Жасөспірім дзюдошылардың төзімділігін қабілетін жетілдірудегі физиологиялық ерекшеліктері

Спорттық күрес үшін ең алдымен барлық қуаттық жүйелердің мүмкіндіктері, үнемділік және жеке басының сапалары жетекші компанент болып табылады. Практикалық тәжірибе және ғылыми зерттеулер жасы бойынша төзімділіктің даму динамикасын біліп тұруға мүмкіндік береді.

Балалар мен жасөспірімдердің ағзалары ересектерге қарағанда жұмыс істеу қабілеттілігін аз игерген. Себебі, бұл жағдай жасы бойынша дамудың әлі бітпегендігінің нәтижесінде болып отыр, өйткені органдары мен жүйелердің функционалдық мүмкіндіктері және олардың қызметінің үйлесімділігі өзінің қажетті деңгейіне жетпеген. Төзімділіктің максималды дамуына қажетті жағдайлар толып піскен жасында ғана, ағзаның жас ерекшелігіне қарай қалыптасқанда ғана жасалады. Балалық, жеткіншек, жасөспірім жастарында ағза ұзақ жұмыс орындауға әлі де жеткілікті бейімделмеген, бұл жағдай әсіресе жоғары қарқынмен орындалған жұмыс кездерінде білінеді. Бұл жүрек пен демалу аппаратының жеткіліксіз дамуына байланысты болады, осы тектес жұмыстар ағзаның энергетикалық қуатын арттыруға көбірек уақыт екені белгілі, олар осы кезеңде өсу процестерін қамтамасыз етеді. Осы жастардағы жүйке жүйесінің жайы, оны қозғыштығы мен тұрақсыздығы да ағзаның мүмкіндігін шектейді. Осының бәрі құралдар мен әдістерді дұрыс таңдау жолымен төзімділікті дамыту қажеттілігі мен мүмкіндіктерін жоққа шығармайды. Төзімділікті дамытудағы арнайы жұмыс жыныс мүшелері жетілгеннен кейін ғана басталуы тиіс, бірақ та жасөспірімдік сияқты жеткіншек кезінде де бұл жұмысты бастауға болады, дегенмен оның мөлшері жалпы қолданылып жүрген құралдар көлемінің ішінде көп емес.

Жас балуандардың жалпы және арнайы төзімділіктерін дамыту ерекшеліктеріне талдау жасайық.

Ауыспалы жас деп аталатын жыныстық жетілгенге дейінгі және жыныстық жетілу кезеңі 2 – 3 жылға созылады: балаларда 13 – 14 жастан 18 жасқа дейін; қыздарда 12 – 13 жастан 16 жасқа дейін. Кейбір жағдайларда жыныстық жетілудің әр жылдары орта және одан үлкен мектеп жасындағылар арасындағы шектеулікті болдырмауы мүмкін. Біреулеріндегі 13 – 14 жастағы биологиялық өзгерістер кейбіреулерінде 16 – 17 жастағыдай болуы мүмкін. Осы кезде бас миының қызметіне әсер ететін эндокринді жүйенің дамуы жүріп жатады. Геофиз жыныстық темірлерге әсер етеді. Жүйке саласында негізгі жүйке процестерін жетілдіретін өзгерістер болады. Ішкі тежеу күшейеді, бірақ қозуы басымдау болып қала береді. Екінші белгі беру жүйесінде даму болады және күрделене түседі. Күрделі еңбек түріне және спротпен шұғылдануға ұмтылыс пайда болады. Жалпы дамумен қатар жыныстық жетілу кезеңнің басталуын жүрек – тамыр жүйесінде де өзгерістер басталады. Жоғарғы қозғалыс әрекеті жүректің күшейтілген дамуын тұғызады, 12 – 14 жаста басталады, ал 15 жасқа қарай ол жаңа туғанмен салыстырғанда 15 есе көбейеді. Осы кезеңдегі даму қуаты жекелей тербеліске ұшырайды. Бұл кезең балаларға қарағанда қыздарда ерте басталады, ерте аяқталады.

Қан тамырының қысымы жіңішке тамырлардың қарсыласуы нәтижесінде көтеріледі. 13 жаста максималдысы орташа есептегенде 103 мм-ге және кішісі 62 мм-ге тең, ал 15 жаста 110мм-ге және 70 мм-ге тең. Тамыр соғысы сирей бастайды. 13 жаста минутына орта есеппен 80 рет, ал 15 жаста 74 рет соғады. Ырғақтылық орнына келеді. Осы кезде тамырлардағы эластикалық және бұлшық еттік қылшықтар жедел дами бастайды, бұл анатомиялық – физиологиялық тұрғыдан компенсаторлық құбылыс болып есептеледі, ал жүректің жеңіл қозуы жалғаса береді.

