Азақстан су ресурстарының экологиялық жағдайы мен судың тіршілік үшін маңызы

Қазақстандағы су қоры. Жердегі судың әлемдік қоры орасан зор. Олар 1353985 мың км. Егер гидросферадағы барлық суды біртекті етіп. Жер бетіне жайсақ, оның қалыңдығы шамамен 2,5 км болар еді. Әлемдік мұхит шегінде орташа тереңдігі 3,96 км, ал ең терең максималды тере ьңдігі 11022 м (Мариан шұңғымасы).

Жердегі судың басым көп бөлігі тұзды су болып табылады. Ол жалпы қордың 97,5% үлесін құрайды, бірақ тұщы судың көлемі де өте көп. Оның мөлшері 35 млн. км – ге тең.

Әлемдік мұхиттың деңгейінің өзгермелі жағдайында Жердің су балансы төмендегідей болады. Планетаға түсетін жауын – шашын буланумен теңеседі. Екі шама да 577000 км жылына жуық. Мұхиттың булануы жауын – шашыннан 47000 км жылына артық. Құрлықта кері заңдылық байқалады – булану жауын – шашыннан 47000 км жылына кем. Су өзен ағыстарымен мұхитқа қайтарылады.

Құрлықтағы жауын–шашынның толық буланбауы жылудың жетіспеуінен емес, экожүйенің реттеушілік роліне байланысты. Жер бетінің 77.5 процентін (мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде) су алып жатыр. Су қорларына өзен, көл, теңіз, жер асты, таулар мен поляр шеңбердегі мұздар, атмосфералық ауадағы ылғал кіреді. Өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, тұрмыстық қажетке көбіне өзен, көл және жер асты тұщы сулар жұмсалады. Олардың қоры бүкіл гидросферадағы судың тек 1 проценті ғана. Гидросферадағы су қорлары төмендегідей боп бөлінеді (кесте1).

кесте1

Жердегі су қорлары

Судың типі Көлемі мың км3 Әлемдік қоры, %
Жалпы мөлшері Тұщы су мөлшері
Әлемдік мұхит 1 338 000 91,5 -
Жер асты сулары 23 400 1,7 -
Оның ішінде тұщы су 10 530 0,76 30,1
Мұздықтар,қар 24064,10 1,74 68,7
Жер асты мұздары 0,022 0,86
Көлдер 176,40 0,013 -
Тұщы 91,0 0,007 6,26
Ащы 85,40 0,006 -
Батпақтар суы 11,47 0,0008 0,03
Өзендер суы 2,12 0,0002 0,006
Биологиялық су 1,120 0,0001 0,003
Атмосфера суы 12,90 0,001 0,04
Судың жалпы қоры 1 385 984,61

Судың сандық мөлшерінің сарқылуы. Қазір адам әр түрлі су көздерінен тұщы судың табиғи қорының 0,1-0,15%-ын пайдаланады.. Су сарқылмайтын ресурс ретінде зат алмасуға қатысып, қайтадан су көздеріне қайтып келеді. 35 млн. км3 тұщы судың шамамен 70%-ы мәңгі мұздықтар мен мәңгі қар түрінде болады. Бұл суды адам іс жүзінде пайдаланбайды. Олар «өлі» су қорын түзеді. Сонымен қатар топырақтағы су, атмосфералық су мен тірі ағзалардағы су пайдаланылмайды. Батпақтардың суын пайдалану шектелген. Жердің терең қабаттарындағы суды игеру қиын. Тұтас алғанда адамзат шамамен 3 млн. км3 суды пайдалана алады. Бұл қоғамның техникалық мүмкіндіктеріне байланысты.

Көл сулары орташа шамамен 17 жылда, жерасты сулары тек 1400 жылдан соң қалпына келеді. Жер астының терең қабаттарындағы су қоры тіпті қалпына келмейді. Себебі – атмосфера – жауын-шашын – құрлық – зат жүйесіндегі зат алмасуға қатыспайды. Қазіргі кезде ең таза болып есептелінетін жер асты сулары олардың қорының көп болуына қарамай тез таусылуы мүмкін. Гидросфераның әр түрлі категориялары суларының қалпына келу жылдамдығы (кесте 2).

кесте 2

Су категорияларының қалпына келу жылдамдығы

Сулардың категориясы Қалпына келу жылдамдығы
Өзен 16 күн (басқа мәліметтер бойынша 11-12 күн)
Атмосфера 8 күн
Топырақ грунты 1 жыл
Батпақ 5 жыл
Көл 17 жыл
Әр түрлі горизонттардың жерасты сулары 1400 жыл
Әлемдік мұхит 2500 жыл (араласу 63 жыл)

Су ресурстарының “мұхит-атмосфера-жер-мұхит” системасындағы айналым процестеріндегі қасиеті-өздігінен қайта қалпына келу қабілеті. Сондықтан, табиғатты қорғаудың аса маңызды міндеттерінің бірі табиғи сулардың осы қасиетін сақтап қалуға барынша мүмкіндік жасау.

Су - табиғатта ең көп таралған зат. Жер бетінің 2/3 бөлігін су қабаты алып жатыр. Судың тағы бір кереметі оның су қабаты, ауа қабаты, құрлық қабаты арасында тынымсыз айналыста жүретіндігі. Судың тағы бір қасиеті –жақсы еріткіш. Ас тұзын суға салсақ, оның қатты түйіршіктері еріп, мөлдір ерітіндіге айналады. Жерге сіңген су тау жыныстарындағы әр түрлі минерал заттарын ерітеді. Бұдан, судың физикалық қасиеті өзгереді. Дәм және иіс пайда болады,жылынады. Жаңа қасиеттерге ие болған жер астынан шығатын суларды минералдық сулар деп атайды. Судағы еріген заттарының мөлшері оның кездесетін жерлеріне байланысты. Олар: теңiздер, өзендер, оларға теңестiрiлген каналдар, көлдер, мұздықтар және басқа да жер үстi су объектiлерi, жер асты сулары бар жер қойнауының бөлiктерi.

Наши рекомендации