Оқушылар ұжымына педагогикалық-психологиялық мінездеме жазу үлгісі

І. Сынып туралы жалпы мәліметтер

1. Сынып

2. Оқушылар саны

3. Оның ішінде: ұлдар - қыздар –

4. Сыныпта «қиын» балалардың болуы

ІІ. Сыныпқа мінездеме

1. Оқушылардың ынтасы, белсенділігі, оқуға деген жауапкершілігін сезінуі. Сыныптағы үлгермеушілердің үлгермеу себептері. Ұжымдағы өзара көмек.

2. Сыныптағы жалпы тәртіп. Тәртіп бұзушылар, ұжымның оларға қатынасы. Сынып белсенділерінің тәртіп орнатудағы ролі.

3. Оқушылардың еңбекке деген көзқарасы. Ұжымның басқа ұжымдармен байланысы.

ІІІ. Сыныптың эстетикалық жағдайы

1. Оқушылардың сыртқы түрі

2. Эстетикалық көзқарасы мен талғамы

3. Музыкаға, театрға, көркем әдебиетке деген қызығушылығы

ІҮ. Сыныптың дене тәрбиесі мен спортқа деген қарым-қатынасы

1. Денсаулығына ерекше қарауды қажет ететін балалардың болуы.

2. Дене тәрбиесі сабағына қатысуы.

3. Түрлі спорттық жарыстар мен туристік жорықтарға қатысуы.

Ү. Ұжым ішіндегі қарым-қатынас

1. Сынып ұжымының қалыптасу деңгейі

2. Белснділерге қысқаша сипаттама

3. Ұжымдағы кемшіліктер

4. Сынып жетекшісінің сынып ұжымын ұйымдастырудағы ролі, оқушылар арасындағы беделі

5. Ұжымды қалыптастыруға байланысты пікірлер мен ұсыныстар

«Ұжым» термині латынның «коллективус» - жиын, топ деген сөзінен шыққан. Осыдан ұжым - адамдар тобы екені шығады. Алайда кез-келген адамдар тобы ұжым бола ма? Ұжым ұғымына анықтама беру үшін ұжымның белгілерін анықтау керек.

Педагогикада қолданылатын «ұжым» ұғымының бірнеше белгілері бар:

 Ортақ әлеуметтік мақсаты бар. Жалпы алғанда, мақсат кез келген топта болады. Мысалы, автобустағы жүргіншілерде де, ұрылар тобында да. Бұл жерде қандай мақсат және ол неге байларысты айтылғаны маңызды. Ұжымның мақсаты қоғамның мақсатына сәйкес келуі керек. Мемлекеттің Конституциясы мен заңдарына қайшы келмеуі керек.

 Мақсатқа жету үшін ұйымдасқан іс-әрекет жасау. Адамдар ұжымға белгілі бір мақсатқа жету үшін бірігеді. Ол үшін ұжымның әрбір мүшесі белсенді іс-әрекет жасайды. Ұжымның мүшелері іс-әрекеттің нәтижесі үшін жауапкершілік сезімімен сипатталады..

 Ұжым мүшелері бір-бірінің қуанышы мен ренішіне ортақтасады.

 Ортақ басқару органын сайлайды. Ұжымда демократиялық қарым-қатынас орнайды.

Оқушылар ұжымы деп ортақ мақсатқа бірікен, соған сай белсенді әрекет ететін және ортақ сайланбалы ұйымы бар, барлық мүшелерінің құқықтары мен міндеттері бірдей және өзара жауапкершілікке негізделген оқушылар тобын атаймыз.

Оқушылар ұжымын қалай ұйымдастыруға болады?

Сынып жетекшісі оқушылар ұжымын құруда, олардың сапалы білім алуы мен саналы тәртібін қамтамасыз етудің маңызы ерекше. Саналы тәртіп болмаған жерде сапалы білім де болмайды.

Оқушылардың оқу-тәрбие процесіндегі әрекеттерін жандандыруда сынып жетекшісі белсенділер тобына арқа сүйейді.

Сынып жетекшісі қоғамдық пікірдіескеруі тиіс.

Сынып ұжымын ұйымдастыруда ұжымдық шығармашылық істерді ұйымдастырады. Тәрбие істері ұжымдық және шығармашылық сипатта болғандықтан, ұжымдық тәрбие істері (ҰТІ) немесе ұжымдық шығармашылық істер (ҰШІ) деп аталады.

Кез келген ҰШІ мынадай кезеңдерден тұрады:

1) мақсат анықтау;

2) жоспарлау;

3) дайындық және ұйымдастыру;

4) жұмысты жүзеге асыру;

5) нәтижені талдау;

Әрбір кезеңді оқушылар бірлесіп іздену арқылы жүзеге асырады.

Бақылау сұрақтары:

1. Оқушылар ұжымы дегенімін не?

2. Ұжымдық тәрбие істері дегенді қалай түсінесіз?

3. Сынып жетекшісінің оқушыларды танып білуі.

4. Сынып жетекшісінің оқушылар ұжымын тәрбиелеу жолдары.

5. Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдары және оны ұйымдастырылуы.

6. Жеке оқушыға педагогикалық-психологиялық мінездеме жазу үлгісі

қандай?

7.Оқушылар ұжымына педагогикалық-психологиялық мінездеме

жазу үлгісі қандай?

Әдебиеттер тізімі:

Негізгі

1. ҚР «Білім туралы» Заңы. А. 2007.

2. ҚР жалпы орта білім беру мазмұнының концепциясы. А. 1995.

3. Қалиев С., Майғаранова Ш., Бейсенбаев З., т.б. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. А. РБК. 1999.

4. Меңжанова А. Тәлім-тәрбие жұмысын ұйымдастыру. А. РБК. 1998

5. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі А. 2004

Қосымша

1. Концепция этнокультурного образования в РК. А. 1998.

2. Ақназаров Б.А. Класс жетекшісі. А. 1973.

3. Болдырев Н.И. Класс жетекшісі. А. 1978.

4. Ілиясова Н.А. Класс жетекшісінің жүргізетін тәрбие жұмысының жүйесі /14-лекция/ А. 1991.

5. Синица И.И. Педагогический такт и мастерство учителя.

6. Кульневич С.В., Лакоценина Т.П. Воспитательная работа в современной школе. Ростов-на-Дону. 2000.

7. Макарченков В. Поиски и находки новых методов воспитания и

обучения. Білім-Образование. №1, 2001, стр 72-76.

8. Б.И.Иманбекова. Тәрбиеге жетекші. Алматы, 2004.

9. Оқушыларды тәрбиелеудің үлгі мазмұны. – Алматы, 1978.

10. М.Асқарова. Оқушылардың ғылыми материалистік көзқарастарының

қалыптасуы. – Алматы, 1976.

Лекция № 8.

Тақырыбы:Сынып жетекшісінің қиын балалармен жүргізетін

жұмыстарының жүйесі.

