Тақырып. «Балалық шақтағы эндокриндік бұзылыстардың ерекшелігі».
ПАТОФИЗИОЛОГИЯ-2. «ЭНДОКРИНДІК ЖҮЙЕ» МОДУЛІ
МОДУЛЬДІҢ МАҚСАТЫ: негізгі және клиникалық пәндердің біріктірілуі негізінде студенттерді ересек адамдардың және әр жастағы балалардың эндокриндік жүйесін (ЭЖ) қалыпты және патологиялық жағдайларда клиникалық тексеру негіздеріне үйрету.
Патофизиология-2 модулінің міндеті:
Қалқанша безі, бүйрек үсті безі, ұйқы безі қызметі бұзылыстарының патофизиологиялық даму тетіктерін түсінуге үйрету.
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
№ 1 Тақырып. «Эндокринопатиялардың жалпы этиологиясы мен патогенезі. Гипо- және гипергликемия, гипо- және гипертиреоз, гипо-және гиперкортицизмдердің патофизиологиялық тетіктері»
Сабақтың мақсаты:
1. Гипо және гипертиреоз, гипо және гиперкортицизм, гипергликемия және гипогликемия синдромдары кезіндегі организмдегі бұзылыстардың этиологиясын, патогенезін меңгеру.
Оқытудың міндеттері:
Берілген тақырыпты меңгерген студент орындай алады:
· Эндокринопатиялар дамуының негізгі тетіктерін сипаттауды
· Қалқанша безінің және бүйрек үсті бездерінің гипо- және гиперфункциясының этиологиялық жайттарын білуді
· Қалқанша безінің және бүйрек үсті бездерінің гипо- және гиперфункциясының негізгі өзгерістерінің патогенезін түсіндіруді
· Қантты диабеттің I және II түрінің және диабеттік синдромның негізгі әйгіленімдерінің патогенезін түсіндіруді
· Гипогликемиялық команы үлгілеуді және қорытындылауды
· Балалық шақтағы эндокринопатиялардың ерекшеліктерін талдауды
· Әртүрлі эндокринопатиялардың патогенездік сызбанұсқасын құрастыруды
· Ситуациялық есептерге қорытынды жасауды
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Ішкі сөлденіс бездері қызметінің орталық реттелу тетіктерінің бұзылыстары (транс- және парагипофиздік реттелу), себептері, даму тетіктері. Кері байланыс тетігінің бұзылысы.
2. Ішкі сөлденіс бездері қызметінің бұзылыстарына әкелетін дерттік үрдістер.
3. Гормондар белсенділігінің бұзылуының шеткері (безден тыс) тетіктері.
4. Қалқанша безі қызметінің бұзылуы. Гипотиреоз, этиологиясы, негізгі көріністерінің патогенезі.
5. Гипертиреоз, этиологиясы, негізгі көріністерінің патогенезі.
6. Бүйрек үсті бездерінің жіті және созылмалы жеткіліксіздігінің этиологиясы, негізгі көріністерінің патогенезі .
7. Гиперкортицизм, этиологиясы, негізгі көрністерінің патогенезі.
8. Инсулиннің бездік және безден тыс жеткіліксіздігі, даму тетіктері.
9. Қантты диабеттің I және II түрінің этиологиясы мен патогенезі
10. Гипергликемиялық және гипогликемиялық команың патогенезі.
Оқыту және үйрету әдістері:
Ауызша сұрау, сынама беру, шағын топта жұмыс жасау: ситуациялық есептерді шешу, сөзжұмбақты шешу.
