Тақырып. Педагог идеалы кәсіби өзін-өзі тану және өзін-өзі дамытуының ерекшеліктері

Дәріс жоспары (1 сағат)

1. Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы және өзін-өзі дамытуы педагогикалық әрекеттің табысты болуының шарты ретінде

Педагогтың өзін-өзі кәсіби кемелдендіруі – педагогтық қасиеттерді мұғалім өз алдына қоятын шарттар мен талаптарға сәйкес жетілдіріп, дамытуға бағытталған процесс.

Педагогтың табысты өзін-өзі кемелдендіруі талап шегі оның қазіргі дағдылары мен машықтарынан недәуір жоғары қойылады дегенді білдіреді, олай болмаған жағдайда қолда бар мен қаланатынның арасында қайшылықтар пайда болып, өзін жетілдіру үшін атқарылатын жұмыстар еш нәтиже әкелмейді.

Педагогтың өзін-өзі кемелдендіру ісіндегі жұмыс өрісі барынша кең. Кез келген педагогтық машықта шеберлікті шыңдай беруге болады. Өзін-өзі кемелдендіружолында алдына міндет қоюда қателеспеу үшін, педагогтың кәсіби қызметіне қойылатын стандарт талаптарды анықтап алайық.

1. Білімді болу. Бір кісі педагогты айсбергке теңеген екен. Айсбергтің ұшар басы ғана жұртқа көрінеді, ал тереңде қандай қуатты күш жатқанын білетіндер аз. Әр педагог ең алдымен жоғары білімді, дүниетанымы кең адам болуы тиіс.

2. Балаларды жақсы көру және олармен тіл табыса білу – мұғалімнің кәсіби қасиеттеріне қойылатын басты талаптардың бірі. Тек балаларға деген шынайы қатынас, олардың басына білім салып, ойлануды үйретуге деген шынайы ниет қана мұғалімге кәсіби қызметінде биік нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

3. Оқыту әдістемелерін меңгеру де – педагогтың ажырамас кәсіби қасиеті. Педагог ондай әдістемелерді неғұрлым жақсырақ меңгерсе, оның сабақтары да соғұрлым жемісті болмақ.

4. Сабақтың құрылымына, материалды баяндауға шығармашылық тұрғыдан қарау. Әр жаңасабақ – баяндалатын материалды қайтадан «бастан кешіру». Ол неғұрлым қызықтырақ ұсынылса, оқушылар да оны оңайырақ игереді.

. Баланың әр жасына лайық психологияны білу. Бұл педагогтың негізгі білімдерінің бірі, ол оқушылардың көптеген қылықтарының себептерін анықтауға көмектеседі.

Жоғарыда аталған талаптардың барлығы педагогтың кәсіби қызметі үшін айрықша маңызды.

Алайда, әр мұғалім тек өз қасиеттерін өз бетімен сараптай келе және оларды талаптарға сәйкестендіре отырып қана өзінің кәсіби қасиеттеріне баға беріп, қай тұсын алдымен жетілдіру керек екенін сезе алады. Педагогтың өзін-өзі кәсіби кемелдендіруі– педагогтың өз қолымен істелетін шаруа! Педагогтардың әлеуметтік және кәсіби позицияларының позицияларының нақты болуы педагогикалық мамандыққа қойылатын маңызды талаптардың бірі. Білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру міндеттері әдетте мұғалімге қойылатын талаптардың өсуімен және сапасын дамытумен байланысты. Көп жылдар бойы педагог іс-әрекетінің объектісі ретінде оқушы саналды. Ал, мұғалім педагогикалық іс-әрекетінің объектісі ретінде көрінеді.

Педагог позициясы – интеллектуальды, ерік, эмоционалды-бағалы қатынастардың қоршаған ортаға, педагогикалық шындыққа, педагогикалық іс-әрекетке қатынастарының жүйесі. Ол бір жағынан, қоғам қоятын талаптардан көрінсе, екінші жағынан, белсенділік сапаларынан – педагогтың мотив, мақсат, бағалы құндылықтары, дүниеге көзқарасы, мұраты арқылы көрінеді.

Педагог позициясынан оның жеке басы, әлеуметтік бағалы сапасы, азаматтық мінез-құлқы, әрекеті көрініс береді.

Педагогтың әлеуметтік позициясыжалпы білім беретін мектепте қалыптасқан пікір, түсінік, бағалы құндылықтары жүйесінен туындайды. Кәсіби даярлық негізінде оларда педагогикалық мамандыққа, мақсатқа, педагогикалық іс-әрекет құралдарына деген мотивациялық-бағалы қатынас қалыптасады. Педагогикалық іс-әрекетке деген мотивациялық-бағалы қатынас мұғалім бағыттылығынан көрінеді.