Жоспары:

1. Қиын балалар, девиантты (деликвентті) мінез-құлықты балалар ұғымына түсініктеме.

2. Балалар мен жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы психологиялық жəне педагогикалық мəселе ретінде.

3. Қиын балаларды анықтау және олармен жүргізілетін жұмыстар.

Лекция мақсаты:сынып жетекшісінің қиын балалармен жүргізетін

жұмыстардың жүйесіне талдау жасау.

Лекция мәтіні (қысқаша):

Қиын балалардың жекелік ерекшеліктерін өмір жағадайымен, тәрбиемен өзара әрекеттестігін есепке алып, кешенді құрама түрінде зерттеп, іске асырған П.П.Блонский (1986ж) болды. Оның зерттеуінің негізгі мақсаты – қиын балалардың өмірін нақтылау. П.П.Блонский қиын балалардың мінез-құлық тарихын мектеп, отбасы арқылы ашып көрсетеді. Ол қиын балаларға педагогтың қатынасы арқылы «қиын оқушы» терминін нақтылауды жөн көрді. Бұл балаларға былайша мінездеме берді: «Объективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы – мынадай, ол педагогтың жұмысының жемісті еместігіне байланысты. Субъективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы – мынадай, онымен әлеуметтік педагогқа жұмыс істеу өте қиын, әлеуметтік педагогтен көп жұмыс істеуді талап ететін оқушы».

Девиация сөзі латын тілінен аударғанда deviate деген сөзден шыққан. Deviate ауытқу дегенді білдіреді. Девиантты мінез құлық бұл адамның қоғамдық, топтық нормалардан ауытқыған мінез құлқы. Адамның іс әрекеті, мінез құлқы қоғамдағы нормаларға, ережелерге және одан күтілетін әрекеттерге, құндылықтарға сәйкес келмеуі.

Девиантты мінез құлықты әлеуметтанулық тұрғыдан ең алғаш болып Э.Дюркгейм түсіндірді. Ол әлеуметтік және мәдени факторлардың мәнін ашатын “аномия” түсінігін ұсынды. Аномия -қоғамдық тәртіпті ретке келтіріп тұрған ережелердің бұзылуы.

Сонымен қатар, девиантты мінез құлықты зерттеген Р.Мертон болып табылады. Р.Мертон девиацияның себебі қоғамның мәдени мақсаттары мен оған қол жеткізудің әлеуметтік қолдау тапқан құралдары арасындағы алшақтықта деп санайды. Р.Мертонның пікірі бойынша адамдар алдына мақсат қояды, сол мақсатқа жету үшін түрлі жолдарды таңдайды. Мәселен, жақсы немесе жаман жолдар. Жақсы жолмен мақсатына жете алмаған адам жаман жолмен жетуі мүмкін, бұны да девиацияның бір түріне жатқызуға болады.

Девиация – көпшілік мойындаған әдеттік ережелерден ауытқу;
Деликвенттілік – заң бұзушылық, қылмыс жасау;
Негізге алынатын факт ретінде, девиантты мінез-құлық - бұл жүйелі немесе көпжақты анықтаушы (полидетерминтті) құбылыс. Аталған құбылыс пайда болғанда тарихи, макро əлеуметтік, əлеуметтік-психологиялық жəне жеке тұлғалық факторлар бірлесе əрекет етеді. Сондықтан да девиантты құбылыстардың себептерінің жиынтығын зерттеу пəнаралық ғылыми міндетті қамтиды. Ғылыми пəндер салаларының ешқайсысында да осы құбылыстарды түсіндіруге жəне олардың қоғамдық əрекеттерінің алдын-алу шараларын даярлауға қажетті барлық ұғымдық құралдар жоқ. Тек қана жалпыға танымал ғылымдар тобы: əлеуметтану, психология, тарих, этнография, құқықтану, педагогика, психиатрия, генетика жəне т.б. девиантты құбылыстардың барлық «өлшемдерін» тұтас талдай жəне алынған мағлұматтарды ұйымдастыра алады. Осының барысында психология тұлға деңгейінде девиантты мінез-құлықтың нақты генезисін де («предевиантты синдромды» сипаттай отырып), қоғамдық санкциялардың басты амал-тəсілдерін де, соның ішінде емдеу мен ресоциализацияны да анықтап түсіндіреді. Осы бөлімнің міндеті «мінез-құлықтағы ауытқушылық (девиация)» ұғымын анықтау болып табылады. Девиация (ауытқушылық) көпшілік мақұлдаған нормалар мен белгіленген стандарттардан (моральдық, əлеуметтік, заңдық) ауытқыған мінез-құлық деп есептеледі. Психологияда адамның белсенділік деңгейін көрсету үшін іс-əрекет, қарым-қатынас, таным секілді ұғымдармен қатар «мінез-құлық» термині кең қолданылады. Девиантты мінез-құлықтың тəртіпке қарсы түріне оқу-тəрбиелеу мекемелерінде қалыптасқан режим мен тəртіпті бұзу жатады, мысалы: сабақтан күнделікті қалу, оқу тапсырмаларын орындаудан бас тарту жəне т.б.

Антиəлеуметтік мінез-құлыққа мінез-құлықтың көпшілік мақұлдаған өнегелі нормаларын мойындамау мен орындамауға байланысты қылықтарды, оқу мен еңбек əрекеттерінен бас тартуды, кезбелікті, ерте жастан жыныстық қатынасқа түсуді, ішімдік ішу, нашақорлық, улы заттарды қолдануды жатқызуға болады.

«Делинквентті мінез-құлық» ұғымы кəмелетке толмағандар құқықты бұзу əрекеттерін жасаған кезде ғана қолданылады. Бұған — біреудің мүлкін қорқытып тартып алу, көліктерді ұрлау сынды заң бұзушы əрекеттер жатады. Бұндай жағдайда емдеу мен оңалту мақсатында дер кезінде диагностика жасау, сонымен қатар мінез-құлықтың бұзылуының ең ауыр формалары мен баланың жеке тұлғалық дезадаптациясының алдын алу қажет. Оларға əртүрлі

этиологияның көптеген психикалық күйлері, есалаңдықтың жəне мінез акцентуациясының кейбір формалары, тұлғаның психогенді шартты патомінездік жауаптары жатады.

