Тақырыбы: тмд, Қазақстан топырақтары, олардың түзілуінің экологиялық жағдайлары

Лекция жоспары:

1.ТМД, Қазақстан топырақ зоналары және олардың қалыптасуы.

2. Орманды-дала және дала зонасының қара топырақтары.

Лекция мақсаты:ТМД, Қазақстандағы таралған топырақтарға сипаттама беріп, олардың өзіндік ерекше белгілері туралы түсінік қалыптастыру.

Қолданылатын әдістер:Лекция-консультация,сұрақ-жауап-талдау.

Лекция мәтіні:1.Республиканың топырақ ресурстары ұланғайыр және алуан түрлі. Бүкіл ТМД-ғы қара топырақты жердің 10,2 %, қызыл-қоңыр топырақты жердің 70 %, қоңыр және сұрғылт топырақты жердің 56 %, таулы аймақтардағы топырақты жерлердің 31,4 % біздің еліміздің үлесіне тиеді.

Қазақстанның топырағы географиялық аймақтардың ерек-шеліктеріне қарай әр түрлі болып келеді. ҚР ауылшаруашылық жерлерінің көлемі 223,4 млн га, бұл оның барлық жерінің 81,9 %. Осы жерлердің 35,3 млн га егістік, 5,4 млн га шабындық, 191,2 млн га табиғи жайылымдар.

Күлгін топырақты зона мен қара топырақты зоналардың арасында жіңішке болып батыстан шығысқа қарай өтпелі зона – орманды-далалы зона, орманның сұр және шалғынды даланың сілтісізденген қара топырақтары жатыр. Бұл негізінен ормандар мен ормансыз шалғынды шөп өсетін алқаптардың топырақтары.

Жалпы орманды дала зонаның көлемі 150 млн га немесе ТМД елдерінің 6,8 % қамтиды. Орманды территорияларда орманның сұр топырағы, ал ормансыз жерлерде шалғынды қра топырақ пен сілтісізденген қалың қабатты қара топырақ таралған. Ауа райы орманды зонадан жылы, ал далалы зонадан салқын болып келеді. Зонаның батыс бөлігі жылы және жауын-шашын молырақ, ал шығысқа қарай күн суып, ылғал мөлшері азаяды.

ТМД елдеріндегі суббореалдық белдеудің жылылау, әрі ылғалы молырақ мұхит секторларына жақын орналасқан батыс Европа қиыр шығыстың кең жапырақты ормандары түбінде орманның құба топырақтары түзіледі. Бұл зонаның топырақтарында қоректік заттар мол, физикалық қасиеттері қолайлы, құнарлы келеді. Орманның сұр топырағының құрамындағы қарашірігінің мөлшері 2-6 %, ал шалғынды қара топырақтарда қарашірік 10 %-дай. Бұл зона егістік үшін жақсы игерілген. Игерілу жөнінде қара топырақты зонадан кейінгі орынды алады. Зонаның 40 %-дан астамы жыртылған жерлер. Негізінен бидай егіледі. Зонаның көп жерін орман алып жатыр. Зонаның негізгі жерлері Ресей мен Украинаға тиесілі. Қазақстанның ең шеткі терістігінде бұл зонаның азғантай бөлігі кездеседі.

