Жасөспірім жасында қандай адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы өте өзекті?
Адамгершілік тәрбиелеу – қоғам дамуының стратегиялық қоры. Қазіргі ашық қоғам туралы түсінік. Адамгершілік пен эстетикалық сана-сезімдіктің өзара әрекет жасау.
Жас ұрпақтың адамгершілік тәрбиесі – қоғам дамуының маңызды стратегиялық қоры. Қазақстанда ашық қоғам даму барысында білім берудің басты мақсаты жоғары адамгершілікті тұлғаны қалыптастыру мәселесі болып табылады. Мұндай тұлға құруға ұмтылу мен дамыған жауапкершілік сезімін игерген және өзгеріп жатқан ортада өзін-өзі анықтау мен өнерге қабілетті болу тиіс. Білім беру әрекетінің жүйесіндегі тәрбиелік міндеттерін шешу басым бағыты «Білім туралы» Қазақстан Республикасының заңында айқын белгіленген, онда білім «мемлекет, қоғам, адам назарындағы оқу мен тәрбиелеудің мақсатты бағытталған үрдіс» болып анықталған.
Жас шағында өмірлік құндылықтар жүйесінде терең өзгерістер болады: иллюзиядан бас тарту, түсініктердің өзгеруі, сонымен қатар жаңа баға, сенім және көзқарастар пайда болады. Бұл үрдістер тұлғаның қоғамдық процесстеріне кіру аясында іске асырылады. Өкінішке орай, әлеуметтендіру қарқыны соңғы онжылдықта төмендеп барады. Осыған орай келесі жағымсыз қасиеттер кең тарау алды: апатия, селқостық және жастардың әлеуметтік оқшаулануы. Өмірге аяқ басып келе жатқан көптеген жас адамдар өмір қиыншылықтарынан қашу; қоғамдық жұмыстарға жайбарақаттық; өз еліне қадірлеуіне, оның идеал мен құндылықтарының жағымды көзқарасына, жағымды адамгершілік ұстанымдарға негізделген белсенді азаматтық позициясының жоқ болуы сияқты сипаттама алған.
Мұндай адамдар мәнсіз өмір сүреді. Олардың моральдік орнықтылығы әлсіз немесе нөлге тең. Рухани жұтандық заңға қайшы әрекеттерге ғана емес, сонымен қатар қылмыстыққа жол ашады. Психиканың тұрақсыздылығы мен адамгершілік бағдардың жоқ болуы өзін-өзі бекітуге ұмтылатын жас балаларды анықсыз идеялармен, патриоттық немесе рухани-адамгершілік мақсаттарымен жасырынған әрқандай формалдық емес, өз бетінше әрекет жасау жастар ұйымдарына түрткілейді. Қоғамның жаңару үрдісін жас ұрпақ әр азаматтың жеке ісі ретінде емес, абстракттік мемлекеттік құбылыс сияқты қабылдайды. Жас адамның адамгершілік бағдарына қарай болашақта ол моральге тұрақты, өз парызын орындауға қабілетті, ашық қоғам әлеуметтік-саяси тұрақтылығының жетуіне жолсерік бола ала ма деген көптеген факторлар байланысты.
Өмірдің қазіргі ырғағы, әлеуметтік-қоғамдық өмірдің әр-түрлі саласындағы кез келген қиыншылықтар біздің елімізде орын алған өзгерістердің есептеуімен тұлғаның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру үрдісін қарастыру қажеттілігін анықтайды.
Ашық қоғам туралы қазіргі түсініктер үш ұстанымға сүйенеді:
- халық еркісінің құқықтылы;
- азаматтық бостандық, азаматтық және ұлттық теңдестің қамтылуы;
- әлеуметтік әділеттің көрсетімдік емес, нақты реалийді жүзеге асыру.