Педагогтың әлеуметтік позициясы кәсіби позицияныда анықтайды. Педагогтың кәсіби позициясының таңдауына көптеген факторлар әсер етеді. Бірақ олардың арасында жеке тұлғаның кәсіби бағдары, дара типологиялық ерекшелік, темперамент, мінез көп әсер етеді.

Л.Б.Ительсон педагогикалық позицияларға мынадай сипаттама береді. Педагог:

Егер ол талап, норма, көзқараспен т.б. ғана шектелсе, онда ол – ақпаратшы.

Егер ол бала жанын түсінуге ұмтылса, онда ол – жолдас.

Егер ол тәрбиеленушілердің санасына норма мен бағалы құндылықтарды күштеп игертсе, онда ол – диктатор.

Егер ол осторожное уговариваниені пайдаланса, онда ол – кеңесші.

Егер ол тәрбиеленушінің алдында төмендеп, одан қандай болу керектігін сұраса, онда ол – сұраушы.

Егер ол тәрбиеленушіні мақсат, идеялармен, перспективалармен қызықтырса, онда ол – вдохновитель.

Бұл позициялардың әрқайсысы тәрбиешінің жеке тұлғасына байланысты

жағымды және жағымсыз әсер беруі мүмкін.

2. Педагогтың жеке тұлғасына қойылатын кәсіби талаптар

Педагогтың жеке тұлғасына қойылатын кәсіби талаптар жиынтығы педагогикалық іс-әрекетке кәсіби даярлықретінде анықталады. Оның құрамында бір жағынан психологиялық, психофизиологиялық, дене даярлығы болса, екінші жағынан ғылыми-теориялық, практикалық жан-жақтылықты атауға болады.

Кәсіби даярлық мазмұны педагогикалық білім беру мақсаты ретінде профессиограммадаберіледі, онда жеке бас параметрлері мен мұғалімнің кәсіби іс-әрекеті көрсетіледі.

Қазіргі кезде мұғалімнің профессиограммасын құрастырудың бай тәжірибесі жинақталған. Бір-бірімен тығыз байланысты және бір-бірін толықтыра алатын үш кешенді атап көрсетуге болады:

жалпы азаматтық сапа,

мұғалім мамандығын анықтайтын сапалар,

мамандық немесе пән бойынша арнайы білім, іскерлік, дағды.

Психологтар профессиограмманы құрғанда педагогикалық

қабілеттерге тоқталуды ұсынады. В.А.Крутецкий дидактикалық, академиялық, коммуникативті қабілеттерді, педагогикалық шығармашылықты және зейінді бөле алу қабіліттілігін көрсетеді.

А.И.Щербаков маңызды педагогикалық қабілеттерге дидактикалық, құрылымдық, перцептивті, экспрессивті, коммуникативті, ұйымдастырушылықты көрсетеді. Сонымен қатар ол мұғалімнің жеке басының психологиялық құрылымында жалпы адамзаттық сапаны, адамгершілік-психологиялық, әлеуметтік-перцептивті, дара психологиялық ерекшеліктер және практикалық іскерліктер мен дағдыларды бөледі. Практикалық іскерліктер мен дағдыларға:

жалпы педагогикалық (ақпараттық, мобилизациялық, дамытушы, бағдарлаушы),

жалпы еңбек (құрылымдық, ұйымдастырушылық, зерттеушілік),

коммуникативті (әр түрлі жастағы адамдармен қарым-қатынас),

өздігінен білім алу (білімді жүйелеу және қорытындылау, оларды педагогикалық есептерді шешуде, жаңа ақпарат қабылдағанда қолдана алу).

Мұғалімнің профессиограммасында оның жеке басының бағыттылығы маңызды орын алады. Оның бағыттылығының сипаттамасына: әлеуметтік-адамгершілік, кәсіби-педагогикалық, танымдық бағыттылығы жатады.

Педагогикалық бағыттылық негізі мұғалім мамандығына қызығушылықболып табылады. Оның өзі балаға, ата-анаға, педагогикалық іс-әрекетке дұрыс қатынасынан көрінеді. Педагогикалық атағыныңпедагогикалық қызығушылықтан айырмашылығы, ол педагогикалық іске деген қабілеттілік.

Педагогикалық атақ (презвание) болашақ педагогтың теориялық және практикалық тәжірибесінің толықтырылу және педагогикалық қабілетін өзін-өзі бағалау процесінде қалыптасады.

