Ақпараттық қоғам концепциясы. Құндылықтардың жаңа жүйесі

Қоғам ұғымының орнына көп жағдайда оған мән-мағнасы жағынан жақын категориялар қолданылады. Сондықтан, ең алдымен біз оларды бір-бірінен айыра білуіміз қажет. “Ел” және “қоғам” категорияларын салыстырсақ, біріншінің географиялық жағы басымды. Мысалы, Қазақ елі – Азия құрылығының ортасында, мұхиттардан алыс орналасқан ел. “Қауым” және “қоғам” категорияларына келер болсақ, біріншіге жан-ұя, ру, тайпа, халық, ұлт секілді әлеуметтік ұйымдасу формалары жатады. Ал “мемлекет” пен “қоғамды” салыстырсақ, - ол мұхиттағы айсберг сияқты: судың бетіндегі көрінетін алып мұздың кішкентай ғана бөлігі – ол мемлекет болатын болса, су астындағысы - қоғам. Қоғам өміріндегі сан-алуан қарым-қатынастардың ең негізгілерін ғана мемлекет заң арқылы ретке келтіре алады, қалғандары әдет-ғұрып, моральдық, эстетикалық, т.б. әлеуметтік нормалардың негізінде қалыпқа келеді.

Қоғамдық сананың формалары. Қоғамдық сананың формалары мәселесі үнемі қызу талқыланып, оның сандық құрылымы туралы пікірлер өзгеріп отырады. Салыстырмалы түрде алғанда, қоғамдық сананың формалары мыналар деуге болады: саяси сана, құқықтық сана, дін сана, өнер, мораль (адамгершілік), ғылым және философия. Кейбір ғалымдар қоғамдық сананың экономикалық және экологиялық формалары туралы да айтып жүр.

Қоғамдық сананың формалары ішкі ерекше қатынастары бар күрделі жүйе, бірақ олардың қай-қайсысының да негізі адам қызметі, нақты өмірлік процесс. Қоғамдық сананың формалары бір-бірімен тығыз байланысты, бір-біріне өзара әсер етеді. Олар өзіндік тәуелсіздікке ие болғанымен, оны абсолютке айналдыруға болмайды.

Қоғамдық сананың формаларының арасында саяси сана ерекше орын алады, себебі онда экономикалық, таптық қатынастар, мемлекеттік және таптық мүдделер, билік мүдделері, әлеуметтік байланыстар тікелей, мүмкіндігінше айқын және толық көрініс табады, сондықтан да саяси сана қоғамдық сананың басқа формаларына айқындаушы ықпал етеді.

Дәуір деген ұғымда жиі ғылыми танымда пайдаланады. Дәуір дегеніміз - ол адамзаттың дамуындағы негіщзгі мәнді әлеуметтік бағытты белгілейтін ұғым. Дәуірде негізгі бағыт белгіліненеді. Осы сөзде негізі адмның даму жолы анықталады. Өркениет дегеніміз - ұғымды әртүрлі мазмұнмен пайдалануға болады. Өркениет деп жоғары техникалық қоғамдық дамуды атайды. Не болмаса өркениет деп мәдениеттің ерекшелігін белгілейді. Мысалы: ұлттық ерекшеліктер, кейбірде үнді, қытай, түркі өркениеті. Глобализациалық, универсализациялық процесстер мемлекеттің бәрін жақындатып отыр. Содан соң дүниежүзілік халықтың бәрін адамзат деп бірге аламыз. Кейінгі кезде тарихи даму жалпы адамның қолында болып отыр. Содан соң ең терең ұғымдардың бірі қазіргі дамуда - ол адамзат.

Қоғамның ерекшеліктерін шығару үшін оны, табиғатпен байланыстыруымыз керек. Табиғатпен қоғамның қатынасы әртүрлі дәуірлерде әрқалай болған. Постиндустриалдық қоғамды кейбір кезде “тұтыну қоғамы” деп атайды. Өйткені, өндіргіш күштердің орасан-зор дамуының нәтижесінде халықтың көпшілігінің материалдық ақуалы биік деңгейге жетіп, қолдағы байлықтан ләззәт алуға бағытталған, сол арқылы өзін қоғамға көрсету (демонстративтік тұтыну) өмір салты қалыптасты. Сонымен, “homo consumer” (тұтынушы адам) дүниеге келді.