Мінез-құлықтың патологиялық емес формаларына микро-əлеуметтік қараусыз қалу жəне бас тартудың, қарсы шығудың, имитацияның ситуативтік мінездік реакциялары, құрдастарымен топтасу, үйден қашу, құмарлық, сексуалды құштарлық, жас кезінен жезөкшелікке салыну жəне т.б. жатады. Тəрбиелеудің қолайлы жағдайларында жасөспірімдердің жоғарыда көрсетілген ерекшеліктеріне лайық əлеуметтік жағымды əрекеттің көмегімен жоюға болады. Əлеуметтік қолайсыз жағдайларда бұл ерекшеліктер зиянды ықпалды өршітіп, негативті бағыт алады. Психологияда «қиын» бала туралы бірыңғай түсінік, оның мінез-құлқына диагностика жасау мен түзетуге жəне тұлғалық дамытуға қатысты бірыңғай тəсіл жоқ. «Қиын жасөспірім» ұғымының өзі кең тараған əлеуметтік стереотип формасына ие болған. Ең алдымен «қиын»ұғымы мен «тəрбиелеуге қиын» ұғымының ара жігін ашу қажет. Тəрбиелеуге қиындыққа тəрбиелеу əрекетіне қарсылық көрсету жатады. Тəрбиелеуге қарсылық көрсету əртүрлі себептерден туындайды, соның ішінде ақыл-ой жəне физикалық дамудың ауытқулары, педагогикалық қателіктер, қандай да бір əлеуметтік рөлге əлеуметтік бейімделу қиыншылығы, мінез ерекшеліктері, темперамент жəне басқа да тұлғалық ерекшеліктер мен асоциалды мінездің ауытқуы тəрбиелеуге қарсылық көрсетудің себептері бола алады. Тəрбиелеу əрекетіне қарсылық білдіру тек əлеуметтік қараусыз қалумен, жасөспірімнің мінез-құлқы мен санасындағы ауытқуларға байланысты ғана емес екендігі белгілі. Ол педагогикалық қателіктердің, оқыту мен тəрбиелеу үрдісінде жеке тұлғалық əдіспен жұмыс істей алмаудың салдарынан туындауы мүмкін. Мəселен, аса дарынды оқушы өзінің өз бетінше ойлау қабілетімен, үйреншікті шешімдермен, жекелеген құбылыстарды түсіндірумен келіспеушілігімен, дауласуға, қарсы шығуға бейімділігімен педагогқа қиындықтар тудыруы мүмкін. Оқу үрдісінде туындаған дау-жанжал педагогпен өзара қарым-қатынасқа өтіп, тəрбиелеуде қиындық тудырады.

«Қиын» стереотипінде қоғамға қауіпті белгілі мінез-құлықтар бар жəне ол балалардың өздері де, ересектер де жете түсінетін толық анықталған типтік жəне əлеуметтік қасиеттер жиынтығын қамтиды.

«Қиын баланың» мінезіндегі ерекшеліктер:

1. Өз нормалары, түсініктері, жаргондары, жалған аттары мен беделді адамдары бар белгілі бір көшелік субмəдениетке, яғни белгілі бір топқа ену. Бұл топ оның референттік тобын алмастырады жəне оның əлеуметтену үрдісін бағыттайды;

2. Мектеп, отбасы тарапынан жүргізілетін тəрбиелеу жұмыстарына белсенді қарсылық білдіру, əлеуметтік құндылықтарды қабылдамау. Ол тек нашар оқып, ішімдікті ішіп қана, темекіні шегіп, балағат сөздер айтып қана қоймайды, ол бұны мақтан етіп, батырсынады;

3. Өзіндік сананың қалыптасу үрдісі қиындайды. Ол өзінің мінез-құлқын, іс əрекетін өзі шынайы сын тұрғысынан бағалай алмайды немесе өзін формальды емес тобының ұстанымы тұрғысынан бағалайды немесе психологиялық қорғаныстың əртүрлі амалдарын қолданады.

Сонымен қатар, бұлардың қатарына мектептегі сабақтан қашу, қаңғыру, өрт қою, бұзақылық жасау, ұрлық жасау жəне т.б. секілді қоғамдық тəртіпке қарсы жəне құқыққа қарсы қылықтар кіреді. Көбінесе қылмысты «қиын» жасөспірімдер жасайды. «Қиын» жасөспірімдердің мінез-құлқындағы бəріне ортақ негізгі кемшіліктер: адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастың

өнегелі нормаларына жағымсыз көзқарас (дөрекілік, қыңырлық, өтірік айту, қатыгездік, тəртіпсіздік жəне т.б.), оқу жұмысындағы жағымсыз қылықтар (жалқаулық, көңіл қоймаушылық, интеллектуалды енжарлық, танымдық қызығушылықтың болмауы жəне т.б.), сонымен қатар екі түрдің жағымсыз қасиеттерінің бір мезгілде көрініс табуы.

2. Жасөспірімдердің мінезіндегі ауытқушылықтың себептері мен факторларына тоқталып өтсек:

1) Отбасы тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы, яғни тұрмыстағы ұрыс – керіс, дау-жанжал, баланың табиғи психологиялық ерекшеліктерін ескермеу, ата – ананың біреуінің болмауы, т.б.

2) Тәрбиенің көзі –баланы киіндіру, тамақтандыру, мұң-мұқтажын қамтамасыз ету деп санаушылық;

3) жастайынан еңбектену әдет-дағдыларын қалыптастырмау, оқушының жан-дүниесіне көңіл аудармау, отбасындағы ажырасу, жаңа адамның отбасы мүшесі болып енуі де себеп болады.

4) жағымсыз психологиялық ахуал, оқудағы жүйелі сәтсіздіктер, сынып ұжымдарындағы құрбылармен өзара жағымды қарым-қатынастың болмауы, ата-аналарының, мұғалімдердің сыныптас жолдастарының дұрыс емес (әділетсіз, дөрекі, қатал) қатынастарынан туындайтын терең психологиялық жайсыздықтар;

5) психикалық және физикалық денсаулығы мен дамуы жағдайындағы ауытқушылықтар, жас ерекшелік дағдарыстарындағы, мінез акцентуациясы және басқа да физиологиялық, психоневрологиялық ерекшеліктер себептері;

6) ішкі және сыртқы белсенділігінің саналы көріністеріне, өзін-өзі көрсетуіне жағдай жасалмағандығынан, іс-әрекеттердің пайдалы түрлерімен айналыспайтығынан, жағымды және маңызды әлеуметтік, сондай-ақ, жеке өмірлік мақсаттары мен жоспарларының болмауы;

7) қараусыз қалумен, қоршаған ортаның кері ықпал етуімен және осының негізінде әлеуметтік және жеке құндылықтарының жағымсыз түрде ауысуы. Жасөспірімдер мен балаларға қоршаған адамдардың немқұрайлылығы зейін қоймауы негізінде дамитын әлеуметтік-педгогикалық бақылаусыздық бұл тізбектегі ерекше рөл мен мағынаға ие. Нәтижесінде жалғыздық, қараусыз қалғандық, қажетсіздік, қорғансыздық сезімдері, жасөспірімдердің пікірінің, тағыдырының қызығуы мен икемділіктерінің өз бетінше ұйымға, кооперацияға, өзін-өзі ұйымдастыруға ұмтылуына алып келеді.

3. Кəмелетке толмаған балалардың девиантты мінез-құлқының алдын алу мен психологиялық жəне педагогикалық түзетудің жалпы білім беретін мектепте педагогикалық үрдісті ізгіліктендіру мен дарашылдандыру (гуманизациялау мен индивидуализациялау) қағидаларына сүйенетін тиімді жəне нəтижелі жолдарын қолдану қажеттілігі туындады.

Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс істеудің негізгі шарттары:
1) Әрбір қиын баланы жан – жақты зерттеп, мінез – құлықтарының бағыт – бағдарын айқындау, оның ішіндегі адамгершілік типтегі қасиетін іріктеп алу.
2) Әрбір оқушының адамгершілік қасиеттерін анықтай отырып , соның негізінде тәртіпті, айналасындағы өмірге көзқарасты, ұжымдық қарым – қатынас дағдыларын қалыптастыруды ұйымдастыру.

3) Әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне және шығармашылық талап – тілектеріне орай, қабілеті мен икемділіктерін дамыту, қоғамдық жұмыстарға қатыстыру.

Бақылау сұрақтары:

1. Қиын балалар, девиантты (деликвентті) мінез-құлықты балалар ұғымына талдау жасаңыз.

2. Қиын балаларды анықтау және олармен жүргізілетін жұмыстар.

3. «Қиын баланың» мінезіндегі ерекшеліктер қандай?

4. Жасөспірімдердің мінезіндегі ауытқушылықтың себептері мен факторлары.

5. Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс істеудің негізгі шарттары.
Әдебиеттер тізімі:

Негізгі

1. ҚР «Білім туралы» Заңы. А. 2007.

2. ҚР жалпы орта білім беру мазмұнының концепциясы. А. 1995.

3. Қалиев С., Майғаранова Ш., Бейсенбаев З., т.б. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. А. РБК. 1999.

4. Меңжанова А. Тәлім-тәрбие жұмысын ұйымдастыру. А. РБК. 1998

5. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі А. 2004

Қосымша

1. Концепция этнокультурного образования в РК. А. 1998.

2. Ақназаров Б.А. Класс жетекшісі. А. 1973.

3. Болдырев Н.И. Класс жетекшісі. А. 1978.

4. Ілиясова Н.А. Класс жетекшісінің жүргізетін тәрбие жұмысының жүйесі /14-лекция/ А. 1991.

5. Синица И.И. Педагогический такт и мастерство учителя.

6. Кульневич С.В., Лакоценина Т.П. Воспитательная работа в современной школе. Ростов-на-Дону. 2000.

7. Макарченков В. Поиски и находки новых методов воспитания и

обучения. Білім-Образование. №1, 2001, стр 72-76.

8. Б.И.Иманбекова. Тәрбиеге жетекші. Алматы, 2004.

9. Оқушыларды тәрбиелеудің үлгі мазмұны. – Алматы, 1978.

10. М.Асқарова. Оқушылардың ғылыми материалистік көзқарастарының

қалыптасуы. – Алматы, 1976.

Лекция № 9.

Тақырыбы:Дарынды балалармен жүргізетін тәрбие жұмыстарының жүйесі.

Жоспары:

1. Интеллект, қабілеттілік, дарындылық, талант ұғымдарының мәні.

2. Дарындылықтың диагностикасы.

3. Дарынды балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жүйесі.

Лекция мақсаты:дарындылықтың диагностикасы мен дарынды балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жүйесі туралы білім негіздерімен қаруландыру.

Лекция мәтіні (қысқаша):

1. Дарынды бала – өз құрбылысынан ақыл ойының біршама дамуынан озатын және көрнекті арнаулы қабілеттерін көрсететін балалар

2. Дарындыларды қандайда нақты бір әдіспен анықтау мүмкін емес.Дарынды бала тәрбиелеу мен оқыту барысында біртіндеп анықтау қажет.Осы айтылғандарды ескере отырып,дарынды балаларды анықтаудың мынадай ұстанымдары тұжырымдалды:

-балалардың қызығушылығы мен бейімділігі барынша сай келетіні қызмет барысында балалардың іс-әрекетке талдау жасау

-дамытушылық ықпал ете отырып,ойлаудың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін принциптер әдісін қолдану

-балалардың дарындылық белгісін оның психологиялық нәтижесін танып,бақылау,баға беру.

Жеке тұлғаның дарындылығын дамыту мәселесі бүгінгі күні әлемде кең тараған және көптеген жоғары дамыған мемлекеттерде маңызды деңгейге жетіп отыр. АҚШ, Жапония, Германия және Ұлыбританияда берілген мәселе ХХ ғасырдың ІІ-жартысынан бастап, қоғамның интеллектуалдық потенциалын қалыптастыруға бағытталған жалпы мемлекеттік іс болып қабылданды. Қазақстанда бұл мәселе ХХ ғасырдың аяғында ғана мемелекеттік статусқа ие болды.

«Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1996 жылдың 24 мамырындағы № 3002 Жарлығы тәуелсіз мемлекеттің дамуындағы жаңа деңгейді айғақтайтын ең алғашқы әрекет болды. Осы кезден бастап дарынды балалар қоғам мен мемлекеттің негізгі интеллектуалдық потенциалы ретінде қарастырылып, бағалана бастады.

Дарынды балалар мен жастарды оқыту және тәрбиелеу саласындағы мемлекеттік саясатты орындау бойынша ұйымдастырушылық-экономикалық, құқықтық-құрылымдық және мазмұнды іс-шараларды қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасының «Дарын» жас таланттарды қолдаудың Мемлекеттік бағдарламасы құрылды.

Бағдарламаның мақсаты:

- дарынды балалар мен жастарды оқыту, тәрбиелеу және іздестірудің негізгі стратегиясын анықтау;

- Қазақстан Республикасының интеллектуалдық потенциалының қалыптасуының біріккен, үздіксіз үрдісін дамыту және сүйемелдеу;

- талантты жастардың әлеуметтік-мәдени қалыптасуына ат салысу;

Бағдарламаның негізгі міндеттері:

- дарынды балаларды әлеуметтік, психологиялық, медициналық және педагогикалық қолдау бойынша білім беретін мекемелердің іс-әрекетін реттеудің құқықтық базасын құру;

- дарынды балалар мен жастарды оқыту, тәрбиелеу және іздестіру бойынша практикалық іс-әрекетті дамыту үшін басқару жүйесін құрастыру;

- әр түрлі мекемелерде дарынды балалар мен жастарды әлеуметтік, психологиялық, медициналық және педагогикалық қолдаудың ғылыми-әдістемелік қамтамасыздандырылуы;

- дарынды балалар мен жастарды дамыту мекемелерінде кешенді дамыту бағдарламаларын қалыптастыру, дарынды балалар және жастармен жұмыс жасау үшін педагогикалық кадрларды арнайы дайындауды ұйымдастыру;

- дарынды балалар мен жастарды әлеуметтік қорғау және қолдауды жүзеге асыту;

- оқыту үрдісінде дарынды балалар мен жастарды анықтаудың және таңдау технологияларын құрастыру;

- бюджетте қарастырылған қаражат негізінде қаржылық бағдарламаларды жүзеге асыру;

- білім берудің жаңа технологияларын құрастыру және жүзеге асыру.

