Кен орнын игерудің технико-экономикалық көрсеткіші. «Құмкөл» МГӨБ-на келесі негізгі бөлімшелер кіреді: бес мұнай өндіру цехы

«Құмкөл» МГӨБ-на келесі негізгі бөлімшелер кіреді: бес мұнай өндіру цехы, алты ҚҚҰ бригадасы, мұнайды кешенді түрде дайындайтын алты бригада, механикалық-жөндеу цехы, сегіз ұңғыны жерасты жөндеу бригадасы.

Мұнай мен газды өндіруде негізгі өндірістік звеносы ретінде, мұнай газды өндірудің барлық кешенді жұмысының басқару функциясы бар, МГӨБ болып танылады. МГӨБ басқару аппаратына барлық бөлімшелердің басшылары кіреді. – Мұнайгаз өндіру басқармасының басшысы болып, МГӨБ бастығы табылады. Ол кәсіпорынның бүкіл өндірістік — шаруашылық жұмыстарын ұйымдастырып, басқарады және мұнай мен газдың өндірілуінің жоспарының орындалуына толық жауап береді. МГӨБ бастығының бірінші орынбасары болып бас инженер табылады. Ол өндірісті техникалық жөнінен басқарады.

– Бас геолог кәсіпорынның геологиялық қызмет етуінің жұмысын басқарады жөне кен орнының игерілуінің жетілуіне жауап береді. Оның басқаруымен геологиялық-техникалық құжаттар жетілдіріледі және ұңғының өнімділігі мен геологиялық зерттелуі қадағаланады.

– Бастықтың жалпы сұрақтар бойынша орынбасары кәсіпорынды қажетті бүкіл ресурстармен қамтамасыз етіп, оның дұрыс жұмсалуын қадағалайды. Онымен қоса ол бүкіл әкімшілік–шаруашылық жұмыстарға, тұрмыстық-үймен қамту мәселелеріне және жол қүрылыстарына жауап береді.

– Экономикалық–жоспарлау бөлімі алдыңғы қатарлы жоспарды құрып, оның орындалуын қадағалайды. Шаруашылық есептеуді 1 ұйымдастырады, кәсіпорынның өндірістік–шаруашылық жұмысын талдайды және статистикалық есеп беруді жасайды.

– Еңбек пен жалақы төлеу бөлімі еңбекті ұйыдастырудың жаңа түрлерін енгізіп, жалақы төлеу жүйесін жақсартып, өндірудің өсуші нормасын материалды ынталандыру мен қызмет етеуді ұйымдастырады.

Жұмысшы бөлімі жұмысшыларды алу, орналастыру және біліктілігін жоғарылатумен айналысады.

– Техникалық бөлімі жаңа техника мен технологияны енгізу мұнай мен газ өндіруді және бұрғылауды механизациялау мен автоматтандырудың жоспарын жасап, олардың орындалуын бақылайды. Бөлімге машиналар мен жабдықтардың жұмысының техникалық нормасы, режимдерінің жетілдіруі, жаңа ойлап табулар мен тәсіл табуды басқару жүктеледі.

– Есепшілер кәсіпорынның бүкіл шаруашылық қызметін есепке алу және есеп берумен айналысады. Материалды және ақша ресурстарының дұрыс пайдаланылуын қадағалайды.

Негізгі және қосалқы өндірісті ұйымдастыру

Өндірістік үрдістер екі топтан тұрады:

1) негізгі өндірістік үрдістер;

2) қосалқы өндірістік үрдістер.

Негізгіөндірістікүрдіске – МГӨБ бойынша, мұнай газ өндіру үрдістері жатады. Оларға жинау, өндіріс ішіндегі айдаулар, су айдау, мұнайды дайындау үрдістері жатады.

Қосалқыөндірістікүрдістер – оларға жабдықты жөндеу, энергия түрлерін пайдалану және басқалар, негізгі өндірістік үрдістердің болуына жағдай жасайды.

Негізгі және жанама үрдістер бір-бірімен тығыз байланыста. Сәйкесінше негізгі және жанама жұмыс орны құрылады. Негізгі үрдіске мұнай мен газды өндіру цехы және технологиялық топтар жатады, ал жанама үрдістер өндірістік қызмет етулермен түсіндіріледі.

Мұнай мен газды жинау және тасымалдау жұмыстарын ұйымдастыру

Ұңғы өнімін жинау және тасымалдаумен арнайы цехтар айналысады (ЦППН). Олардың құрылымы игерудің нақты шарттарына тәуелді. Цех құрамына келесілер кіреді:

– ұңғы өнімін жинайтын құбыр желістері;

– топтық өлшеу қондырғысы, онда әр ұңғы шығымын есептейді және алдын–ала қабат суынан айырады;

– мұнай дайындау учаскесі, оған құбырлар, сораптар, резервуарлар, жылуалмастырғыштар кіреді;

– автоматтандырылған объектілерді қызмет етудегі апаттық ақпараттарды жинау мен оны хабарлайтын диспетчерлік пункті.