Тәжірибелік жұмыс
№ 1 тапсырма. Тышқандарда гипогликемиялық команың үлгісін алып, оның дамуын
бақылау
Әдісі. Тәжірибеге үш тышқан алынады. Екеуіне 1-2 бірлік жай инсулинді енгізіп, банкіге отырғызады. Бақылау тышқанын бөлек банкіге отырғызады. Екі банкіні де жылы жерге қояды. Жануарларды бақылайды. 40 минөттен соң тәжірибелік тышқандарда гипогликемиялық команың белгілері (дене қалпын өзгертеді, тынысы жиілейді, қимыл үйлесімдігі бұзылады) пайда болады. Тәжірибелік тышқанның біреуінің іш қуысына 10,-10,5 мл 10% глюкоза ерітіндісін енгізеді, екі тәжірибелік тышқанды салыстыра отырып, бақылауды жалғастырады. Бақылауды аяқтаған соң жануарлар жағдайларының айырмашылығын түсіндіріп, қорытынды жасалады.
№ 2 тапсырма.Ситуациялық есептерді шығару.
Есеп
Қалқанша безі ауруы бар науқас радиоиммунды талдау әдісімен зерттелген, қан сарысуында тироксин (Т4), трийодтиронин (Т3) және тиреотропты гормон (ТТГ) деңгейлері анықталды. Т4 және Т3-ң қандағы мөлшері азайған, ТТГ-ң өзіндік деңгейі жоғарылаған.
1. Алынған мәліметтер қалқанша безінің гипо және гиперфункциясынан хабар бере ма?
2. Дерттік үрдіс қай жерде орналасуы мүмкін?
Есеп
Иттің бүйрек үсті бездерінің екеуі де алынып тасталған. Адреналэктомиядан 1 күннен кейін онда дерттік өзгерістер дамиды (әлсіздік, бұлшықет тонусы төмендеген, анорексия, құсу, анурия). Операциядан кейін 3 тәуліктен соң жануар өліп қалды.
1. Ит неден өлді?
2. Бүйрек үсті безінің қандай гормонын енгізу арқылы иттің өмірін ұстап тұруға болады және не себептен?
Есеп
Клиникаға мұрт, сақал өсуіне, етеккір оралымының бұзылысына, жалпы әлсіздік, бас ауыруы, арқасы мен аяқ-қолдарында ауыру сезіміне шағымданып, 25 жасар науқас Н. түсті. Тексергенде:
- Терісі жұқа, құрғақ, іші және сан терісінде қою қызыл түсті жолақтар.
- Бет, мойын, іші, кеудесінде майлардың айқын жиналуы
- Артериялық қысым 150/105 мм сын.бағ.
- Жамбас сүйегінің рентгенограммасында – айқын остеопороз
- Гипернатриемия, гипокалиемия, гипергликемия – 9,5 ммоль/л, глюкозурия
- Кортизол деңгейі жоғарылағандығы анықталды
1. Бұл белгілер қандай бездің зақымданғанын көрсетеді?
2. Гипофиз немесе бүйрек үсті бездерінің дертімен байланысты екенін білу үшін қандай қосымша зерттеу әдістері қажет?
3. Бұл көріністердің патогенезі қандай?
Есеп
Ауруханаға әлсіздіктің үдеуіне, еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне, ұйқысыздыққа, тәбетінің жоғалуына, арықтауына шағымданып, 27 жасар науқас түсті. Науқасты тексергенде:
- Іштің ақ сызығы аймағының терісінде, шынтақтың бүгетін жерінде, қолтық асты ойысында, ауыз қуысының шырышты қабатында, тілінде сұр - қоңыр түсті нілдену байқалады.
- Артериялық қан қысымы 80/60 сын. бағ.б.
- Бұлшықет межеқуатының төмендеуі
- Гипокалиемия, гипернатриемия, қанда қант мөлшері – 3,3 ммоль/л
- Қанда кортизол, зәрде кортикостероидтар деңгейі төмендегендігі анықталды.
1. Қандай бездің зақымдануы осы көріністерді береді?
2. Ауру қалай аталады?
3. Байқалған өзгерістердің патогенезі қандай?
№ 3 тапсырма. Сөзжұмбақты шешу
Көлденеңінен:
1. гиперпаратиреоз кезінде бүйректе өтетін үрдіс.
2. құрысуға бейімділік ( гипопаратиреоз синдромдарының бірі).
