Жалпыадамзаттық құндылықтар –адамгершіліктің қырлары
Әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер:
1. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы «Әлеуметтік-экономикалық жаһандану - Қазақстан дамуының басты бағыты» // Егемен Қазақстан, 28.01.2012ж.
2. Назарбаева С.А. Өмір этикасы - Алматы, 2001.
3. Мукажанова Р.А., Омарова Г.А. Методика преподавания дисциплины «Самопознание» в школе. Учебно-методическое пособие для учителей. - Алматы: ННПООЦ «Бөбек», 2013.
4. Абай Құнанбаев. Қара сөздері. - Алматы: Жазушы, 1970.
5. Құдайбердіұлы Ш. Шығармалары/Құрастырған М.Жармұхаметов, С.Дәутов. - Алматы, 1988, - 560 б.
Қосымша әдебиеттер:
1. Платон. Диалоги Сократа - М.: Мысль, 2007. - 197с.
2. Амоношвили Ш.А. Основы гуманной педагогики. Кн.1,2. Как любить детей. - М.: Амрита-Русь, 2012.
3. Амоношвили Ш.А. Улыбка моя, где ты? - М.: Изд. дом Ш.А. Амоношвили, 2003
4. Жұмаханов Ә. Семьяда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері .-А.,1985
5. Айтмамбетова Б., Бозжанова К., т.б. Балаларды отбасында адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері. Алматы, 2009.
6. Әбенбаев С. Оқушы жастарға эстетикалық тәрбие беруді жетілдіру-А.,1992
Аксиология (грек – құндылық және логос- ілім) – құндылық категориясын зерттейтін философия саласы.
Құндылықтар деп – адам үшін өте маңызды заттар ман құбылыстарды, қасиеттер мен жай-күйлерді айтады.
Жеке адамның барлық құндылықтары белгілі бір деңгеде иерархияланған: жеке адам үшін бірінің маңызы жоғарырақ болса, екіншісінің маңызы азырақ болады.
Құндылықтар иерархиясы жеке адам санасында мәңгілік тұрақтап қалмайды: өмір ағыны барысында бір құндылықтар бірінші кезекке шықса, енді бірі екінші кезекке жылжиды, яғни құндылықтардың орны маңыздылығына барысты ауысып тұрады.
Адам үшін маңыздылық деңгейі өте жоғары негізгі (жаһандық) құндылықтар да (Ақиқат, Ізгілік, Әдемілік) сол сияқты жинақтық деңгейі төменірек кезеңдік (жағдайға байланысты) құндылықтар да (қызық, мақсат, баланың алғашқы қадамы) маңызды. (Власова, Толетова)
Т. И. Петракова ұсынған құндылықтар жүйесінің жіктемесі оларды үш түрге бөліп қарастыруды көздейді: табиғи, жүре пайда болған және абсолютті.
Табиғи құндылықтар – бұл адамның күші мен жан-дүниесінің қабілеттілік құндылығы: ақыл-ой, сезім, күш-жігер.
Жүре пайда болған – бұл адамның интеллектуалды және адамгершілік тұрғыдан дамуы барысында меңгерген құндылықтар (әдептілік, сыпайылық, сыйластық).
Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар – тұлғаға рухани – адамгершілік білім берудің негізгі өзегі болып табылады.
Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару ізгілікке жол ашады.
Мәңгі жалпыадамзаттық құндылықтар адам бойына тумасынан берілген сый және олар адамның рухани дамуының барлық кезеңіне нәр болады. Тұлғаның адамгершілік қасиеттерінің көріну деңгейі оның рухани деңгейін білдіреді.
Оқыту үрдісіне мәңгі жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу тұлғаның адами ізгілік қасиеттерін ашуға, сонымен қатар адамның рухани дамуына ықпал етеді.
Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік және Қиянат жасамау адамның ұлтына, кәсібіне, тұратын ортасына және конфессионалдық тиістілігіне байланыссыз және уақытпен өзгермейтін жасаушы мән.
Олар бөлінбейді, өзара байланысты, өзара тәуелді және бір-біріне етене еніп, адам руханилықты мен мәдениетінің бірыңғай негізін құрайды.