Қоғамның шындыққа, әділетке және жалпы адами адамгершілік категорияларымен басқаруына ұмтылуы ашық қоғамның гумандік болашағын сипаттайды. Алайда адамгершілік қоғам білімді, гумандік пен әділет идеяларында тәрбиеленген адамдарысыз мүмкін емес. Осыған орай жоғары адамгершілікке, ерікке ұмтылу тәрбиесісіз; өткен және осы шақтың мәдениет және интеллектіне біздің қоғамымыздың әр мүшесінің, сонымен қатар мұғалімнің қызығушылығысыз біздің қоғамымыздың болашағы жүзеге асыра алмайды.
Ашық қоғам қазіргі дамуының негізіндегі білім мен тәрбие оқушылардың тұлғалық қасиеттеріне жаңа талаптарының генетикалық талдауын жоспарлайды. Демократиялық өзгерістердің әлеуметтік іс-тәжірибесі әр халықтың прогрессивтік дәстүрлерін сақтау және мирасқор туралы, ұлттық мәдениеттер нақты өзара байыту туралы, адамгершілік тұрақтылық, әлеуметтік жауапкершілік, әділет, адалдық және мәдениет туралы әңгімесін құрған. Оқушы тұлғасының жаңа эталоны өзінде келесі қасиеттерден тұрады: адамгершілік идеяларына шынайы берілгендігі, ұлттық сезімдерді қоғамның ұлтаралық құлшынысымен байланыстыру білігі, эмпатиялық сипат сезімдері. Оқушыларды осы қасиеттерінің тәрбиелеу маңыздылығын өзектеу отырып, ашық қоғам дамуының қазіргі кезеңінде оқушы тұлғасының осы эталонын бекіту қажеттілігін анықталған өзгерістерді белгілеуге болады.
Біріншіден, шынайы қоғамның демократиялық стильге ұмтылуы өзінің нақты міндеттерін анықтап отыр.
Екіншіден, өткен жылдардың волюнтаризм кезеңдерімен жиналған адами ерекшеліктің құлдырау сипаттары барлық қоғамның көз алдында адамгершілік тұрақтандыру, рухани дербестік және ұлттық дәлелділікке, жалпы адами моральдің өзгермейтін ұстанымдарының қайта туу ұмтылысына айналып жатыр.
Үшіншіден, өндіріс күштері мен өндіріс қатынастардың және олардың өзара әрекет жасау барысы нақты диалектикасының қажеттілігі туралы концепциясының қоғамдағы бекітілуі оқушыларға идеялық-тәрбиелік әсерін күшейту жолымен біз үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру мен тәрбиелеу саласында табысқа жете аламыз деген бағыттардың қателік екенін түсінуге көмектесті.
Қазіргі ашық қоғамның демократиялық өзгерістерінің нәтижесінде тәрбиенің жалпы әдіснамалық проблемаларында, оқушының тұлғасына моральдік талаптарының мазмұнында радикалдық өзгерістердің бірқатары пайда болды. Дербес тұлғаның дамуына, оның табиғи қабілеттеріне, бірдей емес тұлғалардың көп болуына мақсатталған жаңа идеялар (өзара еңбек жасау педагогикасы, өзіндік басқару ұстанымдары, мектептің гуманизациясы және гуманитаризациясы) пайда болды. Осындай жағдайда болған технократизм адамгершілікпен, гумандікпен ауысады, қоғамда дидактиканың гегемониясы жойылады, басымдық тәрбиелік гегемониясына беріледі. Ұлттық мектептің дамуына көптеген мүмкіндіктер пайда болады, оқушыларда өзінің және жанындағы өмір сүріп жатқан халқыларының ұлттық дәстүрлерін, отбасылық тұрмысын, ұлттық-этникалық ерекшеліктерінің білу қажеттілігі өсе бастайды. Оқытудың репродуктивтік-ақпараттық тәсілінің орнына мұғалімнің тұлғалық ықпалы, өз оқушыда ойын, шындыққа, мейірімділікке ұмтылуын, өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі оқыту қабілеттерін ояту білігі келеді. Жаңа мектепте оқытудың монологиялық тәсілімен емес, барлық оқу-тәрбиелік үрдісінің диалогизация проблемаларын басшылыққа алу тиіс, мұғалім мен оқушы – оқу-тәрбиелік үрдісінің субъекттері екені оқушылардың естеріне салу тиіс.