Педагогикалық атақ негізіне балаларға деген сүйіспеншілік жатады. Бұл сапа мұғалімнің кәсіби-педагогикалық бағыттылығын сипаттайды.

Осындай сапалар ішінен педагогикалық борыш пен жауапкершіліктіатап кетуге болады. Педагогикалық борышты біле отырып, мұғалім балаларға, ересектерге көмек жасай отырып, өз-өзіне жауап береді, педагогикалық моралькодексіне сүйенеді.

Педагогикалық борыштың жоғары түрде көрінуі мұғалімнің самоотверженность болып табылады. Еңбекке деген мотивациялық-бағалы қатынасы көрінеді бұл сапада. Мысал ретінде А.С.Макаренко мен В.А.Сухомлинский өмірі мен шығармашылығын жатқызуға болады.

Мұғалімнің әріптестерімен, ата-аналармен, балалармен өзара қатынастары педагогикалық тактмәнін түсіндіруге тырысады. Педагогикалық такт көбінесе педгогтың жеке бас сапаларынан көрінеді, атап айтқанда, мәдениетіне, еркінен, азаматтық позициясы мен кәсіби шеберлігінен. Ол мұғалім мен оқушы арасындағы дұрыс қарым-қатынастың негізі болып табылады. Педагогикалық такт, әсіресе, педагогтың бақылау-бағалы әрекетінен көрінеді, ал оның өзіне ерекше зейінділік пен шындық қажет.

Педагогикалық шындықмұғалімнің объективтілігін, адамгершілік тәрбиесінің деңгейін өлшейтін сапа.

Педагогтың кәсіби-педагогикалық бағыттылығын сипаттайтын жеке бас сапасы оның беделіненкөрінеді.

Жеке тұлғаның танымдық бағыттылығының деңгейінің негізі рухани қажеттіліктер мен қызығушылықта.

Жеке тұлғаның рухани және мәдени қажеттіліктері білімге деген қажеттіліктен туады. Педагогикалық өзіндік білім алудың үздіксіздігі – кәсіби дамудың қажетті жағдайы. Танымдық қызығушылықтың негізгі факторларының бірі – өз пәніне деген қызығушылық. Қазіргі мұғалім ғылымның әр түрлі саласынан хабардар болу керек, ол өз пәнін жақсы біліп, әлеуметтік-экономикалық, өндірістік, мәдени міндеттерді шешу мүмкіндіктерін білуі керек. Сонымен қатар жаңа зерттеулерді, жаңалықтарды, болжамдарды біліп, ғылымның жақын және алыс перспективаларын білуі керек.

Мұғалімнің танымдық бағыттылығының бірі ғылыми-педагогикалық ойлау мәдениеті. Оның негізгі көрінісі – ол диалектикалық бірлікте. Ол кез келген педагогикалық құбылыстың қарама-қайшылықтарынан тұрады. Педагогикалық құбылыстарға диалектикалық көзқарас мұғалімге оны процесс ретінде қабылдауға көмектесіп, жаңа мен ескінің күресі негізінде үздіксіз даму болады.

2. Педагог тұлғасының құрылымдық компоненттері.

Қазіргі таңда еліміздегі білім беру жүйесінде бағалаудың екі түрі де қолданылып жүр.Критериалды бағалау екіге жіктеледі. Біріншісі: жиынтық және қалыптастырушы.Жиынтық бағалауды оқыту үшін бағалау,қалыптастырушы бағалауды оқу үшін бағалау деп атайды.«Бағалау » термині латын тілінен аударғанда «жақын отыру »деген мағынаны білдіреді. Ғалымдар тарапынан,бағалаудың араларындағы айырмашылықтар 1960 жылдардан бастап зерделеніп,мәні нақты анықталуда. Біз бүгін жаңа не білдік?Бағалау оқушыға шынайы әрі нақты қойылу қажет. Егер баға белгілі бір дискрипторларға сүйенбей қойылса , үлкен дау жәнеоқушылардың ынта мен қызығушылықтарының төмендеуіне әкеліп соғатыны бүгінгі топтық жұмыс барысында байқалды.Топтарға берілген Тапсырма: «Топ болып Алма ағашын жасау.» Алма ағашын топ болып бірігіп жасадық,бірақ біз дайындаған алма ағашының макетіне сараптаушы топ «3»деген бағаға лайық деп санады.Біз жасаған «Алма ағашына» төменгі баға қойылғаны бізге эмоциональды түрде ерекше әсер қалдырды. Бағалау үдерісі кезіндегі өз тәжірибемізде болған жағдай маған ерекше әсер етті?Не себепті? Себебі: Бала жұмысын ,іс-әрекетін,шығармашылығын бағалауда ең тиімдісі: өзара бағалау екенін түсіндім.

