Автокөлік кәсіпорындарының жұмысын шұғыл жоспарлау.

Менеджмент туралы жалпы түсінік

Менеджмент – бұл басқарудың экономикалық әдістерін қолдану арқылы материалдық және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану жолымен белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған, кәсіби әрекетінің дербес түрі. Менеджмент – бұл нарық жағдайындағы басқару.

Өндiрiс менеджменті–бұл түпкiлiктi өнiмдi алу үшiн оның өз қызметiн атқаруға бағытталуды қамтамасыз ету мақсатында кәсiпорынның қорларына әсер ету барысы. Еңбек ұжымын басқару – оның еңбек қорларына әсер ету барысы.

Менеджменттің мақсаттары мен міндеттері

Менеджменттің соңғы мақсаты техникалық, технологиялық басзасын дамыту мен өндірісті басқару, сонымен қатар әр жұмысшының шығынының белсенділік пен біліктілігін арттыру жатады.

Автокөлік кәсіпорындарының үлгілері (типтері) мен олардың жіктемесі.

Автомобиль көлігі кәсіпорны өзінің қызметіне қарай автокөліктік, автоқызмет көрсетуші

және автожөндеу деп ажыратылады.

Автокөлік кәсіпорындары жүктер немесе жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын,

жылмымалы құрамды сақтау, оған техникалық қызмет көрсету мен жөндеу, сонымен қатар жөндеу материалдары мен қосалқы бөлшектерімен, қажетті пайдалану материалдарымен жабдықтауды қамтамасыз ететін кешенді типтегі кәсіпорындар болып табылады. Автокөлікті кәсіпорын көліктік жұмыстарды орындау сипаты бойынша жүк, жолаушылық, аралас және арнайы болып бөлінеді. АКК-ның өндірістік-техникалық базасын үймереттердің, жылжымалы құрамның, жабдықтардың және т.с.с. жиынтығы құрайды.Кәсіпорынның өндірістік процесінің ерекшеліктері өнеркәсіп құрамына кіретін өндірістік бірліктердің кешенін, және олардың өзара қатынасы мен өзара байланыстарын білдіреді.

Басқарудағы жүйелік көзқарас негіздері.

Қазiргi нарықтық экономика жағдайында автокөлiктiң үзiлiссiз және бiркелкi жұмыс

iстеуi сол автокөлiк кәсiпорнының жұмысын дұрыс ұйымдастыруына байланысты болады.

Оған ұйымдастырушылардың жұмысының сандық және сапалық көрсеткiштерi көптеген

әсерiн тигiзедi.

Автокөлік кәсіпорындарының жұмысын ағынды жоспарлау

Ағынды жоспарлаубір жылға жүргізіледі. Бұл жағдайда бұл жұмыстың мүмкін

боларлық көлемі мен оны орындау үшін қажетті қорлар қолда бар және жасалуға дайындалған келісім-шарттар негізінде есептелінеді. Келісім-шарт бойынша жұмыстар кӛлемдерін игеруге қажетті қорларды есептеу кезінде жылжымалы қордың пайдаланылуын ескеретін қор коэффициенті пайдаланылады және бір реттік тапсырыстарды орындау мүмкіндігі ескеріледі. Жүктерді тасымалдау бойынша автокӛлік бірлестіктер жұмыстарының жылдық жоспарын құрастыру кезінде жылжымалы тізбек түрлеріне қарай келесі кӛрсеткіштер есептелінеді: автокӛлік құралдары паркін жол бойына шығару және техникалық дайындық коэффициенттері; жұмыстағы автомобиль күндер; тасымалдауларды мүмкін боларлық кӛлемдері; жылдық жүріс, оның ішінде жүгі бар жүріс; автокӛлік құралдарын жұмысқа қабілетті күйде ұстап отыру үшін талап етілетін қорлар, жанар май және майлау материалдары шығыны; тасымалдаулардың ӛзіндік құны.

Автокөлік кәсіпорындарының жұмысын келешектегі (стратегиялық) жоспарлау.

Келешектегі (стратегиялық) жоспарлаудың құрамына шаруашылық қызметінің

кӛрсеткіштері мен негізгі бағыттарын 5 жылдан 15 жылға дейін ұзақ кезеңге жоспарлау

кіреді. Ондағы барлық есептеулер нарықтық коньюнктураны сараптамалау және аймақтағы экономикалық-әлеуметтік процестердің дамуын болжамдау негізінде орындалады. Келешектегі жоспарлау кезінде болжамдаудың осы заманғы әдістерін дұрыс пайдалану үлкен мәнге ие болады.

Автокөлік кәсіпорындарының жұмысын шұғыл жоспарлау.

Шұғыл жоспарлау– дегеніміз жоспарлық тапсырмаларды орындау уақыты,

кеңістікте, басқарылатын нысан ӛндірісін ұйымдастыруы мен технологиясының ӛзіндік ерекшелігі бойынша нақтылау.

Шұғыл жоспарлаудың құрамына тұтас алғандағы автокӛлік бірлестіктері, нақты автокӛлік

құрамы мен жүргізушілердің айға, аптаға, бір ауысымға берілген жұмыс жоспарларын жасап шығару кіреді. Шұғыл жоспарлау барысында келесі міндеттер шешіледі:

· автокӛлік бірлестіктерінің тасымалдау мүмкіндіктерін есептеу;

· жылжымалы құрам қозғалысының тиімді бағыт жолдарын есептеу;

· жылжымалы құрам жұмысының сағаттық кестелерін құрастыру;

· клиентура бойынша жұмыс жоспарын құрастыру;

· тасымалдауларға қажетті қорлар мен күтіліп отырған шығындарын есептеу;

· автокӛлік бірлестіктері жұмысының ауысымдық-тәуліктік жоспарын, жылжымалы құрамды жол бойына шығару кестесін құрастыру және жолдама құжаттамасын рәсімдеу.

Шұғыл жоспарлаудың негізгі құжаты ауысымдық-тәуліктік жоспар болып табылады.

Наши рекомендации