Алгебра және анализ бастамалары» пәні

Кез келген жазбаша емтиханды өткізу барысында басты назар оқыту бағытына, емтихан тапсырмаларының мазмұнына, жазбаша жұмысты рәсімдеу және бағалауға аударылуы керек.

Алгебра және анализ бастамалары бойынша емтихан тапсырмаларының мазмұны туралы

І. Жалпы білім беретін мектептердің 10-11-сыныптарында оқыту бағыттар бойынша жүргізіледі, сонымен қатар жекелеген мектептерде (сыныптарда) математика пәні тереңдетіліп оқытылады. Сондықтан емтихан тапсырмалары оқыту бағыттарына (қоғамдық-гуманитарлық бағыт, жаратылыстану-математика бағыты, математиканы тереңдетіп оқыту) сәйкес құрастырылуы тиіс.

ІІ. Емтихан тапсырмаларының мазмұны оқыту бағытына сәйкес «Алгебра және анализ бастамалары» пәні оқу бағдарламасының барлық тарауларын қамтуы тиіс.

«Алгебра және анализ бастамалары» пәні оқу бағдарламасының тараулары

Қоғамдық-гуманитарлық бағыт Жаратылыстану-математика бағыты Математиканы тереңдетіп оқыту
10-сынып
Функция, оның қасиеттері және графигі Функция, оның қасиеттері және графигі Функция, оның қасиеттері және графигі
Тригонометриялық функциялар Тригонометриялық функциялар Тригонометриялық функциялар
Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер
Туынды Туынды Туынды
Туындыны қолдану Туындыны қолдану Туындыны қолдану
11-сынып
Алғашқы функция және интеграл Алғашқы функция және интеграл Алғашқы функция және интеграл
Дәреже және түбір. Дәрежелік функция Дәреже және түбір. Дәрежелік функция Дәреже және түбір. Дәрежелік функция
Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар
Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер
  Теңдеулер және теңсіздіктер, теңдеулер мен теңсіздіктер жүйелері Теңдеулер және теңсіздіктер, теңдеулер мен теңсіздіктер жүйелері

ІІІ. Емтихан жұмыстарының тапсырмалары есептеулер, өрнектерді тепе-тең түрлендіру, теңдеулер мен олардың жүйелері, теңсіздіктер мен олардың жүйелері, функция және оның графигі, мәтінді есептер бөлімдері бойынша дайындау және тапсырмаларды А, В, С, деңгейлеріне бөлу ұсынылады:

- А деңгейінің тапсырмаларын орындау үшін оқушыларда күрделі емес есептеулер мен түрлендірулерді, теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудің стандарт тәсілдерін меңгеру бойынша базалық білімдері мен дағдылары болуы тиіс;

- В деңгейі – күрделілігі орташа деңгейдегі тапсырмалар;

- С деңгейі тапсырмаларын орындау үшін оқушыларда оқу бағдарламасымен бекітілген көлемде терең теориялық білімі болуы тиіс.

Оқыту бағытын ескере отырып, бақылау жұмысындағы емтихан тапсырмаларын дайындауда төмендегідей тапсырмалар саны мен деңгейлерін ұсынамыз:

1) қоғамдық-гуманитарлық бағыты үшін үш тапсырма - А деңгейі, екі тапсырма - В деңгейі, барлығы 5 тапсырма (3А + 2В);

2) жаратылыстану-математика бағыты үшін үш тапсырма - А деңгейі, екі тапсырма - В деңгейі, бір тапсырма - С деңгейі, барлығы 6 тапсырма (3А + 2В + С);

3) математика пәнін тереңдетіп оқытатын мектептер (сыныптар) үшін әр деңгейден екі тапсырмадан, барлығы 6 тапсырма (2А + 2В + 2С).

Алгебра және анализ бастамалары бойынша емтихан жұмысын бағалау

Математика пәнінен бағаны қою кезінде маңызды және маңызды емес қателерді атауға болады.

Қате түрлері

Маңызды Маңызды емес
Оқушылардың формулаларды, ережелерді, негізгі қаиеттерді, теоремаларды білмейтінін және қолдана алмайтынын көрсететін қателер Анықтамаларды, теоремаларды, теориялық материалды беруде дәлділіктің болмауы
Оқулықта қарастырылған есептерді шығару тәсілдерін білмеуі Графиктерді салуда дәлділіктің болмауы
Функция графиктерін салу мен оқуды білмеуі Тиімсіз шешімді қолдануы
Есептеуде жіберілген қателер Түсініктеменің, шешуді негіздемеуінің жеткіліксіз болуы немесе болмауы
Логикалық қателер Жазуларда, сызбалар мен графиктерді салуда ұқыптылықтың болмауы.
Түбірдің жоғалуы немесе жауабында бөгде түбірдің болуы Жауапта қысқартылатын бөлшектің, бөлімінде иррационал өрнектің жазылуы

Емтихан жұмысын бағалау кезінде маңызды және маңызды емес қателердің сипаттамасына көңіл бөлінуі керек. Маңызды және маңызды емес қателерді ажырата білу өте маңызды. Көрнекті емес жағдайларды міндетті түрді негіздеу қажет. Мысалы, теңдеудің екі жағын квадраттауды түсіндіру, квадрат теңдеудің жалпы формулаларын, тригонометрия формулаларын және т.б. жазу қажет емес. Бірақ бөгде түбірдің болуын, түбірлердің болмауын, жазық фигураның ауданын және дененің көлемін табуды суретте қосымша сызықтарды жүргізуді және т.б. міндетті түрде негіздеп көрсету қажет.

Алгебра және анализ бастамалары бойынша емтихан жұмысын бағалауға келесі ұсыныстарды береміз.

Жазба емтихан жұмысын бағалау

«5» «4» «3» «2»
Жұмыс толығымен орындалған: 5 (ҚГБ), 6(ЖМБ, тереңдетіп оқыту) тапсырмалар Жұмыста 4 (ҚГБ), 4 немесе 6 (ЖМБ, тереңдетіп оқыту) тапсырма дұрыс орындалған Жұмыста 3 тапсырма дұрыс орындалған Тапсырмалардың жарысынан көбі орындалмаған
Жұмыста математикалық қателер жоқ Бір қате немесе түрлендірулер мен есептеулерде, суреттер мен графиктерде екі-үш кемшіліктер жіберілген Екі-үш қате немесе түрлендірулер мен есептеулерде, суреттер мен графиктерде үш-төрт кемшіліктер жіберілген, бірақ оқушы міндетті білім мен білікті меңгерген Оқушының міндетті білім мен білікті меңгермеген көрсететін үштен артық қате жіберілген
  Материалды беруде кейбір дәлелсіздіктер жіберілген. Материалды беруде логикалық тұрғыдан қателер жіберілген, материал толығымен ашылмаған. Материалды беруде логика сақталмаған

Алгебра және анализ бастамаларының жазба жұмысын рәсімдеу

Математика пәнінен емтихан жұмысын ресімдеу барысында клесі талаптар орындалуы тиіс:

- есептің шығарылуының дұрыстығы;

- есептің шығарылуының негізделуі;

- есептің шығарылуының толықтығы;

- есептің шығарылуының тиімділігі;

- емле ережесінің сақталуы.

Наши рекомендации