Практикалық әдістер тобы: лабораториялық, практикалық, графикалық жұмыстар, әр түрлі жаттығулар.

Жаттығу. Жаттығу- ол оқыту әдісі, жоспарда ұйымдастырылған бірнеше рет қайталанатын іс-әрекет, білік пен дағдыны игеруде және олардың сапасын көтеру мақсатында орындалады.

Кәдімгі жағдайда жаттығулар түсіндірілген, арнайы, еркін болып бөлінеді.

Арнайы жаттығулар- бірнеше рет қайталанатын, оқыту және еңбек біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жаттығу. Егер арнаулы жаттығуларды бұрын-соңды қолдануға ендірсе, онда олар еркін жаттығулар деп аталады.

Еркін жаттығулар ертеде қалыптастырылған дағдыларды қайталау мен бекітуде қолданылады. Еркін жаттығусыз дағды ұмытылады. Түсіндірілген жаттығулар оқытуды белсендендіруге, оқу тапсырмаларын орындауға бағытталған. Бұл жаттығулардың мәнділігі мұғалім мен оқушылардың орындалатын іс-әрекеті негізінде материалдар жақсы қабылданады.

Ауызша жаттығулар тіл мәдениетін дамытуда және логикалық ойлауда, оқушылардың танымдық жағдайларында кеңінен қолданылады. Ауызша жаттығулар оқу мәдениеті техникасын игеруде, ауызша санауда, әңгімелеуде, білімді логикалық түрде мазмұндауда, тіл, әсіресе шет тілдерін игертуде үлкен роль атқарады. Ауызша жаттығу оқушылардың даму деңгейі мен жас ерекшеліктеріне байланысты күрделеніп отырады. Жазба жаттығулар (стилистикалық, грамматикалық, орфографиялық диктант, мазмұндама, конспекті, есеп шығару, іс-тәжірибені жазу т.б.) білік пен дағдыны дамытуда қолданылады. Жазба жаттығулар графикалық жаттығулар мен математика, физика, сызу, география, сурет, сонымен қатар өнеркәсіптік білім беруде қатар жүреді.

Лабораториялық әдіс.Жұмыс жасауда білік және дағдыны игертуде, практикалық білігін қалыптастыруға жағдай жасайды. Бұл әдіс өлшеу және есептеу нәтижесін салыстырып және шығару, зерттеу жұмыстарының жаңа жолдарын іздеу және белгілі жолдармен тексеру үшін өте қолайлы.

Лабораториялық әдіс көрнекілік және басқа да практикалық әдіс қосындыларымен жүзеге асырылады. Сондлықтан да жаттығу мен демонстрацияға қандай талаптар қойылса, оған да дәл сондай талаптар қойылады.

Практикалық әдіс басқаларға қарағанда оқушыларды тапсырманы жауапкершілікпен орындауға үйретеді, олардың бойында үнемді, шаруаға бейім сияқты қаиеттерді қалыптастыруға бағытталады. Оқушылардың еңбекке деген ықыласын, жан-жақты дағдыларын қалыптастырады. Орындалатын жұмыстың мақсатын, міндеттерін талдау және оның шешімін табу, жұмыстың жоспары және кестесін құру, материалдар мен инструменттерді дайындау, жұмыстың сапасын бақылау, қорытындыны талдау кіреді.

Практикалық жұмыстар бес кезеңге бөлінеді. Бұнда оқушылардың танымдық іс-әрекеті тәжірибе сабақтарында тексеріледі.

а) мұғалімнің түсіндіруі, жұмысты теориялы кезеңдермен үйрету;

ә) көрсету (инструктаж);

б) жұмысты жасап көру (екі-үш оқушының жұмыс жасауы, егер қате жіберілсе қалған оқушылар бақылау жасап, мұғаліммен бірге қатесін түзеуі);

в) жұмыты әркімнің өзі орындауы;

г) бақылау, оқушылардың жұмысы тексеріліп, бағаланады. Орындалу сапасы ескертіледі, уақытты, материалдарды үнемдеуі, жұмысты дұрыс және жылдам жасауы бақыланады.

Өзіндік оқу жұмыстары.Өзіндік оқу жұмысы-бұл оқушының бүкіл құрылымдық компоненттерінде, яғни мәселе қоюдан бастап, бақылау жасауға дейін өзін-өзі басқару және түзету орнатуға дейінгі белгілі бір дәрежедегі дербестік болып табылады. Өзіндік жұмысты ұйымдастыруға нұсқау:

- оқушының берілген есептің айқындылығы мен маңыздылығын түсіну арқылы тапсырмаға деген қызығушылығы болуы керек;

- мұғалімнің алдын-ала өзіндік жұмысқа керек материалды дайындап алуы;

- тапсырманың қиындығы, оны бүкіл оқушылардың шешу мүмкіндігіне байланысты болуы;

- жеке топтардың дайындығы мен табыстылығына байланысты дифференциалданған маетриал берген дұрыс;

- жұмыс тексерілген, қателері түзетілген, нәтижесі бағаланған болуы шарт.

Өзіндік жұмыстың оқыту нәтижесі баланың материалды жинауынан, оның жеке ойлай білу тәжірибесінен, бағалауынан байқалады. Дамытушылық тиімділігі шектен тыс белсенділік пен психикалық күшті қайтаруымен қамтамасыз етіледі. Адамгершілік, шыдамдылық, жауапкершілік сияқты ізгілік тәрбиесі қалыптасады.

Танымдық ойындар (дидактикалық)-оқушылардың өздері шешімін табатын, модельдейтін, арнайы ситуациялар құратын ойындар. Негізгі мәні-танымдық қызметті ынталандыру. Оқушылар ойынға белсенді түрде қатысады. Ойындарға тоқталатын болсақ: математикалық, лингвистикалық ойындар, саяхат-ойыны, электронды викторина түрінде, тақырыптық жинақтармен ойындар, «Конструкторлар», «Шеберлер», «Жас маман» т.б.

Кейінгі кезде ынталандыратын ойындарға түрлі әдістерді, идеяны күрделендірулер енгізілді. Осындай күрделенген ойындар арқылы оқушылар мәселені жан-жақты талқылауға барынша атсалысады. Бұл ойындар іскерлік ойындар деп аталып жүр. Мұндай ойындарға рөлдік ойындар жатады. Нарықтық кезеңге байланысты сабақта «Банк», «Парламент», «Пресс-конференция» деп аталатын ойындар белсенді роль атқаруда. Бұл ойындарды материалды бекіту кезінде пайдалануға болады.

Наши рекомендации