Дәріскер М.И. Омаралиев

А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Медицина факультеті

Адам патологиясы кафедрасы

«БЕКІТЕМІН »

Кафедра меңгерушісі, доцент

Н.А. Жуманазаров

хаттама №_ ”__ ” _____2016 ж.

Сот медицинасы курсы

Дәріс: №6

Тақырып: Медицина қызметкерлерінің кәсіптік және атқаратын қызметіне байланысты құқық бұзушылықтары бойынша тергеу ісі кезіндегі сот медициналық сарап.

Түркістан – 2016 ж.

1. Дәріс тақырыбы:Медицина қызметкерлерінің кәсіптік және атқаратын қызметіне

байланысты құқық бұзушылықтары бойынша тергеу ісі

кезіндегі сот медициналық сарап.

2.Дәріс жоспары:1.Кіріспе.

2.Медицина қызметкерлерінің кәсіптік құқық бұзушылықтары.

3.Санитарлық – эпидемиялық ережелерді бұзу.

4.Дәрігерлерге байланысты медициналық құжаттардың болуы..

5.Қорытынды.

3.Дәрістің мақсаты: Студенттерге сот медициналық сараптамада қылмысқа тән кездесетін медициналық қателіктердің салдарынан туындалатын түрлі өлім себептерін сараптау қажет.

4.Дәрістің мазмұны:Медициналық деонтология - дәрігерлік этиканың бір саласы болып табылады. Бұл сала дәрігерлердің және барлық медицина қызметкерлерінің өзін-өзі ұстау тәртібін қарастырады. Медицина қызметкерлерінің сөзі, мінез-құлығы науқастың нервтік психикалық жағдайына жайлы немесе жайсыз әсерін тигізеді, жайсыз әсері ятрогенді ауруға әкелуі мүмкін. Сондықтан медицина қызметкерлері науқастармен ара-қатынасы кезінде әрқашанда мейірімді, ыстық ықыласты, сезімтал, жайдары болуы керек. Сот медицина сарапшысы дәрігер болғандықтан дәрігерлік деонтология оның жұмысына да негіз болуы тиіс. Сот медицина сарапшысының кәсіптік міндетін атқару кезінде спецификалық ерекшеліктер жиі туындайды. Сот медицина сарапшысының жұмыс барысындағы деонтологиялық кезендер: сот медицина сарапшысымен денесіне жарақат түскен немесе жәбірленіп, айыпталып отырған тірі адамдармен ара-қатынасы, қайтыс болған адамның туған-туыстарымен ара-қатынас, тергеу орындарының қызметкерлерімен ара-қатынас, комиссиялық сарап кезінде өзге де сарапшылармен ара-қатынас, тергеу ісіне, сот мәжілісіне қатысу. МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІПТІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫ

Дәрігер тәжірибесінде де, кез-келген саладағы сияқты өкінішке орай түрлі қателіктер, кемістіктер кездеседі. Олар көбінесе медициналық білімнің төмендігінен, диагностика мен емдеу әдістерін толық меңгермеуден туындайды. Кей жағдайларда мұндай кемшіліктер медицина қызметкерлері өз міндеттеріне салғырттықпен қарағанда орын алуы мүмкін. Дәрігер қателігі науқастың немесе оның туыстарының арыз беруіне әкеледі. Арыз беру себептері және негіздері әртүрлі болады: емнің немесе операцияның нәтижесіз болуы, қате немесе кеш қойылған диагноз, медицина қызметкерлерінің дөрекілігі немесе немкеттілігі. Арыз көбінесе науқас организміне активті ем көрсететін /хирург, акушер-гинекологтар/ саладағы дәрігерлер атына түседі. Егер тексеру барысында медицина қызметкерлерінің жұмысынынан кемшіліктер табылса, онда олар жауапкершілікке тартылады. Медицина қызметкерлері кәсіптік құқық бұзушылықтары үшін қылмыстық немесе әкімшілік сипаттағы жауапкершілікке тартылады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде /ҚР ҚК/ көрсетілген қылмыстық әрекеттер орын алса, онда дәрігер қылмыстық жауапкершілікке тартылады. ҚР ҚК-нің 9-шы бабында қылмыс ұғымына төмендегідей анықтама беріледі: «Осы Кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет /іс-әрекет немесе әрекетсіздік/ қылмыс деп танылады». Қылмыс қасақана жасалуы мүмкін немесе байқаусызда болуы мүмкін. ҚР ҚК-нің 20-шы бабында көрсетілгендей қылмыс тікелей немесе жанама ниетпен жасалуы мүмкін. Егер адам өз іс-әрекетінің /әрекетсіздігінің/ қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптарының болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе, қылмыс тікелей ниетпен жасалған қылмыс деп танылады. Егер адам өз іс-әрекетінің /әрекетсіздігінің/ қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптарының болуының мүмкін екенін алдын ала білсе, осы зардаптардың болуын тілемесе де, бұған саналы түрде жол берсе не бұған немқұрайды қараса, қылмыс жанама ниетпен жасалған деп танылады. ҚР ҚК-нің 21-піі бабында көрсетілгендей менмендікпен немесе немқұрайдылықпен жасалған әрекет қылмыс деп танылады. Егер адам өз іс-әрекетінің /әрекетсіздігінің/ қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, қылмыс менмендікпен жасалған қылмыс деп танылады. Егер адам қажетті ұқыптылықпен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап білуге тиіс және болжап біле алатын бола тұра өз іс-әрекетінің /әрекетсіздігінің/ қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмесе, қынмыс немқұрайдылықпен жасалған қылмыс деп танылады.