Жүрек соғуы, тыныстық аритмия, экстрасистония, функционалды систоликалы шулар жиірек кездеседі. Әдетте, жыныстық жетілу кезеңімен бұл құбыластардың бәрі жоғалады. Балалар жиі демалады, орташа есеппен минутына 19-20 рет. Өкпелердің сыйымдылығы 13 жастағы 1900 куб сантиметрден 15 жасындағы 2700 куб сантиметрге дейін өседі. 12 – 14 жаста 1 см бойына 13 – 15 куб см-ден өкпелер сыйымдылығы келеді.

Жасөспірімдердің қан құрамының ересектерден айырмашылығы аз. Жасөспірімдерде гемоглабин аз (73 – 84%), лейкоциттер көп (8000 – 9000), ересек кісілерде 6000 – 9000 және аз пайызды нейтрофил кезінде лимфоциттер 21 – 25% орнына 23 – 30%. Жыныстық жетілу кезеңіндегі денелік даму біршама өзгереді. Ұзындығына қарай қарқынды өсуі 13 – 14 жаста болады.

Бойына бір жылдағы қосылатыны 8 см-ге, кей жағдайларда 18 – 20 см-ге жетеді. Барлығы осы сияқты көбейе бермейді, 14 – 15 жасқа дейін 1 – 2 кг-ға, сонан кейін 18 жасқа дейін жылдық қосатыны 8 және одан көбірек килограммболады. Көкірек қуысы (клеткасы) алғы – артқы және бүйірдегі мөлшерде ұлғаяды, бірақ бойын ұзындығымен салыстырғанда қалып қояды. 15 – 16 жасында балаларда энергиялық өсу жүреді және олар қыздарды қуып жетеді және басып озады. 14 жасынан бастап сүйектену ошағы пайда болады, бұлшық еттің ұлғаюы жалғасады. Жасөспірімдер спорттың кейбір түрлерінде жеткілікті де жоғары жаттыққандыққа жетуі мүмкін. Олар жарыстарға қатыса бастайды. Жылдамдық жүктемелеріне жақсы бейімделгендігі мен ұзақ, қызу жұмыстарға нашар болуы қала береді. Біртінділеушілікті, бірізділікті және жеке келуді қатаң сақтау жасөспірімдермен шұғылданудың негізінде жатуы тиіс.

Денелік жаттығулармен жұғылдану кезінде жас спортшылардың жұмыс қабілеттілігі тез қалпына келетін болса, жасөспірімдерде тез болдырғандық байқалады. Сондықтан сабақтардың мерзімін 40 – 45 минутқа дейін қысқартып, жиілетіп демалыс беру керек. Жаттығу сабақтарының тығыздығы ересектерге қарағанда аз болуы керек. Демалдыруды реттей отырып, біржақты жаттығуларды қолдануды қатаң шектеу керек. Осы кезеңде әсіресе әржақты жаттығу пайдалы.

Жасөспірімдер өздерінің күштілігіне мақтанады, оны көрсетуге ұмтылады және өздерінің мүмкіндіктерін артық бағалайды. Жоғарғы көрсеткіштерге жету үшін, өзінің күшін біртіндеп, жүйелі түрде қолдануды ұмытып кетеді. Еркін дене шынықтыру оларда өзін - өзі сақтау сезіміне қайшы келіп отырады. (22)

Жақсы спорттық нәтижелер көрсетіп жүрген кейбір жасөспірімдер жыныстық жетілу кезеңінің алдында оларды бірден төмендетіп жіберуі мүмкін. Бұл жағдай бойы тездетіп өсіп келе жатқандарда байқалады.

Жасөспірімдердің төзімділік сияқты денелік сапасын дамыту жолында жұмыс істеу үшін, олардың денелік дамуының жалпы деңгейіне дұрыс баға бере білу қажет. Денесінің ұзындығы мен салмағы, көкірек кеудесінің қапсырмасы сияқты денелік даму көрсеткіштері ағзаның басқа жүйелерінің көрсеткіштерімен тығыз байланыста болады және адамның жеке биологиялық дамуы туралы біршама деректері болады. Кез келген шұғылданушының денелік дамуының қандай деңгейіне жататынын бағалау үшін қажетті жүргізілетін өлшемдер мыналар:

· дененің ұзындығы;

· дененің салмағы;

· көкірек кеудесінің қапсырмасы.

