Оқу сабақтарында оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастыру жолдары

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

«Бастауыш білім» факультеті

«Бастауышта оқыту әдістемесі» кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Мәнерлеп оқуға үйрету тәсілдері

Пәні: Қазақ тілін оқыту әдістемесі

Мамандығы: «5В010200» - Бастауышта оқыту педагогикасы мен

әдістемесі

Орындаған: 102-13 тобы, Шамұратова Арайлым

Қабылдаған: ф.ғ.к., доцент Байымбетова Ж.А.

Комиссия мүшелері: ___________________________

Шымкент

АННОТАЦИЯ

Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде зерттеудің өзектілігі, зерттеудің мақсаты мен міндеттері, зерттеудің әдіс-тәсілдері көрсетілген.

Бірінші тарауда оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру жолдары берілген.

Екінші тарауда бастауыш сынып оқушыларына мәнерлеп оқуға үйрету әдістері көрсетілген.

Қорытынды бөлімінде курстық жұмыс бойынша жасалған тұжырымдар қамтылған.

Мазмұны

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5

Мәнерлеп оқуға үйретудің теориялық негіздері

1.1 Оқу сабақтарында оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастыру жолдары. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6

1.2 Мәнерлеп оқудағы дикция, кідіріс, екпін. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .6

Мектепте оқушыларды мәнерлеп оқуға үйрету әдістемесі

2.1 Оқушылардың мәнерлеп оқуға үйрету тәсiлдерiнiң ғылыми-теориялық негiздерi

2.2 Шығарманы мәнерлеп оқуға жүргізілетін жұмыстар . . .8

Орытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 25

Пайдаланылған әдебиеттер. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 26

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі:жалпы білім беретін мектептердің алдында өскелең ұрпаққа берілетін сапалы білім, саналы тәрбиені одан әрі жетілдірудің айрықша міндеттері қойылып отыр. Оқушылардың көркем сөйлеу мәнері мен мәдениетінің негізі мектепте басталады. Балалардың сөйлеу дағдысын, көркем сөйлеу мәнерін, тілдік тәсілдер мен сөз шеберлігін орнымен қолдану қабілеттерін қалыптастыру – бүгінгі күннің өзекті әңгімесі болып отыр.

Зерттеудің мақсаты –мәнерлеп оқу арқылы оқушының жан – дүниесін байытып, асқақ армандарға жетелеу, әр тыңдаушының жүрегіне, сезіміне әсер ете білуге үйрету.

Зерттеу объектісі – бастауыш сыныпта көркем шығармаларды мәнерлеп оқыту арқылы оқушылардың ой-өрісін, сөйлеу мәдениетін дамыту жолдары.

Зерттеу пәні –бастауыш сынып оқушыларын мәнерлеп оқуға үйрету тәсілдері.

Зерттеудің мiндетi:

- Көркем шығармаларды өнер табиғатына сай оқи білуге, мән-

мағынасын терең түсінуге мүмкіндік туғызу;

- Көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын ояту;

- Жеке тұлғаның эмоциялық мәдениетін қалыптастыру;

- Актерлік шеберлігін қалыптастыру, дамыту.

Зерттеу әдiсi –оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, ой-өрісін дамыту, рухани бай азаматты тәрбиелеу т.б өзектi мәселелердiң iшiнде оқушылардың әлеуметтік тұлға ретінде дайындығын жетілдіру

Зерттеудің практикалық құндылығы – оқушыларды мәнерлеп оқуға үйретуде, бастауыш мұғалiмдерi мен әдiскерлердiң iс - тәжiрiбесiнде қолдануға болады.

Мәнерлеп оқуға үйретудің теориялық негіздері

Оқу сабақтарында оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастыру жолдары

Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысын қалыптастыру - осы сатыдағы білім мазмұнының құрамдас бөлігі.Оқу сапасы, атап айтқанда, дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп оқуға төселдірудің негізгі жолы – жаттықтыру әдісі. Әрбір сабақта мәтінді оқуға жаттықтыру арқылы баланы мәнерлеп оқу деңгейіне жеткізу мұғалімге үлкен жауапкершілік жүктейді.

Оқу дағдысының қалыптасуы балаларға ұсынылатын материалдың түсініктілігіне, жеңілдлігіне және қызықтылығына байланысты екендігін бірқатар ғалымдар(Н.А.Рыбников,С.Жиенбаев, т.б.) өз еңбектерінде дәлелдеп көрсеткен.

Баланы дұрыс, түсініп, шапшаң және мәнерлеп оқуға үйрету мәтінді дұрыс қабылдауына, нақтылап айтқанда, мәтін бойынша дұрыс жұмыс жүргізілгенде мүмкін болады. Көркем мәтін – әсемдік, әдемілік, сұлулық әлемі. Баланы осы әсемдік әлеміне жетелеу, сапалы оқу қалыптасқанда ғана мүмкін болады. Сауатты оқушыны мәтіннің көркемдік айшықтары баурап алады, жанын нұрландырады, әсемдікті тани білуге баулиды, сүйе білуге үйретеді.

Шығарманы мәнерлеп оқу деңгейіне жеткен оқушы шығарманың сұлу, тұтас бітіміне енеді, сол арқылы кейіпкер бойындағы ізгілік, адамгершілік сияқты асыл қасиеттерді тани алады. Мұның өзі баланы биік адамгершіллікке бастайды. Демек, бастауыш сыныптарда оқу сапасын қалыптастыру және дамыту оқушының жеке тұлғалық бітімінің айқын көрсеткіші. Баланы дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп оқуға баули алсақ – пәндік құзыреттілікке қол жеткіземіз.

