Білімді төмендегі сұрақтар бойынша қалыптастыру. Тақырып №3: Соматикалық аурулары бар науқастарға психотерапиялық және анестезиологиялық көмек

Тақырып №3: Соматикалық аурулары бар науқастарға психотерапиялық және анестезиологиялық көмек көрсету

Курс - 5

Цикл -37 сабақ

1.

2.

3.

4.

5.

Алматы, 2016

Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау ортопедиялық стоматология кафедрасының отырысында талқыланды

«19» 05 2016 жыл №19 Хаттама

Ортопедиялық стоматология кафедрасының

меңгерушусуі, м.ғ.д., профессор К.Д.Алтынбеков

Тақырып №3: Соматикалық аурулары бар науқастарға психотерапиялық және анестезиологиялық көмек көрсету

2. Мақсаты:

Білімді төмендегі сұрақтар бойынша қалыптастыру

- дәрігер –стоматолог қабылдауында үрейлену және эмоционалдық қысымды жою;

- науқастарды ортопедиялық стоматологиялық емдеуге психологиялық және медикаментозды дайындау;

- ортопедиялық емдегенде тиімді анестезия жүргізу.

2) Операциональды дағдыларды қалыптастыру:

- пациенттің нерв жүйесінің типін анықтау;

- үрейлену дәрежесін анықтау;

- тиімді жансыздандырудың әдісін және құралын таңдау;

- жансыздандырудың әртүрлі түрлерін жүргізу.

3) Коммуникативті дағдыларды дамыту:

- вербалды және вербалды емес коммуникативті дағдыларын науқасты психотерапевтік дайындағанда;

- таңдалған жансыздандыру әдісін негіздеу.

4) Төмендегі сұрақтар бойынша құқықтық компетенцияны қалыптасыру:

- келіспеушіліктерді, келіспеушіліктер типі;

- келіспеушілік жағдайларды реттей білу және шешу жолдары.

5) Студенттердің тақырыпты меңгеру уәждемесін (мотивациясын) дамыту:

- нерв жүйесі типтері;

- үрейлену,қорқу, түрлері;

- стоматологиялық практикада қолданылатын психотроптық препараттар;

- ортопедиялық стоматологиялық ем алдында қолданылатын психопрофилактикалық шаралар.

3. Оқыту міндеттері:Клиникалық жағдайға байланысты жансыздандырғышты және жансыздандыру әдісін таңдап алуды науқастарды психотерапевтік дайындауды қалыптастыру.

4. Тақырып бойынша негізгі сұрақтар:

1. Ортопедиялық стоматологиялық қабылдаудағы пациенттердің психоэмоционалдық жағдайы, сипаттауы және оның алдын алу;

2. Жансыздандыру түрлері, қолдану көрсеткіштері.

3. Жергілікті анестезия, түрлері, жүргізу әдістері.

4. Заманауи анестетиктер түрлері, сипаттамасы.

5. Анестезия қолданғандағы қателіктер мен асқынулар, жою жолдары.

5. Оқытудың және үйретудің әдістері:тақырып бойынша ситуациялық есептер шығару, студент мұғаліммен бірге протез сапасын бағалайды, протезді тапсырып науқасқа ақыл кеңес береді.

Сабақтың хронометражы (академиялық 6,5 сағат есебінде)

