Дәріс1. Қоғамдағы ғылымның ролі және кіріспе. Қазақстанда ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру

Дәрістің мақсаты:ғылымның пайда болуы және оның қоғамдағы ролі, ғылымды зерттеудің аспектілері жан-жақты қарастырылады.

Дәріс сұрақтары:

1.Ғылымның пайда болуы және оның қоғамдағы ролі

2.Ғылымды зерттеудің аспектілері

Тақырып бойынша негізгі түсініктер:ғылым, ғылымның генезисі, әлеуметтік функциялар, неоклассика.

Ғылым дегеніміз не? Бұл сұраққа жауап берудің оңай еместігінің дәлелі ретінде оның қашан пайда болғандығы туралы пікір таластың әлі күнге толастамай отырғанын айтуға болады. Ғалымдардың бір тобы ғылым ежелгі дүниенің антикалық кезеңінде, яғни, осыдан 2,5 мың жыл бұрын пайда болды десе, енді бір ғалымдар нағыз ғылым тек Жаңа Дәуір кезеңінде, шамамен ХVІІІ-ғасырда қалыптасты деген пікірді үстанады. Мұндай пікірталастың себебі ғылымның күрделі және санқырлы құбылыс екендігінде. Ол бір жағынан алғанда білімдердің, теориялық қағидалар мен әдістердің жүйесі, сонымен бірге қоғамдық сананың формасы, қоғамды» дамудың рухани жемісі, қоғам дамуын басқару құралы, өндіргіш күш күрделі информациялық жүйе және т.б. Осы әр түрлі салалардың мамандары ғылымға әр түрлі анықтамалар береді және олардың ешқайсысын да теріске шығаруға болмайды. Әртүрлі анықтамаларды қорыта келіп, ғылымның жалпы анықтамасын беретін болсақ, ғылым – табигат, қогам және адам туралы білімдер өндіруге багытталган зерттеу қызметі саласы. Бұл анықтамадан ғылымның зерттеу пәні туралы түсінік алуға болады. Ғылым ең әуелі адамды қоршаған орта – табиғатты зерттеуге бағыталған қызметтің жемісі ретінде дүниеге келді. Бірте-бірте қоғам турал ғылыми түсініктер жинақтау қажеттігі туындады. Бірақ ғылым процесіндегі басты тұлға, ғылымның басты субьектісі де, объектісі де – адамның өзі. Адамның қатысуынсыз ғылымның қалыптасуы мүмкін емес, сонымен бірге, адам өзін түсінуге, өз мүмкіндіктерін анықтауға, табиғат пен қоғамның ғана емес, өз болашағын болжауға көне заманнан бастап осы күнге дейін талпынып келеді және бұл процесс адам жерт бетінде қанша өмір сүрсе, сонша жалғаса бермек.

Ғылымның функциялары. Ғылым күрделі әлеуметтік функциялар атқарады. Бұл функциялар ғылымның өзінің дамуымен бірге үнемі өзгеріп, толықтырылып және ғылымның дамуына өзіндік осерін тигізіп отырады. Қазіргі ғылымның үш әлеуметтік функциясын атап көрсетуге болады:

1) мәдени-көзқарастық;

2) өндіргіш күштер функциясы;

3) әлеуметтік күштер функциясы.

Ғылымның генезисі және негізгі даму кезеңдері.Ғылымның генезисі, қоғамдағы қызметі және дамуының қозғаушы күштері мәселесі бойынша интерналистік, экстерналистік және позитивистік концепциялар бар. Интернализм ғылымның пайда болуы мен дамуына философиялық ой тікелей әсер етті деп есептейді және қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси құрылымы мен сол қоғамның ғылымының арасында ешқандай байланыс болуы мүмкін емес деген пікірді ұстанып, ғылымның ішкі факторларын абсолютке айналдырады. Экстернализм бұл концепцияға қарсы. Оның өкілдерінің пікірі бойынша, ғылымға сыртқы факторлардың әсері мықты. Позитивизм; ғылым нақты, тәжірибеден өткен, дәлеледенген фактілерге сүйене отырып дами алады, абстрактылық ойлау мен метафизикалық түсініктер ғылым үшін пайдасыз. Біздің ойымызша, ғылымның пайда болуына, эволюциясына, қоғамда атқаратын қызметіне жоғарыда аталған факторлардың бәрі де белгілі бір дәрежеде ықпалын тигізеді және ол әр дәуірде әр түрлі болуы мүмкін. Сондықтан оларды бір-біріне қарсы қойып, немесе бір-бірінен бөліп алып, белгілі бір факторларды абсолютке айналдыру дұрыс емес..
Неоклассикалық емес қазіргі кезеңде ғылым жеке салаларға бөлініп кетті. Бұл құбылыс ғылымның дағдарысына әкеліп соқты деуге болады. Оның басты себебі – ғылымның басты мақсаты – жалпы дүние туралы білім жинау екендігі ұмыт болды және дүниені тұтас нәрсе деп қарастыру принципі естен шығарылды, әрбір ғылым өзімен-өзі болып кетті.

Ғылымды зерттеу аспектілері.Ғылым философиясы. Ғылымды философиялық тұрғыдан зерттеу аса маңызды және ол ғылым мен ғылыми қызметті зерттейтін басқа пәндердің арасында ерекше, басты орын алады. Ғылымды зерттеудің әр түрлі жеке методтары мен арнайы ғылымтану пәндері қаншалықты профессивті және өзекті болғанымен, олар ғылымды философиялық тұрғыдан зерттеудің орнын баса алмайды. Философия ғылымды қоғамдық сананың белгілі бір формасы және адамның дүниеге көзқарасын анықтаушы теориялық сана ретінде, қоршаған ортаға қатынастың типі ретінде сараптайды.
Ғылым социологиясы. Ғылымды идеяның дамуы, танымдық жүйе деп қарастырумен шектелмей, оны қоғамдық өндірістің түрі, әлеуметтік жүйе ретінде түсіну ғылым социологиясының пәнін анықтайды. Ғылым социологиясы ғылымдағы қоғамдық қатынастар және ғылым мен қоғамарасындағы қатынастар жүйесін зерттейді.

Ғылымды социологиялық танып-білу үш саланы қамтиды:

1) ғылыми қызметтің ішкі құрылымы, немесе әлеуметтік институт ретіндегі ғылыми қызмет шеңберіндегі қоғамдық қатынастар; 2) ғылым және қоғам, ғылым мен қоғамның басқа компоненттері арасындағы өзара қатынас және өзара байланыс; 3) ғылымдағы адам.

Наши рекомендации