Бақылау сұрақтары:

1. Интеллект, қабілеттілік, дарындылық, талант ұғымдарының мәні неде?

2. Дарындылықтың диагностикасын жүргізу жұмыстары.

3. Дарынды балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жүйесі.

4. Қазақстан Республикасында жас таланттарды қолдаудың қандай Мемлекеттік бағдарламалар орындалуда?

Әдебиеттер тізімі:

Негізгі

1. ҚР «Білім туралы» Заңы. А. 2007.

2. ҚР жалпы орта білім беру мазмұнының концепциясы. А. 1995.

3. Қалиев С., Майғаранова Ш., Бейсенбаев З., т.б. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. А. РБК. 1999.

4. Меңжанова А. Тәлім-тәрбие жұмысын ұйымдастыру. А. РБК. 1998

5. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі А. 2004

Қосымша

1. Концепция этнокультурного образования в РК. А. 1998.

2. Ақназаров Б.А. Класс жетекшісі. А. 1973.

3. Болдырев Н.И. Класс жетекшісі. А. 1978.

4. Ілиясова Н.А. Класс жетекшісінің жүргізетін тәрбие жұмысының жүйесі /14-лекция/ А. 1991.

5. Синица И.И. Педагогический такт и мастерство учителя.

6. Кульневич С.В., Лакоценина Т.П. Воспитательная работа в современной школе. Ростов-на-Дону. 2000.

7. Макарченков В. Поиски и находки новых методов воспитания и

обучения. Білім-Образование. №1, 2001, стр 72-76.

8. Б.И.Иманбекова. Тәрбиеге жетекші. Алматы, 2004.

9. Оқушыларды тәрбиелеудің үлгі мазмұны. – Алматы, 1978.

10. М.Асқарова. Оқушылардың ғылыми материалистік көзқарастарының

қалыптасуы. – Алматы, 1976.

Лекция № 10.

Тақырыбы:Оқушылардың денсаулық пен салауатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастырудағы сынып жетекшісінің іс-әрекеті.

Жоспары:

1. Салауаттылық ұғымына түсініктеме беру.

2. Салауатты өмір салтының бағыттары.

3. Оқушыларды салауатты өмір салтына ынталандыру.

Лекция мақсаты:оқушыларды салауатты өмір салтынына құндылық қатынасын қалыптастыруда сынып жетекшісінің іс-әрекетіне талдау жүргізу.

Лекция мәтіні (қысқаша):

Салауатты өмір салты дегеніміз не? Салауаттылық дегеніміз деннің саулығы, яғни дене, моральдық және әлеуметтік саулықтың жағдайы. Өмір салтыдепадамның денелік, интеллектуалдық, еңбек әрекетін, тұрмыстық қарым-қатынасын, мінез-құлық тәртібін, өмір сүру қарқынын, жұмыс, демалыс ерекшелігін айтуға болады. Салауатты өмір салты күрделі мәселе. ХХІ ғасыр адамы дені сау, рухы күшті, жан дүниесі таза адам болуы керек. Дені сау адам - қоғамның маңызды құндылығы. Оқушыларды алдына өмірлік маңызы бар мақсат қоя білуге, тәрбиелеу қажет. мақсатқа жету үшін ерінбей, шалдықпай еңбек ету керек. Дені сау адам ғана қажымай еңбек ете алады. Салауатты өмір салтының үш негізі бар: дене үйлесімділігі, жан тазалығы, ақыл-ойдың айқындылығы. Салауатты өмір сүру идеясы мен әдістемесі бүкіл тәрбие жұмысының өзегіне айналуы тиіс. Ең алдымен оқушыларды салауатты өмір сүруге ынталандыру керек. Ол үшін басшылыққа алатын ережелер құрастырылады. Ережені құрастырғанда ғалымдардың, дәрігерлердің кеңесіе ескерген жөн.

Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз- организмде аурудың не болмаса физикалық кемістіктің жоқтығы ғана емес, ол табиғи (физикалық), рухани және әлеуметтік толық аман-есендік. Академик В.П.Казначевтің жеке бас денсаулығы анықтамасы бұдан да толығырақ: «денсаулық дегеніміз, организмнің ұзақ өмір сүру барысында биологиялық және психалогилялық әрекеттері мен тиімді жұмыскерлігінің әлеуметтік белсенділігінің, сондай-ақ жас ерекшеліктеріне сәйкес дені сау ұрпақ жалғастыру қабілетінің сақталуы мен дамуы».

Денсаулық- физикалық, рухани және әлеуметтік болып бөлінеді.

Физикалық саулық дегеніміз- адам организімінде функциялардың өздігінен реттелуі, функциялық үрдістердің келісімді өтуі, сыртқы орта әсерлеріне бейімделу қасиеттерінің жоғарғы дәрежелі жағдайда болуы.

Психикалық саулық дегеніміз-ауруды болдырмау, қайтсе де одан арылу «адам өмірінің мақсаты» болуын болжайды.

Әлеуметтік саулық дегеніміз-адамның әлеуметтік белсенділігінің, яғни жеке адамның айналадағы өмірмен біте қайнау дәрежесі.

Денсаулық, қалып (норма) деген ұғымдар бір-біріне ұқсас. Қалып – дені сау адам баласының бәріне бірдей тұрақты стандарт мақсат ететін үлгі болатындай денсаулықтың көрсеткіштері. Денсаулық жағдайын бағалау үшін жасқа байланысты жеке адамдардың қалып көрсеткіштері пайдаланылады. Жасқа байланысты қалып көрсеткішін анықтау үшін белгілі көрсеткіштің әрбір жастағы адам топтарының орташа көрсеткіші есептеліп шығарылады. Әрбір топта табылған орташа көрсеткішті қалып стандарт етіп алынады. Бірақта бір топқа кірген адамдардың көрсеткіштерінің бір бірінен айырмашылығы әжептеуір болуы мүмкін. Өйткені олардың жыныстық, кәсіптік, тұрған жерінің, өмір салтының т.б. айырмашылықтары болады. Орташа көрсеткіштерді анықтағанда, айтылған айырмашылықтарды да еске алған жөн. Осыған орай «қалып» деген ұғым «денсаулық» деген ұғым тәрізді әр адамның жеке басына ғана тән көрсеткіштері болмақ.

Бақылау сұрақтары:

1. Салауаттылықдегеніміз не?

2. Салауатты өмір салты дегеніміз не?

3. Салауатты өмір салтының бағыттары қандай?

3. Оқушыларды салауатты өмір салтына ынталандыру жолдары.

Әдебиеттер тізімі:

Негізгі

1. ҚР «Білім туралы» Заңы. А. 2007.

2. ҚР жалпы орта білім беру мазмұнының концепциясы. А. 1995.

3. Қалиев С., Майғаранова Ш., Бейсенбаев З., т.б. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. А. РБК. 1999.