Мұнай мен газды жинау мен дайындау цехының негізгі міндеті – ұңғы өнімін жинау, әр ұңғы шығымын өлшеу және мұнайды шартқа сай дайындау.[2]

«Құмкөл» МГӨБ бойынша еңбекті және төлемақыны ұйымдастыру

Еңбекті қорғау өндірістің үйымдастырылуының бір бөлігі, онда жұмысшыларды алу, орналастыру және оларды пайдалану қарастырылады. Өнідірістің жұмыс уақытын және құралдарын максимал тиімділігін қамтамасыз етеді. Өндірісте еңбекті ұйымдастыруға келесілер жатады:

– жұмыс орнын ұйымдастыру және қызмет ету;

– жұмыс режимі;

– жұмысшыларды алу, орналастыру және біліктілігін көтеру.

Мұнай газ өндіру басқармасы 01.10.1996 жылдан бастап, министрлер кабинетінің 20.10.1995 жылғы қаулысы бойынша жаңа төлемақы жүйесіне көшті. МГӨБ бойынша жалақы төлеу сәйкесінше тарифтік мөлшерлермен төленеді, тек балалар бақшасында білім бойынша төленеді. Жалақы төлеу жүйесі бойынша ұңғыны жерасты жөндеу операторлары, жерасты жөндеу кезіндегі көтергіш машинистері және жөндеу–құрылыс жұмысшылары істейді. Мұнай өндіретін өнеркәсіптерінде алты разрядты тариф қолданылады. Жұмысшылар саны мен жалақы қоры, «Құмкөл» МГӨБ бойынша, 3.1-кестеде келтірілген.

3.1-кесте-Еңбек ақы қоры және жұмысшылар саны

Көрсеткіштер
жоспар нақты +/– %
Жалпы еңбек ақы қоры, мың теңге 90,26
Жұмысшылар саны, адам 98,13
Бір ұңғыға шаққандағы адам саны, адам/ұңғы 1,5 1,44 0,06

3.2-кесте-Мұнай және газ өндіру цехындағы тариф бойынша, жұмысшылардың разрядқа байланысты алатын жалақысы

Жұмыс орнының түрі Са–ны Раз–ряды Тариф бой.коэфф. Лауазым бой.жал-ақы Аудан коэфф. Айына барлығы, тг.
Цех бастығы 4,75
Жетек.инженер 4,18
Жетек.инженер 4,18
Жетек.геолог 4,18
Жетек.механик 4,18
Мұнайды дайын–дау пунктінің бастығы 3,68
М/ө бой. аға мастер, №1 3,15
М/ө бой. аға мастер, №2 3,15
М/ө мастері 2,95
Ұң.зерт.мастері 2,95
Механик 3,15
Механик 3,15
ҚҚҰ мастері 2,95
МДП мастер 1-ші категориялы 2,95
Экономист 3,5
Барлығы    

Мұнай және газды өндірудің өзіндік құнын талдау

Өнімнің өзіндік құны деп кәсіпорынның өнімді өндіруге кеткен шығындарының және басқа да қызмет көрсетулердің ақшалай түрі. Оған негізгі және жанама материалдар, энергия шығындары кіреді. Негізгі қордың және құралдардың амортизациясы да кіреді. Мұнай және газ өндірудің өзіндік құнын төмендету – мұнайгаз өндіру кәсіпорындарының негізгі міндеті болып табылады. Мұнай өндірудің және ілеспе газдың өзіндік құнының құралуы, мұнай кен орындарын игеру үрдістерінің жинақты қиын үрдістерімен, ұңғыны пайдалану, мұнайды тазалау мен айдау, міне осының бәрімен тығыз байланысты. «Құмкөл» МГӨБ-ң мұнай және газ өндіруінің өзіндік құнын талдауды 3.4-кестеде келтірілген.[3]

3.3-кесте-2009 ж. бойынша өндіру жоспарының орындалуының көрсеткіштері

Көрсеткіштер Жоспар Нақты +/– %
Өндірілген мұнай көле-мі, мың тонна 287,4 279,656 – 7,744 97,3
Тауарлы өнімнің көлемі, мың тонна 280,0 271,989 – 8,011 97,1
Тапсырылған өнім көле- мі, мың тонна 279,2 271,686 – 7,514 97,3

Мұнай өндіру жоспар бойынша орындалмады. Тоуарлы және тапсыратын өнім көлемі жоспардағыдан 2,9 және 2,7%–ке төмен болып шықты. Пайдалану шығындарын талдау үшін мұнай мен газды өндірудің өзіндік құнының калькуляциясын пайдаланамыз (3.4-кесте). Калькуляция өнімді өндіруге кеткен шығындарды есептеу үшін қолданылады. 1 тонна мұнайдың өзіндік құнын бүкіл бірлестік бойынша талдаймыз. Кестеден көретініміздей (3.4-кесте) 1 тонна мұнайдың өзіндік құны жоспар бойынша 4394 теңге, ал нақты 4653 теңге, 259 теңгеге артық.