Тәжірибе барысында қылмыстық немқұрайдылықпен медициналық білімнің таяздығын ажырату қиындыққа әкеледі. Әр кезде есте сақтайтын қағида - медицинадағы немқұрайдылықпен медициналық білімнің таяздығы науқасқа зиянын тигізсе, дәрігер қылмыстық жаупкершіліктен кете алмайды. Қорыта айтқанда, медицина қызметкерлерінің қасақана немесе байқамай жасаған қылмыстары деген - науқастық денсаулығына зиянын тигізген немесе азаматтардың денсаулық сақтау құқықтарының бұзылуына әкелген қоғамдық қауіпті іс-әрекет /әрекетсіздік/. ҚР ҚК-нің 9-шы бабының 2-ші бөлімінде көрсетілгендей «Осы Кодекстің Ерекше бөлімінде көзделген қайсыбір әрекеттің белгілері формальді болса да бар, бірақ елеулі маңызы болмағандықтан қоғамдық қауіпті емес, яғни жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтірмеген және зиян келтіру қаупін туғызбаған іс-әрекет немесе әрекетсіздік қылмыс болып табылмайды». Мұндай әрекеттер, әдетте қателесушілік деп қаралып, әкімшілік тәртіпке шақырылады. Сонымен қатар, дәрігер қателігін жоққа шығаратын жағдайларға - науқастың қолхаты, дәрігерлік тұрғыдан соңғы, тіптен қауіпті әрекетті қолдану жатады. ҚР ҚК-де төмендегідей тараулар қарастырылған. 1-ші тарау - жеке адамға қарсы қылмыс, 3-ші тарау -адамның және азаматтың Конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар, 10-шы тарау - халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстар, 13-ші тарау -мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыс - денсаулық сақтау саласындағы қылмыстарда осы тарауларға сай қарастырылады. 1 тарау - жеке адамға қарсы қылмыс. Бұл қылмыстарға: заңсыз аборт жасау, науқасқа көмек көрсетпеу, денсаулыққа абайсызда зиян тигізу, абайсызда кісі өлтіру, медицина қызметкерлерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы жатады. Заңсыз аборт жасау. (ҚРҚК117бабы). 1.б.Тиісті бағдардағы жоғары медициналық білімі жоқ адам аборт жасауы,- бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның алты айға дейінгі кезендегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не дәл сол мерзімге бас бостандығын шектеуге не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады." 3.б. Заңсыз аборт жасағаны үшін бұрын сотталған адам және 4.б. егер аборт жәбірленушінің өлуіне немесе денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соқса, дәл сол қылмыс үшін айыпталушы үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Емдеу мекемесінен тыс жерде дәрігер немесе жоғары медициналық білімі жоқ адам жасаған аборт заңсыз деп танылады. Зардап шегушінің өлуі немесе өзге де ауыр зардаптар шегуі, сондай-ақ аборт жасау талай рет қайталануы кінәны ауырлата түседі. Заңдық тұрғыда аборттың жасалу әдісі маңызды болын табылмайды. Егер заңсыз аборт жасау кезінде ауыр асқынулар дамыса /қан кету, жатыр перфорациясы/, онда аборт жасаушы, әйелге көмек көрсетуі керек. Олай болмаған жағдайда, аборт жасаушы тек ҚР ҚК-нің 117-ші бабымен ғана емес, сонымен қатар 118-ші бабы /науқасқа көмек көрсетпеу/ бойынша да айыпқа тартылуы мүмкін, ал егер әйел өлімі туса, аборт жасаушының іс-әрекеті 101 баппен - абайсызда кісі өлтіру деп, немесе 96-шы баптың г-бөліміне сай жүкті екендігі белгілі әйелді өлтіру деп бағалануы мүмкін. Бұл жағдаңда айыпталушы мүлкін тәркілеу арқылы он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айрылуы мүмкін немесе онсыз өлім жазасына не мүлкін тәркілеу арқылы өмір бойы бас бостандығынан айрылу жазасына тартылуы мүмкін.