Қорыта келе, біз Қазақстан қоғамының әлеуметтік-демократиялық қоғам орнату жолында біршама жетістіктерге жеткенін байқадық. Негізгі мақсат – осы жолдан таймай, жер жүзіндегі озық үлгілерді бойымызға сіңіріп, өз руханиятымызбен ұштастырып, гүлденген елге айналу болмақ.

Кілт сөздері: Қоғам, Өркениет, Адамзат, Дәуір.

15-ТАҚЫРЫП.Қазіргі заманның жаһандык мәселелерін философиялық пайымдау

1. Қазіргі заманның жаһандык мәселелерінің сипаттамасы.

2. Рим клубының құрылуы - жаһандык мәселерге назар аудару және оларды шешу жолдарын іздеу талпынысы.

3. Қазіргі заманғы жаһандык сананың ерекшелігі.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: Н.Ә.Назарбаев қазіргі заманның он жаһандық сын-катері және туралы. Тұрақты даму - әлеуметтік прогресстің ұтымды түрі.

Қазіргі күні ғалымдар «әлем адам» жүйесіндегі адамзат өмірі үшін маңызды факторларды қамтитын бүгінгі күннің проблемаларын жаһандық проблемалар ретінде қарастыруда. Жаһандық проблемалар жергілікті емес,бүкіл планеталық сипатта болады. Ол қоғамды құрайтын индивидтердің өміріне, дамуына және психикасына тікелей әсер етеді. Жаһандық проблемалар экологиялық, экономикалық және техникалық салаларды қамтып қана қоймайды,сонымен қатар әлеуметтік, саяси және демография салаларында қамтиды. Әлемдегі елдердің даму деңгейінің әртүрлілігіне байланысты жаһандық проблемалар ХХІ ғ.басында өзінің шырқау шегіне жетті. Кейбір ғалымдардың пікірінше мұндай дағдарыстардан шығу үшін табиғат пайдалануға және бүкіләлемдік теңдікті сақтауға құқықтық белгілер енгізу үшін халықаралық тұрғыдан әсер еткен тиімді.

Ең бірінші орында ядролық соғыс қару-жарақтың жетілуі мен халықаралық бақылаудың шеңберінен шығып кетуі жатыр. Бұрыннан келе жатқан ядролық қаруы бар бес мемлекетке бүгінгі таңда Үнді, Пәкістан, Оңтүстік Африка, Израиль сияқты елдер қосылды. Біршама елдер ядролық технологияны игеру үстінде (Иран, Солтүстік Корея). Әңгіменің қиындығы- бұл қосылған жаңа елдер халықаралық шиеленістер аймағында орналасқан. 2001ж. Үнді мен Пәкістан арасындағы қақтығыстар сол елдердің мемлекет қайраткерлерінің "ядролық қаруды қолдануымыз мүмкін" деген жантүршігерлік қорқытуымен аяқталғанын білеміз. Бұл проблеманы шешудің негізгі жолы – барлық ядролық елдерді (соның ішінде ешкімге де артықшылық жасамай) халықаралық бақылау негізінде жаппай қарусыздандыру болмақ. Атомның күш-қуаты тек АЭС-терді салу арқылы бейбіт жолға қойылуы керек. Өкінішке орай, ядролық мемлекеттердің "өзімшіл пиғылы" бұл мәселені үзілді-кесілді шешуге кедергі жасауда. Алайда, бұл мәселе ертелі-кеш шешілмейінше, бүкіл адамзат үстіндегі "ядролық дамокл қылышы" сол үрейінде тұра бермек.

Екінші үлкен мәселе – бүгінгі қалыптасқан тәндік-сезімдік өмір бағыт негізінде тойымсыздық, табиғи ресурстарды өлшемсіз пайдалану, жағалай ортаны ластау – адамзатты болашақ экологиялық апатқа әкелу мүмкіндігі. Біз бұл мәселені толығырақ арнаулы тарапта талдаған болатынбыз (қараңыз: осы кітап, 31-38 б.б.).

