Зін-өзі қабылдау және өзін-өзі болжауы өзін-өзі дамытудың механизмі ретінде
«Өзін-өзі тану» пәні : қазіргі жайы және даму болашағы. «Отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда үлкендер мен бала арасындағы сыйластық, махаббат пен мейірімділік – шапағат шуағымен ізгілік нұрына бөленуі тиіс.Өйткені біз баланы- адал еңбек етіп, елін, халқын сүюге тәрбиелеп отырмыз. Сондықтан, ұл- қызымызға көзбе-көз айтқан сөзіміз, берген тәрбиеміз жүректен жүрекке жетсе, қандай ғанибет!» Сара Алпысқызы Бүгінгі заман жаңа технологиялар дәуірі, жаңа үрдіс, жаңа түсінік пен мінез – құлықтың заманы. Заманына сай мұғалім де, жаңашыл, жан – жақты, ұшқыр ойлы оқушымен жұмыс жасауға ерік – жігері, қабілеті бар болуы қажет. Әрбір мұғалім оқушының ішкі жан дүниесін жазбай танитын сарапшы, олардың мүмкіндіктерін байқайтын психолог, жақсы іс — әрекетке бағыттайтын әдіскер болып табылады. Менің өзін — өзі тану мамандығын қалауымның басты себебі – оқушы бойына ізгілік пен адамгершілік шуағын шашу, балалар өмірді танып үйренумен қатар, олардың ойларын тыңдай келе, олардың адами ақиқатты ұғына алатындығына көзім жетті. Ең бастысы олардың тіпті ең кішкентайларының өзі де сөзіне және істеріне жауаптылық сезімдеріне ие. Бұған куә өзім өтткізген «Отанымды сүйемін», «Қазақстан – ынтымақ ордасы», «Сенім – менің серігім» т.б. атты сабақтарым барысында оқушылардың ойлау қабілеттерімен дүниетанымдылық қызығушылықтары басым екенін байқадым. Сабақ барысында «Я, жоқ» өз түсінігінді дәлелде, ойының қолдану барысында, балалар өз ойларын өмірмен байланыстырып, дәлелдеуге талпынып жатады. Қазіргі кезде өскелең ұрапақты тәрбиелеу алға қойып отырған негізгі мақсаттардың бірі – қоғамда өзіндік орны бар, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, мемлекетіміздің болашағы жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы мақсатты жүзеге асыруда «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызының «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім жобасы республикамыздың білім беру мекемелерінде, балабақшаларда эксперименттік пән ретінде жүргізіліп келеді. «Өзiн – өзi тану» - бұл өзiнiң потенционалды және жеке бас қасиетiн, көшбасшылық ерекшелiгiн, мiнез-құлқын, өзiнiң қатынасын өзге адамдар арқылы өзiн тану үрдісi. Өзiн-өзi танудың ғылыми тұрғыдан қарастырғанда, психологияда кеңiнен ашылып көрсетiледi: - өзiн-өзi тану – психологиялық кемелдi және iшкi үйлесiмдiлiктi қабылдау құралы. - өзiн-өзi тану - тұлғаның психикалық және психологиялық денсаулықты қабылдау жағдайы. - өзiн-өзi тану - тұлғаның өзiндiк дамуының бiрден-бiр жолы және оның жүзеге асырылуы. Бұл мәндер өзара тығыз байланыста болып келедi және олар бiр-бiрiн толықтырып отырады. «Өзін-өзі тану» сабағы- адамның қиялына қанат бітіретін , салауатты өмір салтына бастайтын игіліктердің жиынтығы. Тақырып аясында берілетін сан түрлі сапа, адами ізгі қасиет, үлгі –өнеге, айналаға деген ыстық ықлас пен өмірге деген іңкәр сезім т.б. өмірлік құндылықтарды баланың зердесіне жеткізетін әрине, ұстаз. Олай болса, өмір оқулығындай ғажап дәрістерге толы бұл пәнен сабақ беретін ұстазға қойылар талап та ерекше. «Мұғалім өзінің білімділігі мен жүріс – тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішінімен, киген киімімен де оқушысына жақсы мағанада қатты әсер етеді», - деп Мәлік Ғабдуллин айтақандай пән мұғалімінен баланың жүрегіне жол тауып, олардың көңіліне адамгершілік рухын себе білу шеберлігі талап естіледі. «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімінің мінезі ашық-жарқын, айналасына тартымды, этика-эстетикалық сабасы жоғары, шығармашлық, әрекеттке жұмылдыра алатын адам болуы тиіс. Аталған мақстақа жету үшін келесідей міндеттерді шешу қажет: 1. «Өзін-өзі