Сабақ сатылары Сабақ сатыларының құрамы Оқыту әдістері Бақылау әдістері (оқытушының таңдауы бойынша) Сабақ сатысына берілген уақыт
Кіріспе сатысы Танысу, белгілеу тақырыппен, мотивациялық мінездемесімен, мақсаттары және міндеттерімен таныстыру. - - 5минут
Дайындық бақылауының деңгейі Білім деңгейін анықтау - 1.Ауызша сұрау 2Жазбаша сұрау 3. Қалыңдаған сұрау 4.Блиц-сұрау 5.Тестілеу минут
Негізгі саты 1. Дәрігер стоматолог ортопедтің жұмыс орнын дайындауын көрсетеді 2. ортопедиялық стоматологиялық науқасты тексеруді көрсетеді. 3. Студенттер кіші топта (2-3 адам) науқасқа клиникалық тексеру жүргізеді (волонтерда). Түсіндіру, демонстрация, талдау, оқытушының жұмы-сын бақылау Кіші топта жұмыс жасау 1.Коммуника-тивті дағдыларды тіке бақылау 100 минут
Үзіліс       30 минут
Негізгі саты -жалғасы 1. Дәрігер стоматолог ортопедтің жұмыс орнын дайындауын көрсетеді 2. ортопедиялық стоматологиялық науқасты тексеруді көрсетеді. 3. Студенттер кіші топта (2-3 адам) науқасқа клиникалық тексеру жүргізеді (волонтерда). Түсіндіру, демонстрация, талдау, оқытушының жұмы-сын бақылау Кіші топта жұмыс жасау 1.Коммуника-тивті дағдыларды тіке бақылау 120 минут
Сапаны бағалау сатысы 1.Білімді қорытынды бақылау   1.Жазбаша сұрау 2.Қалыңдаған сұрау 3.Блиц-сұрақ 4.Тестілеу 10 минут
2.Кері байланыс құру     10 минут
3.Бағалаушы рубрикаларды, чек-парақтарды толтырып, балды есептеу     10 минут
4. Бағалармен таныстырып, журналды толтыру.     5 минут
5. Келесі тақырып бойынша түсінік беру     5 минут
  Барлығы       335 минут

6. Әдебиеттер:

1. Дуйсеева Г.Ш., Рузуддинов С.Р. Современные аспекты боли и обезболивание в стоматологии. – Алматы, 2003. -140 б.

2. Кульбеков К.К. Профилактика стресса в клинике ортопедической стоматологии.-Алматы.

3. Рабинович С.А.Современные технологии местного обезболивания в стоматологии.-М.,2000.

4. Шугайлов И.А., Рабинович С.А., Московец О.Н. Применение интралигаментарного метода обезболивания в амбулаторных стоматологических вмешательствах. (Методические рекомендации). - М., 1990. -20 б.

5. Стоматология под редакцией проф В.Н.Трезубова и С.Д.Арутюнова. –Москва. -2002.

6. Руководство по ортопедической стоматологии. / Под ред. В.Н.Копейкина. - М., 1998.

7. Бақылау:

Науқас., 37 жас, ортопедиялық стоматология клиникасына эстетикалық ақау барына шағымданып келген.

Анамнез: Жоғарғы орталық күрек тісі кариестен бірнеше рет емделген, бірақ пломбасы бекітілмей, жиі түсіп қала берген.

Объективті: Орталық күрек тістің кесу-дистальді бетіндегі пломба сынығы бар.

Сұрақтар:

Диагноз қою;

Жасалатын протездің құрылымын таңдау

Таңдап алынған протез құрылымына қандай қалыптық жадиғаттар қолданылады және неге?

Тесті тапсырмалар:

1. Инфильтрациялық анестезиянгың қандай түрінде ерітінді жансыздандыратын тістің тікелей периодонтына енгізіледі:

а. аппликациялық

б. инфралигаментарлық

в. өткізгіштік

г. спрей-аэрозольді анестезия

д. регионарлы

2. Көп түбірлі тістерге анестезияың қандай түрі КӨБІНЕСЕ жиі қолданылады?

а. аппликациялық

б. инфильтрациялық

в.интралигаментарлық

г.өткізгіштік

д.аудиоанальгезия

3. Бір түбірлі тістерге анестезияың қандай түрі КӨБІНЕСЕ жиі қолданылады?

а. аппликациялық

б. инфильтрациялық

в. интралигаментарлық

г. өткізгіштік

д.аудиоанальгезия

Жауаптары: 1-б, 2-г, 3-б

Наши рекомендации