Сурак. Алгоритмдерді графикалық түрде жазу.

Алгоритмдерді өрнектеудің көп тараған түрі – оны график арқылы бейнелеу. Ал бұл – түсінікті, анық, көрнекті түр болып есептеледі. Тек оларды сызу көбірек еңбекті талап етеді. Графикалық жолмен алгорит­мдерді жазу үшін мемлекеттік стандарт белгіленген, он­да кез келген амал белгілі бір геометриялық фигурамен өрнектеледі. Ол фигуралар немесе блоктар амалдар символы деп те аталады. Блоктар бағытталған сы­зықтармен байла­нысып, бірінен соң бірі орналасады. Жиі қолданылатын амалдар, яғни мәліметтерді ЭЕМ-ге енгізу, формуламен есептеу, шарттар­дың орындалуын тексеру, нәтижені қағазға басу символдары 1-кестеде көрсетілген. Осы суреттегі көрсетілген блоктардан (символдардан) алго­ритм схемалары құрастырылады. Алгоритмдер схемасымен ақпаратты өңдеудің әрбір сатысы немесе орындалатын операциялар реті анықталады. Кейде алгоритмдер схемасын оның блок-схемасы деп те атайды.

Сурак. Си тілінде құрылымдар мен жолдар қалай сипатталады?

Си тіліндегі құрылымдар өзара логикалық байланысқан әртүрлі типті мәліметтерді байланыстырады. Мәліметтердің құрылымдық тип­те­рі келесі сипаттаумен анықталады:struct құрылым_ аты{ элементтерді сипаттау;};Құрылымға компьютер жадынан орын бөлу үшін құрылымдық айнымалыны анықтап алу керек:struct құрылым_аты айнымалы_аты;Құрылымдарды анықтау барысында олардың элементтеріне бас­тап­қы мәндерді меншіктеуге болады. Құрылым элементтерінің мәнде­рін енгізу үшін ағымдық енгізу операторы cin>> немесе форматпен енгізу операторы – scanf қолданылады.Құрылымдармен келесі амалдарды орындауға болады:1) Құрылымның адресін алу амалы. Құрылымның адресін алу үшін құрылымдық айнымалыға нұсқауыш (&) амалы қолданылады.2) Құрылымның элементін пайдалану үшін нүкте (.) амалы (тіке­лей ену) немесе (->) (нұсқауыш бойынша ену) амалы қолданылады.Құрылымдық айнымалы float, int, char типті айнымалылар сияқты пайдаланылуы мүмкін.

3.Тармақты алгоритмдерді программалау тәсілдерін пайдаланып, төмен­дегі функцияның мәндерін есептейтін программа жазыңдар:

#include <stdio.h>

#include <math.h>

#include <conio.h>

main()

<

float x,y;

clrscr();

printf(“нақты сан түріндегі х мәнін енгізіңіз;”);

scanf (“%f”,&x);

if(x<-1)

y=(sin(cos(x))+5.4*sin(sqrt(x))/cos(x)-sin(x)

Билет

1.ЭЕМ-де есеп шығару кезеңдері. ЭЕМ-де есеп шығару күрделі процесс болып есептеледі, ол төмендегі кезеңдерден тұрады:1. Берілген есепті математикалық түрде өрнектеу, яғни есепті мәселе ретінде қоя білу.2. Есепті шығарудың ЭЕМ-ге ыңғайлы сандық тәсілдерін анықтау.3. Есепті шығару жолын алгоритм түрінде бейнелеу.4. Есепті ЭЕМ-де шығару программасын жасау және оның қателерін түзету.5. Есепке керекті мәліметтер дайындау.6. ЭЕМ-де есепті шығару және шыққан нәтижені іс жүзінде қолдану.

2.Файл дегеніміз не? Ол не үшін пайдаланылады? Файл – сыртқы есте сақтау құрылғыларында (магниттік дискі­лерде) орналастырылған және мәлімет өңдеу, тасымалдау кездерінде біртұтас күйде қарастырылатын мәліметтер жиыны. Файлдармен жұмыс істеу үшін оларды алдымен ашу керек, яғни файл туралы мәліметті – атын, адресін программаға белгілі ету қажет. Си тілінде файл ашу fopen() функциясы арқылы орындалады. Ол сыртқы құрылғыдағы физикалық файлды, мысалы, А:\NUR.DAT, прог­рам­мадағы оның логикалық атымен байланыстырады. Логикалық ат дегеніміз – файлға нұсқауыш, яғни файл туралы мәлімет сақталатын жады аймағына сілтеме жасау. Файлға нұсқауыш сипатталуы тиіс.Сонымен, файлдармен жұмыс істегенде нұсқауыштар қолда­ны­лады. Файл­ға нұсқауыш мынадай түрде сипатталады: FILE *fp;мұндағы FILE типі – <stdio.h> тақырыптық файлында анықталған құрылым.

