Балалардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру жолдары

Құқықтың тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғары идеялык пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың асыл міндеттерін атқарады. Мемлекетіміз жастарға құқықтың тәрбие беру ісіне үнемі маңыз беріп келеді. Қазақстан заңдарына терең құрмет сезімін қалыптастыру, оларды сөзсіз сақтау және орындау -ұзақ уақыт тәрбие жұмысын жүргізудің жемісі. Көбіне құқықтық сананың төмендегі, материалдық және рухани игіліктердің не екенін жөнді түсінбеушілік қоғамға жат қылықтарды туғызады. Сондықтан да әр оқушының санасына құқықтық нормаларды жеткізу, жеткізіп қана өоймай оның күнделікті мінез-құлық нормасына айналдыру үшін күресу құқықтық тәрбиенің міндеті болып табылады.
Құқықтың тәрбие негізі отбасынан басталады. Қоғамдағы тәртіпсіздік пен қылмыстың көзі - маскүнемдік. Азғындықтың құзына итермелейтін жағдайлардың алғышарты осыдан басталады. Мектеп жасындағы жастар арасында бұл теріс құбылыстың орын алып отырғаны жасырын емес.
Оқушылардың тәртіп бұзуының бір жағы отбасында жатыр. Бізде отбасы әр қилы: маскүнемдікпен күн өткізетін, ұрыс -керістен көз ашпайтын, басқалардың, мемлекеттің есебінен арам жолға барып қалғысы келетін отбасылары бар. Осындай отбасында өскен баланың оқуға, еңбекке қалай қарайтыны өз-өзінен түсінікті емес пе? Мұндай отбасында тербиеленген бала қылмыс жасауға бір табан жақын тұрады. Арамтамақтық өмірді жақсы көреді, өзімшіл болады.
Оқушылар арасында құқықтық тәртіпті бұзушылықтың алдын-алу үшін жүргізілетін шаралар:
- тәртіп бұзушының теріс мінез-құлқын қалыптастыруға ықпал ететін жағдайды жою;
- оқушының тәрбиесін, өмір жағдайын, ортасын сауықтыру;
- оқу,еңбек іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру;
- отан қорғау, туған елдің күш-қуатын молайту, сөз, баспа-сөз бостандығы мәселелері жөнінде тәрбиелік іс-шараларды откізу.
Құқықтың тәрбиенің бір үшы жыныстық тәрбиеге де байламысты екені даусыз. Көңілі сүйген адамына үйлену, отбасы құрау, бала сүю және оны бағып-қағуға қамқорлық, айырылысқан жағдайда балаларға жәрдем көрсету - бәрі де жастардың жете түсінуін, ұғынуын қажет ететін заңдар мен міндеттер. Қазіргі студент - ертеңгі маман, өндіріс жетекшісі, басшы. Демек, кәсіптік оқу орнын тәмамдаған оған кәсіби мамандықпен қатар құқықтың тәрбие де ете керек. Педагогика мен тәрбиенің халықтық ұстанымын ғылыми тұжырымдаған орыс педагогы К.Д.Ушинскийдің: "өмірде де, ғылымда да барлық халықтарға бірдей тура келетін тәрбие жүйесі жоқ. Әр халықтың ұлттық тәрбие жүйесі әр-түрлі. Өз еліне басқа елдің тәрбие жүйесін енгізу мүмкін емес, себебі халықтардың өмір сүру моделі де, тәлім-тәрбие моделі де әр басқа" дегенін қайда қоймақпыз.
Ауыл жастарының арасында құқықтық тәрбие жұмысын ұйымдастыруда олңылықтар бар. Жастар арасындағы насихат пен құқықтың тәрбие мәселесі жөнінде жоғары ұйымдары таранынан белгіленген шаралар жүзеге асырылып, қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру қажет.
Мектептер жаңа компьютерлермен жабдықталған, құқықтық тәрбие де өз жүйесін тапқандай. Мәдени шаралар жүргізуге арналған саз, құрал-жабдықтары бар.
Құқықтың тәрбие тура жолмен жүруге үйрететін әділеттілік әдістеріне сүйенеді. Адам мұндай жағдайда өзінің ар-ұятына жүгінеді.Оқушы өзінің айналасындағы адамдарды, әлеуметтік игіліктерді қате бағалауы мүмкін. Мұның өзі оның көбіне көп құқықтың тәрбиені бұзуына әкеліп соқтырады.
Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан - 2030" стратегиялық бағдарламасында Отан қорғау мен оның қауіпсіздігіне ерекше мөн бергені мәлім. Қарулы күштерінің бір тармағы ретінде ішкі әскердің де іргетасы қаланды. Ішкі әскер барлық қазақстандықтардың, қарапайым азаматтардың мүддесін қорғаушы - құқықтың тәртіп әскері. Бұл мектеп, отбасы және қоғам жұртшылығының құқықтық тәрбие жұмысын жүргізудегі басты бағытының бірі - оқушылар арасында заң тәртібін бұзушылықтың алдын алу шараларын жүргізуге кең жол ашып отыр.
Құқықтың мәселелерді сөз ету, оны тыңдаушысына жеткізіп бере білу аса қиын өнер. Бүған тек қана білімді болу жеткіліксіз, сонымен бірге тәжірибелі, көпті көрген, адамдардық жүрегіне барар кілтті таба білер тәрбиеші болу маңызды.
Оқушылардың мектептегі өмірі тұлғаның азаматтық қалыптасуының шешуші кезеңі болып табылады. Осыжылдары адамгершілігі, дүниетінымы, сенімдері, ұжымшылдығы, тәртіптілігі, өзіне және басқаға талап қоюы, адалдығы мен шыншылдығы, қайырымдылығы мен ұстамдылығы, жігерлілігі мен батылдығы қалыптасады.
Бұлардың мазмұнына мемлекет заңдары және қоғамда өмір сүру ерекшеліктерін құрметтеу, қоғам заңдылықтарын бұзуға төзімсіздік, қоғамдьщ тәртілті сақтау да енеді. Құқықтық мәдениет екі тұрғыдан қаралады:
1. Құқықтық мәселелер, құқықтық қатынастар, құқықтық мекемелер әрекетін оқушының білуі.
2. Тұлғаның педагогикалық және психологиялық мәнінің құқықтық санаға әсері.
Адамның құқықтың мәдениеті күрделі. Әңгіме адам, оның санасы, мінез-құлқы, жүріс-тұрысы туралы болғанда, көптеген сұрақтар туындайды.
Құқықтық қоғам демократиялық принциптерге сүйене отырып, әр адамның шығармашылық күштерін, ниетін, ойын, сезімі, ұмтылысын толық және еркін жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Демократияны жетілдіру мемлекеттік және қоғамдық өмірдің құқықтық негізін бекітуге тікелей тәуелді. Мемлекет және қоғпм өмірінің құқықтық негізін бекіту процесі төмендегідей маңызды шараларды жүзеге асыруды қажет етеді.
- заңдылықтарды үздіксіз жетілдіру;
- заңның орындалуын бекіту;
- қоғамдық тәртіп орнатуға әрбір азаматтың қатынасуы. Бұдан заңдылық пен құқықтық тәртіптің бекітілуіне қамқорлық тікелей мемлекет мойынында болу қажеттігі шығады.
Адамның жалпы мәдениеті мен оның құқықтық мәдениетінің арасында тығыз байланыс бар. Сондықтан да құқықтық тәрбиені адамгершілік тәрбиесі теориясының құрамды бөлігі ретінде қарастырамыз.
Қоғамдық қайта құру кезеңінде құқықтың мәдениетті қалыптастыру барысындағы кемшіліктерді жеңу орын алады.
Құқық қоғам мен қоғамның өрбір мүшесінің бүкіл өмірін қамтып жатады. Құқықтық мәдениеті төмен дамыған адам тек заңның өрескел бұзылған жағдайында ғана оған зейін аударады да, құқықтық талаптарды мойындамаған көп жағдайларды байқамайды.
Заңды білмеу — құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен қүтқармайды. Бұл жерде оқушы заң және құқықтық мәдениет ұғымын шатастырмау керек. Құқықтық мәдениет оқушыдан жан-жақты құқықтық білімдерді талап етеді.