тану» пәнінің қазіргі таңдағы жағдайын зерттеу және келешегіне болжау жасау; 2. «Өзін-өзі тану» пәнінің оқу бағдарламасында алатын орнын анықтау; 3. «Өзін-өзі тану» бағдарламасының рухани – адамгершілік тәрбие жүиесіндегі маңыздылығын зерттеу; 4. «Өзін-өзі тану» мен өзін-өзі тәрбиелеудің психологиялық мәнін зерделеу; 5. «Өзін-өзі тану» пәнінің мақсаты мен міндеті, принциптерін жіктеу; 6. «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың әдіс-тәсілдері, формаларының тиімді жолдарын анықтау. Еліміздің егемендігі нығайып, ертеңіне сеніммен қадам басқан шағында заманына сай адамын тәрбиелеу басты міндет. Осы өрелі жолда ұрпақ өнегесі, олардың адамдық болмысы жайлы ой толғап, рухани-адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын «Бөбек» қорының президенті С.Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» авторлық бағдарламасының алға қойған мақсатының өзі ерекше. «Өзін-өзі тану» оқушыны өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзін-өзі жетілдіруге,қоғамда және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт-бағдарын анықтауына,өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді. Сабақ барысында оқушылардың бір-біріне деген алақан жылуын беру арқылы бір-біріне ақ жүрекпен айтқан тілектері, арман тілегін айта отырып, өзіндік «менін» қалыптастыру, бойындағы күш қуатын жақсылыққа бағыттау, өзін жеке тұлға ретінде сезінуі — «өзін-өзі» танудағы игі нәтижелер екені анық. «Өзін-өзі тану» пәні болашақ ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік қайнарын сіңіріп,мінез-құлқын тәрбиелеуге,жалпыадамзаттық құндылықтарды, адамгершілік принциптері мен мұраттарды өмір бойы басшылыққа алатын жеке тұлға қалыптастыруға негізделген. Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын ортасы бар екенін ескере отырып, оқушының білімге, ғылымға деген ынтасын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, диалектикалық дүниетанымын, өмірлік мақсат-мүддесін айқындауға, жеке басының қасиеттерін дамытып оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу мектеп өміріндегі үздіксіз оқу-тәрбие процесінің ғана жемісі болып табылады. Осы орайда «Өзін-өзі тану» пәнінің басты ерекшелігі өскелең ұрпақтың тұлғалық потенциалының дамуына, өзіндік қасиетінің ашылуына, шығармашылық және танымдық белсенділігін ынталандыруға, балаларға сүйіспеншілік, мейірімділік, ақиқат, адалдық, шыншылдық, сұлулық, рақымдылық, мінез-кұлық дұрыстығы арқылы үйлесімді жан-жақты дамыған адам қалыптастыруға бағдарланған. «Өзін-өзі тану» пәні басқа пәндерден алған білім мазмұнын толықтырып, адам баласын адамгершілікке, мейірімділікке, кішіпейілділікке баулитын пән. Бұл пәннің әрбір сабағы балаларды достыққа, сыйластыққа, әсемдікке, әдептілікке шақырады. Себебі: күнделікті сабақ шаттық шеңберінде бір-біріне деген сезімдерін білдіріп, қуанышпен басталса, жүректен жүрекке әдісі арқылы алдағы күндеріне сәттілік тілеу арқылы аяқталады. Мінекей, ал осы екі әдіс-тәсіл арасында оқушыларға қаншама жақсы игі тілектер мен өмірдің әсем де керемет және ол қайталанбайтындығын мұғалім мейірімділікпен жеткізеді. Әрбір сабақта адам баласына қуаныш сыйлау, мейіріммен қарау, кішіпейіл болу, үлкенді құрметтеу туралы бойына сіңіріп өскен жас ұрпақ міндетті түрде солай болуға тырысады. Қоршаған ортаның әсемдігін көріп, оның сұлулығын сезе білген адамзат баласы жақсылыққа ұмтылады. Атам қазақ қашанда ар-ұжданды, намысты дүние-мүліктен жоғары қойған. Дос үшін өзінің күш-жігерін аямаған, бауырына, досына, жақындарына көмекке қай кезде де дайын тұрған. «Өзін-өзі тану» пәні біздің бойымызға осындай қасиеттерді ұялатып, жан-жағындағыларға тек жақсылық тілеп, жанашырлық танытатын, кез-келген ортада өзін жақсы ұстай алатын, өмір сүруге