Дәрігер ауруханадан тыс жерде аборт жасағаны үшін ол мұны өте қажет болған жағдайда, мысалы, адамның өмірін сақтау керек болып, ал оны емдеу мекемесіне жеткізуге мүмкіндік жоқ болған жағдайда ғана жауапқа тартылмайды.

Науқасқа көмек көрсетпеу. (ҚР ҚК118 бабы). Заң бойынша немесе арнаулы ереже бойынша дәрігерлік көмек көрсетуте міндетті адамнің дәлелді себепсіз ондай көмек көрсетпеуі де жауапқа тартылуға тиіс. Егер көмек көрсетпеу абайсызда науқастың денсаулығына орта дәрежеде зиян тигізсе, елу айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның үш айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не екі жынға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады. Осы баптың 2-ші бөлімінде - дәл сол әрекет науқастың абайсызда өлуіне немесе онық денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соқса,- белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Науқасқа көмек көрсетпеу түрлі сипатта болуы мүмкін: шақырту бойынша келмеу, ауруханаға қабылдаудан негізсіз бас тарту, емдеу мекемесінде көмек көрсетпеу ж.т.б. Медицина қызметкерлерін 118-ші бап бойынша айыпқа тарту - көмек көрсетпеу абайсызда науқас денсаулығына орта зиян тигізсе /1.б./, немесе дәл сол әрекет абайсызда науқастың өлуіне, не оның денсаулығына ауыр зиян тигізсе /2.б./ - жүзеге асады. Бұл жағдай да міндетті түрде дәрігердің іс-әрекетімен /әрекетсіздігімен/ дамыған асқыну арасындағы себеп-салдар анықталуы керек. Көмек көрсетпеуге дәрігердің өзінің ауру болуы немесе басқа бір ауыр науқасты тастап кете алмауы, және науқасты тасымалдайтын көліктің болмауы ғана дәлелді себеп бола алады. Себептің дәлелді болуы туралы мәселе әрбір нақты жағдайда істің барлық мән-жайын әбден зерттегеннен кейін ғана шешіледі, және бұл шешім тек соттық құқығында. Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру /ҚР ҚК111 бабы./, абайсызда кісі өлтіру /ҚР ҚК101 бабы./. Кей жағдайларда дәрігерлердің немқұрайды әрекеттері науқастық абайсызда өліп кетуіне немесе денсаулығына зиян тигізуге әкеледі. Әрине бұл жағдайларда дәрігер менменділік әрекет жасап ауыр асқынулар болмайды деп есептейді, және олардың тууын тілемейді. Сондықтан көп жағдайларда медицина қызметкерлері 101-ші немесе 111-ші баптармен айыпқа тартылады. Дәрігерлердің ауыр асқынуларға әкелетін немқұрайды әрекеттері алуан түрлі болып келеді: жиі кездесетіндері: диагностиканың кешігуі, басқа топтың қанын құю, операцияны кешіктіріп жасау, дәрілік заттарды дұрыс қолданбау /дозасын қате беру, сай емес дәрі беру, дәрілік заттарды дұрыс енгізбеу/, ауыр науқастарды бақылаусыз қалдыру, сәулелі емдеу дозасын қате беру. Дәрігер науқас денсаулығына абайсызда зиян келтіргені үшін немесе абайсызда кісі өлтіргені үшін, адамдарға заңсыз экспериментжасағаны үшін, диагностиканың, емдеудің жаңа тәсілдерін, жаңа дәрілерді заңсыз қолданғаны үшін айыпқа тартылуы мүмкін. 3-ші тарау - адамның және азаматтық Конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар. Бұл топқа дәрігерлік құпияны жария ету /ҚР ҚК 144 бап./ жатады - пациенттің сырқаты немесе медициналық куәландыру нәтижелері туралы мәліметті кәсіптік немесе қызметтік қажеттіліксіз медициналық қызметкердің жария етуі /144 бап 1.б./. Осы баптың екінші бөлімінде ВИЧ/ЖҚТБ бар екені туралы мәліметті хабарлау: егер хабарлау ауыр асқынуға әкелсе, хабарлаушы үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып не онсыз үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