Адамның құқықтық мәдениеті — күрделі психологиялық құбылыс. Бұл құбылыс қоғамның, мемлекеттің көптеген маңызды салаларында көрінеді. Ең бастысы адамгершілікті адам тұлғасының сапалық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал жасайтын тәрбие құралдарының бірі - орынды тәртіп және мінез-құлық тәрбиесінің жоғары деңгейінде болуы.
Сонымен адамның құқықтық мәдениеті дегеніміз - орынды тәртіп пен мінез-құлық, жан-жақты құқықтың білімдерімен заңды құрметтеу, құқықты қорғау іс-әрекетінің терең бірлігі.
Саналы тәртіп пен мінез-құлықтарды құқықтың мәдениеттің іргетасы деп қарасақ, ол көркемөнер мәдениетімен қатынастар, сезімдер деңгейінде тікелей байланысады. Сезімдер әлемі эстетикалық қатынастарда негізгі рөл ойнайды. Әдебиет пен өнер бізге көркем бейнелерімен әсер етеді, оларды сезім арқылы қабылдаймыз. Өнердің көмегімен, әсіресе, өдебиет арқылы әлемді, қоғамдық қатынастарды танимыз.
Құқықтың мәдениеттің осы екі деңгейіне көтерілген, яғни құқықтың білімді меңгерген, заңды құрметтейтін адам заңға қайшы келетін әрекеттерден аулаң болады. Тек қана заңға сәйкес жүру дағдысы пайда болады. Мұны заңға мойынсүнушы-лық дейді. Бұл деңгейлік сатыда ішкі қозғаушы күш — адамның үяты, ар-ожданы. Ұят, ар-ождан және сенімдер адамның мәдениеті тек қана заңға мойынсұну емес, заңды қорғау үшін тұрақты белсенді әрекетке қатысуға дайын тұру.
Құқықты құрметтеу, әділдікті, борышты, жауапкершілікті, заңдылықты, сезіну - адам тұлғасының жоғарыдан көрінуі. Осыдан келіп заңдылықты сезіну құқықтық мәдениеттің құрамы екендігін түсіну қиын емес.
Қазіргі кезеңде қоғамның бірте-бірте демократиялық дамуы жалпы білім беретін орта мектептерде мектеп басшыларынан, мұғалімдерден құқықтық тәрбиені зор шеберлікпен, шығармашылықпен іске асыруды талап етеді.
2. Құқықтың тәрбиені заман талаптарына сай жүргізу үшін ең алдымен сынып жетекшілерінің және мектептердің озат тәжірибесін терең зерттеп, нәтижесін оқу және тәрбие жұмыстарында ұтымды, жинақты етіп пайдаланып, оңтайлы формалар, әдістер мен тәсілдерді іздестіру қажет.
Құқықтық лекториялар. Мектептерде жоғары сыныптар оқушылары үшін ұйымдастырылады. Лекторийлердің мақсаты -жеткіншектер мен жасөспірімдерді еліміздің заңдарына және халқына құрмет сезімін тәрбиелеу, құқықтық біліммен қаруландыру, оны насихаттау.
Лекториялардың жоспары бір жылға жасалып, онда лекциялар тақырыптары көрсетіледі.
Кинолекториялар - әр түрлі жастағы балалар үшін ұйымдастырылады. Оқушыларға жас ерекшеліктеріне байланысты түрлі көркемдік, хроникалық-құжаттық, ғылыми фильмдер, кино-фильмдер көрсетуге болады.
Жасөспірімдердің заң тану мектептері. Мұндай мектептерді жастар сарайы, жалпы білім беретін орта мектептердің жанынан ұйымдастыруға болады. Негізгі мақсат - жас түлектерді құқық және еңбек, азаматтық және заңдары жайлы біліммен қаруландыру. Мектептердегі құқықтық тәрбиенің басқа формалары: құқмқтық білім факультативтері, дәріс, баяндама, әңгіме, пікір-талас, олимпиада, кештер, сайыстар, т.б.