4. Меңжанова А. Тәлім-тәрбие жұмысын ұйымдастыру. А. РБК. 1998

5. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі А. 2004

Қосымша

1. Концепция этнокультурного образования в РК. А. 1998.

2. Ақназаров Б.А. Класс жетекшісі. А. 1973.

3. Болдырев Н.И. Класс жетекшісі. А. 1978.

4. Ілиясова Н.А. Класс жетекшісінің жүргізетін тәрбие жұмысының жүйесі /14-лекция/ А. 1991.

5. Синица И.И. Педагогический такт и мастерство учителя.

6. Кульневич С.В., Лакоценина Т.П. Воспитательная работа в современной школе. Ростов-на-Дону. 2000.

7. Макарченков В. Поиски и находки новых методов воспитания и

обучения. Білім-Образование. №1, 2001, стр 72-76.

8. Б.И.Иманбекова. Тәрбиеге жетекші. Алматы, 2004.

9. Оқушыларды тәрбиелеудің үлгі мазмұны. – Алматы, 1978.

10. М.Асқарова. Оқушылардың ғылыми материалистік көзқарастарының

қалыптасуы. – Алматы, 1976.

Лекция № 11.

Тақырыбы:Кәсіби бағдар беру жұмысының әдістемесі.

Жоспары:

1. Кәсіби бағдар педагогикалық категория ретінде.

2. Кәсіби бағдар берудің мазмұны.

3. Кәсіби бағдар беруді ұйымдастыру әдістемесі.

4. 12 жылдық білім беру жағдайындағы кәсіптік бағдардың ерекшеліктері.

Лекция мақсаты:кәсіби бағдар беру жұмысының мәні, мазмұны, ұйымдастыру әдістемесіне талдау жұмысын жүргізу.

Лекция мәтіні (қысқаша):

1. Кәсіптік бағдар беру дегеніміз бас, психологиялық,дәрігерлердің және басқа да қызметтің қоғамның қажеттіліктеріне қарай әрбір оқушылардың қабілеттері мен бейімділігін ескере отырып,кәсіптік қызығуы мен қабілеттері қалыптастыра және шамалық дамуын таңдауға көмектеседі,мақсатты істелетін жұмыс.

2. Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының ішінде кәсіптік ақыл кеңес ерекше орын алады,негізгі мақсаты-балаларды денсаулық,анатомиялық, физиолгиялық және әлеуметтік психологиялық, жағдайын таңдау негізінде жоғары сынып оқушыларының назарына кәсіптік топтарды ақыл кеңес жұмысына ата-аналар құрамынан ендірсе,артынан мамандар тартылады.Кей жағдайда кәсіптік техникалық училищелерде,өндірістік оқу цехтарында ұйымдастырылады.

3. Мектепте берілетін кәсіби бағдар жұмысының маңызы зор болып табылады. Кәсіби бағдар берудің негізгі мақсаты-жас ұрпақты саналы түрде мамандық таңдауға дайындау,үйрету екендігі белгілі.Алғашқы күннен бастап,жалпы білім беру жүйесі үкіметіміздің қаулысына орай мектеп оқушылардың ғылыми негіздерін оқып үйренуін,олардың жүйелі ұйымдастырылған,шама-шарқына лайық, қоғамдық пайдалы,өнімді еңбекке,тікелей қатысуымен тығыз өзара байланыста қамтамасыз етілуі міндеттелген.

Оқушылардың мамандық таңдауына және кәсіптік ойының қалыптасуына жататын факторлар ықпал етеді,Олардың қатарына достары,достық қарым-қатынас, сферасы жатады.Осылардың ішінде басты рөл атқаратыны отбасы және отбасы дәстүрі.

Кәсіптік бағдар беру - шешімі табылуға тиіс өте күрделі, кешенді мәселе. Өзінің әдістемесі және мазмұны жағынан оның психологиялық, педагогикалық, медициналық, әлеуметтік сипаты бар.

Педагогикалық категория ретінде кәсіби бағдар беру оқушыларды мамандықтың және еңбектің әр түрлерімен таныстыру, қабілеттері мен бейімділіктеріне қарай оларға болашақ мамандықтарын таңдауға көмек көрсету процесі ретінде қарастырылады. Солардың негізінде ол халық шаруашылығы мен мәдениетінің негізгі салаларымен оқушыларды таныстырады, кәсіби бейімділігі мен қызығушылығын қалыптастырады.

Мамандықты таңдау оқушыларды алдағы болатын қоғамдық пайдалы әрекетке шешуші сынақ ретінде болады. Онда жасөспірімдердің әлеуметтік және рухани тұрғыдан пісіп жетілуі көрініс береді.

Мектеп педагогикасы тұрғысынан қарағанда, кәсіптік бағдар беру - жалпы, политехникалық және еңбекке даярлау негізінде оқушылардың жеке бейімділігін, қабілеттерін және қоғамдық қажеттіліктерді ескере отырып, еңбектің түрлерімен таныстыруға бағытталған мектептің оқу-тәрбие процесінің құрамды бөлігі деуге болады. Кәсіптік бағдар беру жүйесіне кәсіптік диагностика, кәсіптік білім беру, кәсіптік консультация, кәсіптік адаптация, кәсіптік іріктеу кіреді.

Кәсіптік диагностика кәсіптік бағдар беру мақсатында әрбір оқушыны зерттейді. Осының нәтижесінде мамандықты таңдауға байланысты баланың дайындығын, ынтасын, қабілетін анықтайды. Ол үшін мынадай әдістер қолданылады: оқушылардың құжаттарын, жазба жұмыстарын зерттеу, анкета, әңгіме. педагогикалық эксперимент, педагогикалық бақылау.

Кәсіптік білім беру - бұл әртүрлі мамандықтар және сол мамандықтардың адамға қоятын талаптары жөнінде оқушыларды біліммен қаруландыру. Мамандықты саналы таңдауда екі түрлі нәрсені ескеру қажет: біріншісі оқушылардың білім деңгейі, екіншісі оқушылардың жеке қасиеттері. Оқушылардың білімі терең де тұрақты болуы керек. сол сияқты жеке қасиеттері оқушы таңдаған мамандыққа сай келуі керек.

Кәсіптік консультация - әрбір оқушыны жан-жақты зерттеп, оған консультация беру арқылы тиісті көмек көрсету. Оқушының мамандыққа сәйкестігі жөнінде шешім қабылданады. Кәсіптік консультация үш кезеңге бөлінеді: дайындық, аяқтау, анықтау. Дайындық консультациясы - оқушыларға жыл бойы дұрыс кәсіптік бағдар беру. Аяқтау консультациясы кезінде оқушылардың бейімділігі, психофизиологиялық қабілетінің сәйкестігі анықталады. Анықтау консультациясы кәсіптік оқу орындарында жүргізіледі. Онда таңдаған мамандыққа адамның денсаулығының сәйкес келуі, психофизиологиялық дайындығы анықталады, жұмысқа орналасу жөнінде анықтамалық ақпарат беріледі.

