Аттандым Қайта азамат

(Капитан Кибенкоға)

Шақырды мені бір күні

Кеңсеге кенет бастығым.

Түсі де тіпті жып-жылы,

Сездіріп сыртқа шаттығын.

– Ақталдың, – деді, – жігітім,

Адамсың енді таза, ақ.

Ақталды ақыр үмітің,

Атандың қайта азамат!

Естігенде бұл сөзді,

Кетпедім неге жарылып?!

Алдыма келді-ау бір кезгі

Алыс арман, ақ үміт!

Қолымды қысып бастығым,

Шығарып салды кеңседен.

Кеудеме сыймай шаттығым,

Келемін басып теңселе.

***

Босанып шығып лагерьден,

Еліме беттеп келем мен,

Жөн-жоба сұрап әркімнен,

Әлі де болса елеңмен.

Рас па? Түсім, өңім бе?

Шынымен бұған сенем бе?!

Шынымен еркін өмірге

Ентелей басып енем бе?!

Шынымен туған ауыл мен

Барам ба өскен қалама?!

Кездесіп достар бауырмен,

Құшаққа ыстық ала ма?!

Бәрі де рас, бәрі шын,

Жаһанда тарап жаңғырық,

Москваның дауысы

Тұрады әлемді таң қылып.

Лениндік норма қалпына

Келіп, орнап заңдылық,

Әділдік туып жалпыға,

Жеңіпті шындық мәңгілік.

Айдалған алыс сапарға

Ілияс, Сәкен, Бейімбет

Қосылып қайта қатарға,

Естідім елге келді деп.

Оралыпты үйіне

Қаныш, Мұхтар, Жұбанов,

Халқы қарсы ап, сүйіне,

Той жасапты қуанып.

Әлемдегі бар күй-ән

Кеудеме жыр боп құйылып,

Жүрегім, жаным – партиям,

Жүруші ем саған сыйынып.

Жеңді ғой ақыр адалдық,

Шешті ғой әділ съезің.

Атымен айтам адамдық:

Жолыңа құрбан сый – өзім!

Жүруші ек саған жан қия,

Сөзіңді осы күтіп ек.

Рақмет саған, партия,

Рақмет саған, үкімет!

аттандым Қайта азамат - student2.ru

КЕРЕЙҒАЗЫ НҰРСАДЫҚҰЛЫ

(1940–2008)

Ақын, жазушы Керейғазы Сағындықұлы ҚХР-ның Тарбағатай аймағы, Толы елді мекенінде дүниеге келген.

1962 жылы «Қазақстанмен байланысы бар, топ құрып, шетке қашуды ұйымдастырды» деген жалған жаламен тұтқындалып, 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі. Содан кейін Тарымның Сексентам жаза лагеріне қылмысын еңбекпен өтеуге жіберілген. 2006 жылы атажұртқа көшіп келіп, Текелі қаласына қоныстанған.

2008 жылы 23 желтоқсанда дүниеден өткен.

ТҮС

Әкетті іліп тасқында,

Тірі екем шықтым тал қармап.

Қашыппын қамшы бастым да,

Қамалып алды бар «қалмақ».

Жапырып келем шетінен,

Тайбурыл екен мінгенім.

Қайтардым жауды бетінен,

Үстімде көк мундирім.

Қиратып жауды талқандап,

Айғайлап дабыл қағыппын.

Қолыма өткір балтамды-ап,

Түрменің құлпын шағыппын.

Шашы өскен, ұзын тырнағы,

Лап берді босап көп халық.

Жиылып оймен қырдағы,

Көшені ұран кетті алып.

Заманнан түрме қатал-ақ,

«Бостандық» деймін жар салып.

Айқайлап, ду қол шапалақ,

Құшақтап жатыр қарсы алып.

Қорқамын көрсем қараңнан,

Сөкпеші достым қоянмын.

Шыққандай көзім шарамнан,

Сұмдық түс шошып ояндым.

Тағылып атақ боп жаман,

«Жетем» деп көрдім көп қуғын.

Көрінбейді қайда жоқ жағаң,

Көк жойқын мұхит көк бурыл.

Қалтылдайды қайық теңселіп,

Телегей долы көк теңіз.

Кетеді кейде еңсеріп,

Суларға талай шөккенбіз.

Белдесіп әр күн өліммен,

Шыңдарын астық азаптың.

Ғажайып сонау көрінген,

Садағаң кетейін азат күн.

Ағарған самай әжім бұл,

Күндерім кетті балдырған.

Сор маңдай Керейғазыңмын,

Қарсы алып шығам алдыңнан.

Көзімнің жасын сығымдап,

Қараймын дәйім таң саған.

Досыма жатқан сыбырлап,

Түсімді жорып тамсанам.

1963 жыл, Ақсу-Ауат «Құралдөң»

ОНАМ БАРЫП БІР КҮНІ

«Сайрам, сайрам» деп мен де,

Жазайыншы бір өлең.

Баяғыда өткенде,

Жолаушың ем түнеген.

Жағаңда аунап жатқанда,

Шыққан еді жотаға ай.

Таң қанатын қаққанда,

Кеттім қимай ботадай.

Қала бердің тебініп,

Таудан ойға асқанда,

Ақ моншағың төгіліп,

Тұрсың қалай аспанда?

Сені қалай жаратқан,

«Тәңірі» таудың басынан?

Құяды тарап-тараптан,

Жоқсың иә тасыған.

Шың басына өрмелеп,

Шыққан тіп-тік қарағай.

Құстар ұшып көлге кеп,

Шомылады баладай.

Сайрам сені сағындым,

Өтсем-дағы бір түнеп.

Шалғай жерге сабылдым,

Қуды дауыл күркіреп.

Үш арманым қақ қанат,

Шомыл барып суына.

Бұзып тауды қат-қабат,

Қос мұңымды шуына.

Арнауларым бар саған,

Жеткізе алса тіл мұны.

Жыл құсындай аңсаған,

Қонам барып бір күні.

1963 жыл, Күчар «Сексентам» лагері

Наши рекомендации