Орта денелік дамуындағы балалар мен жасөспірімдердің төзімділігін дамыту барлық мектептік жасындағы кезең бойы белсенді түрде өтеді, бірақ 15-тен 16-ға дейінгі жасында азая бастайды. 12 жастан 13 жасқа дейін төзімділікті қалыптастырадыда біршама көбею болмайды, бұл көбею 13 жастан 15 жасқа дейін байқалады. Содан кейін төзімділік көрсеткішінде төмендеу жүре бастайды, ал 16 жастан 17 жасқа дейін белсендітүрде жоғарылайды. Бұл 13 – 14 жаста, сондай – ақ 14 – 15-тен 16 – 17 жасқа дейін төзімділікке тәрбиелеудің мақсатты бағыты үшін алдыңғы себеп деп есептеуге мүмкіндік береді. Орта денелік дамудағы баланың төзімділігін дамытуда барлық жас ерекшеліктерінде өсу дамуы болады, бірақ бұл айырмашылықтардың дұрыстығы 12,13 және 17 жастарында байқалады, ал ретарданттарды олар 13 – 15 жастарында басып озады, 16 және 17 жастарында олардың нәтижелері бірдей болады.

Акселераттор төзімділігі жағынан, 13 – 14 жаста осы қабілеттілігінің көбеюі рас болса да, өзінің құрдастарынан кем түседі. Тұрақтану 12 – 13, 15 – 16, және 16 – 17 жастық кезеңдерге келеді. Даму кезіндегі өсу 13 – 14 және 14 – 15 жас диапазонына қатысты болып келеді. 12, 13, 17 жастарында акселераттар төзімділігінің дамуы жағынан ретардант – оқушыларларға және орта денелік дамудағы оқушыларға жол беріп қояды. 12 жастан 13 жасқа дейін төзімділікті дамыту ретарданттары орташа және жедел денелік жағынан дамыған оқушыларды басып озады. Дегенмен, 13 жастан 16 жасқа дейін төзімділікті дамытуда бірқатар тұрақтылық байқалады, ол көбею жағына қарай аяқталады. Жайлап денелік дамыған жасөспірімдердің жыл сайынғы төзімділік жағынан өсу қарқыны бойынша олардың өзқұрдастары алдындағы айқын артықшылығы болмайды.

Төзімділікті 13 жасындағы дамытудың ретарданттары орташа денелік дамудағы оқушылардан асып түседі. Дегенмен, 14 – 15 жастың өзінде бұл сенімділік төзімділікті дамытудың ретарданттарының орта деңгей өкілдерінен кем екендігін көрсетеді. 17 жаста олардың нәтижелері бірдей болады. Оқушы – ретарданттар мен ерте есейгендер (акселераттар) арасындағы төзімділік дамуының айырмашылықтарына келсек, біріншілері өздерінің құрбыластарынан бірнеше жыл бойы алда болады. 12, 13, және 17 жастардағы сенімді айырмашылықтар – пубертатты және пубертаттан кейінгі жастардағыдай.

Жеке айырмашылықтары ескерілген оқушылардың денелік қабілеттерінің жас ерекшеліктеріне қарай дамуы әр денелік дамуындағы балалардың денелік дамуы сияқты төзімділік дамуы « дағдарыс кезеңдерімен» сипатталатын жалпы заңдылықтарға бағынышты болады. Осының бәрін спорттық оқытушылар мен жаттықтырушыларға балалармен (жасөспірімдермен) жұмыс істеу кезінде ескеру қажет. Әртүрлі жынысты және жастағы жасөспірімдердің төзімділігін дамытудағы жеке ерекшеліктерін ескермей, арнайы төзімділік туралы айтпағанның өзінде, жалпы төзімділікті дамытуға арналған құралдар мен әдістерді дұрыс әрі ұтымды іріктеу мүмкін емес.

Спорттың белгілі бір түріне қабілеттілігі бар спортшының жоғарғы спорттық нәтижелерге қол жеткізетіні белгілі, олар үлкен еңбек сүйгіштікпен және жоғары білімді спорт педагогының басқаруымен спорттық дарындылығын да дамытады.