Әдіппеден кейінгі кезең материалдарын оқыту кезінде іштен оқуға дағдыландыра бастайды. Іштен оқуға үйретудің маңызы зор.Тек дауыстап оқуға үйренген бала мектептің негізгі білім жүйесіне көшкен көп қиындығына кездеседі. Біріншіден, оқушы сабаққа дайындалу үшін жеке өзі ғана болуы керек. Дауыстап оқып отырса, қалған оқушыларға зиян тиеді. Екіншіден, оқу шапшаңдығы дамымайды. Дауыстап оқығаннан гөрі іштей оқу жылдамдығы артады. Оқушының іштей оқуға қаншалықты төселгенін байқау үшін түсінуге жеңіл материалдарды іштен оқуға беріп, оқып шыққан соң әдіс-тәсілмен түсінігін байқау жұмыстарын жүргізген дұрыс. Мұғалім бұл оқудың екі түрін де іске асыру кезінде оқу сапаларына назар аудару керек.

Оқу сапаларына жататындар: дұрыс оқу, түсініп оқу, мәнерлеп оқу, шапшаң оқу.

Мәтінді дұрыс оқу жеке сөйлемді дұрыстап оқудан тұрады. Дұрыстап оқу үшін төмендегідей талаптарды орындауы керек.

1.Сөзді оқығанда әріптен оқымай, буындап, буындарды жалғастырып оқу: то-қу, ша-на-лар.

2.Оқып тұрған сөздің алдына не артына немесе ортасына артық дыбыс қоспай, не түсірмей оқу, ұқсас дыбыспен ауыстырмай оқу.

3.Бір дыбысты не буынды ұзақ созып немесе екі рет айтпау:аа-на, баа-ла, а-на-на, ба-ба-ба,т.б.

4.Бір сөздің орнына екінші бір сөзді (мағынасына сәйкес келетінін) айтпау, сөйлем соңындағы сөзді, буынды жұтып қоймау.

5.Ұқсас дыбыстарды, тіл келмейтін дыбыстарды ауыстырмау.

Дұрыс оқудың негіздері алғашқы оқу-жазуға үйрету кезінде-ақ қалана бастайды. Осы кеде мұғалім әрбір жеке сөзді балаларға жеке әріптеп оқытпай, буындап оқуға жаттықтырғаны жөн, бірақ мұнда балаларды сөздің сыртқы түрін ғана меңгеріп, мағынасын жаңылыс ұғынудан немесе тіпті түсінбей оқығанда қателессе, дереу түзетіп, оған қиын тиген сөздерге талдау жасап отырудың дұрыс оқуға дағдылану үшін пайдасы зор.

Түсініп оқу дегеніміз оқушының оқыған мәтінінің мазмұнын анық, терең ұғынуы болып табылады. Бұл әр сөздің, сөйлемнің мағынасын түсінуден, әр бөлімді логикалық, психологиялық жағынан байланыстырудан келіп шығады. Оқығанын толық түсіну балалрдың мәтіндегі басты ойды айыра алуларынан, оның мазмұнына өзінің көзқарасын білдіруінен көрінеді.

Түсініп оқуда балалардың назары шығарманың идеялық мазмұнына аударылады. Түсініп оқу барысында оқушыларда елес, ұғым, бейне, жоғары сезімдер пайда болады. Түсініп оқуды жүзеге асыруда алғашқы кезде балаларға жеңіл, өздері түсіне алатын, сюжетті мәтіндер оқытылады.

Оқушыларды түсініп оқуға дағдыландырудың бір жолы алдын ала дайындық әңгіме өткізу болып табылады. Сондай-ақ, мәтін оқылмас бұрын бақылау, экскурсия жасау, тәжірибе жасау жұмыстары да түсініп оқуға жәрдем етеді. Түсініп оқуда қорытынды әңгіменің де тигізетін пайдасы мол.

Шығарманың идеялық мәні мен мазмұнын оқушыларға ұғындыру үшін сөздік жұмысын жүргізудің көп көмегі бар.Сөйтіп, оқушыларға оқу техникасын игерумен бірге, білім, тәрбие беру, олардың жеке тұлғасын қалыптастыру, білік, дағдыларын жетілдіру мақсаты оқығанда саналы түсінгенде ғана нәтиже бермек.

Шапшаң оқу дегеніміз – мәтіндегі сөздерді қалай болса солай бастырмалатып немесе сөздердің аржігін айырмай оқу емес. Бұл – оқығанды түсінетіндей қалыптағы шапшаңдықпен оқу. Мәтінді тым баяу оқыған оқушы мәтіннің мазмұнына түсінбек түгіл, бір сөйлемнің өзінде не айтылғанын аңғара алмай қалады. Сондықтан мәтінді шапшаң оқу талабы да маңызды болып табылады. Шапшаң оқу барысында әр оқушының оқу қарқыны әртүрлі, осыған орай, олардың бір минутта оқитын сөздерінің саны да азды-көпті өзгеріп отырады.

Мәнерлеп оқу дегеніміз – дауыс интонациясы арқылы автордың ойын білдіру, мазмұндық ой екпінін дұрыс қоя білу. Ақырында оқығанды түсініп, кейіпкердің көңіл-күйін сезіне оқи білу.

Наши рекомендации