2.Орманды-дала зонаның орманды сұр топырақтары ауа райы біркелкі, ылғал-дылығы қоңыржай, ТМД Европа бөлігінде – жалпақ жапырақты ормандар, Молдовадан (Батыс Сібір ойпаты арқылы) Байкал сыртынан әрі жапырақты және қылқан жапырақты ормандар өскен жерде құралатын топырақ типі. Солтүстік Қазақстанда орманның сұр топырақтары көктерек пен қайыңды шоқ орман өсетін жерде, элювийлі (кристалды тау жыныстары үгілуінен жаралып, орнында қалған борпылдақ жыныс) - делювийлі (тау жыныстары ментопырақтың жауын-шашын, қар-мұз суымен шайылып, ылди жерлерде жиналған майда түйірлері) саз жыныстарда, қоңыр салқын (10С), ылғалдылығы орташа (жылына 350 мм жауын-шашын) тәрізді ауа райының жағдайларында түзілген. Орманның сұр топырақтары құрамындағы қарашіріктің мөлшеріне қарай ақшыл-сұр, қара сұр типтеріне бөлінеді. Қарашірік А қабатының қалыңдығы 18-25 см, ондағы гумус 3-6 %, иллювиальды (топырақ құрамының үстіңгі қарашірікті А қабатының астындағы, содан сумен жуылып-шайылып барған минер. және орг.заттар, ион, молекула, коллоид түрінде шоғырланатын қабат (В)). В қабаты 20-35 см, нағыз түйіршікті. Топырақ құрамының ортасы біркелкі емес: А қабатында сәл қышқылды, В қабаты бейтарап, одан төменгілері сілтілі. Карбонат тұздары 1,5 м-ге дейін шайылған.

3.Орманды-дала және дала зонасының қара топырақтары.

Полтава губериниясының егіншілеріне қара топырақ туралы дәріс оқыған В.В.Докучаев «қара топырақ Ресейдің негізгі байлығы, ол Ресей халқын өмір бойы асы-рап келеді және бұдан былай асырай береді де, қара топырақ – топырақ патшасы» деген.

Қара топырақты зона орманды-даланың оңтүстігін қамтып, батыстағы Молдовадан, Украина, Ресей, Қазақстан арқылы Сібірге дейін созылып жатыр.

Қара топырақты аймақ жазық келеді, жазы жылы, қысы суық, жылына түсетін ылғалдың мөлшері 350-600 мм, жылдың барлық мерзімдерінде біркелкі түседі. Жалпы топырақтың ылғал-дану клэффиценті 0,6-1, яғни ылғалдану мен булану шамамен тең.

Топыпрақ түзіші жыныстар негізінен лесс тәрізді (сары топырақ – тұтас құрамды және дақты қуыстары бар, қабаттастығы қалыптаспаған тым майда түйірлі карбонатты ашық сарғыш, сарғыш қоңыр немесе жалын түсті шөгінді тау жынысы) майда ұнтақталған жыныстар.

Қара топырақты аймақтың көлемі орманды-далалы зонаның ішіндегі қара топырақтарды қосқанда 191 млн га немесе ТМД территориясының 9 % жуық.

Бұл зонада негізінен даланың дәнді шөбі, бұршақ тектес өсімдіктер, жусан тұта-сып, қалың болып өседі. Бұл шөптердің та-мырлары жер бетіндегі вегетациялық ағзалары-нан көп артық болады. Аймақты жел жақсы қағады, күннің көзі де жықсы жылытады. Жазда жаңбыр азырақ түсіп, өсімдіктердің қалдықтары мен жапырақтары баяу ыдырап, шіриді де, топырақтың қарашірігі мол жиналады. Қарашірік топырақ бөлшектерін бірікті-ріп, жақсы құрылым құрайды. Топырақ реакциясы бейтарап, топырақтың сіңіру алмасты-ру кешені кальций катионына бай, жақсы қаныққан. Қара топырақ негізгі үш қабаттан тұрады:

А – қарашіріг мол қабат

В - өтпелі қабат

С – топырақ түзуші аналық жыныс.

А қабатының қалыңдығы 20-60 см, түсі қара немесе қара-қоңыр, оңтүстік шеттерінде қоңыр түсті.

В қабатының қалыңдығы 40-80 см, түсі сұр-қоңыр, жоғары қарашірікті қабаттан созылып қарашірінділер мұнда да жылжиды.

С - әдетте лесс типті, карбонатты, майда ұнтақталған, негізінен шаңды жыныстар-дан тұрады.