құштар тұлға қалыптастырады. Өзін-өзі тану арқылы жеке тұлғаның бойында рухани-адамгершілік қасиеттердің қалыптасып, дамуын қамтамасыз етуімен, адамзаттың табиғатпен үйлесімділікке дамуын сезіндірумен айқындалады. Өзін-өзі тану бастауыш буында оқитын жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамытуда, оның бойында жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыруда ең маңызды орын алады, адамгершілікке тәрбиелеудің негізі, қарым-қатынас жасау мен дүниетанудың құралы, баланың зердесі мен шығармашылығын дамытудың арнасы. Ол арқылы оқушы қоршаған ортаны таниды, ұлттық мәдениетті, дүниетанымды сезіне бастайды, өзіндік пікірі қалыптасады, өзін-өзі танудың қарапайым қадамдарын жасай алады. Өзін-өзі тану әңгімелесуге, шындықты бірлесе іздестіруге, білімді бірге игеруге, өздік шығармашылықты, ішкі белсенділікті оятуға бағытталған. Жеке тұлғаның бойында жақсы көру, бейбітшілік, әдептілік, шыншылдық, аяушылық, адалдық, имандылық, сыйластық, достық, сүйіспеншілік, кішіпейілділік, жанашырлық, жақсылық жасау, әділеттілік, елжандылық, ізеттілік, сенім, махаббат, қайырымдылық, қамқорлық жасау сияқты құндылықтарды қалыптастыру көзделген. «Өзін-өзі тану» сабақтарының өзіндік ерекшелігін байқататын «Шаттық шеңбері», «Армандайық», «Өзіммен-өзім», «Әңгімелесейік», «Сергіту сәті», «Сахналау», «Ойын-Жаттығу», Жүректен –жүрекке шеңбері» балалардың дамытушы ортасын құруға ықпал етеді. «Өзін-өзі тану» сабақтарында ұсынылып отырған ойындардың басым көпшілігі балаларды мейірімділікке, достыққа, сүйіспеншілікке, сыйластыққа үйретуді көздейді, яғни сабақтардағы ойындардың өздері бала бойына жалпыадамзаттық құндылықтарды сіңіруді көздейді. Рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа-қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ. «Мен үш қасиеттімді мақтан тұтам», — депті Ақан сері. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым. Жеке тұлғаны қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге тәрбиелеу — адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты. Мақсатқа жету үшін сан алуан кедергілер болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап қалыптастыру жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды. Рухани адамгершілік тәрбиенің қайнар көзі саналатын «Өзін-өзі тану» пәні баланы жастайынан отаншылдыққа, әдептілікке, достыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, мейірімділікке, табиғатты сүюге, отбасын сыйлауға, ұйымшылдыққа үйретуге, ұрпақ бойына жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік принциптер мен мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алатын тұлға қалыптастыруға негізделген. Адамзат табиғаттың ажырамас бір бөлшегі, адам табиғатта тіршілік етеді, оның мөлдіреген суын, биік тауларын, әсем бұлттарын, әсем де ерекше жыл мезгілдерін тамашалай отырып, осы кең байтақ жерімізді аялауға, кәусардай мөлдір суын ластамауға баулуымыз керек деген тәрбиенің қайнар көзі — осы «Өзін-өзі тану» пәні десек қате емес. Туған ел, туған жер, өскен орта туралы түсініктерін кеңейту, туған елге деген сүйіспеншілік, құрмет сезімдерін дамыту, туған тілін сүюге, елжандылыққа тәрбиелеу – пәннің негізгі мақсатының бірі. «Өзін-өзі тану» пәні сабағында көзделген мақсат әрбір баланың өз бойындағы шығармашылық әлеуетін тани және аша білуге, өзінің эмоциялық көңіл күйі мен мінез-құлық мотивтерін ұғына білуге, бағалай білуге мүмкіндік туғызу. Мұғалім балалармен жеке тұлға ретінде қарым-қатынасқа түсе отырып баланы өзі туралы айтуға, баға бере білуге, өзінің сезімін, мінез-құлқын, әдет дағдысын бақылай және басқара білуге, сонымен бірге жанындағы адамдарды табиғи болмысымен қабылдау, ізгі ниет, ықылас таныта білуге үйретуді көздейді. Осы пән арқылы оқушы