Екі жақты жазу жүйесі

Лекция-4 Шоттар және екі жақты жазу әдісі

Бухгалтерлік есеп шоттары туралы түсінік

Бухгалтерлік есеп шоттарының құрылымы мен түрлері

Екі жақты жазу жүйесі

Жинақтамалық және талдамалық шот

Ағымдағы есеп көрсеткіштерін тексеру, немесе айналым ведомостын (тізімдемесін) жасау.

Бухгалтерлік есеп шоттары туралы түсінік

Кез келген кәсіпорынның бухгалтерлік балансында сол ұйымның меншігіндегі шаруашылық құралдары мен олардың қорлану көздерінің есеп беретін уақыттағы жағдайы көрсетіледі. Ұйымның шаруашылық қызметін басқару үшін оның мүліктері мен қаржыларының және олардың қорлану көздерінің есеп беретін уақыттағы жағдайын ғана білу жеткіліксіз. Яғни кәсіпорынның қызметін басқару үшін оның шаруашылық құралдары мен олардың қорлану көздерінің есепті кезең барысындағы, яғни күнделікті өзгерісін біліп, қадағалап отыру қажет. Кәсіпорында әрбір күнтізбелік жұмыс барысында бірнеше операцияның орындалуы мүмкін. Осыған сәйкес ұйымдағы орындалатын әрбір операцияларды және олардың негізінде болатын өзгерістерді жіктеп (топтастырып) есептеп өтыру үшін бухгалтерлік шот қолоданылады.

Бухгалтерлік есепшот кәсіпорынның шаруашылық қызметін басқарып отыру үшін шаруашылық құралдары мен қорлану көздерін белгілі бір ұқсастықтарына қарай біріктіріп, олардың орындалған операция әсерінен өзгеріске ұшырауын есептеп отыратын ақпаратты мәліметтер әдісі болып табылады.

Шоттар ұйымдағы орындалған операцияларды жинақтап, тіркеп, кейіннен бухгалтерлік баланс және басқа да есеп беру мәліметтерін құру үшін пайдаланылады. Кәсіпорынның әрбір мүліктері мен қорлану көздерінің ұқсас топтары үшін белгілі бір шот ашылады.

Мысалы, ұйымның қолда бар нақты ақшаларын есептеу үшін «Касса» деп аталатын шот, кәсіпорынның шығарған, дайындаған өнімдерін есептеу үшін «дайын өнімдер» деп аталатын шот және т.б. шоттар қолданылады.

Бухгалтерлік шоттың қарапайым жай түрі үлкен «Т» әрпі сияқты болып көрінеді. Ал шоттың аты оның үстіңгі жағына жазылады. Барлық шоттар қарама-қарсы «активті» және «пассивті» болып екі түрге бөлінеді.

Активтік шоттар ұйымның қолда бар мүліктерін, ал пассивтік шоттар осы ұйымның меншікті капиталы мен міндеттемелерін есептеуге арналған

Шоттың сол жағы «дебит», ал оң жағы «кредит» болып аталады.. Шоттың қолданылуы барысында бұл «дебит» және «кредит» сөздері қысқаша Дт, Кт түрінде жазылады. Жалпы шот мына түрде болып келеді.

Дт Активті шот Кт Дт Пассивті шот Кт

Сальдо бастапқы         Сальдо бастапқы
(ҰЛҒАЮ)   +     (АЗАЮ)   - (АЗАЮ)   - (ҰЛҒАЮ)   +
Айналым(Дт) Айналым (Кт) Айналым(Дт) Айналым (Кт)
Сальдо түпкілікті       Сальдо түпкілікті

Кәсіпорындағы орындалған әрбір операция бір шоттың дебитіне және екінші шоттың кредитіне жазылады. Ал ол операцияларды бұл шоттарда тіркеп жазу белгілі бір есепті кезең барысында жалғасады. Әрбір мүлікке немесе қорлану көздерінің белгілі бір түріне ашылған бухгалтерлік шот арқылы сол заттың (мүліктің) немесе ақшаның ұйымдағы мөлшерін (қалған қалдығын) біліп отыру үшін «сальдо, (қалдық)» сөзі қолданылады.