Қара топырақта қарашіріктің мөлшері 4 %-тен 10-12 % жетеді. Қарашіріктің мөлшеріне қарай қара топырақты үш зонаға бөледі:

І – қарашірігі мол немесе терістік қара топырақ

ІІ – қарашірігі орташа немесе кәдімгі қара топырақ

ІІІ – қарашірігі аз немесе оңтүстік қара топырақ.

Қара топырақтарда өсімдіктерге қажетті қоректік заттар мол. Жауын-шашын көп жауатындықтан және ауа-райының жылылы-ғынан қоректік заттар жуылып-шайылмай топырақ қабаттарында, өсімдік тамырларына жақын жерлерге шоғырланады. Бұл зона-ның 70-75 % жуығы жыртылған жерлер, мұнда бидай, картоп, жүгері, көкністер, қант қызылшасы сияқты ауылшаруашылық дақылдары өсіріледі.

4.Жазық территориялардың топырақтары.

Қазақстан жер көлемі жағынан ірі ел – Англиядан 11 есе үлкен. Ұлан байтық территориясы терістіктен оңтүстікке қарай 1600 км, шығысынан батысына қарай 3000 км жерге созылып жатқан кеңістікті алып жатыр. Республика ТМД елдері ішінде Ресейден кейінгі екінші орынды иемденеді. Бұл оның жері бұрынғы Ресейден басқа одақтас 13 республиканың жер көлемінен артық деген сөз. Бейнелеп айтқанда, Қазақстан жеріне Армения сияқты 90 республика еркін сыйып кетеді екен. Халқының саны жөнінен әлемде 80-ші орында болып, жер көлемі жөнінен кең байтақ 10 елдің бірі. Дәлірек айтсақ, Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Австралия, Бразилия, Үнді, Аргентинадан кейінгі 9-шы орында. Оныншы орынға Судан мемлекеті ие. Әлем халқының не бәрі 0.3 % құрай тұрып, Қазақстан жер шарының екі процентін алып жатыр.

Мұнда, кең алқапта жазықтар мен ойпатты жерлер, биіктігі әр түрлі таулар кезде-седі. Кең алқапты жерлердің табиғи, климат, топырақ жағдайлары әр түрлі, ол табиғаттың негізгі зоналық за-ңына байланысты. Мысалы, Қазақстанның жазық алқаптарында кли-маттың, топырақтың терістіктен оңтүстікке қарай өзгеруі табиғаттың көлденең зоналық заңына бағынса, таулы алқаптардағы топырақ, климат жағдайларының тау етегінен, таудың биік шыңына қарай өзгеруі табиғаттың тік зоналық заңына бағынады. Енді біз Қазақстан территориясында кездесетін зоналық топырақтардың қысқаша сипаттамысына және бүкіл топырақтарды ауыл шаруашылығында пайдалану мәселелеріне тоқталамыз. 1.Республикамызыдңы қиыр терістігінде біраз территорияны жеткілікті ылғалдан-ған орманды-далалы зонаша алып жатыр. Бұл зонашада ауадан түсетін ылғалдың орташа жылдық мөлшері 330-350 мм, жерден буланатын ылғалдың мөлшерімен шамалас, ылғал-дану коэффициенті бірге жуық. Жер беті жазық, ойпатты келеді, сондықтан бұл аймақта ылғалды-шалғынды топырақтар көп таралған. Негізінен шайылған орманның сұо топыра-ғы мен шалғынды қара топырағы және сілтісізденген қаратопырақтар кездеседі. Топырақ-тың беткі қабатындағы қарашірінді мөлшері 8-9 %. Зонаша негізінен Батыс Сібір ойпатында орналасқан Мұнда суа-рылмайтын егіншілік дамыған, негізінен жаздық бидай егіледі. Картоп, көкөністер өсіріледі, мал шаруашылығы дамыған. Егістікке жарамды жерлердің бәрі түгелдей игерілген. Қалған жерлері орман, шабындық пен жайылым үшін пайдаланылды. Қазақстан территориясында бұл зонаш не бәрі 0.4 млн (республика жерінің 0.2 %) гектар зонаның негізгі бөлігі, терістіктегі Ресей жерінде.