Үшінші – демографиялық мәселелер, яғни, жер бетіндегі халықтың тым тез қарқынмен өсуі. Егер соңғы мыңжылдықта жер бетіндегі халықтың саны 15 рет өссе, оның бірінші рет екі есеге өсуі 700 жылда болса, соңғысы – 40 жылда (егер 1956 ж. жер бетінде 2,8 млрд халық өмір сүрсе, 2004 ж. –6,3 млрд.). Әрине, бұл деректер үлкен ойға қалдырады. Бұл өсімнің 9/10 даму барысындағы елдерге жатады. Сонымен қатар, дамыған елдердегі халықтың құрылымын алар болсақ, онда кәрілердің саны өсіп (жақсы жағдайдағы өмір ұзақтығына байланысты), сонымен қатар туу деңгейі тым төмендеп кеткен. Сондықтан, ол елдерде халықтың өсуі түгіл, оны ескі деңгейде сақтау үлкен мәселеге айналуда.

Демографтардың болжауынша, алдағы уақытта Үнді халқының саны қытайлықтардан да гөрі өсіп, ал Африкада халықтың саны 1,5 млрд. дейін жетуі мүмкін. Халқы тез өсіп жатқан даму үстіндегі елдердегі өндіргіш күштердің төмендігі, ауыл шаруашылығы өнімділігі, тұрғындардың жалпы мәдени деңгейі, білім беру саласы – бәрі де сын көтермейтін жағдайда. Мұндай ақуал бұрыннан келе жатқан өмір салтын ұстау, бала тууға шек қоймау әдетімен байланысты екені айдан анық. Сондықтан, бұл үрдіс таяу арада бәсеңдейді деу артығырақ болар. Дегенмен де, Қытай еліндегі соңғы 15 жыл шамасында жүргізілген демографиялық саясат өз күшін көрсетті. Ертелі-кеш басқа елдер де сондай саясатқа көшуі мүмкін.

Жаһандану үрдісі "Солтүстік пен Оңтүстік" проблемасын тудырды. Бұл төртінші мәселе. Жалпылай келе, экватордан жоғары орналасқан елдердің даму қарқыны мен өмір сүру деңгейі төмен жатқан елдерден гөрі анаұғұрлым биік. Егер де дамыған елдерде тойымсыздық жолына түскен "алтын млрд." тұрып жатса, жер бетінде осы күнге дейін тағы 1 млрд. жуық адам, басқа қажеттіктерді өтеуді айтпағанның өзінде, күнбе-күн азық-түлікке жарымай отыр, ал 75 млн. аштықтың зардабынан жыл сайын дүниеден кетеді. Бұл дамыған елдер мен дамып келе жатқан елдердің арасындағы қайшылықтың өсуімен тығыз байланысты. Бүгінгі таңда дамып келе жатқан елдер дамыған елдерге 1 трлн. доллардан артық берешекті!!! Олар оны өтеу түгіл, оның өсімінің өзін төлеуге қиналады. Сондықтан да, Кубаның көсемі Ф.Кастро БҰҰ-ның мінбесінен осы борышты сызып тастауға шақырды. Алайда, дамыған елдер ондай шараға барар емес. Ал мұндай жағдайдың өршуі кедей елдердің наразылығын тудырып, неше-түрлі экстремистік қозғалыстарға дем береді.

Әл-Фарабидің сөзімен айтсақ, "динарды қуудың" негізінде ізгі қоғам орнату мүмкін емес. Ондай қоғам орнаған жағдайда адамдар мәңгі бітпейтін ұрыс-керіс, тартыс, бір-бірінен жаттану т.с.с. ақуалда болар еді.

Қазақ халқының керемет қасиеттерінің бірі – бұл дүниеде алудан гөрі болуды жақтауы. Яғни, өз бойыңдағы қасиеттерді гүлдетіп сыртқа шығару, өзіңнің ерекше болмысыңмен көріну, "сегіз қырлы, бір сырлы" болу. Бүгінгі Қазақстан қоғамында адамның ерікті еңбек етіп, белсенділік көрсетуіне, бұл дүниеде болуға деген ұмтылысына жағдай жасалған. Бәрі де өз қолымызда. Тек қажымай-талмай ізденісте болып, еңбек етіп, самарқаулықтан арылуымыз қажет.