Зерттеулерге сүйенсем өзара бағалаудың нақты 3 критерийлері бар:

1.Не тексерілу керек екенін түсіну қажет

2.Оқушыларға өзінің жұмыстарын қайта қарауға мүмкіндік беру.

3.Өз жұмыстарын жақсарту үшін не істеу керектігін анықтауға көмектесу.

Осы жерде Қайта қарауға мүмкіндік беру «бес»балдық бағалауды қоймастан бұрын жүргізілсе оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығы басылмас еді деп ой түйдім. Біз үшін орын алған бүгінгі қиындық біздің алдағы уақытта сынып оқушыларымызбен өзара байланыста кездесуі мүмкін проблемаларды қалай шешуге болатынын нақты ұғындырды.Сараптаушының немесе топ жұмысының талапқа сай болмауы мектеп тәжірибесінде орын алатын шынайы құбылыстар. Мен сараптаушының осылай төменгі деңгей қойып бағалағанына бір жағынан қуандым. Себебі: кез келген адамның қателігі болуы шынайыдүние .Біз де дәл осындай шынайы дүниені өз бойымыздан топ болып сезіндік . бірақ біз бір нәрседен ұттық деп ойлаймын . Бұлай ойлауыма не себеп? Оқушы бойларынан өтетін сезімдерді біз нақты түсініп оны түсінуге сенімін арттыруға қалай жұмыс жасау керектігін ,қандай әдіс-тәсілдерді қолдануға болатынын пайым жасадық .Дәл осылай жағдай сыныптағы топтарда болса біз бұл кедергілерді жою амалдарын қолдану дағдыларын меңгердік деп айта аламын. Яғни, сыни ойлау,өз-өзін реттеу,мұғалім тарапынан жеткілікті дәрежеде қолдау көрсету,қателермен жұмыс жасау үшін уақыт бөлу қажет екенін үйрендік.Циммерман өзін- өзі бағалауды «өзінің оқу үдерісінде оқушылардың метатанымдық, ынталандырушылық және мінез-құлықтық белсенділігі» ретінде сипаттайды.Не түйдім ,нені меңгеріп қалай өзгердім?Қателіктер жасалуы мүмкін. Оқыту үрдісінде барлығымыз да қате жібереміз.Қателіктен сабақ алып ,сындарлы ойлап,өз-өзімізді рететсек өз-өзімізге деген сеніміміз нығая түседі,ағаттықтарды жою үшін не істеуге болатынын білу дағдысы бойымызда қалыптасты және дағдыларды табысты қолдана аламыз деп ой түйдім. Педагог тәрбиеленушінің сеніміне, сүйіспеншілігіне әділетті болғанда ғана бөлене алады. Сондықтан ұжымдағы тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы адамгершілік – психологиялық ахуал шешуші рөл атқарады.
Балаларды қызықтыру, білім алудың қажет екенін сезіндірудің маңыздылығына нақты іс - шараға қатысуын қамтамасыз ету арқылы көз жеткізеді, бұл табысқа жетудің алғашқы қадамы болып саналады.
Жұмыстың келесі кезеңі – тәрбие ісін жүзеге асыру барысында балаларды ұйымдастырып, топтық ұжымдық, ұжымдық ынтымақтасуы мен шығармашылық іс - әрекетін жүзеге асыру.
Педагог тәрбиеші жобалай, болжай білу керек. Бір күн, бір апта, бір ай, бір жылды жобалап, болжай білген жөн.
Сонымен бірге, тәрбиешінің тәрбиеленушімен белсенді қарым-қатынас құра білу тыңдай да, тыңдата да білу керек. Дер кезінде батыл шешім қабылдай алуы да маңызды. Жоғары рухани деңгейі, зиялылық, жұмсақ жымиыс, жайлы дауыс, жеңіл әзіл ең кішкентай балалардан бастап, ересектерге де ұнайды.
Жеңіл әзіл арқылы шиеленісті жағдайдың бетін қайтаруға болады.
Педагог – тәрбиеші үздіксіз даңқ пен табысқа кенеле бермейді. Қиын жағдайларда тығырықтан шығу үшін жеңіл әзіл (юмор) керек - ақ.