3.4-кесте-«Құмкөл» МГӨБ бойынша 2009 жылғы мұнай мен газ өндірудің өзіндік құнының калькуляциясы

Көрсеткіштер Жоспар Нақты +/–
Мұнайды өндіруге кеткен энергия шығыны, мың теңге – 10298
Қабатқа жасанды әсер ету, мың теңге
Еңбек ақы қоры, мың теңге – 30131
Мұнайды жинау мен тасымалдау, мың теңге – 5830
Мұнайды технологиялық дайындау, мың теңге – 876
Әлеуметтік төлемдер, мың теңге – 1881

3.4-кестенің жалғасы

Ұңғы амортизациясы, мың теңге – 422
Жабдықтарды пайдалану, мың теңге
Цехтың шығындары, мың теңге – 13352
Басқа да шығындар, мың теңге
Оның ішінде ГБЖ, мың теңге
Жалпы өндірістік шығындар, мың теңге
Барлығы, мың теңге
             

«Құмкөл» МГӨБ бойынша 2009 жылғы бюджеттің орындалуы

«Құмкөл» МГӨБ бойынша 2009 жылға, ААҚ "Қазмұнайгаз" бекіткен бюджеті 1262752 мың теңгеге қарастырылған, ал нақты 1301278 мың теңге құрды, оның ішінде өндірістік өзіндік құн жоспар бойынша 1165228 мың теңге, нақты 1196174 мың теңге. Көріп отырғанымыздай бюджеттің орындалуы бойынша толығымен 38526 мың теңге артығымен орындалды.

Бюджеттіңтарамдарбойыншаорындалуыкелесідей:

– «Шикізат және құрал–жабдық» бабы бойынша жоспарда 60004 мың теңге, ал нақты 57493 мың теңге құрды, яғни 2511 мың теңге үнемделді. Осы тарам құрамына кіретін «химреагенттер», «әртүрлі құбырлар», «тиек арматуралары» бойынша 12353 мың теңге үнемделді;

– «Жаранмай» бабы бойынша бюджетте 32597 мың теңге қарастырылса, нақты 30009 мың теңге, 2588 мың теңге үнемделді. Өзіне жұмсалған мұнай шығынының өсуі 1697 мың теңге, коллекторлардың тозуына байланысты мұнайдың ішкі айдауларындағы жоғалысы 400 теңге және ААҚ «Қазмұнайгаз» бекіткен, 201 тонна, сыртқы айдауға шығарылды;

– «Энергия» бабы бойынша бюджетте 87728 мың теңге, ал нақты 170567 мың теңге құрды. Үнемдеу, 17181 мың теңге, энергиямен қамтамасыз етудің қолайландыру шараларына байланысты;

– «Геологиялық барлау жүмыстарына» жоспар бойынша 271107 мың теңге, ал нақты 334013 мың теңге құрды;

– «Жүктерді тасымалдау» бабы бойынша аздап өсу, 48 мың теңгеге, бұның себебі жаппай тазалау жұмыстарына байланысты қосымша транспорттардың қолданылуы;

– «Күрделі жөндеу» тарамы бойынша жоспарда 57520 мың теңге, ал нақты 55800 мың теңге;

– «Басқа шығындар» бойынша жоспарда 49971 мың теңге, нақты 74970 мың теңге, яғни 25179 мың теңгеге артық. Оның себебі скважина өнімділігін арттыру тәсілдері мен скважинаны перфорациялауға кеткен шығындардың өсуі;

– 1999 жылғы бюджетте геофизикалық зерттеулерге 2089 мың теңге қарастырылса, нақты 3404 мың теңге құрды;

– «Негізгі құралдардың тозуы» бойынша амортизацияға жұмсалған шығын нормада;

– «Басқада жұмсаулар» тарамы бойынша жоспар 27242 мың теңге, ал нақты 26412 мың теңге, үнемделу 830 мың теңге. Бұның себебі қымбат тұратын байланыс құралдарының арқасында;

– «Командировкалық шығындар» бұл бойынша жоспарда 5000 мың теңге, ал нақты 5056 мың теңге. Өсудің себебі жол жүру ақыларының өсімі;

– «Жалақы төлеу» тарамы бойынша жоспарда 388107 мың теңге, ал нақты 356105 мың теңге;

– «Аралық шығындары», жоспар бойынша 97524 мың теңге, ал нақты 105104 мың теңге, 7580 мың теңге артық.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, өндірілген тоуарлық өнімнің 1554035 мың теңге мөлшерде және нақты шығын 1301278 мың теңге – шартты пайда 2527057 мың теңге құрды. 1 тонна өндірілген мұнайдың құны жоспарда 4394 теңге, нақты 4653 теңге.

«Құмкөл» МГӨБ бойынша 2010 жылы өзінің жұмысын бюджетке сай атқарды деп айтуға болады.

3.5-кесте-Тарамдар бойынша пайдалану шығындары

Наши рекомендации