Өз бойында адамгершілік құндылықтарды дамытудың өзі білім болып саналады. Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік, Қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез-келген адам, осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақ пейілмен таратса, сол адамды нағыз білімді адам деп атауға болады.
Табиғаттың бес элементі (Олар: топырық, су, от, ауа, эфир)
Тығыздығының төмендеуіне байланысты олардың қасиеттері де азая бастайды:
Топырақта – 5 қасиет (дыбыс, түйсіну, пішін, дәм, тиіс).
Суда – 4 қасиет (дыбыс, түйсіну, пішін, дәм).
Отта – 3 қасиет (дыбыс, түйсіну, пішін).
Ауада – 2 қасиет (дыбыс, түйсіну).
Эфирде – 1 қасиет (дыбыс).
· Қазіргі кезде барлық бес элемент түгел ластанған, соның нәтижесінде адамдар қауіпсіздік сезімінен айырылып қалған. Қазір балаларға осы бес элементті пайдалана білуге үйретудің маңызы зор
· Рухани білім бүкіл әлімге ауадай қажет.
Ішкі үйлесімділікке қол жеткізу үшін адам ойы, сөзі, ісі бірлікте болуы керек. Адами тұлғаның мынадай аспектілеріне сәйкес келетін жалпы адамзаттық құндылықтарға сай:
ҚИЯНАТ ЖАСАМАУ– рухани аспект
АҚИҚАТ – интеллектуалдық аспект
СҮЙІСПЕНШІЛІК –адамгершілік аспект
ТЫНЫШТЫҚ – эмоциялық аспект
ДҰПЫС ӘРЕКЕТ – физикалық аспект
Мінез – адамның басты байлығы
Дұрыс әрекет - әрекеттегі Сүйіспеншілік
Жан тыныштығы бар жерде «ішкі тартыстар болмаған жерде Сүйіспеншілік гүлденеді»
Ақиқат – ойдағы, сөздегі Сүйіспеншілік
Дұрыс әрекет – іс-әрекеттегі Сүйіспеншілік
Ішкі тыныштық –сезімдегі Сүйіспеншілік
Қиянат жасамау – түсінісудегі Сүйіспеншілік
Рухани кұндылыктар қоғам талабына сай өзгерістерге ұшырап (мысалы, ұжымдық үдеріс қауымдастық пен жеке тұлғалылыққа алмасты,ұлттык, коғамдық кұндылықтардан гөрі жеке құндылыктар басымдылық таныта бастады), жаңа нарықтык коғам салты пайда болды. Бұл жағдайлар азаматтарымыздың арасында ізгілік, әділдік, өзара көмек, төзімділік сияқты қарым-катынастар орнатуына ыкпал ететін кұндылықтар мен әр жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуы мен оларды жүзеге асыруға түрткі болатын кұндылыктарды зерттеу кажеттіліктерін туғызды.
Осындай жағдайларда коғамдық мұраттар мен адамдардың тәлімдік үдерістері өзгерді, сондыктан да білім мазмұнын түбегейлі жаңғырту, әдістерді жаңарту және жастарды окыту және тәрбие беру технологияларын жетілдіру қажеттілігі туындады.
Қоғамнын осындай қажеттілігін канағаттандыру максатында жана «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім жобасын әзірлеу және тәжірибеден өткізу эксперименті өзінің алғашкы кадамын жасады.
Өз ұлтының теңсіздігіне шыдай алмаған 26 жасар Мартин-Лютер Кинг халқымен бірге өз құқықтарын қорғауға бел буады. Ол өзінің «біреуге қиянат жасамау» деген ұранымен зорлық-зомбылықсыз өз ұлтын көптеген жетістікке жеткізеді. 1957 жылы М.Л. Кинг «еркіндікке қажылық (Паломничество свободы)» деген ұранымен – Вашингтон қаласына 27 мың американдық түстес ұлтымен шеруге шығады. Сонда әр шеруге шыққан адам мынадай ұстанымды қолданған: «Саған біреу қолын көтерсе де, сен қолыңды көтерме. Ол сені қорласа да, сен оған қорлық көрсетпе. Әрқашанда сыпайылық пен татулық таныт. Қиянат жасаудан бас тартуың керек және сүйіспеншілік туралы ұмытпа!» («Не отвечай ударом на удар и оскорблением на оскорбление, воздержись от насмешек. Всегда веди себя вежливо и дружелюбно и помни о любви и об отказе от насилия»).