Есепті кезеңнің басындағы, яғни шоттың ашылуы барысындағы қалдық – «бастапқы қалдық», ал шоттың жабылуы барысындағы, яғни есепті кезеңнің соңындағы қалдық – «соңғы қалдық» деп аталады.

Осы есепті кезең бойындағы шоттың дебит жағына жазылған сандардың қосындысы «дебиттік айналым», ал кредит жағындағы сандардың қосындысы «кредиттік айналым» деп аталады.

Кез келген шоттың соңғы қалдығы сол шоттың бастапқы қалдығына «дебиттік айналым» мен «кредиттік айналымның» айырмасын қосу немесе шегеру арқылы табылады.

Активті шоттар СТ = СБ (ДТ) + Айн (ДТ) – Айн (КТ)

Пассивті шоттар СТ = СБ (КТ) + Айн (КТ) – Айн (ДТ)

Активті шоттардағы қалдық – дебиттік, пассивтік шоттағы – кредиттік.

Активті шоттағы ұлғаю дебет бойынша, ал азаю – кредит бойынша.

Пассивтік шоттардың ұлғаюы кредит бойынша, ал азаюы – дебит бойынша жазылады.

Шоттар бойынша түпкілікті қалдық негізінде жаңа бухгалтерлік баланс жасалады.

Бухгалтерлік есеп шоттарының құрылымы мен түрлері

Шот жоспары (8 бөлімді), синтетикалық шот және аналитикалық шот.

Екі жақты жазу жүйесі

Бухгалтерлік есептің басты мақсаты – құжаттарда бейнеленген шаруашылық операцияларына бақылау жүргізу. Кәсіпорындарда орындалған әрбір шаруашылық операцияларын шотта бейнелеу үшін бухгалтерлік есептің ерекше тәсілі қолданылады. Ол екі жақты жазу әдісі деп аталады. Екі жақты жазудың қажеттілігі экономикалық құбылыстардың өзара байланыстылығынан туындайды. Міндетті түрде баланстың екі бабында бірдей сомада көрсетіледі. Екі жақты жазу шаруашылық операцияларының нәтижесінде бухгалтерлік есеп объектілеріндегі болатын өзара өзгерістерді көрсетеді.

Мысалы:«Өтеген» фирмасының 1 қаңтар 2008 жылғы БАЛАНСЫ

АКТИВ сомасы ПАССИВ сомасы
Материалдық емес активтер 150 000 Жарғылық қор 800 000
Негізгі құралдар 300 000 Бөлінбеген пайда 200 000
Аяқталмаған өндіріс 900 000 Банк несиесі 600 000
Дайын бұйымдар 700 000 Бюджетпен есеп айырысу 400 000
Материалдар 200 000 Жабдықтаушы мердігер есеп айырысу 500 000
Ақша қаражаттары 1 100 000 Еңбек ақы бойынша есеп айырысу 850 000
БАЛАНС 3 350 000 БАЛАНС 3 350 000

2008 жылғы қаңтар айында орындалған шаруашылық операциялар;

1. Жабдықтаушы мердігерлерден 250 000 теңгеге материалдар сатылып алынды.

2. Есеп айырысу шотынан 500 000 теңге банк несиесі өтелінді.

3. 300 000 теңгенің материалдары өндіріске босатылды.

4. Жабдықтаушы-мердігерлерге қарыз 650 000 теңге банк несиесі арқылы өтелді.

Шаруашылық операцияларды «екі жақты жазу» әдісімен есепке алу алдында мынандай жағдайларды ескеру керек:

· аталған шаруашылық операцияларының қандай объектілерге қатыстылығын;

· шаруашылық операцияның объектіге қандай әсер ететіндігін;

· аталған объектілердің есебі бухгалтерлік есептің қай шоттарында есептелінетіндігін;

· операцияларды шоттардың қандай бөлігіне жазу керек екендігін.

Бірінші операция нәтижесінде кәсіпорынның материалдары және соған сәйкес жабдықтаушы-мердігерлерге берешек қарызы көбейеді. «Материалдар»активті шот және «Жабдықтаушы мердігерлермен есеп айырысу » пассивті шот қолданылады.

Наши рекомендации