Тақырып 11. Рефлексия педагогтың өзін-өзі тану механизмі ретінде.

Мақсаты:Кәсіби өзін-өзі тану және өзін-өзі дамытуды психологиялық-педагогикалық қолдауын талдау.

1. Рефлексия.

2. Педагогтың «Мен -тұжырымдамасы»

3. Кәсіби өзін-өзі тану және өзін-өзі дамытуды психологиялық-педагогикалық қолдау

Кілттік сөздер: этникалық,конфессиялық, гендерлік

1. Рефлексия (лат. reflexio - кейінге оралу) - бейнелеуді, сондай-ақ таным актисін зерттеуді білдіретін термин. Әртүрлі филос. жүйеде рефлексияның мазмұны бірдей емес. Лоқтың ойынша, түйсік сыртқы заттармен тікелей ұштасады, ал бақылау сананың ішкі іс-әрекеттеріне бағытталғанда рефлексия ерекше білімнің бастамасы болмақ. Лейбниц үшін, рефлексия - адамның жан дүниесіндегі өзгерістерге көңіл бөліп, елеушілік, Юмнің ұйғарымынша, идеялар - сырттан қабылдайтын әсерлерді рефлексиялау. Гегель үшін, рефлексия - екі түрлі нәрсенің мысалы, мен құбылыстың өзара бейнеленуі. <<Рефлекстеу>> термині сананы өз-өзіне үңілдіруді өз психикалық күйіне ой жРефлексия

Қазіргі таңда еліміздегі білім беру жүйесінде бағалаудың екі түрі де қолданылып жүр.Критериалды бағалау екіге жіктеледі. Біріншісі: жиынтық және қалыптастырушы.Жиынтық бағалауды оқыту үшін бағалау,қалыптастырушы бағалауды оқу үшін бағалау деп атайды.«Бағалау » термині латын тілінен аударғанда «жақын отыру »деген мағынаны білдіреді. Ғалымдар тарапынан,бағалаудың араларындағы айырмашылықтар 1960 жылдардан бастап зерделеніп,мәні нақты анықталуда. Біз бүгін жаңа не білдік?Бағалау оқушыға шынайы әрі нақты қойылу қажет. Егер баға белгілі бір дискрипторларға сүйенбей қойылса , үлкен дау жәнеоқушылардың ынта мен қызығушылықтарының төмендеуіне әкеліп соғатыны бүгінгі топтық жұмыс барысында байқалды.Топтарға берілген Тапсырма: «Топ болып Алма ағашын жасау.» Алма ағашын топ болып бірігіп жасадық,бірақ біз дайындаған алма ағашының макетіне сараптаушы топ «3»деген бағаға лайық деп санады.Біз жасаған «Алма ағашына» төменгі баға қойылғаны бізге эмоциональды түрде ерекше әсер қалдырды. Бағалау үдерісі кезіндегі өз тәжірибемізде болған жағдай маған ерекше әсер етті?Не себепті? Себебі: Бала жұмысын ,іс-әрекетін,шығармашылығын бағалауда ең тиімдісі: өзара бағалау екенін түсіндім.

Зерттеулерге сүйенсем өзара бағалаудың нақты 3 критерийлері бар:

1.Не тексерілу керек екенін түсіну қажет

2.Оқушыларға өзінің жұмыстарын қайта қарауға мүмкіндік беру.

3.Өз жұмыстарын жақсарту үшін не істеу керектігін анықтауға көмектесу.

Осы жерде Қайта қарауға мүмкіндік беру «бес»балдық бағалауды қоймастан бұрын жүргізілсе оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығы басылмас еді деп ой түйдім. Біз үшін орын алған бүгінгі қиындық біздің алдағы уақытта сынып оқушыларымызбен өзара байланыста кездесуі мүмкін проблемаларды қалай шешуге болатынын нақты ұғындырды.Сараптаушының немесе топ жұмысының талапқа сай болмауы мектеп тәжірибесінде орын алатын шынайы құбылыстар. Мен сараптаушының осылай төменгі деңгей қойып бағалағанына бір жағынан қуандым. Себебі: кез келген адамның қателігі болуы шынайыдүние .Біз де дәл осындай шынайы дүниені өз бойымыздан топ болып сезіндік . бірақ біз бір нәрседен ұттық деп ойлаймын . Бұлай ойлауыма не себеп? Оқушы бойларынан өтетін сезімдерді біз нақты түсініп оны түсінуге сенімін арттыруға қалай жұмыс жасау керектігін ,қандай әдіс-тәсілдерді қолдануға болатынын пайым жасадық .Дәл осылай жағдай сыныптағы топтарда болса біз бұл кедергілерді жою амалдарын қолдану дағдыларын меңгердік деп айта аламын. Яғни, сыни ойлау,өз-өзін реттеу,мұғалім тарапынан жеткілікті дәрежеде қолдау көрсету,қателермен жұмыс жасау үшін уақыт бөлу қажет екенін үйрендік.Циммерман өзін- өзі бағалауды «өзінің оқу үдерісінде оқушылардың метатанымдық, ынталандырушылық және мінез-құлықтық белсенділігі» ретінде сипаттайды.Не түйдім ,нені меңгеріп қалай өзгердім?Қателіктер жасалуы мүмкін. Оқыту үрдісінде барлығымыз да қате жібереміз.Қателіктен сабақ алып ,сындарлы ойлап,өз-өзімізді рететсек өз-өзімізге деген сеніміміз нығая түседі,ағаттықтарды жою үшін не істеуге болатынын білу дағдысы бойымызда қалыптасты және дағдыларды табысты қолдана аламыз деп ой түйдім.

2. Педагогтың «Мен -тұжырымдамасы»

"Мен" тұжырымдамасы негізінде жеке адам өзгелермен қарым-қатынас жасап, өзіне деген көзқарасын қалыптастырады. Адам бойындағы “мендік” қасиет адамның іс-әрекеті мен әлеуметтік ортамен қарым-қатынас жасауы барысында қалыптасады. Кез келген адамның өз “менін” айыра алуы тұлғалық қасиеттің өзекті белгісі болып табылады. "Мен" тұжырымдамасы әлеуметтік өзара іс-қимылдың алғышарты мен салдары бола тұра, әлеуметтік тәжірибе барысында анықталады.

Оны құрайтындар:

шынайы “мен” (осы шақтағы өзі туралы түсінік),

идеалдық “мен” (өзінің пікірі бойынша, субъектінің моральдық нормаларға бағдар алғанда қандай болуға тиіс екендігі),

серпінді “мен” (субъектінің қандай болғысы келетіндігі туралы ниеті),

фантастикалық “мен” (егер мүмкін болса, субъектінің қандай болуды армандайтындығы), т.б.

"Мен" тұжырымдамасының қалыптасуы адамдар арасында қызмет алмасу жағдайында жүріп, оның барысында субъект “басқа адамға айнадағыдай көрінеді” және сол арқылы өз менінің бейнесін сақтап, айқындайды және түзетеді.

Наши рекомендации