Жүрген жеріңде және өз отбасыңда тек сүйіспеншілік таныту керек. Өз бала-шағаңа, өз жолдастарыңа, өзіңнің әйеліңе, өзіңнің айналаңа сүйіспеншілігіңді сыйла. Әр адам сенімен қарым-қатынасқа түскеннен кейін тек жақсы ойларға кенелуі керек. Сенің өміріңнен тек жақсы іс-әрекетке үйреніп, титтей болса да бақытқа кенелу керек. Құдайдың шын бейнесіне айналыңыз. Тереза ана.
Мен сіздерге мына аңызды мысал ретінде ұсынып отырмын.
ХХ ғасырдың бас кезінде бір шотландық фермер үйіне қайтар кезінде балшықтан өтіп бара жатып, біреудің жан дауысы шығып айқайлағанын естиді. Фермер бәрін тастай салып, сол дауысқа қарай жүгірсе, балшыққа (болото) батып бара жатқан бір жас баланы көреді. Фермер ағаштың бұтағын сындыра салып, сол баланың колына ұстатады. Зор күшпен фермер сол бұтақпен баланы балшықтан тартып алады. Көздері мөлдіреген бала, фермерге бар ішкі ықыласымен рахметін білдіре сала, жүгіре жөнеледі «Рахмет ағатай, сізге! Менің әкем қатты уайымдап жатқан шығар мен кетейін» деп кетіп қалады.
Таңертең фермер үйінің алдында тұрса, бір өте бай күйменің (карета) қасына келіп тоқтап, ішінен әдемі киінген бір өнегелі кісі шығып: - Сіз бе кеше менің баламның өмірін құтқарып қалған? – деп сұрайды. – Ия, мен – деп фермер жауап қайтарады. – Мен сізге қанша қарызбын? Фермер: - Мені өкпелетпеңіз мырза. Сіз маған ештеңе де қарыз емессіз. Мен бұлай істегенім, шын жүректен болды, біреудің өміріне қауіп төнсе, сізде солай істейтін едіңіз - деп жауап береді. – Жоқ, мен олай үндемей кете алмаймын ғой. Сонда фермер: Енді мен бұл тақырыпта сөз қозғағым келмейді. Қош, сау болыңыз – деп кетіп бара жатқанда, жаңағы өнегелі кісі фермердің баласы жүгіріп ойнап жүргенін көріп қалады, сөйтіп былай айтады: Мынау бала сіздің ұлыңыз ба? - деп сұрайды. – Ия, менің ұлым. – деп жауап береді фермер. – Онда былай істейік, мен сіздің балаңызды Лондонға алып кетіп, оқуға түсіріп, өзім оқу ақысын төлейін, көрейік адамгершілігі бар әкенің ұлы қандай екенін – деп күлімсіреп айтады. Сонда фермер кісі ойланып, өзінің рұқсатын береді.
Біраз жыл өткен соң, бала мектепті бітіріп, Лондонның медициналық университетіне оқуға түсіп, оны да тәмамдайды. Кейіннен сол баланың атағы бүкіл дүние жүзіне тарала бастайды. Өйткені ол бала – Александр Флемминг, ең алғаш – пенициллин дәрісін ойлап тапқан адам. Соғыстан алдын бір-екі жыл бұрын сол баяғы өнегелі кісінің баласы ауыр жарақатпен - өкпесі суықтап Лондонның ауруханасына түсіп қалады. Сонда сол аурудың емі Александр Флеммингтің ойлап тапқан дәрісі – пенициллинмен емдеп шаққаны белгілі болды.
Флеммингті оқуға түсірген өнегелі кісінің аты – Рандольф Черчилль болған екен, ал ауруханаға түсіп қалған бұл кісінің баласы – Ұлыбританияның премьер-министрі – Уинстон Черчилл. Осындай оқиғадан кейін У. Черчилль әрқашанда мына сөздерді қайталаған – «Ешкімге жаманшылық жасама, ешкімге қиянат жасама. Тек қана айналаңа жақсылықтың нұрын шаш! Өйткені, сен істеген жақсылық, саған қайтып оралады»
Лекция №12