Кәсіби өзін-өзі тану және өзін-өзі дамытуды психологиялық-педагогикалық қолдау

«Өзін-өзі тану» пәні жоғары кәсіби білім беру бағдарламасының жалпыға міндетті пәндері қатарына кіріп, адамның рухани мүмкіндіктерін дамыту,байыту; адамгершілік-рухани жағынан бай адамды, мәдениет пен әлеуметтік шығармашылық субъектісін қалыптастыру мақсатын көздейді. Студенттік жылдары болашақ маманның жеке тұлға ретінде интенсивті дамуы мен кәсіби қалыптасуы жүзеге асады. Жас адамның мінез-құлық ерекшелігі айқындалып, азаматтық сана-сезімі қалыптасады. Гендерлік сәйкестікке, сонымен бірге жыныстық-рөлдік қатынсатардың өзгеруіне негізделген сезімдік-эмоционалдық қарым-қатынас саласы кеңейеді.Өзін-өзі тану өмірдің адам үшін маңызды аспектілерін актуалдандырып, әрбір адамның жалпыбілімдік мүмкіндіктерін мейлінше кеңейтуге жағдай туғызады, атап айтқанда: жынысы, жасы, анатомиялық және психологиялық қажеттіліктері, тума қабілеттері мен бейімділігі, қажеттіліктері мен сұраныстары, мотивтері мен әр түрлі мәдени сипаттағы (этникалық,конфессиялық, гендерлік т.б.) қызығушылықтары. Жалпыға міндетті жаңа пән арқылы әрбір адам өзінің даралығы мен бейімділігін танып, анықтайды, жалпыадамзаттық, жалпыұлттық қазақстандық идеалдармен сәйкес келетін өзінің жеке құндылықтарының жүйесін қалыптастыра алады. Өзін-өзі тану өмірлік мәні бар мәселелерді қарастыра отырып, болашақ мамандардың ерекше мәдени кодтар және образдар арқылы жаңа тәжірибелер үшіна шықтық, әлеуметтік жауапкершілік, басқа адамдардың қабылдап, түсіну,шығармашылық белсенділік және өмірді оптимистік қабылдау мен өзін түсініп,танып-білуге негізделген даралық және кәсіби өсуіне жағдай жасап,көмектеседі.Өзін-өзі тану бойынша сабақтан тыс әрекет күнделікті өмірде алған білімді іс жүзінде қолдану арқылы қоғам үшін белсенді қызмет етуді көздейді.Өздігінен білім жетілдіру — кәсіби кемелдену.Қазіргі қоғам адамнан прогрессивті ойлай алатын, белсенді әрекетті, жан – жақты болуды талап етеді. Біздің елімізде жаңаша білім беруде әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің қатарына ену мақсатында түрлі шаралар атқарылуда. Бүгінгі білім беру үрдісі адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, әр адамның өзінің «Менін» сезінуге, толықтыруға көмектесетіндей, сыртқы әлеммен әлеуметтік қарым-қатынастарда өз орнын табуға, өзін шығармашылықпен өзгертуге белсенділік танытуға ықпал етуі тиіс. Бүгінгі таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етеді. Білікті ұстаз, білімді маман болу үшін — әрбір мұғалім өз білімін үздіксіз көтеріп отыруы тиіс.Білімін тұрақты көтеріп отыру – мұғалімдердің құқықтары әрі міндеттері, білім беру жүйесінің тұрақты дамуының кепілі, мемлекеттің дамуының құралы болып табылады.Мұғалімнің кәсіби шығармашылығы -оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгеруімен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның білім беру аясы да соғұрлым кең болмақ.Аталған талаптар мұғалімнің шығармашылық іспен айналысуын қажет етеді. Жаңашыл мұғалім – өзін – өзі дамытып отыратын түлға. Олай болса «өзін – өзі дамыту немесе жетілдіру » деген не? Соған тоқталайық :Өзін – өзі жетілдіру дегеніміз – өздігінен білім алу, өз бетімен оқу, жетілу процесі болып табылады.