ҚР ҚК 142-ші бабы - жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу деп аталады, егер науқас өмірі туралы мәлімепі медицина қызметкері жария етсе /дәрігерлік құрияның бір бөлімі/, онда 142-ші баппен айыпқа тартылады. 10-шы тарау-халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстар қатарына: есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату (ҚР ҚК 259 бабы), есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлау не қорқытып алу (ҚР ҚК 260 бабы), улы заттардың, сондай-ақ есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін немесе улы заттарды дайындауға немесе ұқсатуға пайдаланатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы (ҚР ҚК 263 бабы), жекеше медициналық практикамен немесе жекеше фармацевтикалық қызметпен заңсыз айналысу, есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды алуға құқық беретін рецептерді немесе өзге де құжаттарды заңсыз беру не қолдан жасау (ҚР ҚК 266 бабы), санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзу (ҚР ҚК 267 бабы) жатады. Есірткі заттармен заңсыз әрекет жасау (ҚР ҚК 259-260 бабы) қатаң түрде жазаланады. Медицина және фармацевтика саласының қызметкерлері күшті әсер ететін, улы және наркотикалық заттармен әрекет ету ережелерін қатаң сақтауы керек. Бұл ережелердің бұзылуы кезінде 265-ші бап бойынша қылмыстық жауапкершілік жүктеледі – айыпталушы бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылу белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі қызметпен айналысу құқығынан үш жылға айырылуға жазаланады. Жекеше медициналық практикамен немесе жекеше фармацевтикалық қызметпен заңсыз айналысу... (ҚР ҚК 266 бабы), - тиісті медициналық білімі жоқ адамның немесе медицинаның белгілі бір түрімен айналысуға лицензиязы жоқ адамдардың дәрігерлікпен айналысуды кәсіп етуі сирек кездесетін құбылыс емес. Бұл жағдайларда дәрігерлікпен айналысқан адамды жауапқа тартуға адамның денсаулығына зиян келтіру негіз болып табылады. / 266 баптық 1.б. - екі жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не үш айдан бес айға дейінгі мерзімге қамауға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады./. Егердәл сол әрекет абайсызда кісі өліміне әкелсе /266 баптың 2.б./ - бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Осы бап бойынша тәуіптер, балгерлер, көріпкерлер немесе орта медициналық білімі бар адамдар да жауапқа тартылады. Соңғы кездері, арнайы дәрігерлік дайындықтан өтпеген адамдардың емдеуі, бақсы-балгерлер көбейіп кетті және олардың көбісі қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Санитарлық-эпидемиялогиялық ережелерді бұзу. (ҚР ҚК 267 бабы). Бұл ережелерді бұзу эпидемиялық аурулардың таралуына апарып соқса немесе олардың таралуының нақты қатері төнсе, мемлекеттік орын өкілдері белгілі бір аймақтарда карантин жариялауға және сол карантин ережелері бұзылса 267 бап бойынша қылмыстық іс көтеруге құқықты. Бұл ережелерді бұзушыларға медицина қызметкерлері ғана емес, басқа адамдар да (мысалы, көлікі қызметкерлері, әр түрлі мекемелердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың лауазымды адамдары, т.б.) жатады.

Ережелерді бұзу аурулардың жаппай таралуына немесе адамдардың жаппай улануына апарып соқса /267 бап 1.6./, немесе абайсызда кісі өліміне әкелсе /267 бап 2.6./, соған себепкер адамдар қылмысты жауапқа тартылады. Ережелердің бұзылуы өте жүқпалы ауруларды жасырудан, алдын ала егуден жалтарудан, сумен қамтамассыз ету, тағамдардың сапасын бақылау ережелерін бұзудан, карантин режимін бұзудан, т.б. көрінуі мүмкін. Медицина қызметкерлері осы айтылған ережелерді бұзғаны үшін ғана емес, сонымен қатар сол ережелерді талапқа сай орындамаганы үшін де жазаға тартылады.