3. Грейвс ауруының (базедов ауруы) бір негізгі симптомы.
4. гиперпаратиреозда қанда кәлций мөлшерінің өзгерісі.
5. май алмасуы бұзылуымен сипатталатын Иценко- Кушинг ауруының симптомы.
6. гиперәлдостеронизмде қанда натрий мөлшерінің өзгерісі.
7. аденогипофиздің толық жеткіліксіздігі.
8. тағам және суда тапшылығынан эндемиялық жемсау дамитын химиялық элемент
9. гонадотроптық және/немесе жыныс гормондары тапшылығынан дамитын синдром
10. қантсыз диабетте зәрдің салыстырмалы тығыздығының өзгерісі.
11. балалық шақта СТГ артық өндірілуінен дамитын ауру.
12. гиперпаратиреозда сүйек тінінің өзгерісі.
13. бүйрек үсті бездерінің алғашқы және салдарлық жеткіліксіздігін ажырататын белгі
14. балалық шақта СТГ тапшылығынан дамитын ауру.
15. организмде тиреоидты гормондардың жеткіліксіздігінен туындайтын жағдай
Тігінен:
16. гипертиреозда кірпігін сирек қағу, төмен қарағанда жоғарғы қабақтың көз алмасының қозғалысынан қалыс қалуы сияқты симптомдар қай бұлшықет қызметінің бұзылуымен сипатталады?
17. гипопаратиреозда дамитын симптом.
18. гипертиреозда дамитын аритмия.
19. әйелдерде ерлердің екіншілік жыныстық белгілері пайда болуы
20. пангипопитуитаризмде организмнің тез арып-азуы.
21. қалқанша бездің ұлғаюы.
22. Тапшылығы, қантсыз диабетті дамытатын гормон.
23. қантсыз диабеттің бір белгісі
24. өсуі тоқтаған организмде СТГ артық өндірілуінен дамитын ауру.
25. гиперәлдостеронизмде азаятын элемент.
26. бүйрек үсті бездерінің созылмалы жеткіліксіздігімен сипатталатын аурудың атауы…….
27. қалқанша без қызметінің артуынан туындайтын синдром
28. гиперкортизолизмдегі сан, құрсақ терілеріндегі қоңыр-қызыл жолақтар.
29. біріншілік гиперәлдостеронизммен сипатталатын синдромның атауы…….
Әдебиеттер :
Негізгі :
1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. Оқулық – Алматы; «Эверо», 2007.-Б. 580-593
2. Патофизиология учебник + СД. Литвицкий П.Ф. – 4-е изд. – М., ГЭОТАР-МЕД., 2008. С. 433-448
2. Патофизиология//Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д., Уразовой О.И.– М., ГЭОТАР-МЕД., 2009 .
3. Патологическая физиология//Под ред. Зайко Н.Н., Быця Ю.В. - Москва: МЕДпресс-информ, 2004 – С. 538-558
4. Патофизиология. Основные понятия.: учебное пособие. Ефремов А.В.– М., 2008.– С. 193-
229.
5. «Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар » жинағы негізінде сынамалық тапсырмалардың нұсқалары құрастырылған / Т.П. Ударцева және Н.Н. Рыспекова. ред, аударған редакциялаған М.Б.Байбөрі -Алматы, 2007. 417-449 беттер
Қосымша:
1. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 2. – С. 315-322; 332-361.
2. Нурмухамбетов А.Н. Патофизиология в схемах и таблицах – Кітап, 2004 – С. 221-229.
3. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 624- 637
БАҚЫЛАУ
(сынамалық тапсырмаларды орындау )
«Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар» жинағы негізінде сынамалық тапсырмалардың нұсқалары құрастырылған / Т.П. Ударцева және Н.Н. Рыспекова. ред, аударған редакциялаған М.Б.Байбөрі. 417-449 беттер
АУДИТОРИЯДАН ТЫС ӨЗІНДІК ЖҰМЫСҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР (СӨЖ)
тақырып. «Балалық шақтағы эндокриндік бұзылыстардың ерекшелігі».
