Бап. Қазақстан Республикасының Президентi шығаратын нормативтiк құқықтық актiлердi дайындауды жоспарлау

Қазақстан Республикасының Президентi шығаратын нормативтiк құқықтық актiлер жобаларын дайындауды жоспарлаудың тәртiбi мен нысандарын Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi.

Бап. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң заң актiлерiн дайындауды жоспарлау

Қазақстан Республикасының Парламентi қабылдайтын заң актiлерiнiң жобаларын дайындауды жоспарлаудың тәртiбi мен нысандарын Парламент пен оның палаталары Қазақстан Республикасының Конституциясы 61-бабының 3-тармағында белгiленген өз құзыретiне сәйкес айқындайды.

Бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобасы жұмыстарын жоспарлау

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобасы жұмыстарының жыл сайынғы жоспарын жасайды.
2. Жоспардың жобасын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі әзірлейді.
3. Үкіметтің заң жобасы жұмыстарының жоспары Қазақстан Республикасының Президентімен келісіледі.
Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық актiлер дайындау жөнiндегi тапсырмалары

Ескерту. 11-бап алып тасталды - ҚР 2011.04.01 N 425-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Бап. Орталық атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Қазақстан Республикасының өзге орталық органдары құрамына кiретiндерiнiң де, кiрмейтiндерiнiң де, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларын дайындауды жоспарлау ерекшелiктерi

Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының Қазақстан Республикасы Үкiметi құрамына кiретiндерiнiң де, кiрмейтiндерiнiң де, сондай-ақ жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларын дайындауды жобалаудың ерекшелiктерiн осы органдардың әрқайсысы айқындайды.

3-тарау. Нормативтiк құқықтық актiлердің жобаларын әзiрлеу және ресiмдеу

Ескерту. 3-тарау жаңа редакцияда - ҚР 2011.04.01 N 425-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Бап. Нормативтiк құқықтық актiлердің жобаларын әзiрлеушілер

1. Президент Әкімшілігі, Үкімет, өзге де мемлекеттік органдар, олармен келісім бойынша ұйымдар және азаматтар Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына негізделген Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамашылығы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заңнамалық актілердің жобаларын әзірлеушілер бола алады.
Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының заң шығару бастамашылығы тәртібімен дайындалатын заң жобаларының әзірлеушілері Парламент депутаттары болып табылады.

2. Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамашылығы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заң жобаларын әзірлеу туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына оның Әкімшілігі, Үкімет, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ ұйымдар және азаматтар енгізе алады.

3. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, уәкілетті органдар өз бастамасымен немесе жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмалары бойынша әзірлейді.

4. Өзге де мемлекеттік органдар, ұйымдар және азаматтар нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөнінде ұсыныс енгізуге немесе мұндай актілердің бастамашылық жобаларын уәкілетті органдардың қарауына беруге құқылы. Уәкілетті органдар оларды өздері әзірлейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары үшін негіз ретінде қабылдауы немесе олардың одан әрі әзірленуін және жобалардың қабылдануын орынсыз деп тануы мүмкін.

Наши рекомендации