Балалар өмірін ұйымдастыруда ойынның рөлі.
Ерте заманнан –ақ адам өзін қоршаған ортаның тылсым тіршілігін тануға әрекет жасаған. Ал айнала дүниені танып–білудің, белсенді іс–әрекеттің алғашқы түрі заттық іс–әрекет болып табылады. Нәресте заттық іс-әрекеттен бірте–бірте ойын әрекетіне ауысады. Барлық адам өзінің тұлға ретінде даму ерекшелігінде ойын іс–әрекетін бастан кешіреді. Сәбилік кезеңнен бастап бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды ойын арқылы түсініп ұғынады. Тек көру, сипап–сезу, байқап–тану арқылы емес, тікелей араласып, іс–әрекетке көшуін нақты қарым–қатынас барысында біледі. Осылайша ойын адамның өмір танымында шешуші мәнге ие болады. Баланың таным–түсінігі, іс–әрекеті ойыннан басталып, оның негізі болашақ өмірінде оқу, еңбек іс–әрекетімен жалғастырылады. Ойын – бала үшін оқу да, еңбек те. Ойын – айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймай, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады.
Ойын балалардың негізгі іс–әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық–физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным–көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойында әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Кей бала ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімін білдіреді. Ойын екі түрлі уақыттық бағытты қамтиды: қазіргі және болашақ. Бір жағынан бала бірден осы мезетте қуанышқа бөленеді, екінші жағынан ойын әрқашан болашаққа бағытталған, өйткені ойын барысында тұлғаның келешек өміріне ықпал ететін сапалы қасиеттері мен іскерлік дағдылары қалыптасады. Оқушы ойын қызметіне талпынады, ойын олар үшін өмірдің мәні болып табылады. Кейбір психологиялық теориялар ойынның мәнін баланың артық әл–қуатын шығындап, жоғалтқысы келген талабымен түсіндіреді. Алайда, функционалдық тенденция концепциясының негізін салған Д. Узнадзе: «Ойын артық әл-қуатты сыртқа шығындаудың тәсілі емес, дамудың негізгі бас формасы, қызмет бағытының емін–еркін бұрқаған көрінісінің формасы болып табылады және әрекеттер ретінде олардың өз бағыты бойынша бір–бірінен айырмашылықтары бар, міне осылар баланы мазмұнды жағынан әр түрлі ойындар ойнауына мәжбүр етеді», — деген. Жетілгісі келіп тұрған күштердің қарбалас қимылына сәйкес келмейтін әрі оған ықпал етпейтін ойын мен ойыншық баланы тез жалықтырып жібереді. Көптеген функциялар 7-9 жасқа жеткенінше мейлінше жеделдете дамиды да, ойынға деген құштарлық осы кезеңде күшейе түседі, ал ойын дамуды басқаратын іс–әрекеттің түріне айналады. Осындай сәтте баланың өзіндік саналары, оның шындыққа, адамдарға қарым–қатынасы қалыптасады. Бастауыш сынып оқушысының қызмет бағыты күшейген кезде оның құлшынып ойнағысы келіп тұрады. Баланың ойын қызметін тоқтатып, оны интерфункционалдық күштердің қимылына қайшы келетін басқадай нәрсемен шұғылдануға мәжбүр еткізу – бала талантын жеделдете дамытып, жан–жақты ашылуына тосқауыл жасау деген сөз. Ойын баланың психикасына сапалы өзгерістер туғызады. Балалардың ересектермен бірлесіп өмір сүруге ұмтылысы бірлескен еңбек негізінде қанағаттандырылмайтыны белгілі. Бұл қажеттілігін балалар ойын арқылы өздеріне ересектер рөлін алып, еңбектік өмірді ғана емес, сол сияқты әлеуметтік қарым–қатынасты да нақтылап көрсетеді. Д. Элькониннің атап өткеніндей, мұнда балалар өзара сәйкес рөлдерді тасымалдаушылар (ересектерді өзара әлеуметтік қатынасын қайта жаңғыртады), әрі ойынға тікелей қатысушы болады. Баланың қоғамдағы осындай ерекше орны оның үлкендер өміріне араласуының айрықша түрі болып саналатын рөлдік ойынның пайда болуының негізіне айналады. Біраз уақыттан кейін рөлдік ойыннан ереже бойынша жүргізілетін ойынға ауысады. Біртіндеп ереже ойын әрекетінде бірінші орынға қойылып, алғашқы сюжеттік сипатқа ие болады, сосын ойында жеңіске жету бала үшін үлкен мәнге айналып, ойын еңбекке және оқу әрекетіне ұқсас бола бастайды.
Ойында ең алғаш баланың дүниеге әсер етуді қажетсінуі қалыптасады және көрінеді, ойынның негізі, жалпы мәні де осында. Ойынның мәнін анықтайтын бірінші ереже, ойын мотивтерінің әр түрлі бала үшін мәні зор күйініштерге негізделетіндігі болса, екінші ереже, ойын әрекеті адам іс– әрекетіне тән көптеген мотивтерді жүзеге асыруы болады.