· Балалардағы қалқанша безі қызметінің бұзылыстарының ерекшелігі
· Балалардағы қантты диабет кезіндегі Мориак синдромы (тақырыптардың біреуін таңдаңыз).
Мақсаты:
1. Балалардағы гипотиреоздың этиологиясы мен патогенезін өз бетінше оқу.
2. Балалардағы қантты диабет кезіндегі Мориак синдромын өздігінен оқу.
Тапсырмалар:
1) Сұрақтар бойынша оқу материалымен жұмыс жасау:
1. Балалардағы біріншілік, екіншілік және үшіншілік гипотиреоздың этиологиясы
2. Балалардағы гипотиреоз кезіндегі организмдегі бұзылыстардың патогенезі
3. Балалардағы Мориак синдромының патогенезі
2) Есептерді шешу
3) Сынамалық тапсырмаларды шешу
4) Мориак синдромының патогенезінің сызбанұсқасын құрастыру
СӨЖ орындалу түрі:
Берілген әдебиеттер бойынша материалды өз бетінше оқу, сынамалық тапсырмаларды орындау, ситуациялық есептерді шешу,реферат жазу, тақырыпқа презентация, эссе.
Орындалу және бағалау критерийлері: «Білімін бағалау критерийлері мен ережелері» 2.11 бөлімінен қараңыз
СӨЖ – ді өткізу мерзімі
«Эндокрин жүйесі» модулі бойынша мерзімдік бақылау
Тапсырма. Есептерді шешу
Есеп
Жас және кәрі егеуқұйрықтардың қалқанша безі алынып тасталды.
1. Тиреоидэктомия қай егеуқұйрықтарға ауыр тиеді?
Есеп
Аудандық ауруханаға 5 жасар бала түсті. Бойының және ақыл-ойының дамуы артта қалғаны байқалады. Беті ісінкі, тілі үлкен, тілінің шеттерінде тіс іздері көрінеді. Терісі құрғақ. Іші кебіңкі, жиі іш қатулар дамыған. Тамыр соғуы минөтіне 60 рет, АҚ 95/60.
- Қандай гормонның артықтығы немесе жеткіліксіздігі осындай өзгерістерге әкелуі мүмкін?
- Ауру қалай аталады, оның мүмкіндік этиологиясы мен даму тетігі қандай?
- Байқалған өзгерістердің патогенезі қандай?
Есеп
5 жасар балада соңғы жылдары бойы өсуінің тоқтауы байқалады. Ақыл-есі және психикалық дамуы қалыпты. Науқас тарихынан нәресте уақытылы, 3 кг салмақпен туылған. 3,5 жасында қызылшаның ауыр түрімен ауырған.
- Қай гормонның артықтығы немесе жеткіліксіздігі осындай өзгерістерге әкелуі мүмкін?
- Ауру қалай аталады, оның мүмкіндік этиологиясы мен даму тетігі қандай?
- Байқалған өзгерістердің патогенезі қандай?
- Баланың физикалық дамуын ынталандыруға бола ма?
- Гипотиреоидтық нанизмнің гипофиздік нанизмнен ерекшелігі неде?