13-ші тарау - мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыс. Бұлардың ішінен жиі кездесетіндері: қызмет өкілеттілігін теріс пайдалану, билікті немесе қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану, пара алу, қызметтік жалғандық жасау, салақтық. Медицина қызметкерлерінің атқаратын қызметін кәсіптік және лауазымдық деп бөледі. ҚР ҚК 307 бабына енгізілген қосымша ескертуде: тұрақты немесе уақытша арнаулы өкілеттік бойынша өкіметтің өкілі қызметін жүзеге асырушы не мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, сондай-ақ ұйымдық-әкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық қызметтерді орындаушы адамдар лауазымды тұлғалар деп танылады. Осыған байланысты, егер қатардағы дәрігер немесе мед. бике өздерінің кәсіптік міндетін атқару барысында науқас денсаулығына зиян келтірсе, онда олар ҚК-тің жеке адамға қарсы қылмыс деген бөлімі бойынша айыпқа тартылады. Егер бөлім меңгерушісі, бас дәрігер кәсіби жұмысы барысында /мыс. операция кезінде/ науқас денсаулығына зиян тигізсе, оларда ҚК-тің жеке адамға қарсы қылмыс деген бөлімі бойынша айыпқа тартылады. ҚР ҚК 307 бабына сай қызмет өкілеттілігін теріс пайдалану, - «лауазымды адамның өз қызметтік өкілеттігін қызмет мүдделеріне кереғар пайдалануы, егер бұл әрекет пайдакүнемдікпен немесе өзге де жеке басының мүддесі үшін жасалса және азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соқса». Егер осы баптың 4.б. көрсетілгендей қызмет өкілеттілігін теріс пайдалану ауыр зардаптарға әкеп соқса, айынталушы сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырып белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі қызметпен айналысу құқығынан үш жынға айырылуға жазаланады. Қызмет өкілеттілігін теріс пайдалану жиі пара алумен /ҚР ҚК 311 бабы/ ұштасуы мүмкін. Мысалы, медициналық көмек көрсетуді жеделдету үшін, ауруханаға қабылдау үшін, операция жасау үшін ж.т.б. пара алу қатаң түрде жазаланады. Бұл қылмыс үшін айыпталған адам мүлкін тәркілеу арқылы жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуға жазаланады. Билікті немесе қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану /ҚР ҚК 308 бабы/, яғни лауазымды адамдардың құқықтары мен өкілеттілігі шегінен асып кететін және азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соғатын әрекеттер жасауы. Адамдарға рұқсат етілмеген эксперименттер жасау да, сондай-ақ тәжірибеге енгізілген күрделі емдеу әдістерін және операциялар жасау ережелерін бұзу қылмыстың осы түріне жатқызылады. Медициналық емді бастамас бұрын науқастан жазбаша келісім алу керек. Егер науқас келісім беруге дәрменсіз болса, бірақ емдік көмек тез арада жасалуды талап етсе, дәрігерлер консилиумы, ал консилиум жинау мүмкін болмаса жеке дәрігер шешім қабылдайды және бұл туралы дәрігерлер консилиумына жазбаша түсініктеме береді. Науқастың емдеуге келісім беруі жазбаша немесе ауызша болуы занда көрсетілмеген, сондықтан егер келісім ауызша берілсе оны дәрігер сырқатнама жазады, ол жазба тек бөлім меқгерушісінің немесе басқа дәрігердің қол қоюымен ғана заңдық сипатқа ие болады. Қызметтік жалғандық жасау /ҚР ҚК 314 бабы/, лауазымды адамның ресми құжаттарға көрінеу жалған мәліметтерді енгізу, сол сияқты аталған құжаттарға олардық шын мазмұнын бұрмалайтын түзетулер енгізуі, не әдейі жалған немесе қолдан жасалған құжаттар беруі, егер бұл әрекеттер пайдакүнемдікпен немесе өзге де жеке мүддесіне жасалған болса.

Дәрігерлерге байланысты бұл мынадай медициналық құжаттар болуы мүмкін: амбулаториялық науқастарды тіркеу кітабы, жарақаттанғандарды тіркеу карточкасы, сырқатнама, операция журналы, мүгедектікке байланысты құжаттар, әскерге шақыртылғандармен әскерилердің аурулары туралы құжаттар ж.т.б. Осы қылмыс үшін бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айрылуға жазаланады.

Дәрігерлердің абайламай немесе салдыр-салақтықпен істеген әрекеттері көбінесе қызметтегі қылмыс - салақтық /ҚР ҚК 316 бабы/ деп бағаланады. Бұл бапқа сай салақтық деп "...лауазымды адамның қызметіне адал қарамауы немесе ұқыпсыз қарауы салдарынан өз міндеттерін орындамауын"... айтады. Бұл баппен дәрігерлер азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соғатын әрекеттер жасағаны үшін айыпталады, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айрылуға жазаланады.

