Жетім және қамқорлықсыз қалған балалардың құқықтары

Балалардың қорғаныс дәрежесі - кез келген өркениетті қоғамның, мемлекеттік саясаттың әлеуметтік бағыттылығының басты индикаторы. Балалар - әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздықтан ең көп дәрежеде зардап шегетін азаматтардың санаты. Отбасы дағдарысы, көп отбасылардың ауыр материалдық жағдайы, дәстүрлі отбасылық қатынастардың күйреуі, ажырасулар санының артуы балалардың жағдайының нашарлауына елеулі әсер етеді. Соңғы жылдары болған өзгерістер бала проблемасын күрт өршітіп, осы салада қабылданатын шешімдердің ерекшелігін белгіледі. Соңғы жылдары Қазақстанда ата-аналар қамқорлығынсыз қалған балалар санының өсуі байқалады. Жыл сайын олардың саны өсуде, және де бұл балалардың аз бөлігі ата-аналарының қайтыс болуына байланысты олардың қамқорлығынсыз қалғандар. Қалғандары «әлеуметтік жетімдік» дейтін құбылысқа жатады, яғни ата-аналары тірі жетімдер. – С.264-268.

Ата-аналары тірі жетім балалардың санының артуының негізгі себептері отбасының әлеуметтік беделінің түсуі, оның материалдық және тұрғын үйге байланысты қиындықтары, некесіз туудың өсуі, өмір салтын қоғамда қалыптасқан имандылық принципінен басқаша ұстайтын ата-аналар пайызының жоғарылығы болып табылады. Осыған орай ата-аналар қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау Қазақстанда өте жоғары маңызға ие болуда, ал мұндай қорғаныс әдістерінің бірі тиісті нормативтік құқықтық база құру болып табылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Неке және отбасы туралы», «Бала құқықтары туралы», «Білім беру туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының заңдары; Қорғаншы және қамқоршы органдар туралы ереже, Патронат туралы ереже; «Соттардың балалар тәрбиесімен байланысты дауларды шешуде заңнаманы қолдануы туралы», «Соттардың бала асырап алу туралы істі қарау кезде неке және отбасы туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының қаулылары және басқалар.

Бұл ретте заңнамадағы елеулі ақтаңдақтарды, қолданыстағы актілерді жүзеге асыру тетіктерінің жоқтығын және жеткілікті дәрежеде өкілетті мемлекеттік органның жоқтығын атап өткен жөн. (1. б.314-318. )

Жетім — ата-анасының екеуi де немесе жалғыз басты ата-анасы қайтыс болған бала болып табылады. Сондай-ақ ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айырылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кеттi деп танылуына, олар өлдi деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектеулi) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерiнен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған бала. С.264-268

Жетімдік – баланың психикалық дамуына қатты әсер етеді. Ата-анадан айрылған және интернат жағдайына түскен балалардың жалпы психикалық жағдайы төмендейді, өзін-өзі реттеп-бағыттауы бұзылады, көңіл күйі жабырқау болады. Балалардың басым көпшілігінің өмірге құштарлығы жоға-лады, өзіне-өзінің сенімсіздігі күшейіп, бойын үрей билей бастайды. Эмоционалдық-танымдық тал-пынысы төмендейді де, интеллектуалдық дамуы тежеледі. Б.118-123.

Қазіргі таңда әлеуметтік жетім тұл жетімге қарағанда 80 пайызды құрап отыр. Қалған пайызы ғана тұл жетімдер.

Қазақстан Республикасында соңғы жылдары жетім балалар мен ата-анасынан ажыратылған, яғни олардың қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайы көпшілікті толғандыруда. (2. 233-235.б .)