Жеткіншектік жас спорттық күресте мамандануды бастауға ең қолайлы жас. Бұл балуанды дайындау нақты осы жасында басталуы керек дегенді білдірмейді. Дене шынықтырумен үнемі шұғылдануды біршама ертерек бастаған жөн. Жеке ерекшеліктер мен айырмашылықтар болған жағдайда, олар төзімділікті дамыту кездерінде ескерілуі керек. Сонымен бірге жұмыс тәжірибелері көрсеткендей, жүйелі түрдегі жаттығуларға тым ерте кіріскен жас балуандар жоғарғы нәтижелерге ертерек жетеді екен.

Жас балуандардың арнайы төзімділігін дамытудың әдістері мен құралдары.Спорттық дайындық процестерін оңтайландыру нәтижеге ықпал ететін жетекші факторларды, олардың өзара байланысы мен сандық әсерлерін білу ғана емес, сонымен қатар тиімдірек тәсілдерді, құралдар мен әдістерді іріктеп, оларды пратикада тиімді қолдану. Педагогикалық тұрғыда жаттығудың тиімдірек әдістері туралы дұрыс шешім спорттық жетістіктердің жоғарылауына тікелей әсер етеді.

Спортшының ағзасына жаттығудың физиологиялық әсер етуі орындалатын жаттығудың қарқындылығы, оның ұзақтығы қайталаулар арасындағы демалу аралығының ұзақтығы, демалуды сипаты және жаттығуларды қайталаудың жалпы саны сияқты жаттығу жүктемелерінің әсер етуімен анықталатыны белгілі. Н.Волков пен В.Зациорский денелік жүктеменің жаттығудағы тиімділігі оның өлшемдерінің өзгеруімен анықталатынын айтқан. Осы жүктемелердің компоненттері төзімділіктің барлық түріне белгілі бір мөлшерде әсер етеді және оларды шеберлікпен үйлестіре білу қажетті жаттығулық нәтижеге жеткізеді.

Спорттық жаттығудың теориясында жедел жаттығулық нәтижені жүктемелерді бір реттік қолдану нәтижесі ретінде ажыратады (мысалы, бір ғана жаттығу сабағының әсерімен), бұл әдетте болдырғанда және бір немесе бірнеше жаттығулық немесе жарыстық жүктемелердің әсерінен болған жұмыс істеу қабілеттілігінің төмендеуінен білінеді және кумулятивті жаттығу нәтижесі спортшыға көптеген жаттығу жүктемелерінің немесе жаттығу сабақтарының дәйекті ыкпалының нәтижесі ретінде білінеді.

Жаттығу жүктемелерінің компоненттерін үйлестіру ағзаның жауаптық реакциясының көлемі мен сипатына әсер етеді.

Жаттығудың қарқындылығы. Жүктеменің қарқындылығына бұлшық ет жұмысының қуаттылығын қамтамасыз ету сипаты байланысты болғандықтан, оларды топтастыру кезінде энергетикалық өлшемдерді, яғни қуаттық қамтамасыз етудің аэробты және анаэробты процестерінің арақатынасын пайдаланған орынды.

Жаттығудың қарқындылығы мыналар болуы мүмкін:

А) Максималды – жұмыс көбінесе қуатпен қамтамасыз етудің алактатты (креатинфосфатты) анаэробты механизмы есебінен қамтамасыз етіледі;

Б) Субмаксималды – жұмыс гликолитикалық анаэробты процестердің есебінен қамтамасыз етіледі;

В) Үлкен – жұмыс аэробты өнімділіктің максималды деңгейі кезіндегі бұлшық ет қызметін аралас аэробты – анаэробты қамтамасыз ету есебінен орындалады.

Жаттығулардың қарқындылығы оларды орындау кезінде бұлшық еттердің жұмысы негізінен орта, бірқалыпты және аз аэробты процестерін есебінен қамтамасыз етіледі.

