Тақырып 10 Корпорацияның қаржылық жағдайын бағалау және қаржылық тұрақтылыққа жету жолдары

Лекцияның мақсаты: Корпорацияның қаржы жағдайын бағалауды оқып-үйрену.

Негізгі сөздер: Активтер, қаржы тұрақтылығы, өтімділік

Негізгі сұрақтар:

1.Активтер мен олардың қалыптасу көздеріне жалпы баға беру

2.Корпорацияның қаржы тұрақтылығын талдау

3.Корпорацияның өтімділігін талдау

1.Корпорацияның қаржы жағдайын бағалау активтердің және олардың қалыптасу көздеріне баға беруден басталады. Баланс активін топтастырудың негізгі белгісі олардың өтімділік деңгейі болып табылады (қолма-қол ақшаға айналу жылдамдығына қарай). Осы белгіге сәйкес баланс активтері ұзақ мерзімді активтер және ағымдағы активтер болып бөлінеді.

Корпорация қаражаттары ішкі айналымда, сондай-ақ оның сыртында да қолданылуы мүмкін (дебиторлық қарыздар, басқа корпорациялардың акцияларын, облигацияларын сатып алу). Корпорация қаражаттарының дұрыс орналасуы қаржылық қызмете және оның тиімділігін арттыруда аса маңызды орын алады. Корпорацияның өндірістік және қаржылық қызметінің нәтижесі, сондай-ақ қаржы жағдайы көп жағдайда негізгі және айналым қаражаттарының көлеміне, олардың қаншасы өндіріс және айналыс саласында, ақшалай және материалдық нысанда болуына, сонымен қатар олардың тиімді арақатынасына байланысты болып табылады. Осыған сәйкес талдау процесінде бірінші кезекте активтердің құрамы мен құрылымы зерттелінеді және бағаланады.

Баланс активтері құрамы мен құрылымының динамикасын талдау корпорация мүлкінің және оның жекеленген түрлерінің абсолютті және қатынасты өсімінің немесе азаюынының шамасын анықтауға мүмкіндік береді. Активтердің өсуі (кемуі) корпорация қызметінің кеңейгенін (тарылғанын) бейнелейді. Ал тұтас активтер және оның жекеленген топтарының құрылымын талдау олардың орналасуы жөнінде баға беруге мүмкіндік береді.

Егер баланс активінде корпорация қаржаттары көрініс тапса, пассивінде олардың қалыптасу көздері көрініс табады.

Корпорацияның төлем қабілеттілігі көп жағдайда оның қарауындағы қаражат түрлеріне және олар неге салынғанына байланысты болып келеді.

Тиістілік деңгейі бойынша пайдаланылып отырған капитал меншікті (баланс пассивінің І бөлімі) және қарыз болып (баланс пассивінің ІІ және ІІІ бөлімі) болып бөлінеді.

Пайдалануына байланысты капитал ұзақ мерзімді тұрақты (перманентті) – баланс пассивінің І және ІІ бөлімі және ағымдағы – баланс пассивінің ІІІ бөлімі болып бөлінеді. Меншікті капиталдың қажеттілігі корпорацияның өзін қаржыландыру талаптарымен байланысты. Меншікті капитал корпорация тәуелсіздігінің негізі болып табылады. Бірақ корпорация қызметін тек өз қаражаттарының есебінен қаржыландыру әр уақытта тиімді бола бермейді (әсіресе оның өндірісі маусымды болса) Бұл ретте жекеленген уақытта олар жетіспейді. Сонымен қатар қаржы ресурсатарының бағасы төмен болса, ал корпорация несиелік ресурстар өтеміне қарғанда капитал салымының қайтарымын жоғарғы деңгейде қамтамасыз ете алса, онда қарыз қаражаттар қатыстыра отырып-ақ меншікті капиталдың рентабельділігін жоғарылата алады.

Корпорацияның қаржы жағдайы көп жағдайда меншікті және қарыз капиталының тиімді арақатынасына байланысты.

2. Корпорацияның қаржы тұрақтылығын талдау оның есеп беу кезеңіндегі қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарғаны туралы мәселені анықтауға мүмкіндік береді. Корпорацияның қаржы тұрақтылығы қатынасты және абсолюті көрсеткіштермен сипатталады. Осыған сәйкес корпорацияның қаржы тұрақтылығын талдау барысында оның қатынасты және абсолютті көрсеткіштері зерттеледі.

Қаржы тұрақтылығының қатынасты көрсеткіштері қаржы жағдайын сипаттайтын бірқатар коэффициенттермен сипатталады. Олар: тәуелсіздік коэффициенті, тәуелділік коэффициенті, қаржыландыру коэффициенті, қарыз және меншікті қаражаттардың арақатынасы коэффциенті, инвестицияларды өтеу коэффициенті, инвестициялау коэффициенті және т.б.

