Клиникалық көрінісі. Дәріс тақырыбы Асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы.Ойық жара ауруларының асқынулары.

Дәріс тақырыбы Асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы.Ойық жара ауруларының асқынулары.

Лекция жоспары:

1. Аурудың түсініктемесі.

2. Себептері

3. Жара ауруының жіктемесі

4. Клиникалық белгілері

5. Лабораториялық тексерулер

6. Аспаптық тексерулер

7. Емдеу шаралары

8. Алдын алу шаралары

Аурудың қозу кезеңінде асқазанға ұлтабарға қайтадан жара түсуімен сипатталатын созылмалы ауру.

Этиологиясы. НР ашылғалы бері жара ауруы жұқпалы аурулар қатарына жатқызылды. Асқазан жарасының 90% -да ұлтабар жарасының 100% -да НР , табылады. Жара ауруы негізінде геликобактерлік гастриттің немесе дуодениттің нәтижесінде дамитын ауру. Ұлтабарды мекендеген НР жүре келе жараның, эрозияладың дамуына алып келеді. НР емдеп жойса , асқазан мен ұлтабардың моторикалық бұзылыстары азаяды, гастринемия төмендейді, қабыну процессі жойылып, жаралар тез жазылады және оның қайталануы тоқтайды. Сонымен қатар никотин, алкогольдің әсері, өткір тағамдарға әуестік, гастропатиялық әсері бар дәрмектер ( аспирин, индометацин, резерпин, глюкокортикоидтар) және тұқым қуалау факторы да жараның дамуына әсер етеді.

Жара ауруының жіктемесі.

Аурудың түрі

А)алғаш анықталған

Б) рецидивтеуші

Жараның орналасуы бойынша

А) асқазанда

· Кардийлік және субкардийлік

· Медиогастральдік ( денесінің, кіші және үлкен иілімінің)

· Антральдік

· Пилорикалық каналда

Б) ұлтабарда (бульбарлық, постбульбарлық)

Процесстің фазасы:

А) өршу(жаралы ойықтың және асқазанда немесе ұлтабарда қабыну белгілерінің болу кезеңі )

Б) басыла келген өршу ( жара жазылып бітелген, бірақ қабыну белгілері жойылмаған кез)

В) ремиссия (жара жазылып бітелген және қабыну белгілері жойылған кез)

Аурудың ағымы:

А) ауыр (өршуі жылына 3 рет және одан жиі)

Б) орташа (өршуі жылына 2 рет)

В) жеңіл ( өршуі 1-2 жылда 1 рет немесе одан да сирек)

Г) латентті ( клиникалық белгілері жоқ, кездейсоқ рентгенография немесе эндоскопия жасағанда анықталатын жара)

Секрециялық қызметі :

А) жоғары

Б)қалыпты

В) төмен

Г) ахлоргидрия

Асқынулары:

А) қан кету

Б) пенетрация

В)перфорация

Г) тыртықтық деформация

Д) пилородуоденальдік бөліктің стенозы:

· Компенсацияланған

· Субкомпенсацияланған

· Декомпенсацияланған

Е) малигнизация

Клиникалық көрінісі.

Жараның клиникалық көрінісі оның фазасына, орналасуына және асқынулары-ның болу – болмауына байланысты. Жара ауруының өршу фазасына келесі синдромдар тән:

· Ауырсыну

· Асқазандық диспепсия

· Ішектік диспепсия

· Астеновегетативтік

· Жаралық кемістік синдромы

· Асқынулар синдромы

Жара ауруының диагностикасын шағымдарды , анамнездерді зерттеуден және физикалық тексеруден бастайды, бірақ диагнозды нақты анықтау үшін эндоскопия және гистологиялық, цитологиялық зерттеулер жүргізілуі тиіс. Ауырсыну синдромы – жара ауруының басты белгісі. Жара ауруындағы ауырсынуды туғызатын себептер:

· Жара түбіндегі симпатикалық нерв ұштарының тұз қышқылымен тітіркенуі

· Асқазан және ұлтабар моторикасының бұзылуы(пилороспазм және дуоденоспазмнан асқазанішілік қысымның биіктеуі, осыдан асқазан бұлшықетінің күштеніп жиырылуы)

· Жараның айналасындағы тамырлардың түйілуінен жергілікті ишемияның дамуы

· Кілегей қабықтың қабынуынан ауырсыну сезімталдығының күшеюі.

Ауырсынудың орналасуы. Асқазан жарасында ауырсыну эпигастрий аймағының ортасында немесе оның сол жартысында орналасады. Ұлтабардың немесе препилорикалық бөліктің жарасында ауырсыну нүктесі орта сызықтың оң жағында сезіледі. Асқазанның биік жайғасқан жараларында (кардийдің немесе субкардийдің) төстің арты, жүректің тұсы, кейде жүрек ұшы аймағы ауырсынады

Мұндайда ауырсынудың түрі стенокардияға немесе миокард инфарктына ұқсайды, оны айыру үшін міндетті түрде ЭКГ түсірілуі тиіс. Ұлтабардың буылтығынан кейін орналасқан жарада ауырсыну эпигастрийдің оң жартысында немесе арқада орналасады.

Ауырсынудың тамақпен байланысы. Тамақтанумен байланысына қарай ауырсынудың ерте, кеш, түнгі және «ашқарындық» түрлерін ажыратады. Ерте деп тамақтанғаннан кейін 0,5 – 1 сағаттан кейін пайда болатын ауырсынуды айтады. Мұндай ауырсыну біртіндеп күшейіп, 1,5 – 2 сағатқа созылады және асқазан босай келе, біртіндеп басылады. Ауырсынудың ерте түрі асқазанның биік орналасқан жараларына тән.

Ауырсынудың кеш түрі тамақтанғаннан кейін 1,5 – 2 кейде 3 сағаттан кейін пайда болады. Науқастар ауырсынудың күшеюінен қорқып, тәбеті тартса да тамақты тоя ішуден бас тартады немесе ауырсыну күшейген кезде өз- өзін құстырады. Түнгі мезгілдегі ауырсыну – түнгі уақытта мазалайды, ал ашқарындық ауырсыну тамақтанғаннан кейін 6 – 7 сағаттан кейін пайда болып, тамақ немесе сүт ішкеннен кейін басылады.

Ауырсынудың кеш, түнгі және ашқарындық түрлері антральдік немесе онекіелішектің жараларында болады. Ауырсынудың ашқарындық түрі жара ауруынан басқа бірде – бір ауруда кездеспейді.

Ауырсынудың сипаты. Науқастардың көбі іштің орташа интенсивті сыздап ауырсынуына шағымданады, ал 30%- да іштің қатты кесіп немесе тесіп ауырсынуы байқалады.

Ауырсынуды басатын шаралар. Ауырсыну құсқаннан кейін, антацидтерді немесе сүт ішкеннен соң жеңілдейді. Ашқарындық ауырсыну тамақтанғаннан кейін басылады.

Наши рекомендации