Екінші рубеждік бақылау – билетте бір теориялық сұрақ, ал екіншісі кейс шешімі
Мысалы: Кейс (№ 14сұрақ)
Тергеуші іс бойынша жәбірленушіден жауап алу барысында, айыпталушының ерекшеліктерін сипаттап, тануға көрсетсе жәбірленуші оны тани алатынын айтады. Тергеуші айыпталушыны тануға көрсету үшін жәбірленушіні шақыртады, сонда жәбірленуші айыпталушыдан қорқатынын айтып, танудан бас тартады. Жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тергеуші айыпталушының суреті арқылы тануға көрсету туралы шешім қабылдайды. Тергеушінің көрсеткен фотосуретін жәбірленуші таниды.
- Тергеушінің әрекетіне баға беріңіз
- ҚР ҚІЖК 229 бабының 6 бөлігіне сәйкес, фотосуреті арқылы тану үшін көрсету тәртібіне жатқызуға болады ма?
Жауабы:
-Тергеушінің әрекеті дұрыс емес, себебі, ҚР ҚІЖК 229 бабының 6 бөлігіне сәйкес, АДАМДЫ КӨРСЕТУ МҮМКІН БОЛМАҒАН КЕЗДЕ тану оның фотосуреті бойынша жүргізілуі мүмкін (ал мұнда адамды көрсетуге мүмкіндік бар)
- Танушының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ дауыс, сөйлеу, жүріс ерекшеліктері бойынша танитын адамды көрмейтіндей жағдайда жүргізілуі мүмкін
Білімді бағалау бойынша ақпарат
Студенттердің білімін қорытынды бағалау кестесі
Студенттердің білімін және сабаққа қатысуын бағалау талаптары (сабақ түріне қарай):
1. Дәріс:
- дәріс сабағына келіп және жұмыс жасаса – 100% (дәріске келгені үшін бағаның үлесі сомалық есептеген кезде құрайды - 20% (100%х0,2))*;
- дәріс сабағына келмесе – 0%.
2. Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ):
- СӨЖ, СОӨЖ тапсырмасын сапалы және өз уақытында орындаса (модульдің силлабусына сәйкес) – 0-ден 100%-ге дейін. Тапсырмалар СОӨЖ уақытысында тапсырылуы керек.
(СӨЖ тапсырмасын сапалы және өз уақытында орындау бағасының үлесі, аралық бақылау сомалық есептегенде құрайды - 80% (100%х0,8))*. Тапсырмалар СОӨЖ уақытында тапсырылады.
Дәріске келу, СӨЖ тапсырудың орташа арифметикалық бағасы 100% сомаланып, ескеріледі (бір баға секілді).
3. Семинарлық (тәжірибелік, лабораториялық) сабақтар:
- Семинарлық (тәжірибелік, лабораториялық) сабықтарында келіп және жұмыс жасаса– 20-дан 100%-ге дейін (осының ішінде семинарлық (практикалық, лабораториялық) сабықтарында келіп сабақ үстінде жәй отырғаны үшін – 20%);
- Семинарлық (тәжірибелік, лабораториялық) сабықтарында келмесе – 0%.
Берілген модуль бойынша студенттердің білімін бағалау қортынды бақылау бойынша баға 40% құрайды.
Бірінші және екінші рубеждік бақылау жазбаша нысанда өтеді, онда теориялық сұрақтарға және кейс шешімдеріне жауап беру керек.
Оқып білім алушылардың білімін бағалау өлшемдері
«А», «А» («өте жақсы) - егер оқып білім алушы бағдарламадағы материалды терең және мықты меңгерсе. оны толық, сабақтастықпен, сауатты және қисынды айтып берсе, тапсырманың түрін өзгерткен кезде жауап беруге қиналмаса, алдыға қойыған міндеттерді еркін жүзеге асыра алса, қабылданған шешімдерді дұрыс негіздесе, тәжірибелік жұмыстарды орындаудын жан жақты дағдылары мен тәсілдерін игерген болса, материалдарды қате жіберместен, өздігінен айта алып, қорытынды жасай алса;
«В+», «В», «В-» («жақсы») - егер оқып білім алушы материалды нақты білсе, сауатты түрде оның негізгі мәнін айтып бере алса, сұракқа жауап беру кезінде түбегейлі дәлсіздіктерге жол бермесс, теориялық ережелерді дұрыс қолдана білсе және тәжірибелік тапсырмаларды орындау кезінде қажетті дағдыларға ие болса;
«С+», «С», «С-», «Д+» («қанағаттанарлық») - егер оқып білім алушы материалды ғана менгерсе, дәлсіздіктерге жол берсе, жеткілікті түрде дұрыстап қисынмен айта алмаса, бағдарламалық материалды баяндау сабақтастығын бұзса және тәжірибелік тапсырмаларды орындау кезінде қиналса;
«Ғ» («қанағаттанарлықсыз») - егер оқып білім алушы бағдарламалық материалдың маңызды бөлігін білмесе, түбегейлі қателіктерге жол берсе, тәжірибелік жұмыстарды үлкен қиындықпен орындаса.