Орта қарқындылық кезінде ағза жалған орнықты жағдайда болады, яғни бұлшық ет жұмысын қуатпен қамтамасыз етуде анаэробты процестер де қатысады; бірқалыпты қарқындылық кезінде ағза шын орнықты жағдайда жұмыс істейді – оттегін қолдану оттегіне деген қажеттілігіне толық сейкес келеді; кіші қарқындылық кезінде ағзаның әртүрлі жүйелері тыныштық жағдайдан гөрі жоғарырақ деңгейде жұмыс істейді. Жаттығу қарқындылығының нақты индикаторы ЖСЖ болып табылады. Сонымен, максималды қарқындылыққа тамыр соғысының максималды жиілігі (150 – 170 мин соғу) сәйкес келеді. Субмаксималды қарқыдылық жаттығуы минутына 180 – 200 дейін тамыр соғысын арттырады, ЖСЖ – тің үлкен қарқындылығында минутына 170 – 190 тамыр соғуын құрайды, жұмыстың нақты осы тәртібінде қанның минуттық көлемінің және көмір қышқыл газды пайдаланудың максималды деңгейіне жетеді. Біркелкі қуаттағы жаттығуға минутына 130 – 160 тамыр соғуындағы ЖСЖ сәйкес келеді. Жалған тұрақты жайы минутына жиілігі 150 – 160 тамырсоғысымен сипатталады, ал шын тұрақтылық жайы – минутына жиілігі 130 – 150 тамыр соғысымен сипатталады.

Минутына 100 – 130 тамыр соғысына дейінгі ЖСЖ – тің ұлғаюымен жалғасатын (әсіресе, егер олар ұзақ уақыт орындалғанда) аз қарқындылықтағы жаттығулар бұлшық еттің өсуіне себеп болады, яғни олардың жалпы қан тамыры арнасының ұлғаюына мүмкіндік тұғызады, ол аэробты өнімділікте дұрыс жағынан білінеді.

Жаттығулардың ұзақтығы оны орындаудың қарқындылығымен тығыз байланысты. Максималды қарқындағы жаттығулар 20 секундқа дейін, субмаксималды қарқындағы 40 секундтан 2 минутқа дейін орындалуы мүмкін. БАҚ (барынша ауа қабылдау) деңгейінде орындалатын жаттығулар 10 – 12 минутқа дейін созылуы мүмкін. Аэробтық қуат көздерінің есебінен орындалатын жұмыс оттегін пайдалану оттегіне мұқтаждығына сәйкес келеді) ұзақ уақытқа – бірнеше сағатқа дейін жалғасуы мүмкін.

Демалыс аралығының ұзақтығы – ағзаның жаттығудың жүктемесіне жауаптық реакциясын көлемі мен сипатын анықтайтын факторлардың бірі. Ағзаның қайталама жүктемеге қарсылық білдіруі жүктеменің көлеміне және қайталаулар арасындағы демалыс уақытына байланысты болады. Демалу кезіндегі ағзаның жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіру төмендегідей кезеңдік сипат алады: ауыр жүктемеден соң бірден жұмыс қабілеттілігінің бұрынғысынан азаяды; демалыс процесінде ол жоғарылайды, нәтижелік деңгейіне жетеді, кейде одан да асып түседі (суперкомпенсация фазасы),содан кейін жұмыс істеу қабілеттілігі нәтижелік деңгейге дейін азаяды. Оларданбасқа демалыс кезіндегі қалпына келтіретін процестердің жылдамдығы тұрақ болмайды; Жүктемеден қалпына келу бірден тез жүреді, сонан соң оның жылдамдығы біршама төмендейді.

Жұмыс қабілеттілдігін қамтамасыз ететін ағза жүйелерінің функционалдық қасиеттерін қалпына келтіру жылдамдығы бірдей емес. Сонымен, ең алдымен демалудың жиілігі мен тереңдігі қалпына келеді, сонан кейін ЖСЖ – тің нәтижелік деңгейіне жетеді.

Сонымен, жаттығулар арасындағы демалыс уақытын белгілеу, басқа сөзбен айтқанда, демалысты жоспарлау жүктемені жоспарлаған сияқты өте маңызды.

Демалыс сипаты демалыс уақыты сияқты ағзаның келесі жаттығудың алдындағы « басталу жайына» әсер етеді. Демалыс сипаты әр түрлі болуы мүмкін – толық тыныштықтан арнайы қалпына келтірудің ықпал етуіне дейін (сылау, көмір қышқыл газымен демалу және т.б.).Тек қана демалыс сипатын өзгерте отырып, бір және сол жүктемені аэробтырақ немесе анаэробтырақ жасауға болады. Сонымен егер демалыс кезеңінде жүрек – тамыр, демалу және ағзаның басқа да жүйелері қызметінің жоғары деңгейін жеткілікті деңгейде ұстап отыратын болса, онда келесі жұмыстың қуатпен қамтамасыз етудегі анаэробты процестердің үлесі жаттығуларды орындағаннан кейінгі толық демалу жағдайларынан төмен болады.