Кәсіптік іріктеу мәселесімен арнайы орта жіне ЖОО, әртүрлі мекемелер, кәсіпорындар айналысады. Оқу орындары оқуға түсетін жастарға әртүрлі талаптар қояды. Кәсіпорындар жастарды жұмысқа іріктеп алады. Кәсіптік іріктеудің мақсаты - жастардың белгілі бір мамандыққа жарамдығы не жарамсыздығын анықтау. ол үшін адамның жағымды, жағымсыз жақтарын білумен қатар, оған мамандық қоятын талаптарды білу керек. Оған байланысты профессиограмма жасалады. профессиограмма - белгілі мамандықтың ерекшеліктерін жеткілікті бейнелеу, жазу. Профессиограмманы құруға педагогтар, психологтар, физиологтар мен дәрігер мамандар қатысады.

Кәсіптік адаптация - жастардың еңбек ету жағдайына бейімделуі.

Мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысымен бүкіл ұжым айналысады. Сынып жетекшісі сынып оқушыларын мамандық таңдауға даярлайды, ақпараттарды ұйымдастырады. Пәе мұғалімдері өз сабақтарында еңбектің әр түрімен таныстырады. Кітапханашы мұғалімдерге, сынып жетекшісіне көмектеседі. Мамандық туралы кітаптар, мақалалар көрмесін, оқырмандар конференциясын, тақырыптық кештер ұйымдастырады, кәсіптік бағдар беру мәселесіне байланысты библтография жасайды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары бүкіл кәсіптік бағдар беру жұмысын жоспарлайды, кәсіптік бағдар беру кабинетін ұйымдастырады, онда анықтамалық материалдар жинайды, сынып жетекшісіне оқушыға психолого-педагогикалық мінездеме жазуға көмектеседі, кәсіпорын өкілдерімен кездесулер өткізеді,

Мектеп директоры барлық жұмысқа жауап береді. ол кәсіптік бағдар беру жұмысын басқарады, бақылайды.

4.12 жылдық білім беру басты ерекшілігі –баланың жан-жақты дамуына өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне,әр адамға табиғатынан берілген шығармашылық әлеуетін толық іске асыруына ықрал ететін,өзін-өзі танып,келешегін айқындауға саналы түрде дайын болуға,қоғамның экономикалық,мәдени,саяси,өміріне белсенді араласуға мүмкіндік беретін психолгиялық педагогикалық институт ретінде қалыптасады.

12 жылдық білім беру өзгерістер мен жүйесіне көшу-қоғамдағы өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының қарыштап дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастырады.Көздеген заман талабы.Әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын қамтитын жаңа білім мазмұны шынайы жарыс адал бәсекеге қабілетті адам тәрбиелеуді қамтамасыз етуге тиіс.

Бақылау сұрақтары:

1. Кәсіптік бағдар беру дегеніміз не?

2. Кәсіби бағдар берудің мазмұны.

3. Кәсіби бағдар беруді ұйымдастыру әдістемесі.

4. Кәсіби бағдар берудің жүйесі қандай?

5. 12 жылдық білім берудің басты ерекшілігі.

Әдебиеттер тізімі:

Негізгі

1. ҚР «Білім туралы» Заңы. А. 2007.

2. ҚР жалпы орта білім беру мазмұнының концепциясы. А. 1995.

3. Қалиев С., Майғаранова Ш., Бейсенбаев З., т.б. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. А. РБК. 1999.

4. Меңжанова А. Тәлім-тәрбие жұмысын ұйымдастыру. А. РБК. 1998

5. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі А. 2004

Қосымша

1. Концепция этнокультурного образования в РК. А. 1998.

2. Ақназаров Б.А. Класс жетекшісі. А. 1973.

3. Болдырев Н.И. Класс жетекшісі. А. 1978.

4. Ілиясова Н.А. Класс жетекшісінің жүргізетін тәрбие жұмысының жүйесі /14-лекция/ А. 1991.

5. Синица И.И. Педагогический такт и мастерство учителя.

6. Кульневич С.В., Лакоценина Т.П. Воспитательная работа в современной школе. Ростов-на-Дону. 2000.

7. Макарченков В. Поиски и находки новых методов воспитания и

обучения. Білім-Образование. №1, 2001, стр 72-76.

8. Б.И.Иманбекова. Тәрбиеге жетекші. Алматы, 2004.

9. Оқушыларды тәрбиелеудің үлгі мазмұны. – Алматы, 1978.

10. М.Асқарова. Оқушылардың ғылыми материалистік көзқарастарының

қалыптасуы. – Алматы, 1976.

Лекция№ 12.

Тақырыбы:Оқушылардың ата-аналарымен педагогикалық әрекеттестік технологиясы.

Жоспары:

1. Отбасы - тәрбие факторы.

2.Отбасы тәрбиесінің құқықтық негіздері.

3.Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізетін жұмыстарының мазмұны мен міндеттері.

4. Педагогтар, оқушылар және ата-аналардың өзара әрекеттесуін ұйымдастыру әдістемесі.

Лекция мақсаты:оқушылардың ата-аналарымен жүргізілетін педагогикалық жұмыстарының мазмұны мен міндеттері бойынша білім негіздерімен қаруландыру, талдау жасау.

Лекция мәтіні (қысқаша):

В.А.Сухомлинскийдің оқушылардың ата-анасымен жұмыс істеудің мазмұнына ерекше назар аударған.

Тек ата-анасымен бірге жалпы күшті жігерлерді біріктіру арасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағытты беруі мүмкін дейді.Сондықтанда педагогикалық әрекетке мектептің жалпы міндеттердің көлеміне қарамастан ата-аналардың маңызы ерекше.

