Экологиялық апат қазақ ұлтының генетиклық өсіп-өнуі мүмкіндігін сақтап қалу проблемасын көтерді.

Осындай экономикалық дамудағы кемшіліктерге қарамастан 70-жылдары өнеркәсіп жетекші орын алды. 170-тен астам өнеркәсіп кәсіпорны мен цехтар бой көтерді:

1. Лисаков кен-байыту комбинаты,

2. Шерубай – Нұра шахтасы,

3. Талдықорған аккумулятор заводы,

4. Павлодар облысында Ертісте Шүлбі СЭС-і құрылысы басталды. 1970-1985 жылдары өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд. сом жұмсалды (32%). 1970-1985 жылдары өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі – 2 есе, машина жасау, химия өнеркәсібі – 3 есе өсті.

Ауыл шаруашылығындағы тоқыраулық құбылыстар(1970-1985)

1965 жылдан бастап ауыл шаруашылығы саласына бөлінетін қаржының көлемі көбейді, 7,1 млрд. сом бұл салаға тек қана 8-бесжылдықта бөлінді. Республикада 1893 шаруашылық дәнді дақылдар өсіруге мамандандырылды, 1285 шаруашылық қой өсірумен айналысты. 1967 жылдан бастап ауыл шаруашылық кәсіпорындар шаруашылық есепке көшіріле бастады. Бұл кезде ауыл шаруашылық саласына басқа республикалардан жұмысшылар келе бастады. 1968 жылы Қазақстанға армия қатарынан босатылғандар және басқа одақтас республикалардан 16 мыңға жуық комбайншы келді.

70-80 жылдары ауыл шаруашылығы жөнінде ауқымды шешімдер қабылданып, оларда сала өндірісінің материалдық базасын нығайту, оның осұ қарқынын барынша ұлғайту, мамандыру мен шоғырландыру көзделді. 1971-1980 жылдар ішінде республиканың ауыл шаруашылығына 18 млрд. сомнан астам кұрделі қаржы жұмсалды. Жерді суландыруға, химияландыруға да орасан зор көлемде қаражап бөлінді.

Ауыл шаруашылығының мәселелерін тек күрделі қаржыны көбейту арқылы ғана шешуге тырысу күткендей нәтиже бермеді. Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру төмендей бастады. 9-бесжылдықта - 13%, 2-бесжылдықта – 0,4%.

1964-1985 жылдары мал шаруашылығы құлдырады: 4,2 млн. – ірі қара; 55 млн.-қой-ешкі; 5,1 млн. – шошқа өлім – жітімге ұшырады. Ауыл шаруашылық кәсіпорындар солақай саясаттың кесірінен көптеген шығынға батып отырды.

1986 жылы еліміздегі барлық ауылшарушылық кәсіпорындар, шаруашылықтар өздерінің қаржысынан айырылып, несиемен ғана жұмыс ітей бастады.

70-жылдары республиканың бірқатар ауылшаруашылық қызметкелер шаруашылық жүргіздің қалыптасқан құрылымын өзгертуге әрекеттенді, И.М. Худенко сондай адамдардың бірі болатын.

Алматы облысының Еңбекші қазақ ауданындағы «Іле» және «Ақши» совхоздарының директоры И.М. Худенко шаруашылықты басқарудың құрылымын өзгертуге бағытталған бірқатар шаралар қолданып, еркін еңбек ету жүйесін енгізеді, фермерлер усадьбаларын дамытуға әрекеттенді. Бюрократиялық жүйенің кесірінен И.М. Худенко қуғындалып, ақырында бас бостандығынан айырылады. Түрмеге түсіп, сонда қайтыс болады.

Колхоздардың дербестігін жоюға бағытталған қадамның бірі – ауыл шаруашылығын мамандыру, кооперациялау және агро-өнеркәсіптік интеграциялау туралы КОКП ОК-нің 1976 жылғы шешімі болды. Оның негізінде колхоздар мен совхоздарды механикаландырылған агро-өнеркәсіптік бірлестіктерді күштеп біріктіру жұргізілді.

1982 жылы мамыр айында КОКП ОК-нің пленумы болып өтті. Онда Азық-түлік программасы қабылданды және агро-өнеркәсіптік кешеннің тиімділігінің жеткіліксіз дәрежеді екендігін мойындауға мәжбур болды. Пленум азық-түлік проблемасын шешудін бірден-бір мүмкін жолы интесивтілігі басым өсу факторларына көшу деп тапты.