Депутаттар шетелдегі қарадомалақтарымызға алаңдаулы екен. Олар бұл жолы болары болды, бояуы сіңді дегенді айтпады. Сірә, жаны ашыған болуы керек. Жуырда ғана Ресейдің басылымдары шетелге сатылған балалар өгей отбасына ұнамай қалған жағдайда арнайы сайт арқылы саты­лып, «қолдан-қолға» ауысатынын жазған. Жал­ғыз ғана орыс қызының тағдырын ала отырып, оның бір жыл ішінде бірнеше отбасының «балас­ы» болғанын тілге тиек еткен болатын. (С.151-154)

Қазақ жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған ел болғанын да ұмытып кеттік. Бүгінгі жоқ дүниенің өзі саудаға түсіп тұрғанда шетелдерге бала сату тіпті қарқын алуда. Шетелге бала сату жағынан әлем бойынша алдыңғы орыннан бірақ шықтық. Бұл қоғамымыздың бітеу жарасына айналып отырғаны ащы да болса шындық. Қазақстан шетелдіктерге бала сатудан үшінші орынға көтерілді.Қазақстандық балаларды сатып алуға үлкен алпауыт мемлекеттер құмар екен.Қазақстанда жылына 800-ден аса қазақ балалары шетел асады.Соңғы он жылдан бері жетімдеріміз шетелдіктерге кетіп жатыр. Бізде қазір шетелдіктерге бала берумен айналысатын 40-тан астам агенттік бар екен. Агенттіктің бір баланы өткізгенде табатын табысы 30-35 мың долларды құрайды екен. Бүгін, 8 мың 918 бала басқа мемлекеттерде болып табылады және олардың 1 500 астам – сәби екен.02.12.2016

Тәуелсіздік алғалы 25 жылдың ішінде қазақтың бөбектері 30 елге сатылған, берілген. Абырой болғанда, көптеген елге мораторий жариялағандықтан Қазақстан бүгінде тек 8 елге баланы асырап алуға бере алады.

«Оның өзінде балдырғандарымыздың болашағын бақылайтын комитеттің жұмысы қазір ақсап тұр» дейді жауаптылар. Сондықтан халық қалаулылары өз елімізде жетімдерді бауырына басқан отбасыларға жәрдемақы құнын көбейтсек деген пікірде. Дереккөз: Алматы ТВ.

Басқа - басқа адам сату деген сұмдық қылмыс деп ойлаймын. Бұл мәселені алдың алу үшің мектеп және орта білім жәнеде жоғары оқу орындарында үгіт насихат жасаған жөн.Кез келген адамзат баласы жетімдерге ақша берумен шектелмей жетімдер үйне барып оларға тәрбилік ақыл насихаттарын айтсакен,олар матреиялдық құнлықтарға ғана емес рухани құндылыққа да мұқтаж.

Ойланайық, ағайын!

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.Проблема становления личности детей-сирот и их взаимоотношения со взрослыми //«Кадровые ресурсы инновационного развития образовательной системы». Материалы І Всеросийского педагогического конгресса. – Москва, 2007. – С.264-268.

2.Қазақстанда жетім балалармен әлеуметтік жұмыс жүргізу мәселесінің құқықтық негіздері. – Алматы: Ұлт тағлымы, 2005. – № 4. – Б.314-318.

3.Проблема становления личности детей-сирот и их взаимоотношения со взрослыми //«Кадровые ресурсы инновационного развития образовательной системы». Материалы І Всеросийского педагогического конгресса. – Москва, 2007. – С.264-268.

4.Қазақстан Республикасының 202жылғы 8 тамыздағы N345 «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» заны.

5. Жетім балалармен әлеуметтік жұмыс – өзекті мәселе. – Алматы: Қазақстан жоғары мектебі, 2005. – № 4. – Б.233-235.

6. Жетім балалардың әлеуметтенуінің кейбір ерекшеліктері //Мектепке дейінгі және бастауыш білім: қазіргі жағдайы, даму тенденциялары және мәселелері халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Алматы, 2007. – Б.118-123.

7.Социализация детей-сирот как педагогическое явление //Актуальные проблемы образования в условиях его модернизации. Международная научная конференция. – Москва: МГПУ, 2007. – С.151-154.

8.1997 жылғы 16 шілдедегі N167 Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі

9.«Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын балаладры асырап алуға беру қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы N 380 қаулысы

Қосымша : Дереккөз: Алматы ТВ.

Наши рекомендации