59, Ережелі ойындар: қимыл-қозғалыс ойыны, ермек, дидактикалық ойын, ұлттық ойын, компыотерлік ойындар

Ойын – іс-әрекеттің түрі. Мұның елеулі орны нәтижесінде емес, оныңбарысында. Психологиялық кернеуліктен құтылуға, яғни кездейсоқ (стрессовое)жағдайдан бастап, адамдар қатынысының үйлесімді әлеміне қосады. Ойынбарысында ересектердің әрекеттері арқылы қайта жаңғырту, қоршаған орташыедығын танудағы арақатынасында балалар үшін аса маңызды. Балалардың күш-қуатын, ақыл-ойын, мінез-құлқын тәрбиелеуге қызмет етеді. Заттық ойын – қоршаған заттар мен балалар ойыны барысында бала олардытиісті орында пайдалануды үйренеді. Рөлдік ойындар – бірлескен топтық ойын барысында балалар өздерініңарнайы жасаған көріністік жағдайларында өздеріне түрлі әлеуметтік рөлдердіалатын ойын. Символдық ойын – шындық симвлдар белгілер түрінде белгіленіп, аләрекеттер абстрактылы,символдық формада орындалатын ойын. Көріністік (сюжеттік) ойындар – адам өмір шындықтарын, ертегі,әңгімелерді және т.б. балалардың көріністік қайта жаңғырту ойыны. 2.«Ойынның психологиялық-педагогикалық негіздері» пәнінің дәрістікматериалдары. 1 тақырып: Ойын - психологиялық феномен ретінде Ойыншық – шынайы заттардың нақты бейнесі, балаларды қызықтырарлықтүрде оқытуға және ойнауға арналған арнайы зат: идеалогиялық әсер ету ментәрбиелеудің негізгі құралы. Жас ерекшелігіне байланысты ойыншықтарды жәнебалаларды негізігі міндеттеріне байланысты оларды ақыл – ой , ерік – жігержәне эстетикалық тәрбиелеуге , денесінің дамуына және ермек – ойыншықтардеп бөлуге болады. Балалардың ақыл – ойын дамытатын ойыншықтардың ішіндедидактикалық ойыншықтар үлкен орын алады. Олар ақылын, ойлауын, тіліндамытып, білім, дағды мен іскерлік жайлы бірқатар түсінік береді. Оларменойнай отырып , бала заттарды тануды , айыруды, заттың түсін, көлемі менпішінін атап, сандармен, цифрлармен танысып, ұсақ бөлшектерді тұтас бірзатқа жинап, оларды қайта бөлшектеді үйренеді. Олардың ішінде халықарасында кеңінен қолданылатын мынадай ойыншықтар бар: бір түстішеңберлерден тұратын конусты қамалдар (1.5-3ж) , түрлі -түстілері (3-7 ж) ,әр түрлі «бір – бірінің ішінен шығатын» - бөшкелер , жұмыртқалар, шарлар(1,5-5ж) ,матрешкалар (1,5-6ж). Балаларға берілген дидактикалықойыншықтардың қай жаасқа нақты берілгенін көрсету мүмкін емес, өйткені олойыншықтармен әр түрлі деңгейдегі ойындар ойналуы мүмкін. Жиналатын дидактикалық ойыншықтар балалар үшін ең бірінші өзіндікконструкторлар. Бұралатын бөлшектері бар ағаш ойыншықтар 4,5 – 5 жастағыбалаларға арналған. Баланың политехникалық біліміне техникалық ойыншықтар негіз болады. Әртүрлі жастағы балалар үшін дайын техникалық ойыншықтар мағынасы бойынша да,образы бойынша да ерекшеленеді. Мысалы, 2 – 4 жастағы балалар үшін паравозүлкен, ашық түсті бірнеше бөліктерден – дөңгелектен, машинист бөлімшесінентұрады; 5 – 7 жастағы бала дәлдікті қажет етеді – дөңгелектердегі рычагтардеген сияқты , ал кіші мектеп жасындағыларға өте үлкен бөлшектер қажет жәнеде паравоздың орнына тепловоз, электровозға ауыстыруды қажет етеді. Дайынтехникалық ойыншықтар қазіргі техниканы, өткен заманғы техниканы жәнеболашақтың техникасын да көрсетіп, бейнелуі мүмкін. Мектепке дейінгі балаларға арналған техникалық ойыншықтар балақолының түрткісімен қозғалуы мүмкін, инерттік механизммен қозғалысқа түсуімүмкін. Мектеп жасына дейінгі бала мен кіші мектеп жасындағы балалар үшінкейбір техникалық ойыншықтар дәлірек айтсақ, транспорттық және жолдық –құрылыстар үлкен мөлшерде жасалады және бала өзі мұндай машинаға отырыпқажет жұмысты ойында атқару үшін рөл мен рычагты қозғалысқа келтіреді. Мектепалды даярлық сыныптарында сабақтың