйлесімін жан-жақты көрсету мүмкін емес. Сондықтан Эриксон өз концепциясында тұға дамуының екі шекті желісін бейнелеген: калыпты және аномалды. Олар таза күйінде өмірде кездеспегенімен, адамның тұлғалық дамуының барлық аралық варианттарын елестетуге мумкіндік береді.

Джон Локк бойынша адам өмірінің жағдайлары мен тәрбие жеке тұлғаның қалыптасуынын шешуші факторы деп есептелген. Д. Локктің белгілі бір пайымдауы бойынша баланың жаны дүниеге келген сәтінде таза тақтаға ұқсас (tаЬиІа rаsа) болып келеді және тек оның өмір жағдайлары мең тәрбие ғана жеке тұлғаның белгілі бір қасиеттерінің пайда болуына себепші болады.

Наши рекомендации