Қайталаулардың саны жұмыстың физиологиялық нәтижесіне біршама дәрежеде әсер етеді және денелік жүктеменің жақсы басқарылатын құрамдас бөлігі болып табылады. Ағзадағы функционалды қозғалыстың динамикасы жаттығу жүктемесін орындау барысында әртүрлі болады. Мысалы: анаэробты бағыттағы жаттығуларды пайдалану кезінде әр жаңа қайталау ағзаны қуаттық қамтамасыз етуге анаэробты процестердің қатысу үлесін арттырады. Сонда да болса қайталаулардың санын одан әрі көбейту кішірек сыйымдылығына орай анаэробты негіздерді бітіру немесе аэробты процестер тарапынан тоқтатып тастауға алып келеді. Нәтижесінде спортшыға жұмысты тоқтатуға немесе оның қарқындылығын төмендетуге тура келеді.

Төзімділікке тәрбиелеу кезінде жүктемені интегралды бағалау маңызы орын алады, дегенмен, оны анықтау – күрделі мәселе. Жиынтық жүктеме көбінесе жаттығу процесінің жекелеген көрсеткіштерінен құрылады. Бұл көрсеткіштер балл, ұпай, пайыз түрлеріндегі сандық бағаны жиі алады. Дегенмен мұндай « бағалық көрсеткіш» бір мамандықтағы ғана спортшылар үшін пайдалы болады, әуелі осындай жағдайда интегралды баға бере алмайды. Біздің ойымызша, төзімділікті жетілдіру кезінде жиынтық жүктемені қалпына келу мерзімі бойынша бағалаған орынды, одан кейін мұндай баға белгілі дәрежеде шартты болып келеді. Бір күндік аз жүктемеден соң ағза сол күннің кешіне қарай қалпына келеді. Орта жүктемеден кейін толық қалпына келу тек қана келесі күні басталады.

Көп жүктемені орындаған соң жұмыс істеу қабілеттілігі екі күннің ішінде толық қалпына келеді. Максималды немесе шектелген жүктемені балуан тек жауапты, күрделі жарыстардың барысында ғана алады. Осындай жүктемеден кейінгі қалпына келу 3 – 4 күнге, не одан да ұзағырақ жалғасуы мүмкін. Жаттығуларда шектелген жуық жиынтығы жүктемелер пайдаланылады, олардан соң жұмыс қабілеттілігі 3 – 4 күн ішінде қалпына келеді, бірақ бұл кезеңді қалпына келтіру құралдарын пайдалану есебінен қысқартуға болады.

1.орындалатын жаттығулардың қарқындылығының негізгі әдістері. Бірқалыпты әдіс тұрақты, қағида бойынша, жаттығудың орташа қарқындылығымен сипатталады. Ауыспалы әдістерде, атына байланысты қарқындылық тұрақсыз.

2. жаттығу жаттығуларын бір дүркін немесе көп дүркін орындау әдістері. Біріншісіне үздіксіз бірқалыпты әдісті, екіншісіне қайталанған әдісті (жаттығулар арасындағы демалыс аралығы жұмыс қабілеттілігінің толық қалпына келуін қамтамасыз етеді), аралық әдіс (демалыс аралықтары «қатаң», яғни жұмыс қабілетінің қалпына келуі толық емес).

3. сабақтарды ұйымдастыру ерекшеліктері немесе жаттығуларды орындау шарттары қамтып көрсетілген әдістері. Мысалы, жарысу әдісі, айналма жаттығу әдісі, ойын әдісі және т.б. Көп жағдайда төзімділікті тәрбиелеудің тиімді және ыңғайлы әдісі айналма әдісі болып табылады.

Сонымен, арнайы төзімділік – бұл белгілі бір қозғалыс қызметіне қатысты төзімділік. Арнайы төзімділік: қозғалыс мәселесінің шешілуіне көмек беретін қозғалыс амалдарының белгілері бойынша; қозғалыс мәселесі жүзеге асырылатын қозғалыс қызметінің белгілері бойынша; қозғалыс мәселесінің табысты шешілуіне қажетті басқа да денелік сапалармен өзара әрекеттестік белгілері бойынша топтастырылады.