өн бойы ойын әрекетінұйымдастыру арқылы жүзеге асады. Себебі, 5-6 жасар бала сабақ оқығаннангөрі ойын ойнағанды қалайды, зейіні тұрақсыз, бір іспен ұзақ уақытшұғылдана алмайды. Бала ойынмен өседі. Халқымыз бала мінез-құлқыныңқалыптасуында ойын әрекеті де елеулі мән атқаратынын жақсы аңғарған. Ойындабаланың қарым-қатынасы кеңейіп, таным қабілеті өседі, мінез-құлқықалыптасады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімділік, тәрбиелік,дамытушылық, мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуынаықпал етеді. Ойынды әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамныңдүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік сезімтал тұлға болмақ. Ойынадамның дамуына, қалыптасуына әр түрлі әсер береді. Кей бала ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімін білдіреді.Ойын – бала табиғатымен егіз, өйткені бала ойынсыз өспек емес, жан-жақтыдамымақ та емес. Ол – бала миын жаттықтыратын әрі тынықтыратын негізгіжаттығу. Мағжан Жұмабаев: «Ойын - баланың өз ісі. Баланың ойынына кірісушіболма. Баланы бір нәрсе бүлдірмес үшін тек шеттен бақыла. Есте болуы керек,бақылау деген сөз - қарауылда тұрған солдаттай қабағыңды түйіп, қарап тұрдеген сөз емес, олай тұрсаң бала ойынына кірісуші болма!».Ойынның дамуына және баланың ойынға араласуына әсер ететін факторлар өтекөп. Мысалы, үлкендердің ойынға басшылық жасауы, ойыншықтар, баланың өсетінортасы, балалар ұжымы, баланың тәрбиесі т.б. Дегенмен де ойын тек әрекетемес, балалардың да, үлкендердің де қызығушылық ермегі, адамды рахат пенқанағат сезіміне бөлейтін іс-әрекеті. Бала тұрмақ, үлкен адамдар да әлікүнге дейін ойнайды, әрине ойынның түрлері де, мазмұны да сан алуан.Балалар ойыны әр алуан, оның өзгеріп отыруы балалардың жас және дараерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, сюжеттік рөлді, қимыл-қозғалыс,драматизация, музыкалық, дидактикалық, құрастыру, ұлттық, спорттық,дамытушы ойындардың түрлері бар. Әрқайсының өзіндік мәні, ерекшеліктері,мазмұны, ережелері, тәртібі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық функцияларыбар.Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады.Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренкобылай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін,еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар.Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады.Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады».Ойын - қанағат алу үшін жасалатын іс-әрекет. Оқуда да, еңбекте де ойынэлементтерін қолдануға болады. Ойын туралы көптеген теориялар бар. Солардыңбірін алғаш рет жасаған Ф.Врубель. Ол ойын арқылы бала өзін-өзі көрсеткісікеледі дейді. М.Лазарус жұмыстан кейін дем алу теориясын, Г.Спенсерденедегі артық энергияны шығару, К.Круз тіршілік үшін күреске әзірлеуойындарының, С.Л.Рубинштейн еңбекке дайындайтын ойындарының теориясынжасады.Ойын әлеуметтік қызмет, ол баланың жасына қарай, өзін қоршаған ортаны таныпбілуге, оны өзгертуге құштарлығын арттыратын құрал. Онда танымдық жәнебағдарлық қызмет бар. Ойын арқылы бала білім алады, тәрбиеленеді, қоғамдықұрметтеуге үйренеді, ынтымақтасып жұмыс істеуге дағдыланып, ұтылуға емес,ұтуға тырысады. Ойын баланың психикасында сапалы өзгерістер туғызады, оқуәрекетінің негіздері қаланады.А.М.Горький: «Ойын арқылы бала дүниені таниды» - десе, А.С.Сухомлинский:«Ойынсыз ақыл – ойдың қалыпты дамуы жоқ және болуы мүмкін емес. Ойындүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың руханисезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады.Ойын дегеніміз – ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» -дейді.

Наши рекомендации