Қаржы тұрақтылығының абсолютті көрсеткіштері – тауарлы-материалдық босалқылардың олардың қалыптасу көздерімен қамтамсыз етілу дәрежесін көрсететін көрсеткіштер.

1.Меншікті айналым капиталының нақтылығы (Ма.к.). Бұл көрсеткіш меншікті капитал (Мк) мен ұзақ мерзімді активтердің (Ұа) айырмасы ретінде анықталады:

Ма.к.=Мк-Ұа

2.Тауарлы-материалдық босалқылардың меншікті және ұзақ мерзімді қарыздық қалыптасу көздерінің нақтылығы (Ма.к/ұз). Бұл көрсеткіш алдыңғы көрсеткішті яғни меншікті айналым капиталының ұзақ мерзімді міндеттемелер (Ұм) сомасына қосу жолымен мына формуламен анықталады.

Ма.к/ұ=Ма.к+Ұм

3.Тауарлы-материалдық босалқылардың негізгі қалыптасу көздерінің жалпы мөлшері алдыңғы көрсеткішті қысқа мерзімді несиелер мен қарыз (Қм) сомасына қосу жолымен мына формула арқылы анықталады:

НК= Ма.к/ұ+Қм

Тауарлы-материалдық босалқыларды қалыптастыру көздері нақтылығының үш көрсеткішіне тауарлы-материалдық босалқыларды қалыптастыру көздерімен қамтамасыз етудің үш көрсеткіші сәйкес келеді.

1.Меншікті айналым капиталының (Ма.к.) артықшылығы (+) немесе жетіспеушілігі (-).

±Ма.к.=Ма.к.-ТМБ

мұндағы: ТМБ – тауарлы-материалық босалқылар

2.Тауарлы-материалдық босалқылардың меншікті және ұзақ мерзімді көздерінің (Ма.к/ұ) артықшылығы (+) немесе жетіспеушілігі (-).

±Ма.к./ұ=Ма.к./ұ-ТМБ

3.Тауарлы-материалдық босалқыларды қалыптастырудың негізгі көздерінің артықшылығы (+) немесе жетіспеушілігі (-).

НК=НК-ТМБ

Тауарлы-материалдық босалқылардың олардың қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілуінің үш көрсеткішін есептеу корпорацияның қаржылық жағдайын оның тұрақтылық дәрежесі бойынша келесі төрт типке бөлуге мүмкіндік береді:

1)қаржы жағдайының абсолютті тұрақтылығы;

2)қаржы жағдайының қалыпты тұрақтылығы;

3)тұрақсыз қаржы жағдайы;

4)дағдарысты қаржы жағдайы.

Қаржы жағдайының абсолютті тұрақтылығы мына теңсізікпен сипатталады:

ТМД<Ма.к.

Бұл теңсіздік корпорацияның тауарлы материалдық босалқылары тек меншікті қаржаттарының есебінен қалыптастырылатын, яғни корпорацияның сыртқы тараптардан тәуелсіздігін білдіреді. Мұндай жағдай жиі кездесе бермейді. Оның үстіне бұл жағдай ойдағыдай деп қарастырылмауы мүмкін, себебі ол корпорация әкімшілігінің негізгі қызмет үшін қаражаттардың сыртқы көздерін пайдалана алмайтынын немесе пайдаланғысы келмейтінін көрсетеді.

Қаржы жағдайының қалыпты тұрақтылығы келесі теңсіздікпен сипатталады:

Ма.к./ұ<З<НК.

Бұл қатынас табысты қызмет атқарып жатқан корпорация тауарлы-материалдық босалқыларын қалыптастыру үшін қаражаттардың «қалыпты» көздерін – меншікті және қарыз қаражаттарын қатыстырып жатқан жағдайға сәйкес келеді.

Тұрақсыз қаржы жағдайы келесі теңсіздікпен сипатталады:

НК<ТМБ

Бұл теңсіздік корпорация өзінің тауарлы-материалдық босалқыларын қалыптастыру үшін «қалыпты» емес көздерді қатыстыруға мәжбүр болған жағдайға сәйкес келеді.

Дағдарыстық қаржы жағдайы жоғарғы атаған теңсіздікке қоса корпорацияда уақтылы өтелмеген несиелерінің және қарыздарының болуымен сипатталады. Бұл жағдай корпорация өз қарыздарын уақтылы өтей алмайтындығын, яғни банкротқа ұшырау жағдайында екенін білдіреді.

3. Корпорация өтімділігі негізінен алғанда баланс өімділігімен сипатталады. Сондықтан корпорация өтімділігін талдау үшін баланс өтімділігі көрсеткіштері зерттеледі.

Баланс өтімділігін талдау барысында өтімділік деңгейіне байланысты топтастырылған активтер бойынша қаражаттар мен өтелу мерзіміне байланысты топтастырылған пассив бойынша міндеттемелер салыстырылады. Ережеге сәйкес актив және пассив баптарын топтастыру қатаң тәртіппен жүзеге асырылады.