Арнайы төзімділік жүйкелік – бұлшық ет аппараттарының мүмкіндіктеріне, қуаттың ішкі бұлшық ет көздерінің ресурстарын (қорларын) жұмсаудың тездігіне, қозғалыс қимылдарын игеру техникасына және басқа қозғалыс қабілеттіліктерінің даму деңгейіне байланысты болады.

Балуанның арнайы төзімділігін дамыту әдістемесінде бірнеше бағыттар байқалады. Ертеректегі жұмыстарда әдістеменің негізгі құралдары балуанның ұрыс жаттығулары болып келген, бірінші кезекте серігімен шартты және еркін ұрыс жаттығулары тұрған, балуанды дұрыс демалуға үйрету шарттары, ұрыста күші мен қуатын ұтымды жұмсай білуге үйрету тұрған.

Арнайы төзімділік түрлерінің көпшілігі ағзаның анаэробты мүмкіндіктерін дамыту деңгейімен байланыстырылған. Арнайы төзімділікті дамытудың тиімді құралы формасы, құрылымы және ағзаның функйионалдық жүйелеріне ықпал ету ерекшеліктері бойынша жарыстарға максималды жақындатылған арнайы дайындық жаттығулары болып табылады.

2. ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРУЫ

Зерттеу әдістері

Әдістерді іріктеу, зерттеу жағдайын ұйымдастыру, оны өткізу, сонымен қатар алынған анықтамаларды негізгі талабына сәйкестердіре жүргізу және өндеу. Ғылыми зерттеудің методологиясы дене тәрбиесінің теориясы және әдістемесін зерттеу.

Педагогикалық эксперимент жүргізу үрдісінде, әр түрлі кезеңдерде, алға қойылған талаптарды іске асыру барысында қолданылатын келесі әдістер: теориялық сурыптау және синтез; әдісі; педагогикалық зерттеу әдісі:

а) Педагогикалық бақылау

б) Педагогикалық тест

в) Педагогикалық эксперимент (сарсытама)

г) Әлеуметтік құралыс әдісі (әңгіме, аспекта арқылы)

д) Математикалық фонетика әдісі

Теориялық сұрақтау әдісі.Теориялық сұрақтау және синтез әдісіне ніретіндер ғылыми және ғылыми әдістемелік әдебиеттерді соның барлық нәтижелерінің мағынасын зерттеу. Олар проблемаларға теориялық көзқарасын қарайды, зерттеудің мақсаты мен тапсырмасы заттар объектісін зерттеу, жұмыс қисылының логикасын анықтау, кейбір материалдарды зерттеу барысында қажет әдістерді жинау және оны интерпретациялау.

Теориялық сурақтау зерттеу бағытын анықтау мүмкіндігін буғызады, проблемаларды іріктеу, жұмса тақырыбын қалыптастыру, гипотезаны шалдыққа белімдеу, мақсат пен тапсырма зерттеулерін жеке шығару, соңында ғылыми негіздердің шешімін шығарып жұмыс қаратындысын аяқтау.Теориялық сұрақтаудың әдісі және өнгетезді қолдану барлық кезеңдерде және асырылып отырды: басымырақ зерттеу жалпы мінез проблемаларымен зерттеу денелерінің мінезін ашуды қолданды, осы түснікті анықтай пен компоненттен бөлінуді, мүмкін деңгейдің дамуын қалыптастыру; негізгі эксперименттің жүргізу тарпысылды аланған сарсытаманәтижелері, алдын – ала бір – бірімен байланыстады анықталды, негізгі зерттеу экперимент соңында негізгі тексерулер арқылы іске асырылып отырды. Алынған негіздер бірынғай деңгейде біріктірілді.

Педагогикалық зерттеу әдісі. Педагогикалық зерттеу әдісі – бұл тірынғай айламен операциялардың бірігуін анықтау, педагогикалық көріністерді оқу бағыты жаңа әр түрлі ғылыми проблемаларды іске асыру педагогикалық зерттеу әдісін зерттеу мақсатында топтастыруға жіктеуге болады.

Жүйені міндеттеу «оқу үрдісін зерттеу» ақпарат топтастығының бастауы және басқа негіздер. Төмегедегі педагогикалық зерттеу әдістері мынадай тұрғыда қоданылды: педагогикалық бақылау, педагогикалық сарсытау, педагогикалық тест, а) педагогикалық бақылау – бұл әдісі зерттеуні қабылдау және тәрбие жүйесін тікелей қабылдау мінезі, педагогикалық үрдістің қарапайым барысында оқу және шұғылануда ешқандай қатерлік немесе кемшілік болмады. Осы зерттеулерде толық назарға алыпты отырды.