Ойынның бала өмірінде үлкен орын алатыны ертеден дәлелденген. Тіпті XVIII ғ. Руссо былай деп жазған: «Баланы жақсы тану және түсіну үшін оны ойын кезінде бақылау керек».
Балалармен жұмыс істеу ойынында ойынмен әсер ету арқылы баланы басқаруға немесе оны өзгертуге көп күш кетпейді. Ойынмен әсер етудің мақсаты — баланың өзін-өзі тануы мен өзін-өзі басқарудан тұрады. Ойын процесі баланың қоршаған ортаға бақылау жасауы ретінде қарастырылады.
Ойын әсерлері баланың қажеттіліктерін физиологиялық белсенділікке қанағаттандырылады, ойын үстінде бала энергия жұмсайды, үлкендер өміріндегі міндеттемелерге дайындалады, қиыншылықтарды жеңеді жай фрустрациядан арылады.
Олар физиологиялық көптактіні сезеді, өз қажеттіліктерін қанағаттандырады, әлеуметтік формадағы агрессияға жауап қайтарады және басқа адамдармен қарым-қатынас жасауға үйренеді. Ойын балаларда елесті бекітуге, мәдени байлықты сіңіруге және белгілі бір дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі. Бала ойнағанда бөтен тұлғаның рөліне тек еніп қана қоймайды, сонымен қатар өз жекелігін кеңейтеді, байытады және түгендетуге тырысады.
Ойын баланың ішкі әлеміне нақты форма мен өрнек береді. Ойында эмоциональды маңызды тәжірибені ой өрнегі алады. Ойынның негізгі функциясы шын өмірдегі бейнеленбейтін нәрсені жағдайдың бақылауына айналдыру. Бұл балаларға қиыншылықтарды білуге мүмкіндік беретін символикалық репрезентация арқылы жасалады. Ойын бала үшін өз пікірін білдіретін символикалық тіл болғандықтан, психолог ойынды пайдаланады. Балалар ойын арқылы қарым-қатынас жасайды. Егер ойынды коммуникация құралы екенін мойындасақ, балалар ойының бұдан да толық бағалауға болады.
Балалар ойын үстінде өздерін жеңіл, еркін сезінетіндіктен өздерін көрсете алады. Балалар үшін өз тәжірибелері мен сезімдерін шығару — табиғи динамикалық және денсаулық жақсартушы іс-әрекет.
Ойын — бұл ақпарат алмастыру құралы және баладан өз ойымен бөлісуді талап ету; яғни автоматты түрде қарым–қатынастағы барьерді жасату. Жоғарғы қатынас денгейге көтерілу үшін сөзді пайдалануы қажет. Ойын сезімдердің берілуімен және кемшіліктердің шешілуі үшін құрал болады. Бала сезімін вугвальды жеткізу ылғи да мүмкін емес. Дамудың бұл сатысында бала не сезгенін айту үшін когнитивті, вугвальды құралдары жетіспейді эмоционалды жағдайда оларды сөзбен жеткізу үшін бала өз ауыртпалықтарында интенсивті бір ойға жинақтала алмайды. Көптеген авторлардың зерттеулері бойынша (мысалы Пиаже), біз 11 жасқа дейін балалардың абстрактілі ойлауға және талдауға қабілетті емес екенің білеміз.
Сөз символдардан құралады, ал символдар – абстракция. Онда біздің сөзбен айтылатын дегеніміздің көбі абстрактілі болып келетіні таңқаларлық жай емес.
Баланың әлемі — бұл нақты заттардың әлемі, егер біз баламен байланыс жасағымыз келсе, ең алдымен осыған жақын болуымыз керек. Ойын — бұл баланың нақты өз ойы және өз әлеміне қалыптасу тәсілі.
Ойын — бұл ерікті, іштей мотивтендірілген іс-әрекет. Бала ойын процесінен қанағаттанушылықты, ризалықты сезінеді. Оның нәтижесі маңызды да емес. Ойында баланың физиологиялық, сана-сезімдік, эмоционалды сапалары творчестволық процеске қосылады және оған әлеуметтік әрекеттері қажет болуы мумкін. Осылайша, бала ойнаған кезде оған толығымен қатысады деп айтуға болады. Ойын әсерлері бала мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастың динамикалық жүйесі ретінде анықталады.
Үлкендердің көпшілігі өз сезімдерін, реніштерін, алаңдаушылықтарын және жеке мәселелерін білдіре алады. Үлкендер үшін сөз қандай рөл атқарса, ал бала үшін ойын да сондай рөлде болады. Бұл сезімді білдіру мен қарым-қатынас құралы болып табылады. Оларға осындай мүмкіндік берілген кезде балалар өз сезімдерін және қажеттіліктерін үлкендер сияқты жеткізе алады. Балалардың кейбір қарым-қатынас жасау және айту динамикасы үлкендердікімен бірдей, ал біраз сезімдері бөлектеу (мысалы, қорқыныш, қанағаттану, бақыт).