Қазақстан дүниежүзілік қауымның ішінде өз орнын тапты. Әрі қарай ел дамуының жалпы формуласын ақын О.Сулейменов былайша көрсетті: "жаһандық тұрғыдан ойлан да өз жеріңде іс-әрекет жаса". Бүгінгі таңда Қазақ елі өз төл мәдениетімен біршама халықтарды таныстырып, солардың қошеметіне ие болды. Сонымен қатар, "бұқара мәдениеті" деген үғым сөздігімізге кіріп қана қоймай, соның "Отандық үлгілері" жасалуда. Жоғарыда келтірілген Қазақ елі өмірінен алынған деректердің бәрі де Жер бетінде жүріп жатқан жаһандану үрдістерімен байланысты екенін бір қарағанда-ақ байқауға болады.

Кілт сөздер: Өркениет, Құндылық, Әлем, Глобализация, Бұқара мәдениеті.

Негізгі әдебиет:

1. Әбішев Қ. Философия: Жоғары оқу орындары студенттері мен аспиранттарға арналған оқулық / Қ. Әбішев.- Өңделіп және толықтырылып үшінші рет басылуы.- Алматы: Эверо, 2004.- 256 бет.

2. Философия: Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулық / Құрастырған Т. Ғабитов.- Толықтырылған 3-ші басылымы.- Алматы: Раритет, 2010.- 400 б.

3. А.Қасабек, Ж.Алтай. Қазақ философиясы./ Оқу құралы, Алматы: Эверо, 2015.- 210 бет.

4. Нысанбаев Ә. Қысқаша философия тарихы / Ә. Нысанбаев , Т. Әбжанов.- Алматы: Эверо, 2011.- 272бет.

5. Мырзалы С. Философия: Оқулық - Алматы: Бастау, 2013.- 644б.

6. Философия: Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулық / Құрастырған Т. Ғабитов.- Толықтырылған 4-ші басылымы.- Алматы: Раритет, 2010.- 392 бет.

Қосымша әдебиет:

6. Қазақ философиясы тарихы. 1,2,3 томдар., ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, 2014 жыл.

7. Қасабек А. Тарихи-философиялық таным: Оқу құралы / А. Қасабек.- Алматы: КазГЗУ, 2002.- 264б.

8. Кішібеков Д. Философия: Оқулық / Д. Кішібеков , Ұ. Сыдықов.- 9-шы басылымы.- Алматы: Қарасай, 2008.- 360бет.

9. Әлемдік философиялық мұра. Жиырма томдық. 1-том: Ежелгі шығыс философиясы / Құрастырған Ж.Молдабеков.- Алматы: Жазушы, 2005.- 560бет.

10. Әлемдік философиялық мұра. Жиырма томдық. 2-том: Антикалық философия / Құрастырушылар Қ.Әбішев, Т.Әбжанов.- Алматы: Жазушы, 2005.- 568 бет.

11. Әлемдік философиялық мұра. Жиырма томдық. 3-том: Аристотель философиясы / Құрастырушылар Қ.Әбішев, Т.Әбжанов.- Алматы: Жазушы, 2005.- 568 бет.

12. Әлемдік философиялық мұра. Жиырма томдық. 4-том: Әл-Фараби мен Ибн Сина философиясы / Құрастырғандар Т.Ғабитов, Ғ.Құрманғалиева.- Алматы: Жазушы, 2005.- 568бет.

13. Әлемдік философиялық мұра. Жиырма томдық. 6-том: Жаңа дәуір философиясы / Құрастырған Ж. Молдабеков.- Алматы: Жазушы, 2006.- 512бет.

14. Әлемдік философиялық мұра. Жиырма томдық. 7-том: Жаңа дәуірдегі француз философиясы / Құрастырған Қ. Әбішев.- Алматы: Жазушы, 2006.- 560бет.

15. Әлемдік философиялық мұра. Жиырма томдық. 10-том: Ғылым мен техниканың батыстық философиясы / Құрастырғандар және ғылыми редакторлар Ә. Н.Нысанбаев, М. С. Сәбит.- Алматы: Жазушы, 2006.- 560бет.

16. Әлемдік философиялық мұра. Жиырма томдық. 8-том: Кант және Гегель философиясы / Құрастырғандар Ж.Әбділдин, Қ. Әбішев.- Алматы: Жазушы, 2006.- 520бет.

17. Батыс философиясы: бастауынан бүгінгі күнге дейін [Мәтін]: Оқулық / Дж. Реале, Д. Антисери; Ауд. Т. Х. Ғабитов.- Алматы: Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының қауымдастығы, 2012.- 628б.

