Кіріспе. Мектеп жұмысын жоспарлау. Жоспарлау туралы ұғым. ҚР нормативтік құжаттарына шолу.
Дәріс сабақтары
Лекция 1 (1 - апта, 3 сағат)
Кіріспе. Мектеп жұмысын жоспарлау. Жоспарлау туралы ұғым. ҚР нормативтік құжаттарына шолу.
Жалпы жоспарлау қағидалары:
Мақсатты бағыттылық – белгілі бір мақсатты жүзеге асыру;
Ғылымилық – жоспарлауда ғылыми негізге сүйену;
Жүйелілік - өзара байланысты бөліктерге жіктеу;
Кешенділік – негізгі мәселелерді толық қамту;
Жариялылық – іс-шаралардың қажеттілігін көрсету;
Жетекші буын – басым бағыттарды айқындау;
Нақтылық – жүзеге асырылатын әрекеттерді жасау;
Перспективалық – келешектегі мүмкіндіктерді ескеру
Ұжымдық жоспарлау – шешімдi бірлесе қабылдау.
Талдау қызметiне қойылатын талаптар:
Талдау жүйесiнiң нақтылығы талдау мақсаттарының айқындығына, талдау мазмұнының толықтығына, талдау әдiстерiнiң тиiмдiлiгiне, талдау құралдарының маңыздылығына қарай анықталады.
Баяндаудың логикалық бiрiздiлiгi жасалған талдаудың тиiстi құрылымға сәйкес ретiмен берiлуiне байланысты.
Деректердiң айқындығы мен сенiмдiлiгi келтiрiлген мәлiметтердiң қаншалықты мәндi де, маңызды болуы мен қалай алынғанына тәуелдi.
Жақсы жоспарды бағалау өлшемдерi:
1. Мектеп мұқтаждықтары мен орта талаптарына сай келуi керек.
2. Нақты және қол жеткiзуге мүмкiн болуы керек.
3. Қол жеткiзiлетiн нәтижелердiң анық көрсетiлуi керек.
4. Әр кезеңi сандық және сапалық өлшенетiн нәтижелер беруi керек.
5. Әр кезеңнiң нақты мерзiмi нақты көрсетiлуi керек.
6. Әрбiр нәтижеге орындаушы емес, басшы жауап беруi керек.
7. Ортада болуы мүмкiн өзгерiстердiң алдын алуы керек.
Мектептегі әдістемелік бірлестік іс-әрекетін жоспарлау мен ұйымдастыру:
І.Жоспарлау құрылымы (жылдық жоспар бөлімдері)
1.Кадрларға сипаттама.
2.Өткен оқу жылына талдау.
3.Әдістемелік бірлестіктің негізгі бағыттар бойынша мақсат-міндеттері.
4.Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.
5.Оқушылардың білім-білік – дағдыларының сапасын арттыру.
6.Бастауыш сыныптардағы тәрбие жұмыстары.
7.Әдістемелік бірлестік отырыстары.
1.Кадрларға сипаттама.
2.Өткен оқу жылына талдау.
3.Әдістемелік бірлестіктің негізгі бағыттар бойынша мақсат-міндеттері.
4.Мұғалімдердің педагогикалықт шеберлігін жетілдіру.
5.Оқушылардың білім-білік-дағдыларының сапасын арттыру.
6.Бастауыш сыныптардағы тәрбие жұмыстары.
7.Әдістемелік бірлестік отырыстары.
Отырыстардың құрылымы
1. Негiзгi мәселе.
2.Бағдарламаның қиын тарауларын оқып-үйрену.
3.Мектепiшiлiк мәселелерді талқылау.
Жұмыс формалары
1.Өзара сабаққа ену және өзара дәптер тексеру.
2.Ашық сабақтар.
3.Тәжiрибелiк көрсете отырып, өз тәжiрибесiнен баяндама.
Бiрлестiк отырыстарында қаралатын мәселелер
1. Оқушылар бiлiмiндегi олқылықтардың алдын алу және жою жолдары.
2.Озат тәжiрибенi зерттеу тақырыптары
3. Оқу-тәрбие үрдiсiнде дидактикалық ойындарды пайдалану.
4. Әдістемелік бірлестік туралы нұсқаулар
Әдістемелік бірлестік – мектептегі әдістемелік қызметтің бір немесе бірнеше пән бойынша оқу-тәрбие, әдістеме, тәжірибе – эксперимент және сыныптан тыс жұмыстар жүргізетін құрылымдық бөлімшесі. Әдіс бірлестігі бір немесе сыбайлас бірнеше пәннен, құрамында кемі бес мұғалім болған жағдайда, сәйкесті орынбасарының ұсынысы бойынша, мектеп директорының бұйрығымен құрылады және таратылады. Пәндік әдіс бірлестігі тікелей оқу-тәрбие (не әдістемелік жұмыс) ісі меңгерушісіне бағынады.
Әдістемелік бірлестіктің негізгі міндеттері мен бағыттары
- Оқушылардың ақыл-ой, мәдени, адамгершілік мұқтаждықтарын қанағаттандыру;
- Бір немесе бірнеше пәндер бойынша оқу-тәрбие, әдістеме және эксперимент жұмыстарын жоғары кәсіби деңгейде дайындау және өткізу;
Лекция 2 (2 - апта, 3 сағат)
Кадрларды орналастыру және міндеттерді бөлу. Біліктілікті көтеру және әдістемелік жұмыс. Озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату.
Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары
1. Жалпы ережелер
Осы Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымдарының меншігіне, ведомстволық бағыныстылығы мен ұйымдастыру-құқық нысанына қарамастан олардың қолдануы үшін міндетті.
Ескерту. Кіріспемен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.06.09 N 241 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
1. Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамасы (бұдан әрі - Сипаттама) мыналарға негіз болады:
құрылымдық бөлімшелер туралы олардың білім беру ұйымдарындағы орны мен рөлін анықтайтын ережелер жасау;
қызметкерлердің міндеттерін, құқықтары мен жауапкершіліктерін белгілейтін лауазымдық нұсқаулықтар әзірлеу;
кадрларды іріктеу мен орналастыру, оларды пайдаланудың дұрыстығына бақылау жүргізу;
білім беру ұйымдарының қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу.
2. Білім беру ұйымдарының штат кестесінде қызметкерлер лауазымының атаулары осы Сипаттамада көрсетілген лауазымдық атауларға сәйкес келуі қажет.
3. Әрбір лауазымға берілген Сипаттама үш бөлімнен: "Лауазымдық міндеттері", "Білуге міндетті" және "Біліктілікке қойылатын талаптар" бөлімдерінен тұрады. "Лауазымдық міндеттері" бөлімі қызметкерлердің ұтымды мамандануын қамтамасыз ететін жұмыстардың технологиялық біртектілігін және өзара байланыстылығын ескере отырып осы лауазымды атқаратын қызметкерге толық не жартылай тапсырылатын негізгі жұмыстарды қамтиды.
"Білуге міндетті" бөлімі қызметкерге арнайы білімге қатысты, сондай-ақ заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді, ережелерді, нұсқаулықтарды, тағы басқа материалдарды білуі бойынша қойылатын негізгі талаптарды, қызметкер лауазымдық міндеттерін орындау кезінде қолдана алуға тиіс әдістер мен құралдарды қамтиды.
"Біліктілікке қойылатын талаптар" бөлімі қызметкердің көзделген міндеттерді орындауға қажетті қызметкердің кәсіби даярлық деңгейі мен жұмыс өтіліне қойылатын талаптарын айқындайды.
4. Мамандардың, оның ішінде бас мамандардың (бас есепші, бас инженер, бухгалтер, инженер, экономист және тағы басқалар) лауазымдары бойынша біліктілік сипаттамасы көрсетілмеген, себебі, олардың лауазымдық міндеттемелері мен білімге деген талаптары заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген қызметтің барлық саласына арналған жалпы біліктілік сипаттамасының негізінде айқындалады.
5. Басшылар, педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санатын білім беруді басқару органы белгілейді.
6. Сипаттамалар ішкі ұйымдастыру-үйлестіру құжаттарын әзірлеуге негіз болып табылады: өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастырудың ерекшеліктерін, сондай-ақ олардың құқықтары мен жауапкершіліктерін ескере отырып, қызметкерлердің лауазымдық міндеттерінің нақты тізбесін қамтитын лауазымдық нұсқаулығы.
Біліктілік сипаттамаларында әрбір лауазымға неғұрлым тән келетін жұмыстар түрлері берілген. Сондықтан лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеу кезінде нақты ұйымдық-техникалық жағдайдағы тиісті лауазымға тән жұмыстар тізбесін нақтылауға болады және қызметкерлердің арнайы даярлығына қажетті талаптар белгіленеді.
Мысалы,
№ 01-02, білім бөлімінің бастығы лауазымының Е-R-1 санатына үлгілік біліктілік талаптары
Критерий | Талаптар |
Білімі | Жоғары педагогикалық |
Кәсіптік құзыреті | 1. ҚР заңнамалары білімін тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық акті. 2. ҚР Еңбек кодексі, ҚР Заңдары: «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Білім туралы». 3. Мемлекеттік тілді мейлінше білу. |
Практикалық тәжірибесі | 1. Типтік біліктілік талаптарына сәйкес. 2. Жеке компьютермен жұмыс істей білу |
Функционалдық міндеттері | Бөлімді және білім бөлімінің барлық түрлерін жалпы басқаруды іске асырады. ҚР «Білім туралы» Заңының орындалуы бойынша жұмыс ұйымдастыру, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының нормаларының сақталуы үшін бақылау. Мектептердің педагогикалық ұжымдарын тәрбиелеу және оқыту бірлігін қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Балаларды жалпыға бірдей міндетті оқыту және тәрбиелеуді қамтамасыз етуді бақылайды. Мектептердің лицензиялануын бақылайды. Кадрлар іріктеуге басшылық етеді. Қызметтің әр түрі бойынша бұйрықтар шығарады. Қызметкерлерді марапаттауға ұсынады және жазалар қолданады. Материалдық құндылықтардың сақталуын, ведомстваға қарасты мекемелердің басшыларымен және бөлімнің қаржы қызметкерлерімен қаржы тәртібінің атқарылуын қамтамасыз етеді. Жылдық және ағымдағы есеп берулердің орындалуын бақылайды. |
Лекция 3 (3 - апта, 3 сағат)