2,3 – осы зонашадан оңтүстікке қарай байтақ қаратопырақты далалы зона бастала-ды. Өзінің топырағы мен климаттық жағдайына қарай бұл зона екі зонашаға бөлінеді: а.орташа ылғанданған дала; б.ылғалы жеткіліксіз қуаңды дала. Бұл аймақтың біразы Батыс-Сібір ойпатында жатыр. Солтүстік Қазақстан облысының көпшілік жері, Қостанай, Павлодар облыстарының терістік жағы, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарының солтүстік шеттері осы зонада орналасқан. Ылғал көбінесе күз және қыс айларында түседі, ал мамыр мен шілде аралығы біршама құрғақ болады. Егістік өніміне әсер ететін қатты құрғақшылық бұл аймақта сирек қайталанады. Оның топырақтары қаратопырақты зонаның Батыс Сібір провинциясында кездесетін 2) кәдімгі қара топырақ (орташа ылғалданған дала) және 3) оңтүстіктің қара топырағы (ылғалы жеткіліксіз қуаң далада).

Егістікке жарамды жерлердің бәрі жыртылған. Бұл аймақта негізінен суарыл-майтын астық егіледі. Дегенмен сортаң, сорланған топырақтар және комплексті учаскелер күрделі мелиорациялауды, ал жыртылған жерлер фосформен тыңайтуды қажет етеді. Бұл зонаның көлемі – 25.4 млн гекатр, яғни республика жерінің 9%-на жуық. Бұл алқаптың көп жері 1954-1958 жылдары игеру кезінде астықты дақылдар үшін жыртылды.

2.Кәдімгі қаратопырақты зонаша республикамыздың 11.7 млн гектарын, яғни бар-лық жерімздің 4.3 %-ын алып жатыр. Ауадан түсетін ылғал 300-330 мм. Негізгі топырақ-тары – кәдімгі ортагу-мусты қара топырақтар. Топырақ қара шіріндісінің мөлшері беткі қабатында 0-10см, 7-8 %-ы табиғи күйінде құнарлы топырақтар. Егістік өніміне әсер ететін құрғақшылық орта есеппен он жылда бір рет қайталанады.

3.Оңтүстік қаратопырақты зонашаның көлемі 13.7 млн гектар, республика жерле-рінің 5.1 %-ы. Ауадан түсетін ылғал жылына 280-300 мм, оның жылы уақытта түсетіні 150-180 мм. Топырақтарының басым бөлігі азгумусты қара топырақтар. Топырақтың бет-кі қабатындағы қарашірінді мөлшері 4-6 %. Топырақтар жамылғысында сортаңданған, әктенген топырақтар түрлері басымырақ келеді. Егістік өніміне әсер ететін құрғақшылық он жылда 2-3рет қайталанады.

Бақылау сұрақтары:

1.ТМД, Қазақстан топырақтарының қысқаша сипаттамасы.

2.Орманды-дала зонаның орманды сұр топырақтарының өзіндік ерекшеліктері.

3.Орманды-дала және дала зонасының қара топырақтары.

4.Жазық территориялардың, таулы алқаптардың топырақтарының қалыптастуы.

Дебиеттер

1.Омарова З.М., Абдраимова Қ. Топырақ экологиясы. Дәрістер жинағы. Кентау, 2007.

2.Т.Т.Тазабеков және басқалар. Топырақ және қоршаған орта. Алматы, 2001.

3.Е.Ә.Исаханов, Т.С.Мұсаев. Топырақ механикасы, Алматы, 1994.

4.А.Н.Дурасов, Т.Т.Тазабеков. Почвы Казахстана. Алма-Ата. Изд-во “Кайнар”. 2000.

5.В.Н.Степанов, А.Н.Киселев. Агрономия негіздері. “Колос”, 1982.

6.Әділов Ж.М. Тұрақты даму және айналадағы орта. -Алматы: Ғылым, 1998.

Лекция №14

Наши рекомендации