Емтихан бағасын қою процесінде оқытушы осы жоғарыда айтылған өлшемдерді басшылыққа алады.
А-дан А- -ға дейінгі, В- -тен В+ -ке дейінгі, Д-дан С+ -ке дейінгі ауытқу амплитудасындағы бағаларды таңдау оқып білім алушынын білімі мен біліктілігінің жоғарыда берілген өлшемдерге сәйкестік дәрежесімен анықталады.
Модуль бойынша қорытынды баға ағымдық үлгерім және қорытынды бақылау бағасын қосқанда шығады.
Әріптік жүйе бойынша бағасы | Сандық эквивалент баллы | %-тік мазмұны | Дәстүрлі жүйе бойынша бағасы |
А А- | 4,0 3,67 | 95-100 90-94 | өте жақсы |
В+ В В - | 3,33 3,0 2,67 | 85-89 80-84 75-79 | жақсы |
С+ С С- Д+ Д | 2,33 2,0 1,67 1,33 1,0 | 70-74 65-69 60-64 55-59 50-54 | канағаттанарлық |
F | 0-49 | канағаттанарлықсыз |
Студенттің қорытынды бағасы (Қб) келесідей есептеледі:
Қ б. (%) = (А1+А2)/2*0,6+Е*0,4;
Бұл жерде:
А1- Бірінші аралық бақылау бағасы
А2 –Екінші аралық бақылау бағасы
Е-емтихан бағасы
Қ б.- қорытынды баға
· Сабақ үстінде сөйлесіп,басқа тақырыптарға ақылдасуға болмайды;
· Ұялы телефондарды қолдануға,бір-біріне кедергі жасауға,ауиториядан шығуға болмайды;
· Аудиторияға сыртқы киіммен кіруге болмайды.
· Оқу процесінде белсенді қатысып,сонымен қатар курстың жеке тақырыптары бойынша қосымша әдебиеттер таңдана өзіндік қабілеттерін таныта білу керек;
· Себепсіз сабақтарды босатуға болмайды.Егерде себепті жағдайларға байланысты болса,онда себепті дәлелдейтін құжат ұсынуы керек. Сосын оқытушы бекіткен уақытқа сәйкес сабақтар тапсырылады.
· Бекітілген уақытта тапсырмаларды орындамаған жағдайда,қорытынды баға келесі апталарда 10%-ке кемиді де,одан кейінгі уақыттарда қабылданбайды.
· Ұқыпты,жауапкершілікті қарым-қатынаста болу қажет;топпен жұмыс істей білуі керек.
· Ұжымдық жұмыстар нәтижесін ұсына білу керек.
Апелляция процедурасы. Студент емтихан бағасымен келіспеген жағдайда, емтихан өткеннен кейін келесі күні 13 сағаттан кешіктірмей апелляция беруге құқылы. Апелляция беру өтініші жеке студенттің өзімен апелляциялық комиссия төрағасына беріледі. Осы мақсатпен емтихан сессиясы кезінде Жоғары мектеп директорының өкімімен емтихан сессиясына шығарылған профилді пәндерге сәйкес квалификациялы оқытушылар қатарынан апелляциялық комиссия құрылады. Өтініш апелляциялық комиссиямен өтініш берген күннен бастап, студенттің және оқытушы-зкзаменатор қатысуымен 2 күн ішінде қарастырылады. Студент апелляция нәтижелерімен танысуына (ауызша немесе жазбаша) міндетті. Апелляция нәтижелері апелляциялық ведомостқа енгізіліп, пән бойынша қорытынды бағаға қосылады. Апелляция пәні болып табылмайтын емтихан бойынша бағалардың өзгеруіне жол берілмейді.
ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы бойынша емтихан сұрақтары
1. Қылмыстық iс жүргiзу құқығының қайнар көздерiнiң ұғымы және түрлерi.
2. Қылмыстық iс жүргiзу заңының уақыт тұрғысында, кеңiстiкте және адамдарға қатысты қолдануы.
3. Қылмыстық процестiң ұғымы, оның сатылары.
4. Қылмыстық ізге түсу ұғымы және оның нысандары
5. Дәлелдемелердi бағалаудағы iштей сенiм және кінәсіздік презумпциясы принциптерін сипаттаңыз
6. Қылмыстық процестегi принциптердiң мәні, олардың маңызы
7. Жеке, жеке-жариялы және жариялы айыптау істері бойынша ізге түсуді жүзеге асыру
8. Ақтау. Қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекетімен келтірілген зиянды өтеу
9. Іс жүргізу мерзімдерін есептеу және сақтау
10. Қылмыстық ізге түсу функциясын жүзеге асыратын органдар мен лауазымды адамдар, оларға жеке-жеке сипаттама
11. Сот қылмыстық процесті жүргізуші орган ретінде, соттың құрамы
12. Қылмыстық процеске қорғаушының міндетті қатысуы: оның құқығы мен мiндеттерi
13. Куә, оның құқықтық жағдайы. Қылмыстық процестегi куә иммунитетi
14. Қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар
15. Қылмыстық процеске қатысушылар ұғымы мен жіктелуі
16. Өз құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғап процеске қатысушылар
17. Қарсылық білдіру. Судьяға қарсылық білдіру негіздері
18. Қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету тәртібі, оның түрлері
19. Өтініш жасау. Қылмыстық процеске қатысушылардың өтініштерін қараудың міндеттілігі
20. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану тәртібі мен мерзімі
21. Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелер ұғымы, оның қасиеттері
22. Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелер ұғымы, оның қайнар көздері
23. Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдеу ұғымы, оның элементтері
24. Қылмыстық іс бойынша дәлелдеудің пәні мен шегі
25. Қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер ұғымы, дәлелдемелерді жинау
26. Қылмыстық іс бойынша дәледемелер ұғымы, дәлелдемелерді бекіту
27. Дәлелдемелер ұғымы, дәлелдемелерді бағалау
28. Сезіктіні ұстау негіздері мен тәртібі
29. Бұлтартпау шаралары ұғымы, оның түрлері, оны қолдану тәртібі
30. Мәжбүрлеудің өзге де шаралары, оның түрлері
31. Қылмыстық істерді біріктіру мен бөлектеу негіздері
32. Қылмыстық істі қозғау себептері мен негіздері
33. Қылмыс туралы арыздар мен хабарларды қабылдау міндеттілігі және мерзімі
34. Қылмыстық істердің соттылығы ұғымы, түрлері
35. Қылмыс туралы арызды не хабарды қарау нәтижесінде қабылданатын шешімдер, оларға сипаттама
36. Алдын ала тергеудің міндеттілігі, тергелу реті
37. Алдын ала тергеу жүргізілетін жер, тергеу жүргізудің басталуы
38. Алдын ала тергеу ұғымы, мерзімі
39. Алдын ала тергеуді тергеушілер тобының жүргізуі, тергеу тобы жетекшісінің өкілеттіктері
40. Айыпталушы ретінде жауапқа тарту
41. Қылмыстық істі тоқтата тұру ұғымы мен негіздері, оны қайта жалғастыру негіздері
42. Жауап алу және беттестіру жүргізудің жалпы ережелері
43. Сезіктіден, айыпталушыдан жауап алу тәртібі, жауап алу кезінде дыбыс және бейне жазбаны қолдану тәртібі
44. Қарап-тексеру ұғымы, оны жүргізудің жалпы ережелері
45. Тану үшін көрсету, оның тәртібі
46. Тінту және алу тергеу әрекеті ретінде
47. Почта-телеграф жөнелтімдерін тұтқындау, оларды тексеру мен алу
48. Сөйлесулерді тыңдау мен жазу тәртібі мен мерзімі
49. Эксгумация және куәландыру жүргізудің негіздері мен тәртібі
50. Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау жүргізудің тәртібі
51. Тергеу эксперименті қандай мақсатта жүргізіледі, оны жүргізудің тәртібі
52. Сараптаманы міндетті түрде тағайындау
53. Сараптама тағайындау тәртібі
54. Жеке және комиссиялық сараптама тағайындау тәртібі
55. Сараптама тағайындау тәртібі. Кешенді сараптама тағайындау тәртібі
56. Қосымша және қайталама сараптама тағайындау тәртібі
57. Қылмыстық істі қысқарту ұғымы мен негіздері мен тәртібі
58. Алдын ала тергеудің аяқталу ұғымы мен түрлері
59. Айыптау қорытындысын жасау және қылмыстық істі сотқа жіберу
60. Алдын ала тергеу жүргізу міндетті есмес істер бойынша анықтаудың тәртібі мен мерзімдері
61. Алдын ала тыңдау өткізу, басты сот талқылауын тағайындау
62. Басты сот талқылауының жалпы шарттары
63. Сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізудің негіздері мен тәртібі
64. Басты сот талқылауының ұғымы, оның кезеңдеріне сипаттама
65. Басты сот талқылауының дайындық бөлімі
66. Сот тергеуі басты сот талқылауының кезеңі ретінде
67. Сотталушыдан жауап алу, сотталушының айғақтарын жария ету тәртібі
68. Сот отырысында куә, жәбірленушіден жауап алу, жәбірленуші мен куәнің айғақтарын жария ету
69. Сот отырысында кәмелетке толмаған жәбірленушіден, куәдан жауап алу ерекшеліктері
70. Істің қысқартылған тәртіппен сотта талқылануы
71. Сот жарыссөзі және сотталушының соңғы сөзі
72. Үкім ұғымы, оның түрлері, үкімнің негіздіілігі мен заңдылығы
73. Жеке айыптау істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктері
74. Апелляциялық шағымдар, наразылықтар беру тәртібі, үкімдерге апелляциялық шағымдану, наразылық білдіру мерзімдері
75. Апелляциялық шағымдар мен заңды күшіне енбеген сот шешімдеріне наразылық білдіру
76. Істі апелляциялық сатыда қарау мерзімдері
77. Апелляциялық сатыдағы соттың өкілеттігі
78. Апелляциялық саты қабылдайтын шешім
79. Кассациялық шағымдар, наразылықтар бойынша істерді қарау
80. Істі кассациялық сатыда қарау мерзімдері
81. Кассацялық сатыдағы соттың өкілеттігі
82. Кассациялық саты қабылдайтын шешім
83. Үкімнің заңды күшіне енуі және оны орындауға кірісу
84. Заңды күшіне енген сот үкімдері мен қаулыларын қайта қарау негіздері
85. Заңды күшіне енген сот шешімдеріне шағымдану мерзімдері
86. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істері бойынша анықтауға жататын мән-жайлар
87. Үлгілер алудың негіздері
88. Сот талқылауының тікелей және ауызша болуы, запастағы судья қандай жағдайда тағайындалуы мүмкін
89. Мемлекеттік айыптаушының басты сот талқылауына қатысуы
90. Алқабилердің қатысуымен істер бойынша іс жүргізу тәртібі
91. Алқабилердің қатысуымен соттың істі талқылау ерекшеліктері
92. Алқабиге кандидаттарға қарсылық білдіру туралы мәселелерді шешу және дәлелсіз қарсылық білдіру
93. Кәмелетке толмаған сотталушының заңды өкілінің сот талқылауына қатысуы
94. Кассациялық сатының ұғымы, кассациялық тәртіппен шағымданудың жалпы шарттары
95. Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс жүргізуді қайта бастаудың мерзімдері
96. Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау негіздері
97. Үкім шығару басты сот талқылауының кезеңі ретінде, үкімнің заңдылығы мен негізділігі
98. Аудандық және оған теңестірілген соттың соттауына жататын қылмыстық істер
99. Облыстық және оған теңестірілген соттың соттауына жататын қылмыстық істер
100. ҚР Жоғарғы Соттың соттауына жататын қылмыстық істер