Шеміршек диффероны және хондриогистогенезі.

М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті

Студенттің өзіндік жұмысы

Мамандығы:Жалпы медицина

Дисциплина:гистология-1

Кафедрасы:гистология

Курс:2 курс

Тақырыбы:Шеміршекті тіндер

Орындау әдісі:Реферат

Орындаған:Жұматай А.О

Тексерген:Сермагамбетова И.Т

Тобы:202 «Б»

Бағасы:

Ақтөбе, 2016 жыл

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім:

1. Шеміршек тіні.

2. Шеміршек тінінің регенерациясы.

3. Сүйек тіні.

4. Сүйек тінінің дамуы.

5. Сүйектің физиологиялық және жарақаттанудан кейінгі регеннерациясы.

6. Сүйек құрылысының қайта қалыптасуына әсер ететін факторлар.

7. Сүйек байламдары.


ІІІ. Қорытынды

Аңқа тіндері

Қаңқа тіндері – ағзада тіректік және механикалық қызмет атқаратын тығыз орналасқан жасуша аралық заты бар: шеміршек пен сүйек тіндері. Бұл тіндер басты қызметінен басқа су мен тұздың алмасуына да қатысады.
Шеміршек тіндері.

Шеміршек тіндері тыныс алу жүйесінің мүшелерінде, буындарда, омыртқа аралық дискілерде жіне т.б. кездеседі. Бұл тіндердің негізін хондроциттер мен хондробласттар және серпімділігімен ерекшеленетін жасуша аралық заттар құрайды. Шеміршек тіндерінің тіректік қызметі дәл осы қасиетіне байланысты. Шеміршек тінінің құрамында 70-80%су, 10-15%органикалық заттар мен 4-7%тұздар болады. Шеміршек тінінің құрғақ затын 50%-дан 70%-ға дейін коллаген құрайды. Шеміршек тінінде қантамырлар болмайды, қоректені шеміршек қабы арқылы жүзеге асады. Шеміршек тіні мезенхимадан дамиды.

Жіктелуі. Шеміршек тіндері: гиалинді, эластинді, талшықты болып жіктеледі. Мұндай жіктелу шеміршек тінінің жасуша аралық затының құрылыс-қызметтік ерекшеліктеріне, құрамындағы коллагендік және эластиндік талшықтардың болуына және қатынасына байланысты.

Шеміршек диффероны және хондриогистогенезі.

Шеміршек тіндерінің дамуы ұрықтық және постэмбриональды, яғни регенерациялық кезінде, жолдармен жүзеге асады. Шеміршек тінінің мезенхимадан даму барысында шеміршек диффероны түзіліп, дифферон қатарынан бағаналы жасушалар, жартылай бағаналы жасушалар, хондробласттар, хондроциттер пайда болады.

Бағаналы жасушалар дөңгелек пішінімен, ядросы мен цитоплазмасының қатынасы өте жоғары болуымен, ядросындағы хроматиннің диффузды орналасуымен сипатталады. Цитоплазмасындағы органеллалары нашар дамыған. Жартылай бағаналы жасушаларда бос рибосомалардың саны көбейеді, түйіршікті эндоплазмалық тордың мембранасы пайда болады, жасуша пішінісозылыңқы болып, ядросы мен цитоплазмасының қатынасы төмендейді. Бағаналы жасушалар сияқты жартылай бағаналы жасушалар да жоғары пролиферациялық қасиет көрсетпейді.

Хондробласттар – жас, пішіні жалпақ, пролиферация мен шеміршектің аралық затын (протеогликандарды) синтездеуге қаьілетті. Бұлар фибробласттардың бір түрі болып саналады. Цитоплазмасында жақсы дамыған түйіршікті, түйіршіксіз эндоплазмалық торлары, Гольджи аппараты бар. Бояғанда хондробласттар ццитоплазмасы РНҚ-ға өте бай болуына байланысты базофильді боялады. Хондробласттардың қатысуымен шеміршектің перифериялық (аппозициональді) өсуі жүреді. Бұл жасушалар шеміршектің дамуы барысында хондроциттерге айналады.

Хондроциттер – шеміршек тінінің ең негізгі жасушалары. Дифференциацияға байланысты сопақша, дөңгелек, кқпбұрышты формалы болып келеді. Жасуша аралық заттың ерекше аймақтарында (лакуналарда) жекеленіп немесе топтасып орналасады. Ортақ аймақта орналасқан жасушаларды изогенді деп атады. Олар бір жасушаның бөлінуінің нәтижесінде пайда болады. Изогенді топтағы хондроциттердің үш тобын ажыратады.

Бірінші топтағы хондроциттердің ерекшеліктеріне ядросы мен цитоплазмасының қатынасының жоғары болуы, пластинкалық комплексінің вакуолярлы элементтерінің дамуы, цитоплазмасында митохондриялары мен бос рибосомаларының болуы жатады. Бұлармен қоса митоз жолымен бөліну жақсы дамыған. Сондықтан мұндай хондроциттер изогенді топты түзетін жасушалар болып табылады. Бұл хондроциттер жас шеміршек тінінде көп болады. Хондроциттердің екінші түрі ядросы мен цитоплазмасының қатынасының төмендеуімен, ДНҚ синтезінің нашарлауымен, РНҚ-ның жоғары деңгейде сақталуымен, түйіршікті эндоплазмалық тордың және Гольджи аппаратының барлық компоненттерінің интенсивті дамуымен ерекшеленеді. Бұл протеогликандар мен гликозамингликандардың түзіліп, жасуша аралық затқа секрециялануын қамтамасыз етеді. Хондроциттердің үшінші түрі – ядросы мен цитоплазмасының қатынасы өте төмен, бірақ цитоплазмасында күшті дамыған және ретімен орналасқан түйіршікті эндоплазмалық торлары болатын жасушалар. Бұлар белок синтезі мен оның секрециясына қатысады.
Шеміршек диффероны және хондриогистогенезі. - student2.ru

Шеміршек тінінің изогенді тобы

Наши рекомендации