Гипертониялық криздегі алғашқы көмек

Асқынған гипертониялық криздерде кезесетін асқыну көріністері

Гипертониялық криздегі алғашқы көмек - student2.ru Гипертониялық энцефалопатия;

Гипертониялық криздегі алғашқы көмек - student2.ru Аорта ажырауы (расслоение); Жедел коронарлы синдром;

Гипертониялық криздегі алғашқы көмек - student2.ru Өкпе ісінуі;

Гипертониялық криздегі алғашқы көмек - student2.ru Ми қан айналымының жедел бұзылысы Феохромоитома;

Гипертониялық криздегі алғашқы көмек - student2.ru Эклампсия;

Асқынбаған гипертониялық криздер деп ағза үшін маңызды ағзалардың зақымдалуы жоқ немесе өте минималды болып келетін жағдайда айтады. Бұған кез келген ауыр жағдайдағы артериялық гипертония, қатерлі гипертония, басқа аурулар кезінде байқалатын айқын гипертония (күйіктер, жедел гломерулонефрит, склеродермия кезіндегі криз) жатқызамыз.

Гипертониялық криз – артериалды қысымның (АҚ) күрт жоғарылауынан туындайтын шұғыл жай-күй. Бұл кезде субъективтік бұзылыстар мен церебралдық, кардиалдық және вегетативтік сипаттағы объективтік симптомдар пайда болады.

Гипертониялық кризде көптеген жүйелер мен ағзалар тарапынан асқынулар, орталық нерв жүйесінің бұзылыстары, жүректік тапшылық, стенокардия, миокард инфаркті, өкпе ісінуі, аневризм және басқалардың қауіпі артады.

Қан қысымының (ҚҚ) көтерілуі екі механизмге байланысты:

Гипертониялық криздегі алғашқы көмек - student2.ru қан тамырлық

Гипертониялық криздегі алғашқы көмек - student2.ru кардиалды

Гипертониялық криздің симптомдары:

Гипертониялық криздегі алғашқы көмек - student2.ru диастоликалық артериалды қысымның 110-120 ммсынбағ-нан жоғары көтерілуі;

Гипертониялық криздегі алғашқы көмек - student2.ru қатты бас ауыру, әдетте желке тұсында;

Гипертониялық криздегі алғашқы көмек - student2.ru самайдағы тамыр бүлкілдеуі;

Гипертониялық криздегі алғашқы көмек - student2.ru ентігу (жүректің сол қарыншасына түсер жүк күшейгендіктен);

Гипертониялық криздегі алғашқы көмек - student2.ru жүрек айнуы немесе құсу;

Гипертониялық криздегі алғашқы көмек - student2.ru көру бұзылыстары (көз алдындағы “кіреукелену”, көру өрісінің ішінара жоғалуы мүмкін);

Гипертониялық криздегі алғашқы көмек - student2.ru тері жамылғыларының қызаруы;

Гипертониялық криздегі алғашқы көмек - student2.ru төс астында қыспалы аурудың пайда болуы ықтимал;

Гипертониялық криздегі алғашқы көмек - student2.ru қозу, ызалану.

Криздің екі түрі ажыратылады.

ü Бірінші типтегі криз (гиперкинтетикалық) көбіне артериалды гипертензияның ерте сатыларында байқалады. Бұған жедел басталу, көбіне систоликалық АҚ-ның артуы, тамыр соғысының жиілеуі, “вегетативтік белгілердің” молдығы тән.

ü Екінші типтегі криз (гипокинетикалық) әдетте АҚ-ның жоғары деңгейі фонында кеселдің соңғы сатыларында дамиды, милық және жүректік симптомдармен бірге біртіндеп даму (бірнеше сағаттан 4-5 күнге дейін) және ауыр ағым тән.

Гипертониялық криздегі алғашқы көмек

Гипертониялық криздегі алғашқы көмек - student2.ru науқасты төсекке жатқызу (бас жағын жоғары етіп);

Гипертониялық криздегі алғашқы көмек - student2.ru толық физикалық және психикалық тыныштық жасау;

Гипертониялық криздегі алғашқы көмек - student2.ru дәрігер келгенше әрбір 15 минут сайын артериалды қысымды және жүректің жиырылу жиілігін (ЖЖЖ) бақылау;

Гипертониялық криздегі алғашқы көмек - student2.ru АҚ-ды төмендететін емді шұғыл бастау (үйде, жедел жәрдем көлігінде, аурухананың қабылдау бөлімінде);

Гипертониялық криздегі алғашқы көмек - student2.ru жоғары АҚ фонында тахикардия байқалса селективті емес бета-адреноблокаторлар тобының препараттары (пропранолол) ұсынылады;