келешекте бойына мейірім мен рахымшылдықтың, адамгершіліктің, әділдіктің, шынайылықтың дәнін себуге болады. Болашақ ұрпақтың бойына рухани адамгершілік қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуге, жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік принциптер мен мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алатын тұлға қалыптастыруға негізделген. Жас ұрпақтың қабілеті мен мүмкіншілігін жан-жақты ашып, адамгершіліктің биігіне көтеретін, ізгілік пен сұлулықтың шын мағынасын түсінуге, шынайы мейірімділік пен ақиқатқа ұмтылуға, өз өмірін жоғары мәнмен өткізуге жетелейді. Оқыту үрдісі әдетте сабақ арқылы жүзеге асады, мұнда мұғалім мен оқушы бірлесе отырып, бірқатар оқу іс — әрекеттерін бастан өткізеді. Сол себепті де мұғалім үшін жаңа білімді нақты әрі ұтымды етіп қалай жеткізе алуы, оқу сапасын қалай тексеріп бақылауға алуға тиістілігі айқын болғаны жөн. Қазіргі дидактика оқушыны басты нысана ретінде қарастырады. Сол себепті баланың дүниетанымына әсер ету барысында сабақтың әдісін түрлендіріп отыруы қажет. «Білегіңе емес біліміңе сен, білім таусылмайтын кен» демекші білімді адамның ойлауы мен дүниетанымдық көзқарасы да кең болады. Сабақ барысында тапсырма сипаты бойынша қайжылы болды? Қалай болды? Немесе, берілген материалды өз сөзіммен басқаша жеткіз. Сөйлемді аяқтаңыз, қорытынды жасаңыз. Өз шешіміңізді көрсетіңіз, оқыған мәтінің құндылығын бағалаңыз, қаншалықты дұрыс? Жетістіктерін атаңыз? деген сияқты сұрақтан – сұрақ туындатып, берілген материалды жан – жақты талдау жасасақ, баланың бойындағы ізденушілік қасиеті басым, дүниетанымы кен оқушы. Бұл сауалдарға мүдірмей жауап беруі қақ. Адам негізінен әдемілікке, әсемдікке жаны құмар, сол себепті шығармашылық тапсырмалардың өзі де баланың шабытын шыңдай түседі. өлең шығару, сурет құрастыру, сөзжұмбақ құрау бәрі баланың қызығушылығын арттыруы сөзсіз. Қазақстан қоғамындағы өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік білімі мен тәрбиесі жалпыадамзаттық, жалпыұлттық және тұлғалық құндылықтардың үйлесімді жинақталуына бағытталған. Қазақ халқының ғұлама ғалымы әл-Фараби: «Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді және адамның басына қонған бақтың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты» деген екен. Ал өзіңді алға қарай жетілдіру және бойында жақсы мінез-құлық қалыптастыру ең алдымен өзін-өзі танудан басталады. Өйткені, өзіңнің кім екеніңді, қандай екеніңді білмесең, жетілдіру тәрбиесінің қай бағытта жүретінін және қандай мінез-құлық қалыптастыру қажеттігін білу қиын. Өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу мәселесі әрқашан өзекті болып отыр. Еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның бастамасымен білім беру үдерісіне енгізілген рухани-адамгершілік тәрбиеге күш берген «Өзін-өзі тану» бағдарламасы осы-рухани-адамгершілік тәрбиеден бастау алып, жан-жақты жетілген тұлғаны қалыптастыруды қолдайды. Біздің халқымыз үшін жан-жақты жетілген тұлға дегеніміз, ең алдымен ұлттық тәрбиенің нәрінен сусындап, бала жастан бойында ұлттық тәрбиені қалыптастырған жан. Яғни, жастарға нақты білім негіздерін меңгертіп, олардың бойына рухани-адамгершілік қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуге, жалпы азаматтық құндылықтарды өмір бойы басшылыққа алып, өмір сүретін тұлға қалыптастыруымыз қажет. Қоғам дамуында біздің күнделікті қарапайым тіршілігімізде сүйіспеншілік пен ізгілік, мейірімділік пен қайырымдылық, шыдамдылық пен имандылық, адалдық пен ибалық сияқты асыл қасиеттер керек. Осы адами қасиеттерді жүзеге асыру біздің негізгі мақсатымыз екендігі сөзсіз. Еліміздің ертеңі – ұрпақ тәрбиесіндегі ортақ мүддеміз үшін жасалып жатқан барша істерге сәттілік тілейміз. механизмі ретінде