Өтімділік деңгейіне, яғни ақшалай қаражаттарға айналу жылдамдығына қарай активтер келесідегідей топтастырылады.

А1. Ең тез өткізілетін активтер. Әлемдік тәжірибеде оларға кәсіпорынның ақшалай қаржаттары мен бағалы қағаздарын жатқызады.

А2. Тез өткізілетін активтер. Оларға қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар мен басқа да активтер жатады. Дебиторлық қарыздар бойынша белгілі бір уақытта есеп айырысу шотына ақшалай қаражаттар келіп түсуі және өз міндеттемелерін өтеуге бағытталуы мүмкін. Кейінге қалдырылған дебиторлық қарыздардың өтімділігі төмен болып табылады. Өйткені олардың келіп түсу мерзіміне сенімділік жоқ.

А3. Жай өткізілетін активтер. Оларға баланс активі ІІ бөлімінің «Тауарлы материалдық босалқылар» бабы және І бөлімінің «Ұзақ мерзімді инвестициялар» бабы жатады.

Бұл жағдайда «Болашақ кезеңнің шығындары» бабы шегеріледі.

А4. Өткізілуі қиын активтер – Баланс активі І бөлімінің баптары (аталмыш бөлімнің топқа қосылған бабы қосылмайды).

Баланс пассивтері олардың өтелу жеделдігіне байланысты топтастырылады.

П1. Жедел міндеттемелер. Оларға уақтылы өтелмеген кредиторлық қарыздар, ссудалар, басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер, белгілі мақсатқа жұмсалмаған қызметкерлерге арналған ссудалар (белгілі мақсатқа жұмсалмағандықтан жедел өтелуі үшін өтімділігі өте жоғары активтермен қамсыздандырылуы тиіс) жатады.

П2. Қысқа мерзімді міндеттемелер – қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар, сондай-ақ қызметкерлерге арналған ссудалар.

П3. Ұзақ мерзімді міндеттемелер – ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздар.

П4 Тұрақты міндеттемелер – баланс пассиві І бөлімінің «Меншікті капитал» баптары. Актив пен пассив балансын сақтау үшін аталмыш топтың жинағынан баланс активі «Болшақ кезеңнің шығындары» бабының сомасы шегеріледі.

Баланс өтімділігін анықтау үшін актив және пассив бойынша аталған топтардың жинақтары салыстырылады. Егер келесі арақатынас орындалса, баланс абсолютті өтімді болып табылады:

А1≥П1

А2≥П2

 А3≥П3

 А4≤П4

Яғни, егер алғашқы үш теңсіздік бойынша активтің әрбір тобының сомасы онымен салыстырылып отырған корпорация міндеттемелері тобының сомасынан артық немесе тең болса, баланс өтімді болып есептеледі.

Корпорацияның төлем қабілеттілігі өтімділік көрсеткіштерімен сипатталады. Оларға абсолютті өтімділік коэффициенті, аралық өтімділік коэффициенті, ағымдағы өтімділік коэффициенті жатады.

Абсолютті өтімділік коэффициенті ақшалай қаражаттар мен бағалы қағаздардың ағымдағы міндеттемелерге қатынасымен анықталады.

Ол ағымдағы қарыздардың қай бөлігі баланс құру күнінде немесе жақын уақыт аралығында өтелетінін көрсетеді.

Оның оңтайлы мәні келесі түрде болып табылады:

Ка.ө.=0,2-0,5

Аралық өтімділік коэффициентін есептеу үшін жоғарғы аталған көрсеткіштің ағымдағы ақшалай қаражат құрамына дебиторлық қарыздар мен басқа да активтер қосылады.

Аралық өтімділік коэффициентінің оңтайлы мәні

Кар.≥1

Ағымдағы өтімділік коэффициенті ағымдағы активтер мен (болашақ кезеңнің шығындары шегерілген) ағымдағы міндеттемелердің арақатынасы арқылы анықталады.

Ағымдағы өтімділік коэффициентінің оңтайлы мәні:

Кағ.ө.≥2

Бақылау сұрақтары:

Корпорацияның қаржы жағдайын бағалау активтердің және олардың қалыптасу көздеріне баға беруден басталады. Баға берініз. Баланс активін топтастырудың негізгі белгісі олардың өтімділік деңгейі болып табылады (қолма-қол ақшаға айналу жылдамдығына қарай). Осы белгіге сәйкес баланс активтері ұзақ мерзімді активтер және ағымдағы активтер болып бөлінеді.Анықтамасын түсіндіріп берініз.Баланс активтері құрамы мен құрылымының динамикасын талданыз. Корпорацияның қаржы тұрақтылығын талданыз. Қаржы тұрақтылығының қатынасты көрсеткіштері қаржы жағдайын сипаттайтын бірқатар коэффициенттермен сипатталады. Оларды атап шығыңыз.

Наши рекомендации