Алайда Азық-түлік бағдарламасы мен ауылшаруашылық өндірісінің қулдырауын тоқтатуға бағытталған өзге де әрекеттер айтарлықтай нәтиже бермеді. Өйткені бағдарлама басқарудың ескірген жүйесі аясында жасалды және шаруалардың түбегейлі мүдделерін, ауыл еңбеккерлерінің экономикалық мүдделерін қозғаусыз қалдырды. Колхоздар мен совхоздардың шаруашылық дербестігі бұрынғысынша жоғарыдан реттелді. Осының салдарынан ауыл шаруашылығындағы жағдайдың дағдарыстық сипаттары көбейе түсті. 80-жылдардың орта шенінде іс жүзінде барлық жерде тамақ өнімдерімен шектеулі қамтамасыз ету жүйесі енгізілді. Село тұрғындарының еңбегі бағаланбай, олар қалаларға, басқа жақ көшіп кетуге мәжбүр болды. Жүздеген қаңырап қалған кішігірім ауылдар пайда болды.

Тоқырау жылдарындағы мәдениет пен ғылым саласындағы жетістіктер мен қайшылықтар.

Осы жылдарда мәдениет саласының материалдық техникалық негізін нығайтуда біраз жұмыстар істелінді.Республика мәдени объектілердің құрылысы жаңа типтік жоба бойынша, мектеп пен мәдени мекемелердің алдына өмірдің өзі қойған жаңа талаптар ескеріле отырып жүргізілді.Жаңа баспалар құрылды.Олар : «Қайнар», «Жалын», «Өнер» баспалары.Селолық жерлерде алты мыңнан астам клубтармен мәдениет сарайлары қызмет етті.Оларда он екі мыңнан астам көркемөнерпаздар жұмыс істеді.

1970 жылға қарсы телевизия республиканың барлық облыстарына дерлік енді.Қазақстанда телевизияның 15 программалық орталығы және осынша студиясы болды.

1976 жылдың аяғында республикада 10282 кино қондырғысы болып олар бір жылда 290 миллион кино көрерменіне қызмет көрсетті.Халық ағарту ісі де бірсыпыра алға басты.Мысалы, республиканың жалпы білім беретін 10154 мектебінде 1970 жылы 3 миллион 140,8 мың бала оқыса 1977 жылы 9217 мектепте 3 миллон 266,1 мың бала оқыды.

20 ғ. 60-80 жылдары қазақ әдебиеті І.Есенберлиннің, Нұршайықовтың, Мақатаевтың, Айбергеновтың, Сүлейменовтың, Шахановтың, Мырзалиевтің, Оңғарсынованың, Кекілбаевтың және басқалардың шығармалары арқасында елеулі табыстарға жетті.

Сазгерлер Қалдаяқовтың, Хамидидің, Тілендиевтің, Еспаевтың, Жақановтың әндері Қазақстанның музыкалық мәдениетінің алтын қорына кірді.

«Ботагөз», «Аққан жұлдыз», «Менің атым Қожа», «Қыз Жібек», «Атаманның ақыры», «Бейбарыс сұлтан» кинофильмдері республика киноөнерінің таңдаулы туындылары деп бағаланды.Бірақ экономикадағы тежеу мен тоқырау құбылыстары қоғам өмірінің мәдени салаларында да салқынын тигізбей қоймады.Республика экономикасының орталық ведомстваға бағыныштылығы, мәдени салалардың мәселелерін жете бағаламау, олардың дамуына қаржыны қалдық принцип бойынша бөлу көпұлтты Қазақстан мәдениетінің кең көлемде дамуына өзінің әсерін тигізді.

Осы жылдар аралығында Қазақ КСР Ғылым академиясы КСРО дағы ірі ғылыми орталықтардың біріне айналды.Жекелеген ғалымдар мен топтар өндірістік мәні бар салаларда жетістіктерге қол жеткізді. Олардың кейбір еңбектері шет елдерге де мәлім болды. Ондай ғалымдарға Ахметсафин, Айтхожин, Мрғұлан, Букетов секілді ғалымдарды жатқыза аламыз. Қазақтар негізінен ауыл шаруашылығы ,медициналық және гуманитарлық ғылым салаларында жүрдіҒылыми техникалық прогресті жетілдіруге үлес қосатын жаратылыстану ғылым салаларында олардың үлесі тым аз болды.Ғылыми еңбектердің басым көпшілігі қазақ тілі мен әдебиетіне және оларды оқыту әдістемесіне қатыстыларынан басқасы түгел орыс тілінде жазылды.Ғылым академиясына қарасты Философия және құқық институты бола тұра,әлеуметтік психология эстетика, кибернетика, социология, демография ғылымдарының түрлі салалары бойынша халыққа қажетті зерттеулер жүргізілмеді.Әсіресе Қазақстан тарихы қатты бұрмаланды.Тарихшылар тек Кеңес заманының жетістіктерін зеттреуге жұмылдырылды.Соның салдарынан көпшілік санасында Қазақ төңкерісіне дейін қазақ халқы тек көшпелі мал шаруашылығымен шұғылданған, мәдениетке тек Кеңес билігі тұсында қол жеткізді деген ұғым қалыптасты.Өткен ғасырда өмір сүрегн мемлекет қайраткерлерінің :хандары мен билерінің, ел қорғаған қолбасылар мен батырларының есімдері ұмытыла бастады.

Наши рекомендации