Дәрігерлердің абайламай немесе салдыр-салақтықпен істейтін әрекеттері түрлі сипатта болып келеді. Науқасты толық тексермеу: анамнезін толық жинамау, қарапайым диагностикалық әрекеттерді жасамау - пульсін анықтамау, қан қысымын өлшемеу, немесе қан, зәр анализдерін алмау. Дәрігер науқасты толық қарап тексермесе, диагноз оның асқынулары дұрыс анықталмауы мүмкін немесе кеш анықталуы мүмкін. Сол себептен науқас уақтылы ауруханаға жатқызылмауы мүмкін. Ем кеш басталуы немесе тіптен дұрыс емдемеу орын алуы мүмкін. Сонымен қатар ем кемшіліктеріне ем тәсілдерін орынсыз немесе кешеуілдетіп қолдану /оперцияны кеш жасау ж.т.б./, дәрілерді дұрыс бермеу, дозасын дұрыс есептемеу, бір-бірімен үйлесімсіз дәрілерді қатар беру, дәрілік заттарды дұрыс енгізбеу, басқа топтың қанын құю ж.т.б. Ауыр қалдегі науқасқа үнемі бақылауды қамтамассыз етпеу де салақтық деп қаралады, себебі ол жағдайда науқас өмірі тек медициналық бақылауға тікелей байланысты болады. Операция жүргізу ретіне тоқталсақ: жиі кездесетін дәрігерлердің немқұрайды іс-әрекеттері: операцияға мұқият дайындамау, дене қуыстарында, операциялық жарада бөгде заттар қалдыру. Салақтық медициналық құжаттарды толтыру кезінде де байқалады. Медициналық құжаттардан маңыздысы болып табылатын сырқатнама болады: бұл құжатқа науқас туралы барлық мәліметтер енгізіледі, емдік, ғылыми-тәжірибелік және зақгерлік маңызы бар. Өкінішке орай, сот медицина тәжірибесі көрсетіп келе жатқандай сырқатнамаларды толтыруға дәрігерлер немқұрайдылықпен қарайды көптеген қателіктер жібереді: жарақаттарды сипаттамай тек атын атайды немесе олардың сипаты толық болмайды, операциялармен күрделі диагностикалық тәсілдер үстіртін жазылады; диагноз қысқартылып жазылады немесе эпикриз мазмұны толық болмайды ж.т.б.

Медицина қызметкерінің абайламағанынан, немесе салдыр-салақтығынан қылмыс жасады деп тану үшін оның әрекеттері (немесе әрекетсіздігі) мен емдеудің нәтижесіз жаман болуы арасындағы себепті байланыс дәлелденуге тиіс. Емдеудің нәтижесіз жаман болуы көбінесе түрлі себептерге: медициналық көмекті кешігіп сұрауға, аурудың ауыр, қауіпті болуы мен тез бел алуына, т.б. байланысты болуы мүмкін. Нақ сондықтан да дәрігердің абайламай әрекет етуіне қатысты істердің көпшілігі алдын алатергеу сатысында қысқартылады, өйткені, тергеуде дәрігердің әрекеттері мен емдеу нәтижелерініқ нашар болуы арасындағы тікелей себепті байланыс анықталмайды.

Сотқа азаматтар тарапынан дұрыс ем қолданбағаны үшін медициналық мекемелерден материалды және моральді шығынын өтеуін талап ету жөніндегі арыздар түседі. Мұндай шағымдар хирургиялық, акушерлік-гинекологиялық, стоматолгиялық, травматологиялық, косметологиялық ем алғандар тарапынан жиі түседі. Сот бұл арыздарды «Тұтынушылардың құқығы заңына» сай қарастырады.

Бұл арыздарды қарастыру кезінде сот сарап тағайындайды. Негізгі қойылатын сұрақ емнің ақырының нәтижесіз болу себебі болып табылады. Осы сұрақтарды шешетін арнайы сала болмағандықтан сот сарап өткізуді сот медицина мекемелеріне жүктейді. Сот медициналық сарап бұл кезде тек комиссиялы түрде жоғары дәрежелі маман-дәрігерлердің қатысуымен ғана жүргізіледі. Комиссия мүшелері барлық медициналық құжаттардың түп нұсқасымен толықтанысып, қойылған сұрақтарға жауап беруі тиіс. Дәрігерлік қателіктер. Дәрігердің арам ойсыз байқамай адасуы дәрігерлік қателік деп түсініледі. Ал оған медициналық білімінің жеткіліксіздігі, диагностика мен емдеудің жетілдірілмегендігі немесе оның объективті түрде қиын жағдайларда жұмыс істеуі себеп болуы мүмкін. Бұл жағдайда дәрігер науқастың денсаулығына шарасыздықтан зиян келтіреді. Демек, дәрігер қасақана немесе абайламай (салақтықпен, менменсіп) әрекет жасамағанда ғана оны қателескен деуге болады.