Билет

1.Қандай программалау тілдерін білесіз. Программа жазуды жеңілдету үшін математикалық формулаларды кеңінен қолданатын, ағылшын тілінің негізінде жасалған алгоритмдік тілдер Бейсик, Паскаль, Фортран, Си, т.б. кеңінен қолданылады. Алго­ритмдік немесе программалау тілі – жазу ережелері қарапайым жасанды тіл. Оның машина тілдерінен айырмашылығы – табиғи ағылшын тілі негізге алынып, кең тараған математикалық таңбалармен толықтырылып жасалған. Сондықтан алгоритмдік тілдерде программа жасау адамдарға әрі жеңіл, әрі ыңғайлы болып келеді. Алгоритмдік тілдер автоматты түрде ЭЕМ-нің көмегімен аудармашы программалар арқылы машиналық тілге көшіріледі. Алгоритмдік тілді машина тіліне тікелей аударатын үлкен программаларды транслятор деп атайды. Алгоритмдік тілдерді пайдалану программалауды жеңілдете отырып, ЭЕМ-де есеп шығару процесін оңайлатады, алайда онда есеп шығару уақыты аздап көбейеді.Алгоритмдік тілдер машинаға және проблемаға бағытталған болып екіге бөлінеді. Машинаға бағытталған тілдердің машина тілінен айыр­машылығы, олар ЭЕМ-нің ерекшеліктерін есепке ала отырып әріптерді де пайдаланады. Қазіргі кезде машинаға бағытталған тілдерде маман программалаушылар жұмыс істейді. Оларға – автокод, макроассемблер, ассемблер тәрізді тілдер жатады.

2.Графикалық режимнің атқаратын қызметі қандай? Оны программада қалай іске қосады? Графикалық режим драйверін іске қосу функциясы initgraph(&Driver,&Mode,Path);Driver параметрі бейнелік жүйе драйверін анықтайды, Mode параметрі – бейнелік жүйе жұмыс режимін береді, ал Path параметрі – драйвер файлының орнын көрсетеді. Көбінесе Driver параметрі мәні ретінде detect болатын бүтін константа қолданылады. Мұндайда initgraph функциясының өзі графикалық драйвер типін анықтап, ең дұрыс режимді таңдап алады. Тақырыптық файлы: <graphics.h>Драйвер дұрыс оқылған соң, initgraph() функциясы 4 К көлемінде (келісім бойынша) ішкі графикалық буфер ұйымдастырады да, экран түсі, сызықтар түсі анықталып, дисплей адаптері графикалық режимге кіреді. Экран тазаланып, курсор сол жақ жоғарғы бұрышқа орнаты­лады. Егер BGI-файлдар ағымдағы бумада болса, initgraph() функциясының үшінші параметрі ретінде бос орын мәнін беруге болады initgraph(&Driver,&Mode," ");

Билет

1.Сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер.Программалау теориясында кез келген күрделі программаны үш түрлі құрылымнан құрастыруға болатыны дәлелденген, олар: сызықтық, тар­мақ­ты және циклдік құрылымдар. Осы үшеуі құрылымдық программа­лаудың негізгі конструкциялары, яғни құраушылары болып саналады. Сызықтық құрылым бірінен кейін бірі орындалып тізбектеле орналас­қан бірнеше операторлардан тұрады. Тармақты – шартқа байланысты екі оператордың бірінің орындалуы Цикл – операторлар бөлігінің бірнеше рет қайталана орындалуы.Оператор – тілдің қарапайым сөйлемі, ол белгілі бір әрекет немесе амал орындап, ; таңбасымен аяқталады.

2.Драйвер деп нені айтады? Графикалық драйвер ше? Ол қан­дай қызмет атқарады?Драйвер – бұл ДК-дің құрылғыларын басқаруға арналған арнайы программа. Адаптерлердің барлық түрлері үшін графикалық драйверлер Borland International фирмасымен құрастырылған. Олар BGI (Borland Graphics Interface) кеңеймесімен жеке файлдарда орналасқан. Графикалық драйверді қосу үшін арнайы initgraph() функциясы қолданылады. Көптеген графикалық функциялар ағымдағы позиция көрсеткіші деген ұғымды қолданады. Ол таңдалған пикселді білдіреді және екі бүтін сан арқылы сипатталады:экранның горизонталь және вертикаль координаттары. Нумерация солдан оңға және жоғарыдан төмен қарай жүргізіледі (нольден бастап).

Наши рекомендации