Зерттеу барысында дзюдода оқу – дайындық процессінде 13 – 14 жастаты балалардың әр түрлі техникалық элементте орындау мүмкіндігін бақылаған. Бұл тәсілді қолдана отырып күнделікті және жедел түрде балалар мен жас өспірімдер дзюдо сабағында ауыртпалықты қалай көтеретініп боқылады. Бақылау дайындық барысында визуалды белгілеу арқылы өтті.

Педагогикалық анықтама сарабы (педагогикалық тест). Бұл педагогикалық зерттеу күнделікті дайындалушының жеке физиологичсының дамуын , ағзасын қандай деңгейде жетілгенін айырады. Бұндай жағдайға мынадай бақылау жаттығулары қолданылды: Вис жағдайында көлденең ағашта10 рез тартылу. Тартылу көлденең ағаштан тек жоғары тұрса ғана саналады, әр келесі тартылуда қол толық жазулу арқылы орындалады. 3 х 10 м жүгіруде максималды жылдамдықта, спорт залында, қатты төсеніште (жерде) және де спорттық аяқ киімде орындалады. 10 рет манекенді шіліп лақтыру. Татами де, күресетін манекенмен, жалаң аяқ орындалады, 3 балдан жоғары орындалған лақтыруды санайды: Орында тұрып ұзындыққа секіру. Сырғанамайтын жерде орындалады. Спортсмен старттағы (бастауда) сызықта бастапқы түрде, аяқты қатар қойып, қол сермелгенде ек аяқты серпіп секіреді. Жерге түскенде акі аяқпен тең жұмсақ жерге түседі. Темір өлшегішпен (рулетка) старттағы сызықтан бастап өлшенеді, үш талпыныстың ең жақсысын жазады, сантиметр түрнде өлшейді.

Орындықта биіктігі 0,7 м 10 секру. Залда өтеді, еделнен аяқты алғаннан бастап уақыты белгіленеді, еденнен 10 – шы рез орындыққа секіргенім жазады.

Педагогикалық тәжірибе гипотезаны дәлелдеуді қарастырған (немесе оның дәлелденбегенін), педагогикалық процесстің нәтижелігін салыстыру арқылы, жаңа факторлар кіргзген соң педагогикалық процесстің нәтижелілігін өзгеріс кіргізбей тұрған кезіндегі айырмасын білу. Осы тәжірибе педагогикалық процесстің жаңа нысаналы бағыттағы маңызын жасанды түрде бөле алады., күштілігін танытып және дайындалушыларға педагогикалық көріністе ұғындыруына көмектеседі.

Әлеуметтік сұраныс әдістері(сауалнама, сұхбат).Әлеуметтік сұраныс әдістері: сауалнама, интервью, және сұхбат жатады. Бұл түрлер зерттеушіге адамдардық қойылған сұраққа қалай қарайтынын, ойын білуге көмектеседі. Бізді қызықтарған проблеманың тәжірибе жүзінде баға беруге жеке, көзбе көз сауалнама, қағаз жүзінде жауап алу, стандартты сұрақ сауалнама, жүргізілген. Сауалнамада 12 тренер (банкер) қатысты.

Математикалық санақтың әдісі.Санақтың оқиңатын анықтау мақсатында оның ұқсастығымен айырмашылығын салыстыру нышаны мен нұсқасын көрсеткіші, сонымен қатар өңдеуге берілген эксприменталдық зерттеудің барысындағы берілген бағаның мінез сонымен эксперименталдық материал және тестің қозғалыс нәтижесінің жүргізілуінің оқиғады, педагогикалық эксперимент барысында мысалдар математикалық статистика қолданылды, сонымен бірге педагогикалық зерттеулерде кең таралымға ие болды. Статистикалық таратудың жалпы қабылданған мінездемесіне сай студенттік бөлінуі:

Орташа арифметикалық мәні – Х;

Орташа квадраттық ауытқуы – О;

Орташа арифметикалық көтеліктің стандарты – Айырмашылыктардың топаралық және топ ішіндегі көрсеткіштерін салыстыру оқинаты студент критерия бойынша былай бағалалады.

Стюдент критериясы және арифметика критериясы – F

Ақиқаты болып саналатын айырмашылықтар

Наши рекомендации