Педагог - тәрбиеші өзін - өзі бақылап, педагогикалық іс - әрекетін дер кезінде түзете білген жөн.
Педагог тәрбиеші оқушы тұлғасына тәрбиелік ықпал етуді біріктіре, кіріктіре білгені дұрыс. Отбасы, мектеп, достарын қамтып, мезгілінде көмекке келе білу керек. Педагог кейбір шиеленісті жағдайдан өзінің интуициясы және шығармашылығы арқылы ғана шыға алады. Психолог, педагог П. П Блонский « Нағыз мұғалім энциклопедиялық сөздік емес, алайда ол Сократ»- деп жазған еді.( 2/б. 618)
Нағыз педагог ең алдымен шығармашыл және кәсіби ойлайтын адам екені анық. Бақытты педагог қана оқушыларын бақытқа кенелте алады. Тек мейірімді мұғалім ғана оқушыға мейірім дәнін себе алады. Өзін - өзі дамыта алатын педагог оқушыларын өзін - өзі дамытуға ынталандыра алады. Сондықтан біз оқушыларымыз күткендей мұғалім болуымыз өте қажетті.

Тақырыптық жоспар, сабақ жоспарын жасағанда оқытушы тек өзінің жұмысын ғана емес, оқушылардың іс - әрекетінің сол пәнге деген жеке көз қарасымен білім деңгейін, қызығуы мен қабілетін ескерте отыру қажет. Оқушылардың алуан түрлі іс - әрекеттерін жобалаған кезде оқытушы ұжымдық және жекелік шешім қабылдау үшін жан - жақты міндеттер мен тапсырмаларды іріктеу керек: репродуктивті және шығармашылық, оқытушылық, дамытушылық және жаттығушылықты ескерген жөн. Қазіргі оқытушылар оқу материалын проблемалы түсіндіру, эвристикалық әңгіме жүргізе білу, дискуссиялық жағдай жасай алуы, интеллектуалды - шығармашыл ахуал жасау, студенттердің оқу - зерттеушілік қызметін ұйымдастыруы қажет.

Шәкірт тұлғасын өз пәнін жетік білуге оқыту арқылы тәрбиеленеді. Концепция мен технологияларды оқыту мен тәрбиелеу, жұмыс түрлерін жинақтау педагогикалық қызметті тиімді етеді. Әрбір оқытушының өзінің шығармашылық лабораториясы болу керек, дидактикалық материалдар комплексі, аудио, видео, техникалық құралдар, компьютерлік техниканы меңгеру және пайдалану ғана қалыпты жағдайы болуы тиіс. Оқытушы бүкіл әдіс - тәсілдерін біріктіріп, кіріктіріп пайдаланғанда жоғары көрсеткіштерге жетеді.

Педагог - әдіскер. Қазіргі жағдайда педагог қызметінің ауқымы кең және алуан түрлі. Оның негізгі бағыттарының бірі – әдіскерлік мәдениетін өзін - өзі дамытуы, кәсіби шеберлігін үздіксіз арттырып отыруы. Әдіскер – педагог өзінің жұмысын жоғары деңгейде жүргізіп қана қоймай, басқаларға өз тәжірибелерді тауып, танып, тарата білу керек; б) оқу - әдіскерлік проблемаларды танып, талдама жасайды; в) алуан түрлі әдіскерлік жұмыстарды тиімді тұтастыра білуі керек; г) жас педагогтардың өзін - өзі дамытуға көмек береді. Өзін - өзі дамытуға бағдарлама құрғанда жалпы - мәдени, философиялық - әдістемелік, тәрбиелік, дидактикалық, педагогикалық, психологиялық, техникалық дайындықтарға назар аударады. Әдістемелік жұмыстың өз мәнінде жүруіне «ашық сабақтардың» рөлі зор. Педагог өз оқу орнының көлемінде шектеліп қалмай, семинарларға, конференцияларда қатысу белсенділік танытады. Білім жетілдіру курстарына қатысады.

Педагог – зерттеуші. Педагог зерттеуші ретінде өзінің педагогикалық қызметінде қайшылықтар мен қиындықтарға кездеседі, оны шешуге деген қажеттілік туындайды. Жұмысқа шығармашылықпен қарау, шабыттану – зерттеушіліктің қозғаушы күші болып табылады. Педагогикалық инновацияның дамуына байланысты, педагогикалық эксперимент жүргізе отырып тіпті жас педагогтар да өзінің зерттеушілік қабілетін дәлелдей алады. Сондықтан педагогикалық негізгі міндеттерінің бірі методикалық мәдениет арқылы өзін - өзі дамыту болып табылады.

Наши рекомендации