Гипертониялық криздегі алғашқы көмек - student2.ru криздің бетін ықпалды қайтару үшін каптоприл қолданылады, әсіресе анамнезінде кардиосклероз, жүректік тапшылық, қант диабеті болса;

Гипертониялық криздегі алғашқы көмек - student2.ru нифедипинді жүктілік фонында, қосымша бүйрек және бронх-өкпе жүйесінің кеселдері болғанда қолданады;

Гипертониялық криздегі алғашқы көмек - student2.ru алаңдатушы процедуралар:

Гипертониялық криздегі алғашқы көмек - student2.ru желкеге, белге және аяққа қыша;

Гипертониялық криздегі алғашқы көмек - student2.ru қатты бас ауруында басқа салқын қою;

Гипертониялық криздегі алғашқы көмек - student2.ru ыстық аяқ ванналары.

Гипертониялық криз емі Өмір үшін қауіп төндіріп тұрған криздерді дереу емдеу қажет. Көпшілік жағдайда алдымен қан қысымын 180/110 -160/100 мм.сын.бағ дейін төмендету керек деп есептеледі. Ары қарай қалыпты көрсеткіштерге дейін. Асқынған гипертониялық кризді емдеу негізінен мықты гипотензивті препараттармен жүргізіледі. Көпшілік жағдайда бұлар инфузия түрінде енгізіледі. Артериялық қысымды түсіру үшін ең танымал препараттардың бірі нитропруссид натрий болып табылады. Нитропруссид натрий барлық ауыр гипертониялық криздерде қолданылады. Бұл препарат ерекшелігі АҚ ине ұшында ұстауға мүмкіндік береді, яғни нитропруссид натрий инфузиясын тоқтатқанан кейін дереу 5 мин. ішінде оның әсері жойылады. Сонымен қатар вена ішіне нитроглицерин инфузиясын қолдануға болады. Шет мемлекеттерде келесідей препараттарды қолдану ұсынылған: лабеталол (в/і 20 мг, кейін 20-80 мг әрбір 10 мин сайын эфектіге дейін), эсмолол (селективті ультрақысқа әсерлі бета-блокатор, бастапқы доза 500 мкг/кг -1 мин ішінде, кейін 50-300 мкг/кг/мин.). Бұл препараттардан басқа клофелин, верапамил, дроперидол, дибазол және аминазин, пентаминді қолдануға болады. Асқынбаған (ургентті) гипертензиті жағдайларда АҚ бірден төмендету қауіпті болып келуі мүмкін. Себебі перфузия көлемі критикалық деңгейге жетіп, инсульт даму қауіпті жоғарылай түседі. Сондықтан АҚ баяу, бірнеше сағат ішінде төмендету ұсынылады. Ауыр криз кезінде де ішке және сублингальді (тіл астына) қолданылатын препараттар нәтижелі болып табылады. Жиі нифедипин (коринфар) немесе клофелин қолданылады. Сонымен қатар осы мақсатта каптоприл, празозин, верапамил және лабеталол да қолданылады. Тағы бір ескеретін жайт, гипертониялық кризі бар адамдарға диуретиктерді қолдануда аса сақ болу керек. Көплішік гипертоиялық кризі бар науқастарда сұйықтық деңгейі жоғары емес керісінше гиповолемия жағдайында болады (қысым арқасында передиурез). Тіпті өкпе ісінуінде де алдымен қан қысымын төмендетуге тырысу керек. Сондықтан көпшілік жағдайда диуретиктер (фуросемид) абайлап қолданылады, тек сұйықтықтың айқын түрде жиналуы байқалса, аз мөлшерден қолдануды бастау керек.+ Жеңіл және орташа ауырлықтағы кризді емдеу үшін сублингвальді каптоприл, клофелин және нифедипин қолданған дұрыс. Анапирилинді қосымша айқын тахикардия болғанда тағайындайды. Тамыр ішілік құюға (инъекцияға) үйренген науқастарға клофелин б/е немесе в/і қолдануға болады.

«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ

КЛИНИКАҒА КІРІСПЕ КАФЕДРАСЫ

ӨКПЕ ІСІНУІ, ІШ АУЫРСЫНУ КЕЗІНДЕГІ ДӘРІГЕРГЕ ДЕЙІНГІ КӨМЕК ЖӘНЕ ДИАГНОЗТИКАСЫ

ОРЫНДАҒАН: ТАКИБАЕВА Ж.А.

ТОП:213ЖМ

ТЕКСЕРГЕН: МАНШАРИПОВА Ж.Б.

АСТАНА,2016 ЖЫЛ

Наши рекомендации