Медицина тәжірибесіндегі жазатайым оқиғалар. Медицина тәжірибесінде емдеудің сәтсіз аяқталуы жазатайым оқиға деп саналады. Ол дәрігер қызмет міндеттеріне мейлінше адалдық көрсеткеннің өзінде де жағдайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан болады.

Жазатайым оқиғалардың себептері мыналар болуы мүмкін: организмнің анатомиялық-физиологиялық жеке ерекшеліктері, ол, мысалы, организмге әдеттегі ем мөлшерінде енгізілетін кейбір дәрілерді жаратпаушылықтан көрінеді; операция жасап жатқанда адамның кенеттен өліп кетуі (жүректің немесе тыныс алудың рефлекторлық тоқтап қалуы т.б.).

Медицина тәжірибесіндегі дәрігерлік қателіктер мен жазатайым оқиғалар қылмыс деп саналмайды және олар үшін дәрігер қылмысты жауапқа тартылмайды. Мұндай оқиғалар клиникалық-анатомиялық конференцияларда немесе емдеу-бақылау комиссияларында талқыланады.

Медицина қызметкерлері кәсіптік құқық бұзушылықтары үшін қылмыстық жауапқа тартылатын жағдайларда сот-медицина сараптамасын ұйымдастыру және оның міндеті.

Медицина қызметкерлерінің кәсіптік қызметіне байланысты шағымдарды зерттеген кезде тергеу жене сот органдарында бірқатар арнаулы мәселелер пайда болады, ал оларды білікті сот-медицина сараптама комиссиясы ғана шеше алады. Мұндай істерде, әдетте, сонық қорытындысы ең басты және ең негізгі дәлелдеме болып табылады. Сот-медицина сараптамасының алдына көптеген сұрақтар қойылуы мүмкін, олардың негізгілері: науқастың ауруының /жарақатының/ уақтылы диагностикаландығы;

• науқасқа берілген емнің уақтылы және дұрыс екендігі;

• науқасқа жасалған операцияның уақтылы және дұрыс екендігі;

• науқасты тексеру, емдеу кезінде жіберілген кемшіліктерге барлық дәрігерлердің қосқан үлесі;

• медициналық құжаттардың дұрыс толтырылғандығы;

• медициналық мекемеде емдеу – ұйымдастыру жұмыстарындағы олқылықтар.

Сот медициналық сарап бұл кезде тек комиссиялы түрде жүргізіледі, сараптың ең күрделі түрі болып табылады. Сот-медицина сараптамасы тергеушінің қаулысымен тағайындалады, қаулыда істіқ мән-жайы баяндалып, комиссияның барлық мүшелерінің аты-жөні айтылуға және шешуге қойылған барлық мәселелер тізіп келтірілуге тиіс. Комиссияға қаулымен бірге барлық түпнұсқа медициналық құжаттар: науқастың амбулаториялық картасы, еңбекке уақытша жарамсыздық парағы, мүгедектік туралы анықтама, науқас тарихы және басқалары қосылып, қылмысы материалдары табыс етіледі.

Науқас адам өліп қалған жағдайда аталған құжаттарға қоса өлікті сот-медициналық зерттеудің толық қорытындысы (актісі) немесе патологиялық-анатомиялық сою хаттамасы, барлық лабораториялық (патологоанатомияльік, сот-химиялық, бактериологиялық, биологиялық, т.б.) зерттеулердің нәтижелері қажет болады. Сот-медицина сараптама комиссиясы сонымен бірге емдеу-бақылау комиссиялары, клиникалық-анатомиялық және клиникалық конференциялар мәжілістерінің хаттамаларын, жауапқа тартылушы медицина қызметкеріне қызмет орнынан берілген мінездемені және олардың алған жауаптарының хаттамаларын зерттеуге тиіс.

Комиссия жұмысының барысында медицина қызметкерлерімен олардың біліктілігін, жұмыс тәжірибесін, кейде нақты медициналық мәліметтерді білуін анықтау үшін жеке әңгімелер өткізу қажет болады. Жұмыстың бұл сатысы тергеу сипатында өтеді және оны ісгі жүргізуші тергеушінің тікелей қатысуымен өткізу керек. Сарапшылар ден қоятын мәселелердің анықталуын тергеуші жауап алу хаттамасымен рәсімдеңці.

