Медициналық симуляция сценариі. Клиникалық жағдай: «Асқынбаған гипертониялық криз»
Клиникалық жағдай: «Асқынбаған гипертониялық криз»
Ситуациялық есеп:Сіз – ОАА кезекші дәрігер-треапевтісіз. Қабылдау бөліміне 48 жастағы ер адам келіп түсті.
Ø Науқасты қарап және анамнезін жинаңыз
Ø Лабораторлы – құралдық зерттеулер мәліметтеріне интерпретация жүргізіңіз
Ø Диагноз қойыңыз
Ø Науқасты жүргізу тәсілін анықтаңыз.
Соңғы нәтиже (outcomes):
Ø Жүрек қан тамыр жүйесі дертімен науқасты физикальді қарап және сұрастыру жүргізу
Ø Гипертониялық криздің клиникалық диагностикасы және оның асқынулары
Ø ЭКГ жүргізу және оны интерпретациялау
Ø Гипертониялық криз кезінде шұғыл көмек көрсету
Ø Артериальдық гипертензиясы бар науқастарды жүргізу тәсілі.
«Асқынбаған гипертониялық криз» клиникалық жағдай бойынша
бағалау парағы (check-list)
Емтихан тапсырушының коды ______________________ Емтихан күні _____________________
Емтихан қабылдаушы_______________________________________________________________
№ | Қадамдарды бағалау критерилері | Баллдық бағалау | ||
Дұрыс орындады | Ескертулермен орындалды | Орындамады | ||
Шағымдарды, ауру және өмір анамнезін жинау | 1,0 | 0,5 | ||
Қауіп қатер факторларын бағалау | 1,0 | 0,5 | ||
Физикальді қарау | 1,0 | 0,5 | ||
Ережені сақтап АҚҚ өлшеу | 1,0 | 0,5 | ||
Асқынған және асқынбаған криздер арасында салыстырмалы диагностика жүргізу | 1,0 | 0,5 | ||
Алдын ала қойылған диагноз – тұжырымдап және негіздеу | 1,0 | 0,5 | ||
Кризді жою тәсілін анықтады | 2,0 | 1,0 | ||
Зерттеу әдісін тағайындау | 1,0 | 0,5 | ||
ЖҚА, ЖЗА, биохимиялық қан анализдерін интерпретациялау | 1,0 | 0,5 | ||
ЭКГ интерпретациялау | 2,0 | 1,0 | ||
Кризді жою кезінде науқас жағдайын бағалау | 1,0 | 0,5 | ||
Келешек емдеу тәсілін анықтау: амбулаторлық емін, АҚҚ бақылау | 1,0 | 0,5 | ||
Таңдалған антигипертензивті дәрілерді негіздеу | 1,0 | 0,5 | ||
Қауіп факторларды модификациялау бойынша нұсқаулар | 1,0 | 0,5 | ||
АҚҚ өлшеу ережесі бойынша нұсқаулар | 1,0 | 0,5 | ||
Дәрілерді қабылдау бойынша нұсқаулар | 1,0 | 0,5 | ||
Амбулаторлық емін бақылау бойынша нұсқаулар | 1,0 | 0,5 | ||
Науқаспен оптимальді қатынасты орнатып және қобалжуды басты | 1,0 | 0,5 | ||
1,0 | 0,5 | |||
Баллдар ҚОРЫТЫНДЫСЫ |
Стандартталған әртіс (науқас) үшін сценарий тексті және оның рөлі:
Шағымдары: бас ауыруына, жүрек айнуға, көз алдындағы шыбын шіркейлер
Сұрақ мәнісі | Әртіске арналған сұрақты тұжырымдау | Жауабы |
Ауыру сезімінің сипатын анықтау | Ауыру сезімінің сипаты қандай: кенет, қарқынды, тұрақты? | Қарқынды ауыру сезімі |
Ауыру сезімінің орналасу жері | Ауыру сезімінің орналасу жері: барлық басына, шүйдеге, төбе аймағына беріледі ме? | Шүйдедегі ауыру сезімі |
Ауыру сезімінің ұзақтығы | Ауыру сезімі қанша уақытқа дейін созылады? | 3 сағат |
Ауыру сезімі неге байланысты өршиді? | Ауыру сезімінің пайда болуы немен байланысты? | Психо эмоциональді стресске байланысты |
Ауыру сезімі немен басылады? | Ауыру сезімін басуға не қабылдадыңыз? | Аспирин, цитрамон қабылдаған, ауыру сезімі басылмаған |
Анамнезінде: Бұрын дәрігерлерге қаралмаған. АҚҚ өлшемеген. Жағдайының нашарлауы 3 сағат. Аспирин, цитрамон қабылдаған, нәтижесіз. АҚҚ өлшеген кезде 160/100 мм.сб.б. дейін көтерілген. Темекіні көп тартады. Тұзды тағамдарды жиі қолданады. Анасы ұзақ уақыт артериальді гипертензиямен ауырған.
Объективті: бойы 178 см салмағы 99 кг. ДСИ 32. Мазасыз, болып жатқан жағдайларға жауап бере алады. Беті қызарған. Перифериялық ісінулері жоқ. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ 20 рет мин. Жүрек шекаралары 2-2,5 см ұлғайған. Жүрек үндері аздап тұйықталған, ырғағы дұрыс. Пульсі 96 рет мин. АҚҚ 160/100 мм.сб.б. Бауыры ұлғаймаған.