Отбасы тәрбиесi – көзделген нәтижеге жету мақсатында ата-аналармен жанұя мүшелерiнiң тарапынан жасалатын ықпал процестерiнiң жалпы атамасы. Әлеуметтiк, отбасы және мектеп тәрбиесi ажырамас бiрлiкте орындалатын iстерi ауқымын құрайды. Отбасылық тәрбиенiң мектеп тәрбиесiмен тоғысқан тұсындағы проблемалар жалпы педагогикада қарастырылады да, ол сол мәселенiң әлеуметтiк жағдайлары әлеуметтiк педагогиканың үлесiнде. Отбасының жетекшiлiк маңызы онда тәрбиеленiп жатқан адамның тән дене және рухани дамуына әсер етушi ықпалдар мәнi мен мағынасының тереңдiгiне тәуелдi келедi. Бала үшiн отбасы бiр жағынан – тiршiлiк қоршауы болса, екiншi тараптан тәрбиелiк орта. Баланың алғашқы өмiрi жағдайындағы отбасы ықпалы басқа жағдайлармен кейiнгi жас кезеңдерiндiе болатын ықпалдардан басымдау келедi. Зерттеу деректерiне сүйенсек, отбасы – бұл мектеп те, ақпарат көзi де, қоғамдық ұйымдар да, еңбек ұжымы да, дос – жарандар да, отбасы – бұл әдеп пен өнер кiлтi де. Осыдан, педагогтар нақты да дәл тұжырымға келiп отыр: тұлғаның қалыптасу нәтижелiлiгi ең алдымен отбасына тәуелдi. Неғұрлым отбасы жақсы болып, оның тәрбиелiк ықпалы ұнамды келсе, тұлғаның тән-дене, рухани- адамгерщiлiк, еңбектiк тәрбиесiнiң өнiмi де жоғары. Аса бiр кездейсоқтық болмаса, әр уақыт тұлғаның кемелденуi келесi заңдылыққа тәуелдi: жанұя қандай болса, онда өсiп, ер жеткен адам да сондай. Жеке адамның қалыптасу процесi мен оның нәтижесiне болар отбасы тәрбиесiнiң күшi мен қуатын мойындайтын болсақ, ендеше мемлекет пен қоғам да тәрбиелiк шараларын дұрыс жолмен ұйымдастыруда ең алдымен отбасыға үлкен назар аударғаны жөн. Бұл өркениеттi елдер ұстанған бұлжымас ереже.

Неке мен отбасыға деген көзқарас, халықтық және ұлттық үрдiстердi естен шығару инабаттылық принциптерiнен тайғу, шектен тыс арсыздық пен маскүнемдiк, iштей тәртiптiң болмауы мен жыныстық салғырттық, ерлi-зайыптылар арасында жоғары белең ажырасулар – бәрi де отбасындағы бала тәрбиесiне болатын терiс ықпалдар көзi.

Отбасы – тұлға қалыптастырушы бесiк. Осыдан, «Азамат қалыптастырамын десең, бесiгiңдi түзе» - деп ұлы ұґлама М. Әуезов бекер айтпаған. Отбасында адамаралық қатынастар негiзi қаланады, бүкiл өмiрге жетер еңбектiк және әлеуметтiк бағыт- бағдар түзiледi. Отбасыда өз ретiмен қарапайым да жеңiл шешiлiп жатқан көптеген проблемалар, есейген ересек шақта бiтiскен шырқалаң күйге түсiп жататыны баршаға аян.

Жоғары да әңгiме арқауы болған тұжырымдарды жинақтаумен келесiдей қорытындылар жасауға болады:

- отбасы ықпалы басқа тәрбиелiк әсерлердiң бәрiнен де күштiрек. Жас ұлғаюымен ол әсер бәсеңдеуi мүмкiн де, бiрақ ешқашан өз маңызын жоймайды;

- Отбасы тұлғаның әлеуметтенуiн қамтамасыз етедi, оның тәндiк, моральдық және еңбектiк тәрбиесiне болған мүмкiндiктердi мейлiнше шоғырландырып, iске қосады.

Қоғамның азамат мүшесi отбасыдан бастау алады, қоғам келбетi отбасыдан көрiнедi:

Отбасының аса маңызды әлеуметтiк қызметтерi – азамат тәрбиелеу, патриот қалыптастыру, болашақ жанұя иегерiн кемелдендiру және мемлекет заңдарын мойындап, құқықтарын сауатты пайдалана бiлетiн қоғам мүшесiн жетiлдiру.

Отбасы - бала алғаш өмірге келіп, ең алғашқы сөзін айтатын, тәй-тәй аяғын басатын ортасы. Отбасындағы тәрбие баланың дамып қалыптасуындағы маңызды фактор. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аласың» деген халық мақалында айтылғандай, баланың болашақта қандай адам болатыны отбасындағы қарым-қатынасқа, ата-ананың берген тәрбиесіне тікелей байланысты. Егер отбасындағы жағдай бірқалыпты, ата-анасы бір-бірін сыйлап, ақылдасып әрекет етсе, бала да ертең өзінің отбасын солай құрады. Алайда кейбір отбасында теріс қылықтар да көрініп қалады. Бұл балаға кері әсерін тигізеді.

Отбасы тәрбиесі адам өміріне қажетті негізгі қызметтерді атқарады:

1. Репродуктивтік - баланың туылуы.

2. Тәрбиелілік - отбасының әрбір мүшесінің жеке тұлға болып қалыптасуына тәрбиелік жағдай жасау.

3. Тұрмыстық-экономикалық - жалпы тұрмысты, бюджетті басқару.

4. Коммуникативтік - отбасылық қатынасты, басқа адамдармен қатынасты ұйымдастыру.

5. Рекреативтік - іс-әректті ұйымдастыру.

Обасы тәрбиесінің, ата-ананың әлеуметтік-жауапкершілік қызмет әрекеті ретінде басты құқықтық негізі бар. 1989 жылдың 20 қарашасында БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған "Бала құқығы туралы конвенция" маңызды негізгі құжат болып табылады. Конвенцияда: "балаға, дене жағынан және ақыл ойы жетілмегендігінен, арнайы қорғау мен қамқорлық, соның ішінде, туылғанға дейінгі және туылғаннан кейінгі тиісті құқықтық қорғау қажет", - деп жазылған.

Баланың өмір сүру, тіршілік ету және салауатты даму құқығын жариялай отырып, Конвенция баланың жеке тұлғалық дамуында өзінің дербестігін, даралығын сақтау құқығына ерекше көңіл бөледі. Сондай-ақ баланың ата-анаға деген құқығы да ескеріледі. Ата-ана "баланың мақсат-мүддесі үшін қажеттін" орындамаған жағдайда өз құқықтарынан айрылады.

ҚР Конституциясының 27 тарауында былай делінген:

1. Неке мен жанұя, аналық, әкелік, және балалық мемлекет қамқорлығының аясында.

2. Балаларды қорғау мен тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы мен міндеті.

3. Кәмелетке толған және еңбекке жарамды балалар еңбекке жарамсыз ата-аналарына қамқорлық жасауы тиіс.

1998 жылы 17 желтоқсанда қабылданған "Неке және отбасы туралы" Заңның 52 тарауында былай делінген: "Баланың өз ата-анасы тарапынан тәрбиеленуіне, оның тілек-қалауларының орындалуына, жан-жақты дамуына, оның адами қадір-қасиетінің сыйлануына құқығы бар".

Мектеп пен ата-аналардың бірлесіп атқаратын жұмыстарының ерекшелігі осы екі жақтың байланысы мен іс-әрекеті бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл тұрақтылықты ең алдымен сынып жетекшісі қамтамасыз етеді. сынып жетекшісі мектеп пен отбасының арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыруда жетекші роль атқарады. Сынып жетекшісінің ата-аналармен тығыз жұмыс істеуі ұзақ мерзімді қажет етеді. Ата-аналармен жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі міндеттері:

· Ата-аналармен тұрақты байланыс орнату;

· Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету;

· Ата-аналар ұжымын қ

Наши рекомендации