Комиссия жұмыс кезінде қажет болуына қарай ведомстволық бұйрықтарды, нұсқауларды, әдістемелік хаттарды, сондай-ақ медицина қызметкерлері жұмысының нақты түрлерін, мысалы, қан құюды, алдын ала егу ісін, т.б. реттейтін басқа да ресми медициналық құжаттарды пайдалануға тиіс. Бұл орайда осы құжаттардың мазмұнын медицина қызметкерлерінің іс-әрекеттерімен салыстыра отырып, жол берілген бұрмалаушылықтар мен ауытқуларды анықтау мақсат етіп қойылады. Істің барлық материалдарын зерттегеннен кейін сарапшылар комиссиясы қорытынды жазады, онда тергеушінің сұрақтарына ғылыми негізделген, объективті жауаптар беріледі. Кей жағдайларда комиссия қорытындысы, ой байланысы жоқ «сұрақ-жауап» күйінде болады. Сондықтан Вермель И.Г. (1988ж.) ұсынған кестені қолданған жөн: 1) аурудың, жарақаттың сипаты; 2) диагностикаыың дұрыстығы және уақтылы қойылғандығы; 3) диагностиканың дұрыс және уақтылы қойылу мүмкіншілігі; 4) емнің дұрыстығы; 5) қате емдеудің ақыры; 6) өлім себебі; 7) өмірін сақтап қалу мүмкіндігі. Егер науқас аман қалған болса; соңғы екі пункт өзгеше болады: 6) қазіргі кездегі денсаулық жағдайы және еңбекке қабілеттілігі; 7) кемістіктерсіз айығу мүмкіншіліктері. Барлық кезде комиссия медицина қызметкерлерінің әрекеттерінде олқылықтар мен кемшіліктер болған-болмағанын анықтауға тиіс. Кемшіліктер болған жағдайда ол бұл кемшіліктердің нақты неден болғанын көрсетуі, олардың себебін түсіндіріп, емдеудің нәтижесіне олардың қандай дәрежеде әсер ете алғанын анықтауы керек, яғни емдеу мен оның нәтижесі арасындағы себепті байланысты анықтайды. Қаскүнемдік, кінә, қылмыстық жауаптылық туралы мәселені шешу сарапшылардың құзыретіне кірмейді. Бұл мәселені сот шешеді. Бір оқиғаға байланысты бірнеше дәрігердің әрекеттері туралы мәселені шешу қажет болған жағдайда олардың әрқайсысы жіберген қателік дәрежесі жеке көрсетіледі.

5.Бақылау сұрақтары:

• науқасқа берілген емнің уақтылы және дұрыс екендігін анықтау;

• науқасқа жасалған операцияның уақтылы және дұрыс екендігін сараптау;

• науқасты тексеру, емдеу кезінде жіберілген кемшіліктерге барлық дәрігерлердің қосқан үлесі қандай дәрежеде;

• медициналық құжаттардың дұрыс толтырылғандығы туралы сараптама;

• медициналық мекемеде емдеу – ұйымдастыру жұмыстарындағы олқылықтарды анықтау.

6.Тақырыпқа байланысты СӨЖ-ге тапсырма:Студент өздігінен тақырыпқа байланысты сұрақтарға дайындалып,келесі тақырыпқа сұрақтарды дайындауы қажет.

7.Ұсынылған әдебиеттер:

НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТ:

1. «Сот медицинасы» Қ.Қаракөбенов. Алматы. «Жеті жарғы» 1996ж.

2. «Сот медицинасы» Ю.И.Пиголкин. М.Медицина. 2003ж.

ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТ:

1. «Сот медицинасы» В.Н.Крюков. М.Медицина. 1998ж.

2.«Сот медицинасы» И.В.Виноградов, В.В.Томилин,«Заңгерлік журнал»1991ж.

3. «Сот медицинасы» В.В.Томилин, ИНФРА-тобы баспасы. М.1996ж.

4. «Сот медицинасы» А.А.Матышев, А.Р.Деньковский, Л. «Медицина» 1985ж.

5. «Сот медицинасы» С.С.Самищенко, «Құқық және заң» 1996ж.

6. «Сот медицинасынан тәжірибелік нұсқау және тесттік бақылау» В.Н.Крюкова, И.В.Буромский. М.Медицина 1998ж.

Дәріскер М.И. Омаралиев

Наши рекомендации