Өздігінен білім алудың мақсаты: Оқу және тәрбие әдістерін жетілдіру және кеңейту мақсатында жалпы педагогикалық және психологиялық білімдерін жетілдіріп, кеңейту; Өз пәнінің саласы бойынша терең білім алу; Озық педагогикалық тәжірибелер мен педагогикалық ғылым жетістіктерін меңгеру;Мұғалімнің жалпы біліктілік, білімділік деңгейін жетілдіру,Әдістемелік тақырыбы мұғалімдердің жұмыс жоспарында ашылуы тиіс.Мұғалімнің өзін – өзі жетілдіруге түрткі болатын мәселелермен қажеттіліктері:Күнделікті ақпаратпен жұмыстануы. Мысалы ата – аналар жиналысын өткізу, сайыстарға, мектепшілік шараларға қатысу үшін мұғалімде ақпарат іздеуге және жаңа ақпаратты талдауға қажеттілік туындайды;Шығармашылық шабыты;Ғылымның қарқынды өсуі;Қоғамда болып жатқан өзгерістер және оның дамуы;Бәсекелестік (әріптестер арасындағы бәсекелестік);Қоғамдық көзқарас , айналасындағы адамдардың осы ұстаз туралы пікірлері;Материалдық стимул. Аттестаттау комиссиясының пікірі, санаты, өтемақы немесе марапаттаулар;Қызығушылық;Мұғалімнің өздігінен білім алуын және оны жетілдіруді қажет ететін негізгі бағыттар:Кәсіптік (пәнді оқыту бойынша);Психологиялық — педагогикалық (оқушыларды және ата-аналарды бағыттау);Психологиялық (имидж, пікірлесу, көшбасшылық қасиеті);Әдістемелік (педагогикалық технологиялар, оқытудың әдіс-тәсілдері, формалары);Құқықтық;Эстетикалық;Тарихи ;Шет тілдері;Ақпараттық-компьютерлік технологиялар;Қызығушылықтары, хоббиі;Өзін – өзі дамытудың негізгі түйіні неде? Мұғалім өзін – өзі дамыту барысында ақпаратты әртүрлі білім алу көздерінен алады және алған ақпаратын сабақта немесе өмірде пайдаланады. Осындай ақпарат көздері өзіндік, кәсіби өсуге ықпал ететін білім көздеріне бөлінеді.Өздігінен білім алу көздері: семинарлар мен конференциялар шебер сынып іс-тәжірибе алмасу бойынша іс-шаралар біліктілікті жетілдіру курсы ашық сабақтарға қатысу экскурсиялар, театрлар, мұражайлар, концерттер, газеттер, журналдар әдебиет (әдістемелік, ғылыми, көркем)интернет.Мұғалімнің өзін – өзі жетілдіру формалары:Өзін – өзі дамытудың формаларын екіге бөлуге болады.Жекеленген және топтық.Мұғалімнің өзін – өзі дамыту процесінің құрамдас бөліктері:Мұғалімнің өзін – өзі дамыту барысындағы іс – әрекеттерін алатын болсақ , олар – оқу, үйрену, зерттеу, талдау, бақылау және жазу болып табылады.Осы іс – әрекеттердің мұғалімнің кәсіби аймағындағы рөлі қандай?Жаңа педагогикалық технологияларды, білім беру тәсілдерін, әдістерін үйреніп, қолдану.Әріптестерінің сабағына қатысу, тәжірбие алмасу.Өзінің педагогикалық шығармашылығына жүйелі түрде өзіндік талдау жасау.Қазіргі кездегі психология – педагогикалық аумағында білімін үнемі жетілдіріп отыру.Еліміздегі саясаттағы, мәдениеттегі, экономикадағыжаңалықтардан хабардар болу.Өзінің жалпы мәдениетін, құқықтық білімін көтеріп отыру керек.

Тақырып 12. Кәсіптік қатынас, тәлімгерлік, портфолио педагогтың өзін өзі кәсіптік тануы мен дамуының құралы ретінде

Мақсаты:Кәсіптік қатынас, тәлімгерлік, портфолио педагогтың өзін-өзі кәсіптік тануы мен дамуының құралын талқылау.

1. Кәсіби қарым-қатынас: түсінігі, мәні, құрылымы

2. Педагогикалық қарым-қатынас стилі және қызметтері

3. Педагогтың кәсіби құзыреттілігінің жалпы сипаттамасы

Кілттік сөздер: ақпараттық-коммуникативтік, реттеуші-коммуникативтік, аффективті-коммуникативтік.

Наши рекомендации