18. Есім Ғ. Фалсафа тарихы: Оқулық-хрестоматия / Ғ. Есім.- 2-ші басылымы.- Алматы: Раритет, 2004.- 304бет.

19. Есім Ғарифолла. Қазақ философиясының тарихы: Оқулық / Ғ. Есім.- Алматы: Қазақ университетi, 2006.- 216б.

20. Кактаева Т.А. Философия негіздері: Оқулық / Т.А. Кактаева.- Астана: Фолиант, 2006.- 180бет.- (Кәсіптік білім).

21. Қазақ философиясы [Мәтін]: Оқу құралы / Т. Ғабитов.- Алматы: Раритет, 2011.- 280б

22. Нұрышева Г.Ж. Философия тарихы: Оқу құралы / Г.Ж. Нұрышева.- Алматы: Зият Пресс, 2011.- 180б

23. Қабылова А.С. Әбу Наср Әл-Фараби және араб-мұсылман философиясы: Оқу құралы / А.С. Қабылова.- Алматы: Қазақ университетi, 2004.- 51бет.

24. Қазақ даласының ойшылдары (XVIII-XIX ғғ.) 4-кітап.- Алматы, 2004.- 309бет.

25. Қазақ даласының ойшылдары 13-15ғ.ғ. 2-ші кітап.- Алматы, 2004.- 196бет.

26. Қазақ даласының ойшылдары 16-1568 ғ.ғ. 3-ші кітап.- Алматы, 2004.- 199бет.

27. Қазақ халқының философиялық мұрасы. Жиырма томдық. 1-том: Ежелгі көшпелілер дүниетанымы / Құраст.Т.Ғабитов,Д.Кенжетай.- Астана: Аударма, 2005.- 496бет.- (Мәдени мұра)

28. Қазақ халқының философиялық мұрасы. Жиырма томдық.2-том: Әл-Фараби философиясы / Құраст. Ә.Нысанбаев, Ғ.Құрманғалиева.- Астана: Аударма, 2005.- 480бет.

29. Қазақ халқының философиялық мұрасы.Жиырма томдық.3-том:Әл-Фараби философиясы / Құраст.Ә.Нысанбаев,Ғ.Құрманғалиева.- Астана: Аударма, 2005.- 496бет.- (Мәдени мұра).

30. Қазақ халқының философиялық мұрасы. Жиырма томдық. 4-том: Ислам философиясы / Құраст. Ә.Нысанбаев, Д.Кенжетай.- Астана: Аударма, 2005.- 534бет.- (Мәдени мұра).

31. Қазақ халқының философиялық мұрасы. Жиырма томдық. 5 том: Орта ғасырдағы түркі ойшылдары / Құраст. Ә.Нысанбаев, С.Нұрмұратов - Астана: Аударма, 2005.- 528бет.- (Мәдени мұра).

32. Мәдени-философиялық энциклопедиялық сөздік / Құраст. Т.Ғабитов, А.Құлсариева және т.б.- Алматы: Раритет, 2004.- 320бет.

33. Нұрышева Г.Ж. Философия тарихы: Лекциялар курсы / Г.Ж. Нұрышева.- Алматы: Зият Пресс, 2012.- 204б.

34. Тұрғынбаев Ә.Х. Философия: Жоғары оқу орын.студ.арналған оқу құралы / Ә.Х. Тұрғынбаев.- Алматы: Бiлiм, 2013.- 328 бет.

35. Тұрғынбаев Ә.Х. Философия: Жоғары оқу орын.студ.арналған оқу құралы / Ә.Х. Тұрғынбаев.- Толықтыр.,өңдел.,екінші басыл.- Алматы: Бiлiм, 2005.- 304бет.

36. Философия: Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулық / Құрастырған Т. Ғабитов.- Толықтырылған 3-ші басылымы.- Алматы: Раритет, 2005.- 400 бет.

37. Шығыс философиясы. Батыс Философиясы. Оқу құралы. «Әлемдік философиялық мұра», 2009 ж.

38. Молдабеков Ж. Шығыс философиясы. Оқу құралы. Алматы., 2007 ж

39. К.Н. Әлікенова. Мәдениет философиясындағы дәстүршілдік. Оқу құралы.- Талдықорған. 2008. 100б.б.

40. К.Н.Аликенова. Вестернизация және қазақ мәдени феномені. Монография. Талдықорған., 2014 жыл.

Наши рекомендации