ЖҚА: | ЖЗА: | Биохимия: |
Эритроциттер – 4,6х1012, Гемоглобин – 144 г/л ТК – 0,94, Лейкоциттер – 5,6х109/л, с/я – 68%, т/я – 2%, эозинофилдер – 3%, лимфоциттер – 23%, моноциттер – 5%, ЭТЖ – 8 мм/ч. | Көлемі – 100,0 мл, Салыстырмалы салмағы – 1022, Түсі – сары лейкоциттер – 2-3 к/а. | Глюкоза – 5,8 ммоль/л Холестерин 6,2 ммоль/л ТПЛП – 2,6 ммоль/л ЖПЛП – 0,6 ммоль/л Триглицеридтер – 2,6 ммоль/л Креатинин – 112 мкмоль/л Зәр қышқылы – 360 мкмоль/л |
«Асқынбаған гипертониялық криз» клиникалық жағдай бойынша жауаптар эталоны
№ | Қадамдарды бағалау критерилері | |
Шағымдар, ауыру және өмір анамнезін жинау | Ауыру сезімінің сипаты, шағымдардың пайда болу жағдайлары, қандай дәрілерді өзі қабылдады, АҚҚ бұрын көтерілген бе | |
Қауіп қатер факторларын бағалау | Қауіп қатер факторлары анықталды ма – артық салмақ, темекі тарту, жан ұялық анамнезі | |
Физикальді қарау | Физикальді қарауды дұрыс жүргізу | |
Ережені сақтап АҚҚ өлшеу | ||
Асқынған және асқынбаған криздердің салыстырмалы диагностикасы | Сұрау кезінде гипертониялық криздің асқынуларын жоққа шығарды ма, жүрек айну, құсу, көз алдындағы шыбын шіркейлер, Ромберг қалпы, саусақ мұрын сынамасы, кеудесіндегі ауыру сезімі | |
Алдын ала қойылған диагнозды – тұжырымдап және негіздеу | Артериальді гипертензия II дәр, 3 қауіп. Асқынбаған гипертониялық криз. СҚЖ 0. | |
Кризді жою тәсілін анықтау | Нифедипин 10 мг тіл астына, каптоприл 25 мг тіл астына Нәтижесіз болғанда 30-40 минут аралықта – эналаприлат (1,25 мг/ 1 мл ертін) немесе эбрантил (25 мг - 5 мл еріт) т/і | |
Зерттеу әдісін тағайындау | 1. ЖҚА, ЖЗА, аш қарынға глюкоза 2. Калий, креатинин, зәр қышқылы, липидті спектр 3. ЭКГ, ЭхоКГ, көз түбін қарау | |
ЖҚА, ЖЗА, БхҚА интерпретациялау | ЖҚА, ЖЗА – қалыпты БхҚА: Дислипидемия Холестерин 6,2 ммоль/л - жоғарлаған ЛПНП – 3,6 ммоль/л - жоғарлаған ЛПВП – 0,3 ммоль/л – төмендеген Триглицеридтер – 2,6 ммоль/л - жоғарлаған | |
ЭКГ интерпретациялау | Сол қарынша гипертрофиясының белгілері Яғни диагнозда қауіп факторын 3 тен 4 ке ауыстыру | |
Кризді жою кезінде науқас жағдайын бағалау | 1 сағат аралығында АҚҚ 20% артық түсіруге болмайтындығын білу Бұл жағдайда – 1 сағат аралығында қалыпқа келуі | |
Келешек емдеу тәсілін анықтау | Емі амбулаторлы, АҚҚ бақылау | |
Таңдалған антигипертензивті дәрілерді негіздеу | 2 дәрі комбинациясы:1) диуретиктер + ИАПФ 2) Кальций антогонистері + ИАПФ 3) Селективті бета-блокаторлар + диуретиктер | |
Қауіп факторларды модификациялау бойынша нұсқаулар | - салмақты азайту, темекіні, ішімдіктен бас тарту - 5 г\тәу тұзды шектеу Холестеринді, триглицеридтерді бақылау | |
АҚҚ өлшеу ережесі бойынша нұсқаулар | АҚҚ 130/80 мм сб б жоғары емес АҚҚ 2 рет өлшеу (10 мин тыныштықтан кейін, АҚҚ өлшегенге дейін кофе және шәй ішпеу) | |
Дәрілерді қабылдау бойынша нұсқаулар | АҚҚ бақылай отырып дәрілерді тұрақты қабылдау, дәрігер ғана азайтады, алып тастайды | |
Амбулаторлық емін бақылау бойынша нұсқаулар | Жағдайы нашарлағанда АҚ өлшеу АҚ > 140/100 болса, онда гипертониялық кризде – каптоприл 25 мг немесе нифедипин 10 мг тіл астына қояды | |
Науқаспен оптимальді қатынасты дұрыстап және қобалжуды басу |
Дайындаған:кафедра ассистенті И. Алмаскызы
Рецензент:ҒЗИКжәнеІА. Вуздан кейінгі кәсіби және қосымша білім беру орталығының жетекшісі, медицина ғылымдарының докторы Тундыбаева М.К.
№ 1 терапия бойынша И және Р кафедрасы отырысында талқыланып және бекітілді
(27 қаңтар 2015, хаттама № 7).
Ішкі аурулар бойынша КІБ мәжілісінде талқыланып және бекітілді
(29 қаңтар 2015, хаттама № 5).