№ 2 nапсырма.Сынамалық тапсырмаларды шешу
1.Алғашқы гипотиреоздың себебі (7)
a) аутоиммундық тиреоидит
b) қалқанша бездің аплазиясы
c) гипофиздің зақымдануы
d) тироксин түзілуінің тұқым қуалайтын ақауы
e) гормондардың қан нәруыздарымен берік байланысуы
f) тағаммен йодтың аз түсуі
g) кобальт, молибден, цинктің тапшылығы
h) тіндердің тиреоидты гормондарға төмен сезімталдығы
i) струмэктомия
j) радиоактивті йодтың әсері
2. Салдарлық гипотиреоздың себептері(2)
a) аутоиммундық тиреоидит
b) гипоталамустың зақымдануы
c) гипофиздің зақымдануы
d) кобальт, молибден, цинктің тапшылығы
e) қанда гормондар белсенділігінің төмендеуі
f) тіндердің тиреоидты гормондарға төмен сезімталдығы
g) радиоактивті йодтың әсері
3.Гипотиреоз дамуының безден тыс тетіктеріне жатады (4)
a) гипофиздің зақымдануы
b) гормондардың қан нәруыздарымен берік байланысуы
c) қанда гормондар белсенділігінің төмендеуі
d) тіндердің тиреоидты гормондарға төмен сезімталдығы
e) радиоактивті йодтың әсері
f) тіндерде тироксиннен гормондық тұрғыдан белсенді емес трийодтирониннің түзілуі
4. Гипотиреоздың мүмкіндік себептері (3)
A) тиреоциттердің йодты сіңіруінің тежелуі
B) тағам және суда йодтың тапшылығы
C) тиреолибериннің артықтығы
D) қалқанша бездің аутоиммундық бүлінісі
E) АКТГ артықтығы
5. Гипотиреоз кезінде жүйке жүйесі қызметінің бұзылыстарына жатады (4)
a) психикалық белсенділіктің төмендеуі
b) ойлау және сөйлеудің баяулауы
c) ашуланшақтық, жылауықтық
d) жоғары психикалық қозғыштық
e) жадтың бұзылуы
f) тежелгіштік, ұйкышылдық
6.Туа біткен гипотиреоз кезіндегі энцефалопатияның патогенезінде
маңызы бар (3)
a) жүйке жасушаларының жетілуі төмендеуінің
b) адренореактивтілік төмендеуінің
c) тежелу тапшылығының
d) гипоксияның
7. Тиреоидты гормондардың тапшылығы әкеледі (4)
a) жүрек бұлшықетінің интерстициалдық ісінуін
b) дисметаболизмдік кардиомиопатияға
c) тахикардияға
d) брадикардияға
e) ҚМК төмендеуіне
8.Гипотиреозға тән (4)
a) ішек және өт жолдарының гипотониясы және гипокинезиясы
b) іш қату
c) қуыстық және іргелік ас қорытудың бұзылыстары
d) іш өту
e) іш кебу
9. Қалқанша бездің балалық шақтағы гипофункциясының көрінісі (4)
a) ақыл-есі дамуының жарымеске дейін кешеуілдеуі (кретинизм)
b) бала еңбегінің ұзақ бітпеуі
c) сүт тістер ауысуының кешеуілдеуі
d) алыптықтың дамуы
e) бойдың өспей қалуы
10. Йодтың суда және тағамда жетіспеуінен дамиды (1)
a) аутоиммундық тиреоидит
b) гипертиреоз
c) гипопаратиреоз
d) эндемиялық зоб
e) жайылған уыттық зоб
11. Мориак синдромының симптомына жатады (4)
a) бауыр көлемінің ұлғаюы
b) бойы өсуі мен жыныстық жетілуде артта қалу
c) май тінінің қайта бөлінісі
d) бауырдың майлық сіңбеленуі
e) бойының ұзын болуы
12. Мориак синдромының патогенезінде маңызы бар (4)
a) инсулиннің тапшылығы
b) кортизолдың артық өндірілуі
c) глюкагонның артық өндірілуі
d) қанда бета-липопротеидтер мен БМҚ жоғарылауы
e) жыныс гормондары сөлденісінің артуы
ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі
1. Патофизиология: Учебник под/ред Литвицкого П.Ф.–М.: Гэотар-Медия. -2008.-С. 446-448
2. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2т., 2009.-С. 515-522
3. Патофизиология. Основные понятия: Учебное пособие под/ред А.В. Ефремова М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008, С. 214-216
Дополнительная
4. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга - М.: Томск., 2006.- С. 647-651
5. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 2. – С. 353-362.
6. Патофизиология для внеаудиторной самостоятельной работы студентов //Под ред. Ударцевой Т.П. – Алматы:КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова, 2006.С. 211-213.